Табиғат ресурстарына меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 16:03, реферат

Описание

Табиғи ресурстарды пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады. Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Субъективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл нақты табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.

Содержание

Кіріспе 3
1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері 4
2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері 7
3. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығының түсінігі және принциптері 10
4.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері 13
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17

Работа состоит из  1 файл

табигат ресурстарга меншик кукыгы.docx

— 30.63 Кб (Скачать документ)

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе 3

1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері 4

2. Табиғи  ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері 7

3.  Табиғи ресурстарды пайдалану құқығының түсінігі және принциптері 10

4.Табиғат  ресурстарын пайдалануға  берілу және тоқтатылу негіздері 13

Қорытынды 15

Қолданылған әдебиеттер тізімі 17

 

 

Кіріспе

 

Табиғи ресурстарды пайдалану  – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық  қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.

Объективтік мағынада табиғи ресурстарды  пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың  құқықтары мен міндеттерін реттейтін  құқықтық нормалардың жиынтығы.

Субъективтік мағынада табиғи ресурстарды  пайдалану құқығы – бұл нақты  табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану  құқығын реттейтін экологияның  заңдылықтар жиынтығы.

Табиғи ресурстарды пайдалану  табиғатты жалпы және арнайы пайдалану  тәртібімен жүзеге асырылады.

Табиғатты жалпы пайдалану –  бұл адамдардың күнделікті өмірі  мен денсаулығы, мәдени–эстетикалық қажеттіктерін табиғат объектілері  есебінен тегін қанағаттандыру.

Табиғатты арнайы пайдалану–мұнда  табиғи ресурстар пайдаланушыларға белгіленген тәртіппен беріледі.

Табиғатты пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік  емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді.

Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды  тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық  бірлестіктер мен ұйымдар жатады.

 

 

  1. Табиғат объектілеріне  меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының  негіздері

Табиғат объектілеріне меншік құқығын немесе табиғат ресурстарын 2 мәнісінде қарастыру керек.

Біріншіден, табиғат объектілеріне  меншік құқығы ұғымынан нормативтік  құқықтық актілерде баянды етілген, экологиялық құқық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың  жиынтығын түсінеміз. Басқаша айтқанда бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы.

Екіншеден, табиғат объектілеріне  меншік құқығы деп табиғат ресурстарын  иелену, пайдалану және билік ету  жҳніндегі субъектілердің заңдылық жиынтығы түсіндіріледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсіндіріледі.

Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны жоғарыда аталған үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы.

Иелену құқығы табиғат  объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі  болып табылады.

Пайдалану құқығы табиғат  объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген  мүмкіндігі болып табылады.

Билік ету құқығы табиғат  объектілерініңзаңдық мәртебесі мен  заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы  қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып  табылады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының  негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға  тиесілі болуына тікелей байланысты болады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:

-меншік құқығын беру;

- меншік құқығын басқаға  беру;

-  меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде кҳшуі.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:

1. мемлекеттік органдардың  актілері;

2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;

3. ҚР-ның заңында кҳзделген ҳзге де негіздерде.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1. Меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;

2. Меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;

3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында. Бұл табиғат объектілерін ұтымды пайдаланбаған немесе заңды бұза отырып пайдаланған жағдайда болады.

Меншік иесінен табиғат  объектілерін, атап айтқанда жер учаскесін, сатып алуды қоса алғанда, алып қоюға  жол берілмейді, оған мына жағдайлар  жатпайды:

1. Меншік иесінің міндеттемелері  бойынша ақы ҳндіріп алу;

2. Мемлекет қажеттері  үшін меншік иесінің жер учаскесін,  сатып алуды қоса алғанда, алып  қою;

3. Меншік иесінен мақсатына  қарай пайдаланылмаған немесе  заңды бұзып пайдаланған табиғат  объектісін мәжбүрлеп алып қою:

4. Мұрагерліктің мемлекетке  кҳшуі;

5. Реквизициялар, яғни  тҳтенше сипаты бар табиғи  зіззала , авариялар, індеттер  жағдайында және ҳзге жағдайларда  меншік иесінен табиғат объектілерін  алып қою, табиғат объектілері  мемлекеттік органдардың шешімі  бойынша қоғамның мүддесі үшін  заң актілерімен белгіленген  тәртіпте және шарттарда меншік иесінен, оған құнын тҳлей отырып, алынып қойылуы мүмкін;

6.Радиоактивтік ластануға  ұшыраған табиғат объектісін  меншік иесінен соған тең жер  учаскесін бере отырып алып  қою;

7.Тәркілеу, яғни қылмыс  жасағаны немесе ҳзге құқық  бұзғаны үшін санкция түрінде  сот тәртібінде меншік иесінен  табиғат объектілерін ҳтеусіз  алып қою;

8. Ұлт меншігіне алу,  яғни азаматтар мен заңды тұлғалардың  меншігіндегі таиғат объектілерін  меншікке айналдыру.

 

2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының

субъектілері  мен объектілері

 

 

Табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар  танылады: бірінші кезекте мемлекеттің  өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.  

Мемлекет жекеше заңды  және жеке тұлғалардан өзгеше барлық табиғат ресурстарының меншік иесі бола алады. Осымен байланысты табиғат  объектілеріне мемлекеттік меншік табиғат ресурстарына меншік нысандарының құрылымында басымдыққа ие болады.

Қазақстанда жуық уақыттан бері жерге жеке меншік енгізілді, сөйтіп меншіктің сан алуан нысандары  заң актілерімен баянды етілді. Жерге  жеке меншікті енгізу аса күшті күрес  жағдайында өтті және Қазақстан қоғамында  үлкен серпіліс туғызды.

