Тың және тыңайған жерлерді игеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:30, реферат

Описание

Қазіргі уақытта өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіріп, Елбасымыз – Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауындағы әлемдегі бәсекелестік қабілеті бойынша алдыңғы елу елдің қатарына кіру, сондай-ақ БСҰ-ға кіру алдында, дүниежүзілік тарихи дамуымен байланысы оның өткен тарихын жан-жақты үйрену мен зерттеудің қжеттілігін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай қажеттілік күрделі кезеңдерге байланысты Қазақстан тарихының мұқият зерттелуі мен зерделенуін талап етуде, әрі заңды құбылыс болып отырғаны белгілі. Кеңес дәуірінің тарихнамасы әкімшілік-әміршілдік саясат салдарынан тарихи жағдайлар мен әлеуметтік жайларды теріс түсіндіріп, ақиқатты айтпай, қисынсыз теория мен тұжырымдарға жол беріп отырды. Тарихи процестерді шындыққа жанаспайтиын партиялық таптық тұрғыдан көрсету, оны маркстік-лениндік әдістеме негізінде түсіндіру осы жүйенің заңы мен тәртібіне саналды. Осының нәтижесінде Қазақстан тарихында көптеген «ақтаңдақтар» пайда болды. Солардың бірі – тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны.
Сөз етіп отырған тақырыбымыз өте күрделі де қиын мәселе және өзіндік орны ерекше оқиға. Өйткені, тың игерудің нәтижесінде Қазақстан ірі астықты аймақтардың біріне және кеңшар өндірісі басым дамыған республикаға айналды. Егіс көлемінің ұлғайтылуының нәтижесінде Қазақстан 6 мәрте миллиард пұттан астам астық жинап, ел экономикасын біршама нығайтты. Тың даланың игеріліп, егіншілік айналымына қосылуы – республика халық шаруашылығының барлық саласының өндіргіш күштерін дамытуға, мәдениеті мен ғылымының өсіп-өркендеуіне қалай ықпал етті, қазақ даласына басқа да қандай өзгерістер әкелді деген сұрақ қазіргі таңда өте өзекті болып отыр.
Егеменді ел атанып, әлем жұртшылығы танып отырған Қазақстанның жер көлемін айтқанда өткен 20-ғасырдың барысында қалыптасқандай, Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан кең өлке деп атауға қалыптасып кеткен түсінік бар. Осы аталған аралықтың, яғни Атырау мен Алтайдың қашықтығы 3000 шақырым болса, Республикамыздың Батыс Сібір ойпатынан бастау алатын Солтүстігі мен Тянь-Шань тауларына арқа тірейтін Оңтүстік өлкесіне дейінгі ара-қашықтық 2000 шақырымға жуықтайды. Барша жер көлемі 2 миллион 700 мың шаршы шақырымды қамтитын кең байтақ алқап сеңгір таулармен қоршалған, құс қанаты талып, тұлпар тұяғы қызатын атақты Қызылқұм, Мойынқұм, бір шеті қамтылған Қарақұм сияқты құмды аймақтар, селдір селеу мен жусан көмкерген кең құлашты жазық далалары, еншімізге солтүстік-шығыс бөлігі тиген Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі мен жер бетін тілгілеген есепсіз көп өзендерден тұратын су айдындары бар өлке қазақ жері болып аталғалы қай заман.

Работа состоит из  1 файл

Тың және тыңайған жерлерді игеру.doc

— 101.00 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Қазіргі уақытта өз тәуелсіздігін  алған Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа  кіріп, Елбасымыз – Н.Ә. Назарбаев  халыққа жолдауындағы әлемдегі бәсекелестік қабілеті бойынша алдыңғы елу  елдің қатарына кіру, сондай-ақ БСҰ-ға кіру алдында, дүниежүзілік тарихи дамуымен байланысы оның өткен тарихын жан-жақты үйрену мен зерттеудің қжеттілігін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай қажеттілік күрделі кезеңдерге байланысты Қазақстан тарихының мұқият зерттелуі мен зерделенуін талап етуде, әрі заңды құбылыс болып отырғаны белгілі. Кеңес дәуірінің тарихнамасы әкімшілік-әміршілдік саясат салдарынан тарихи жағдайлар мен әлеуметтік жайларды теріс түсіндіріп, ақиқатты айтпай, қисынсыз теория мен тұжырымдарға жол беріп отырды. Тарихи процестерді шындыққа жанаспайтиын партиялық таптық тұрғыдан көрсету, оны маркстік-лениндік әдістеме негізінде түсіндіру осы жүйенің заңы мен тәртібіне саналды. Осының нәтижесінде Қазақстан тарихында көптеген «ақтаңдақтар» пайда болды. Солардың бірі – тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны.

