Тың және тыңайған жерлерді игеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:30, реферат

Описание

Қазіргі уақытта өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіріп, Елбасымыз – Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауындағы әлемдегі бәсекелестік қабілеті бойынша алдыңғы елу елдің қатарына кіру, сондай-ақ БСҰ-ға кіру алдында, дүниежүзілік тарихи дамуымен байланысы оның өткен тарихын жан-жақты үйрену мен зерттеудің қжеттілігін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай қажеттілік күрделі кезеңдерге байланысты Қазақстан тарихының мұқият зерттелуі мен зерделенуін талап етуде, әрі заңды құбылыс болып отырғаны белгілі. Кеңес дәуірінің тарихнамасы әкімшілік-әміршілдік саясат салдарынан тарихи жағдайлар мен әлеуметтік жайларды теріс түсіндіріп, ақиқатты айтпай, қисынсыз теория мен тұжырымдарға жол беріп отырды. Тарихи процестерді шындыққа жанаспайтиын партиялық таптық тұрғыдан көрсету, оны маркстік-лениндік әдістеме негізінде түсіндіру осы жүйенің заңы мен тәртібіне саналды. Осының нәтижесінде Қазақстан тарихында көптеген «ақтаңдақтар» пайда болды. Солардың бірі – тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны.
Сөз етіп отырған тақырыбымыз өте күрделі де қиын мәселе және өзіндік орны ерекше оқиға. Өйткені, тың игерудің нәтижесінде Қазақстан ірі астықты аймақтардың біріне және кеңшар өндірісі басым дамыған республикаға айналды. Егіс көлемінің ұлғайтылуының нәтижесінде Қазақстан 6 мәрте миллиард пұттан астам астық жинап, ел экономикасын біршама нығайтты. Тың даланың игеріліп, егіншілік айналымына қосылуы – республика халық шаруашылығының барлық саласының өндіргіш күштерін дамытуға, мәдениеті мен ғылымының өсіп-өркендеуіне қалай ықпал етті, қазақ даласына басқа да қандай өзгерістер әкелді деген сұрақ қазіргі таңда өте өзекті болып отыр.
Егеменді ел атанып, әлем жұртшылығы танып отырған Қазақстанның жер көлемін айтқанда өткен 20-ғасырдың барысында қалыптасқандай, Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан кең өлке деп атауға қалыптасып кеткен түсінік бар. Осы аталған аралықтың, яғни Атырау мен Алтайдың қашықтығы 3000 шақырым болса, Республикамыздың Батыс Сібір ойпатынан бастау алатын Солтүстігі мен Тянь-Шань тауларына арқа тірейтін Оңтүстік өлкесіне дейінгі ара-қашықтық 2000 шақырымға жуықтайды. Барша жер көлемі 2 миллион 700 мың шаршы шақырымды қамтитын кең байтақ алқап сеңгір таулармен қоршалған, құс қанаты талып, тұлпар тұяғы қызатын атақты Қызылқұм, Мойынқұм, бір шеті қамтылған Қарақұм сияқты құмды аймақтар, селдір селеу мен жусан көмкерген кең құлашты жазық далалары, еншімізге солтүстік-шығыс бөлігі тиген Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі мен жер бетін тілгілеген есепсіз көп өзендерден тұратын су айдындары бар өлке қазақ жері болып аталғалы қай заман.

Работа состоит из  1 файл

Тың және тыңайған жерлерді игеру.doc

— 101.00 Кб (Скачать документ)

Шындығында еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінде елеулі орын алған кеңес үкіметі саясатының бұл науқаны кейіннен республика ауылшаруашылығын тығырыққа тіреп, ақыр соңында оны экономикалық дағдарысқа әкелген болатын. Әсіресе қазақ халқының өз елінде өзі билеп-төстей алмайтын кер заманға соқтырған қасіретті жылдар болғаны анық. Бұған ешқандай түсіндіруді қажет етпейтін келесі статистикалық мәліметтер дәлел: 1959 жылғы санақ нәтижесі бойынша бұл кезде еліміздің жалпы тұрғындарының саны- 9294741 адам болса, соның ішінде: қазақтар- 2787 мың: 29,8 %-ды ғана, ал орыстар- 3942 мың: 42,7 %-ды, украиндар- 761 мың: 8,2 %-ды, немістер- 660 мың: 7,1%-ды, татарлар- 192 мың: 2,1 %-ды, өзбектер- 136 мың: 1,5%-ды, белорустар- 107 мың: 1,2 %-ды, ұйғырлар- 60 мың: 0, 6 %-ды, кәрістер- 74 мың: 0,8 %-ды, әзірбайжандар- 38 мың: 0,4 %-ды және тағы басқалары- 508 мың: 5,5 % адамды [2, 27 б.] құрады.