ҚР-ның Жер кодексінің 20-бабына сәйкес жерге меншік құқығының  субъектілері деп мыналар танылады:

1. Республика аумағындағы  жерге мемлекеттік меншік құқығының  субъектісі - Қазақстан Республикасы;

2. Жер учаскелеріне жеке  меншік құқығының субъектісі  жер кодексімен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде - азаматтар  және мемлекеттік емес заңды  тұлғалар. Бұл ретте, осы Кодексте  өзгеше белгіленбесе, азаматтар  деп Қазақстан Республикасы азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы  жоқ тұлғалар ұғынылады.

Алайда бұдан бұрын  аталып көрсетілгендей, табиғат объектілерінің барлығы жеке меншікте бола алмайды.Мысалы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және т.б.

Қазақстан Республикасы азаматтарының  жеке меншігінде шаруа қожалығын, өзіндік  қосалқы шаруашылық жүргізу, орман  өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді  олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, соның ішінде тұрғын үйлерді және олардың кешендерін салуға берілген немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.

Шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шет елдік  заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі үйлерді, олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді  қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді және олардың кешендерін салуға немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін. Сөйтіп, шет ел азаматарына, азаматтығы жоқ адамдарға және шет елдік  заңды тұлғаларға тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізуге және орман өсіруге  арналған жер берілмейді.

Сонымен бірге, мемлекет меншігінде болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері тек Қазақстан  Республикасы азаматтарына ғана шаруа  қожалығын жүргізу үшін және Қазақстан  Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу  және орман өсіру үшін беріледі.

Меншік құқығының объектілеріне  жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады. Бұған сондай-ақ кешенді объект ретінде  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік  табиғат қорықтары, ұлттық табиғат  парктері және т.б.) жатады.

Табиғи ресурстар ретінде  табиғат объектілерін мынадай топтарға бөлуге болады:

1. Сарқылмайтын объектілер - бұл кешілігі жуық болашақта  күтілмейтін табиғи ресрстар (күн  энергиясы, атмосфералық ауа,  жел энергиясы және т.б.).

Сарқылмайтын ресрустар  мыналарға бөлінеді:

а) жаңартылатын, яғни қалпына  келтірілетін табиғат ресурстары (өсімдіктер, жануарлар);

б) жаңартылмайтын, яғни жуық болашақта қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстары (пайдалы қазындылардың  көпшілігі);

в) ауыстырылатын (мысалы, көмір  күн энергиясымен ауыстырылуы мүмкін) және ауыстырылмайтын (су, ауа және т.б.);

2. Сарқылатын объектілер - бұл босалқылары толық жойылу  қатерінде тұрған табиғат ресрстары.

Табиғат объектілері қоршаған ортадан бөлінбейтін белгісімен сипататалды. Егер, бөліну бола қалса, айталық ағаш кесілетін болса, онда табиғат объектісіне құқық тоқталады, сөйтіп тауар құндылығына меншік құқығы туындайды, біздің жағдайымызда ағашқа құқық туындайды. Бұдан басқа  табиғи ресрутарға меншік құқығы тек  табиғаттың заттай және көрнекті объектілеріне  туындайды. Сондықтан, атмосфералық ауа, күн және жел энергиясы сияқты табиғаттың объектілері кінің болса  да меншігінде бола алмайды.

 

3.  Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігі және принциптері

 

 

Табиғатты пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра  білу керек. Егер табиғат пайдалану  адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалану да ең алдымен  қоршаған ортаны және тұтастай алғанда  экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.

Табиғи ресурстарды пайдалану  – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық  қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады.  
         Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде  "Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады" деген анықтама берілген.

Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың  құқықтары мен міндеттерін реттейтін  құқықтық нормалардың жиынтығы.

Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы –  бұл нақты табиғи ресурстарды  пайдаланушының табиғи ресурстарды  иелену және пайдалану құқығын реттейтін  экологияның заңдылықтар жиынтығы.

Табиғат пайдалану жалпы  және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы табиғат пайдалану  тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға  берілмей, тегін жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы  пайдалануды шектеуге жол беріледі.

Арнайы табиғат пайдалану - Экологиялық Кодексте және Қазақстан  Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды  ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды  тұлғаның қызметі.

Табиғат пайдалану түрлеріне:

1) жерді пайдалану;

2) суды пайдалану;

3) орманды пайдалану;

4) жер қойнауын пайдалану;

5) жануарлар дүниесін  пайдалану;

6) өсімдіктер дүниесін  пайдалану;

7) қоршаған ортаға эмиссиялар;

8) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленетін өзге  де табиғат пайдалану түрлері  жатады.

Табиғат пайдалану түрлері  бойынша арнайы табиғат пайдалану  құқығының туындау ерекшеліктері  Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

Арнайы табиғат пайдалану  табиғат пайдаланудың бір түрін  не олардың бірнеше түрінің жиынтығын  қамтуы мүмкін.

Табиғат пайдаланушылар -Қазақстан  Республикасының аумағында тұрақты  немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкін.

Табиғат пайдаланушылар:

1) тұрақты (табиғат пайдалану  құқығы мерзімі шектелмейтін  сипатта болады) және уақытша  (табиғат пайдалану құқығы белгілі  бір мерзіммен шектелген);

2) бастапқы (табиғат пайдалану  құқығы мемлекеттен не басқа  да бастапқы табиғат пайдаланушылардан  сол құқықтан айыру немесе  әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен  алынған) және кейінгі (табиғатты  уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығының  принциптері деп табиғи ресрутарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен  негізгі қағидалары ұғынылады. Табиғат  пайдалану құқығының негізгі  принциптеріне мыналар жатады:

Информация о работе Табиғат ресурстарына меншік құқығы