Сөз етіп отырған тақырыбымыз өте күрделі де қиын мәселе және өзіндік орны ерекше оқиға. Өйткені, тың игерудің нәтижесінде Қазақстан ірі астықты аймақтардың біріне және кеңшар өндірісі басым дамыған республикаға айналды. Егіс көлемінің ұлғайтылуының нәтижесінде Қазақстан 6 мәрте миллиард пұттан астам астық жинап, ел экономикасын біршама нығайтты. Тың даланың игеріліп, егіншілік айналымына қосылуы – республика халық шаруашылығының барлық саласының өндіргіш күштерін дамытуға, мәдениеті мен ғылымының өсіп-өркендеуіне қалай ықпал етті, қазақ даласына басқа да қандай өзгерістер әкелді деген сұрақ қазіргі таңда өте өзекті болып отыр.

Егеменді ел атанып, әлем жұртшылығы танып отырған Қазақстанның жер  көлемін айтқанда өткен 20-ғасырдың барысында қалыптасқандай, Атыраудан  Алтайға дейін созылып жатқан кең өлке деп атауға қалыптасып кеткен түсінік бар. Осы аталған аралықтың, яғни Атырау мен Алтайдың қашықтығы 3000 шақырым болса, Республикамыздың Батыс Сібір ойпатынан бастау алатын Солтүстігі мен Тянь-Шань тауларына арқа тірейтін Оңтүстік өлкесіне дейінгі ара-қашықтық 2000 шақырымға жуықтайды. Барша жер көлемі 2 миллион 700 мың шаршы шақырымды қамтитын кең байтақ алқап сеңгір таулармен қоршалған, құс қанаты талып, тұлпар тұяғы қызатын атақты Қызылқұм, Мойынқұм, бір шеті қамтылған Қарақұм сияқты құмды аймақтар, селдір селеу мен жусан көмкерген кең құлашты жазық далалары, еншімізге солтүстік-шығыс бөлігі тиген Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі мен жер бетін тілгілеген есепсіз көп өзендерден тұратын су айдындары бар өлке қазақ жері болып аталғалы қай заман.

 

1 Тың және тыңайған  жерлерді игеру жылдарында

 

Өткен ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстан  халқының этникалық құрамында орасан зор өзгерістерге әкелген уақыт  болды. Әрине, елімізде мұндай жағдайдың  қалыптасуы 1954 жылғы кокП орталық комитетінің ақпан-наурыз пленумының қысқа уақыттың ішінде тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешіміне тікелей байланысты болды. Атап айтқанда, кокП орталық комитеті 1954 жылы 2 наурызда «елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдаған болатын. Пленум Қазақстанның және сібір колхоздары мен совхоздарында әр гектардан 14-15 центнерден астық алуға және екі жүз миллион пұт астық өндіруге толық мүмкіндік бар деп санады.

Жалпы алғанда, тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстанда: Қостанай, целиноград, солтүстік-Қазақстан, Павлодар, көкшетау облыстарында және сібірде, соның ішінде Алтай, красноярск өлкелерінде, оралда, Поволжье және солтүстік кавказдың, Қиыр Шығыстың бірқатар аудандарында жүргізілді.

Шынымен де қысқа мерзім ішінде жалпы  одақ бойынша барлығы 42 миллион тың жер игерілсе, соның 25 миллион гектар жер Қазақстанда игерілген болатын.

Тың игерудің арқасында  Қазақстан өз тұрғындарын ғана нанмен, нан өнімдерімен қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге орта есеппен жылына 10, 12 миллион тоннадай астықты басқа республикаларға беріп отырды. Бұл аз астық емес. Қазақстан тауарлары астық өндіруде елеулі жетістіктерге жетті. Және де Қазақстанда өндірістік бидай өзінің құрамындағы белоктық және клейковинаның жоғарылылығы жағынан басқа аймақтармен салыстырғанда өте сапалы болып келді.

