Табиғат ресурстарына меншік құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 16:03, реферат

Описание

Табиғи ресурстарды пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады. Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Субъективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл нақты табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы.

Содержание

Кіріспе 3
1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері 4
2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері 7
3. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығының түсінігі және принциптері 10
4.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері 13
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17

Работа состоит из  1 файл

табигат ресурстарга меншик кукыгы.docx

— 30.63 Кб (Скачать документ)

- Адамның өмірі мен  денсаулығын қорғаудың басымдығы.

- Табиғи ресурстарды ұтымды  пайдалану мен ұдайы молайту.

- Табиғатты арнайы пайдаланғаны  үшін кезең-кезеңменақы төлеуді  енгізу және қоршаған ортаны  қорғауды экономикалық ынталандыруды  енгізу.

- Табиғи ресурстарды пайдаланудың  мақсатты сипаты.

- Қолайсыз экологиялық  ахуалы бар аумақтарда экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және бұзылған табиғи экологиялық  жүйелерді қалпына келтіру.

-Ерекше экологиялық, ғылыми  және мәдени маңызы бар биологиялық  алуан түрлілікті және қоршаған  ортаның объектілерін сақтауды  қамтамасыз ету.

- Мемлекеттік реттеу және  мемлекеттік бақылау.

- Қоршаған ортаға нұсқан  келтіруді болдырмау, қоршаған  ортаға ықтимал ықпалды бағалау.

 

4.Табиғат ресурстарын  пайдалануға  берілу және тоқтатылу негіздері

 

 

Арнайы табиғат пайдалану  құқығының туындау негіздері  және оны жүзеге асыру шарттары. Арнайы табиғат пайдалану құқығы:

1) табиғи ресурстарды  пайдалану мен алуға және қоршаған  ортаны қорғау саласында жекелеген  қызмет түрлерін жүзеге асыруға  лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;

2) табиғи ресурстарды  Қазақстан Республикасының заңдарында  белгіленген тәртіппен табиғат  пайдалануға беру туралы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің немесе  жергілікті атқарушы органдардың  шешімдері;

3) Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде белгіленген  тәртіппен жасалатын табиғат  пайдалануға арналған шарттар  (келісімшарттар) негізінде туындайды.

Арнайы табиғат пайдалану  құқығы Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде көзделген  тәртіппен, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бір, екі не барлық актілер  негізінде туындауы мүмкін.

Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың  арнайы табиғат пайдалану құқығын  жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар  болған кезде жол беріледі.

Табиғи ресурстарды пайдалану  құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес беріледі.

Арнайы табиғат пайдалану  құқығын алған жеке және заңды  тұлғалар, Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жағдайларды  қоспағанда, оларға билік ете алмайды.

Арнайы табиғат пайдалану  құқығы мемлекет қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.

Қолданыстағы заңда жекелеген  табиғи ресрутарға қатысты табиғат  пайдалану құқығының қосымша  негіздері көзделуі мүмкін:

1. Экологиялық сараптаманың  оң қорытындысының болуы;

2. Табиғат ресурстары  лицензиясын алу;

3. Табиғи ресурстарға  лимиттер мен квоталар белгілеу;

4. Табиғат пайдалануға  шарт жасау немесе табиғат  пайдалануға рұқсат алу;

Табиғат пайдалануға рұқсат дегеніміз мүдделі адамның барлық қажетті сатылардан және шарттардан өтуінің нәтижесі.

Табиғат пайдалануға рұқсат алудың сатылары:

1. Тиісті мемлекеттік  органға өтініш беру;

2. Ұсынылатын құжаттарды  алдын ала қарау;

3. Құжаттарды қарау;

4. Табиғи ресурстарды  беру туралы шешім шығару;

5. Заттай түріндегі табиғи  ресурсқа қарсылық білдіру;

6. Табиғат пайдалану құқығы  әр түрлі негіздер бойынша  және өзінің ерекшелігіне қарай  тоқтатылады.  

 Табиғат пайдалану  құқығын тоқтатудың жалпы негіздері  болады:

1. Табиғат пайдалану құқығынан  ерікті түрде бас тартуы;

2. Заңды тұлғаны тарату  немесе жеке тұлғаның қайтыс  болуы;

3. Табиғат пайдалану шарты  мерзімінің өтіп кетуі;

4. Табиғат пайдалану шарты  бойынша төлем жасамау;

5. Табиғи ресурсты мақсатына  қарай пайдаланбау;

6. Табиғат қорғау заңының  бұзылуы;

7. Мемлекеттің немесе  қоғамның мұқтаждары үшін табиғи  ресурсты алып қою.

 

Қорытынды

 

Табиғат объектлеріне меншік құқығының  мазмұны үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік  ету құқығы.

Иелену құқығы табиғат объектілеріне  нақты иеленуді жүзегеасырудың заң  жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі  болып табылады.

Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып  табылады.

Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген  мүмкіндігі болып табылады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының  негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға  тиесілі болуына тікелей байланысты болады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:

- меншік құқығын беру;

- еншік құқығын басқаға беру;

- меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде көшуі.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:

1. мемлекеттік органдардың актілері;

2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;

3. ҚР-ның заңында көзделген өзге  де негіздерде.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1. меншік иесінің табиғат объектілерін  басқа ададарға иеліктен шығаруы;

2. меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;

3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында.

Табиғат объектілеріне меншік құқығының  субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің  өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.

Меншік құқығының объектілеріне  жер, орман, су, жер қойнауы,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.Қазақстан Республикасы экологиялық кодексі

2.Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право РК. - Алматы, 2004.

3. Байделдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. - Алматы, 2005.

4. Бринчук М.М. Экологическое право. - Москва: Юрист, 1998.

5. Бекшиева С.Д. Экологическое право РК. - Караганда, 2001.

6. Ерофеев Б.В. Экологическое право. - Москва, Новый юрист, 1998.

7. Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003.

8. Ә.Стамқұлұлы. ҚР-ның экология құқығы. - Алматы: "Жеті жарғы", 1995.

9. Яковлев В.Н. Экологическое право. Кишинев, 1988.

 


Информация о работе Табиғат ресурстарына меншік құқығы