Қорыта айтқанда, тың игерудің қазақ ұлтына өз жерінде, өз елінде алатын үлес салмағын күрт төмендетіп, ұлт азшылдығына айналдырылғаны, осының салдарынан бұл уақытта қазақ мектептерінің жүздеп жабылып, қазақтардың елеулі бөлігінің өз ана тілін ұмытып, орыстана бастауына да зор ықпал еткені анық. Бұл қазақ халқының ұлттық мүддесіне, болашағына, мәдениетінің, тілінің, жалпы ұлттық ділінің дамуына үлкен кедергі жасады.

 

Осы аталған кең өлкенің төсінде ежелгі заманнан қоныс теуіп келе жатқан, әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың бір тармағы әрі ең іргелісі қазақ халқы саналады. Тарихы біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІІ мың жылдықтан бастау алатын халқымыздың барша тағдыры осы ұлы даламен тығыз байланысты сабақтас, салалас, аралас, ортақ.

 Тілібіз бен мәдениетіміз, тіршілік ету салтымыз көрші орналасқан қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ сияқты түркі тілдес халықтармен ғасырлар бойы ұқсас, өзектес болып келсе, Қазақстанның территориясы осы аталған халықтар мекен еткен республикалар мен Тәжікстанның жер көлемін қоса есептегенде 2 есе үлкен екен. Жер көлемі мен шекарасының айнала алғандағы ұзындығы жөнінен әлемдегі ең ірі деген жеті мемлекеттін қатарынан орын алатын Республикамызда мыңғырған мал өсірдік, егін салып, әр жылдарда миллиардаған пұт астық жинап келдік. Сонымен қатар ауыр өнеркәсіп те дамыды.

 Осыншалықты үрдіс қимылдар мен әрекеттердің нәтижесінде озат ел атанған Қазақстанның бүгінгі болмысы, келбеті мен келешегі бүкіл дүниежүзінің назарына ілініп, олардың ықылас-ниеттерін аударып, жаһандану үрдісіне ілігіп, еліміздің БСҰ-ға кіруге дайындығы жүріп жатқанда және Елбасымыздың әлемдегі бәсекелестігі жоғары 50 елдің қатарына кіру міндлеті қойылғанда өткен тарихымыздың (бұл жерде – тың игеру) жетістіктері мен жеңістерін, және сондай-ақ соңғы ХХ ғасырда орын алып отырған зобалаңдар мен қайғы-қасіреттерімізді зерттеп, ой таразысынан өткізіп, болашағымыздың іргетасын қалауымыз қажет. Ал бұған тағы да қайталап айтсақ, өткенді оқып-танып қана қол жеткізе аламыз. Орыс тарихшысы В.О. Ключевскийдің сөзімен айтсақ: «Тарих бізді оқып-тоқымаған сабағымыз үшін жазалайды». Сол себепті, тарихымыздың ақтаңдақ беттерінің бірі – тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын зерттеу мәселесі қазіргі Қазақстан тарихнамасындағы өзекті де көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны дау туғызбайтын мәселе.

 Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанды жетпіс жылдан астам уысында ұстаған Кеңестік жүйе әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағарту сияқты салаларда қазақ халқының үлкен жетістіктерге жетуіне, білім алып, ғылымды меңгеруде сан түрлі жаңа қырларынан көрінуіне игі ықпалын тигізсе, ата-бабадан келе жатқан салт-саналарымызды ұстануға, тіл байлығымызды сақтап қана қоймай, дамытуға кереғар әсер етті. Еліміздің өмірінде жүзеге асып жатқан бүгінгі бетбұрыс, барлық салаларда қайта түлеп жаңару жайы сол бір көп жылдар бойы кеудемен жаншыған басқару жүйесінің езгісінде болып, өткенімізді білу күңгірттеніп, ұрпақтың бірсыпыра бөлігі мәңгүрттеніп, ана тілі мен дінінен, дәстүр-салтынан айжырай бастаған, шала қазақтар дегендердің саны көбей түсіп келе жатқан кезде ғана қолға алынды.

 

паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР

  1. райханов Н. Тың игерудің оңы мен солы // Ақиқат.-1999. -№ 5. 19-28 б.
  2. Асылбеков м., Құдайбергенова А. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар).- Алматы: Өркениет, 2005.-160 б.
  3. очерки истории коммунистической партии казахстана.- Алма-Ата: казахстан .-1984. -419 с.
  4. 10 лет освоения целины. материалы целиноградской научной сессии.-Алма-Ата.-1964. -360 с.

Информация о работе Тың және тыңайған жерлерді игеру