Республиканың егістік жерінің көлемі 1953 жылы 9,7 млн. гектардан 1973 жылы 34,2 млн. гектарға өсті, соның ішінде дәнді дақылдар, жылдарға сәйкес, 7,02 млн. гектардан 24,7 млн. гектарға өсті... егер де тың игерудегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси нақтылық тұрғысынан қарасақ, онда оның республика үшін маңызды болғанын айтуымыз керек. Тың игеру нәтижесінде Қазақстанда адам басына шаққанда 2 мың килограмнан аса астық өндірілді. Ал, бүкіл әлемдік тәжірибеде азық-түлік проблемасын шешу үшін адам басына 1 мың килограмм астық өндірсе жеткілікті екендігі дәлелденген. Ал мұндай көрсеткіштер бірқатар елдерде ғана (канада, Австралия, АҚШ, Дания, Франция, венгрия, румыния) бар еді. Бұдан, Қазақстанның өзінің қажетін қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортер ел ретінде әлемдік рынокқа шығуға алғышарттары болғандығын аңғарамыз. сонымен бірге, Қазақстан тыңында құрамында жоғары мөлшердегі белогы бар бидайдың күшті сорттары өсетін. сапасы жоғары бидайды сатып алушы елдер аз емес-тін. Қазақстан бұл уақытта республикада өндірілетін бидайдың аса бағалы қатты және күшті сорттарының 60 %-ын беретін аймаққа айналған болатын. Дегенменен қазақ халқы тарихы үшін тың және тың жерлерді игеру кезеңінің көлеңкелі тұстары да аз болған жоқ. Өйткені тың игеру жалпы алғанда ғылыми тұрғыдан толық негізделмеген және тиісінше нақты бағдарлама болып құрылмаған іс-шара болғандығын тарих өзі дәлелдеп көрсетті. Десек те бұл шараны ұйымдастыру алдында бүкіл елден мыңдаған ғалымдар, агроном, топырақтану және агротехника мамандары барынша құнарлы жерлерді анықтап, пайдалану үшін зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. осы орайда Қазақ кср Академиясы 69 кешенді экспедициясын құрып, тың аудандарына жіберген болатын. олар бір жыл ішінде 16 миллион гектар жерді зерттеген болатын. Өкінішке қарай, бұған қарамастан тың және тыңайған жерлерді игеру іс-шаралары да коммунистік партияның ұрандату мен асыра сілтеушілікке негізделіп жүзеге асырылды. ең басты кемшілік- топырақтың құрамы, сапасы, оны өңдеудің жүйесіне қатысты шаралар дер кезінде ұйымдастырылмады. осының салдарынан тың жылдарының алғашқы кезінде-ақ бірқатар облыстарда топырақтың үстіңгі құнарлы қабатын ұшырып әкеткені мәлім. Әсіресе тың игеру кезеңі Қазақстанның этнодемографиялық құрылымына түбірімен өзгеруіне себеп болды.

 

 

НАУҚАН КЕЗІНДЕГІ КАДР ЖӘНЕ ЖҰМЫСЫШ-МАМАН  ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ОРТАЛЫҚЫТЫҢ САЯСАТЫ

 

Тың жерлерді игеру жылының алғашқы  жылдарында, яғни 1954 жылдың наурыз айының бірінші жартысында елімізге ркФср, украина және тағы да басқа одақтас республикалардан 14240 адам, сонымен қатар, республиканың комсомол жолдамаларымен 900 жас ауыл еңбеккерлері келген еді. Барлығы Қазақстанға жаңа кеңшарларға 1954 жылы 49 мың адам келсе, оның 14,5 мыңы механизаторлар болды.

Ал 1954-1956 жж. елімізге 640 мыңға жуық адам келген болатын және де елуінші жылдары Қазақстан халқының жалпы саны 24 %-ға өссе, ал тың өлкелерінде 40-50 %-ға дейін артты. Бұл кезде республикада орыстардың саны күрт өсті. мәселен, олардың үлесі 42,6 %-ға артса, ал қазақтар үлесі керісінше 57,1 %-дан 30 %-ға мүлдем кеміп кетті. егер жекеленген аймақтар бойынша алатын болсақ, республиканың солтүстік өлкесінде орыстардың үлесі 81 %-ға жетсе, сонымен қатар, бұл аймақта украиндар саны да айтарлықтай өскен- 30,3 %, ал белорустар 8,1 % көбейді. Жалпы алғанда, нақ осы уақытта қазақтар солтүстік Қазақстан тұрғындарының 20,4 %-ын ғана құраған, ал орыстардың үлес салмағы 45,2 %-ға жеткен. сондай-ақ, украиндар-14,4 %-ды, немістер - 12,1 %-ды құраған.

Ал егер тың игеру өлкелері тұрғындарының этникалық құрамына тоқталатын болсақ, 1959 жылғы санақ көрсеткіштері бойынша бұл аймақтардағы жалпы тұрғындарының ішінде қазақ, орыс, неміс, украин, татарлардың үлес салмағы келесідей болды: көкшетау облысында қазақтар 18,4 %-ды, орыстар- 41,7 %-ды, немістер- 13,8 %-ды, украиндар 12,2 %-ды, белорустар 3,2 %-ды, татарлар 1,6 %-ды, Қостанай облысында қазақтар 15,5 %-ды, орыстар- 42,2 %-ды, немістер- 12 %-ды, украиндар 22,2 %-ды, белорустар 2,7 %-ды, татарлар 1,8 %-ды, Павлодар облысында қазақтар- 25,6 %-ды, орыстар- 39,3 %-ды, немістер- 12,1 %-ды, украиндар 14,5 %-ды, белорустар 1,5%-ды, татарлар 1,6 %-ды, солтүстік Қазақстан облысында қазақтар- 12,5 %-ды, орыстар 64,3 %-ды, немістер- 7,6 %-ды, украиндар 9,5 %-ды, белорустар 1,1%-ды, татарлар 2,5 %-ды, целиноград облысында қазақтар 18,2 %-ды, орыстар 42,9 %-ды, украиндар 17,5 %-ды, белорустар 10,7 %-ды, татарлар 3,4 %-ды құрады.

Тың өлкесі қалаларына келгендер саны ерекше көп болды. 1954 жылы тың қалаларына 16, 6 мың, 1955 жылы - 47, 8 мың, 1956 жылы- 38,5 мың, 1957 жылы- 48, 4 мың, 1958 жылы- 92,4 мың және 1959 жылы- 41,8 мың, барлығы 285, 5 мың адам келді.

1959 жылғы Бүкілодақтық халық санағы қорытындысы бойынша көшіп-қонушы тың игерушілердің республикадағы еңбек жасындағылар ішіндегі үлесі 33, 9 % болса, тың облыстарында тіпті 88, 9 %-ға жетті. кейінгі жылдары да тыңға келушілер тиылған жоқ. 1961-1965 жылдары кеңшарларға 160 мыңнан аса адам келді. Бір мезгілде жоспарлы көші-қон да жүріп жатты [6, 14, 28, 29, 72 ].

Жалпы алғанда, елуінші жылдардың соңында елімізде 9309847 адам болса, оның 4067224 немесе 43,7 %-ы қалада, ал 5242623-і немесе 56,3 %-ы ауылдық жерлерде тұрған. Соның ішінде қала тұрғындарының ішінде қазақтардың үлес салмағы 24, 3 % болса, ал орыстар 59%-ды құраған, яғни олардың үлесі қазақтарға қарағанда 14,7 %-ға артық болған. Ал енді ауыл тұрғындарының этникалық құрамындағы қазақтар мен орыстардың үлес салмағына келетін болсақ, қазақтардың үлесі 75,7 % болса, ал орыстар 41 %-ды құраған. сондықтан қазақтардың үлесі ауылда орыстармен салыстырғанда 34,7 %-ға көп болған.

Осы орайда тоқтала кететін жәйт, бұл тың игерудің нәтижесінде халықтың, оның ішінде ауыл тұрғындарының санының аса қарқынды өсуіне ықпал еткен болатын. мәселен, тың игеру науқанына дейін елімізде 4 миллион ауыл халқы болса, осы іс-шара басталған соң бұл сандық көрсеткіш- 6,5 миллион болған-тын. Алайда 1960- жылдардың басынан тың игерушілердің бір бөлігі ауылдық жерлерден қалаларға көше бастады. Бұл кездегі көші-қондағы негізгі үрдіс-ауыл халқының қалаға ағылуы. көші-қон бір жағынан ауылдың экономикалық және әлеуметтік жағдайының индикаторы іспеттес, сонымен бірге оның ерекшеліктерін зерттеу аграрлық секторда қалыптасқан жағдай туралы түсініктің тереңдеуіне әкеледі. екінші жағынан, ауыл халқының қалаға көші-қонын ауылдың жағдайының төмендеуі себептерінің бір факторы ретінде қараймыз. көші-қон ағымының нәтижесінде көшіп-қонушылар шыққан жерлер жұмыс қолы жетіспейтін аудандарға айналды.

Жалы алғанда, 1959 жылдың басынан 1960 жылдың 1 маусымына дейінгі уақыт аралығында солтүстік Қазақстан облысына 1136 отбасы келген [7, 69 б.]. осы арада тоқтала кететін бір мәселе, ол тың жылдарында Қазақстанға сырттан келгендердің тарапынан оларды әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етуге қатысты наразылықтар да туындап отырған. Тіпті кейде мұндай оқиғалар арты бұқаралық тәртіпсіздіктерге ұласқан кездер де болған [8, 32 б.].

Тың облыстарындағы жалпы өсім республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда 5 есеге өскен болатын. мәселен, аталған аймақтағы өсімнің 61 %-ы сырттан, атап көрсеткенде, негізінен ркФср, украина, Белоруссия, молдовадан келгендердің есебінен болды. Тың жерлерді игеру нәтижесінде солтүстік Қазақстандағы 1 шаршы шақырым жердегі халықтың орналасу тығыздығы 3,3-ден 6,8 адамға артқан.

1954 жылы тың өлкелерінде жалпы өсім 195070 адамға, соның ішінде, 54633 адам табиғи жолмен, 140137 адам көші-қон нәтижесінде және әкімшілік-аумақтық өзгерістерге байланысты 300 адамды құрады [9, 103 п.]. Ал 1959 жылғы Бүкілодақтық халық санағы қорытындысы бойынша көшіп-қонушы тың игерушілердің республикадағы еңбек жасындағылар ішіндегі үлесі 33,9 % болса, тың облыстарында тіпті 88,9 %-ға жетті. кейінгі жылдары да тыңға келушілер легі тиылған жоқ. 1961-1965 жылдары кеңшарларға 160 мыңнан аса адам келді [6, 29, 29, 72 б.]. осындай миграциялық тасқынның салдарынан бұл жылдары Қазақстанда өзге ұлт өкілдерінің саны едәуір өсті. мәселен, аталған кезеңде солтүстік Қазақстан облысындағы тұрғындар санының 18,6 %-ын қазақтар, 45,1%-ын орыстар, 14,4 %-ын украиндар, 2,3%-ын белорустар, 6,1 %-ын немістер және 13,4%-ын тағы басқалары құрады [2, 27 ]. 1959 жылғы санақ бойынша нақ осы кезде елімізде 114 этнос өкілдері тұрды.

Алпысыншы жылдары да солтүстік Қазақстан өңіріне сырттан келушілер саны көп болды. Әсіресе, көкшетау мен Қостанай облыстарына келушілер басқа аймақтармен салыстырғанда басым еді. Атап көрсетсек, бұл кезде көкшетау облысына сырттан келушілер 49 % -ға артқан, ал Қостанай облысына келушілер саны 26 %-ға өскен. мұндай жағдай аталған аймақтарда өнеркәсіп дамуымен, сондай-ақ тың және тәң жерлерді игеруге де байланысты болды. осылайша тың игеру Қазақстан жерінде үлкен ауқымда жүзеге асырылып, республикамыздың өміріне жан-жақты әсерін тигізді. Әрине, ең алдымен миллиондаған гектар жаңа жерлердің жыртылып, егістік жердің көлемінің еселеп артқанын көреміз. Тың игеруден бұрын 1953-жылы барлық дақылдардың егістік көлемі 9,7 миллион гектар болды. сонымен бірге 5 миллионға жуық таза парға қалдырылған жер болды. сонда айналымдағы жыртылған жер көлемі 41 миллионға жетті. Ал 1956 жылы республика тарихында алғаш рет еңбекшілер 1 млрд. пұт астық жинаған болатын. Тек қана Қостанай облысы совхоздары мен колхоздары осы жылы мемлекетке 277, 5 миллион пұт нан тапсырды, бұл 1953 жылғы нан тапсырысынан 11 есеге көп болды [10, 402].

Дәнді-дақылдардың егіс көлемі 7 миллион гектардан 25,4 миллионға дейін, сүрлемге егілетін жүгері бұрын жоқтың қасы болса, кейіннен 2,3 миллион гектарға дейін, көпжылдық шөптер-1,6 миллион гектардан 4,6 миллионға дейін, бір жылдық шөптер-0,4 миллион гектардан 2,7 миллионға дейін өсті. егер 1949-1953 жылдары бір жылға шаққанда 3, 9 миллион тонна астық өндірілсе, 1979-1980 жылдары 27,5 миллион тоннаға дейін, немесе тиісінше 7,1 және 6,6 есе өсті. Жан басына шаққанда 1986-1990-жылдары Қазақстанда 1556 кг. астық өндірілді [1, 20 ].

 

 

ТЫҢ ИГЕРУ  ТҰСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ МӘСЕЛЕСІ

 

Республикалық астық өндіру ғана емес, өсімдік  шаруашылығының басқа да өнімдерін өндіруде еселеп артты. мал басының өсуі де айтарлықтай болды. елімізде алты жүзден астам астық өндіретін маманданған жаңа тұрғын мекендері пайда болды, көптеген әлеуметтік объектілер, мыңдаған шақырым жол салынды. кеңшарларда машина-трактор жөндейтін шеберханалар, қоймалар, мал қоралары мен кешендері, электр станциялары, тағы басқа өндірістік объектілер салынды. сонымен қатар осы кезде республикада 24 миллион тонна астықты кептіріп, тазалап, өңдеп сататын элеваторлар іске қосылды.

Тың игеру іс-шарасы әсері халық шаруашылығының басқа салаларының дамуына да өз ықпалын тигізді. Ақмолада ауыл шаруашылығына қажет топырақ өңдейтін және құралдарды өндіретін екі зауыт салынды. Павлодарда трактор зауыты, минералды тыңайтқыш өндіретін ірі кәсіпорындар пайда болды. Шортандыда бүкілодақтық дәндідақылдар шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жұмысын бастаған болатын. Бұл институтты белгілі ғалым А. и. Бараев басқарды.

сондай-ақ, кезінде мемлекет тарапынан тың және тыңайған жерлерді игеру науқанына қатысқан алғашқы тыңигерушілердің еңбегі жоғары бағаланған болатын. мысал үшін, 1956 жылы тұңғыш 1 миллиард алынған кезде 40530 адам кеңес одағының орден және медальдарымен марапатталған еді. Ал 139 республиканың тыңигерушілеріне социалистік еңбек ері атақтары берілсе, 150 мың жастар БЛкЖо орталық комитетінің «Тың игергені үшін» деген төс белгілерімен марапатталды [11, 21].

сонымен бірге тың игеру жылдарында республика ірі мал шаруашылығы базасына айналды. егіншіліктің дамуы, тіпті жайылым алқаптарының қысқаруына қарамастан, жем-шөп базасын нығайтуға мүмкіндік берді. Тың игеру Қазақстан жерінде үлкен ауқымда жүзеге асырылып, республика өміріне жан-жақты әсерін тигізді. елді астықпен қамтамасыз ету тың игеру арқылы негізінен шешілгені, тың игеудің ауыл шаруашылығының басқа салаларының және машина жасау, тыңайтқыш өндіру, күрделі құрылыс тағы басқа да халық шаруашылығы салаларының дамуына ықпалын тигізгенін атап өткен жөн. Бұл тарихи шындық. Дегенменен тың игерілмеген, жері жыртуға, егістікке жарамайтын шөлейт, жартылай шөлейт аймақтардағы мал өсіретін шалғай аудандардағы тұрғындары мен еңбеккерлері тегіс қазақ болып келетін шаруашылықтарда құрылыс та жөнді салынбады, жол да тартылмады, ондағы халық әлеуметтік жағынан көш кейін, өмір деңгейі тым төмен күйде қалды. осындай әділетсіздік жағдай орын алды [1, 22 ].

Информация о работе Тың және тыңайған жерлерді игеру