Жер асты суы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:39, реферат

Описание

Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді. Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, Жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады. Грунт суы – табиғи қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты, Жер бетіне жақын кеуекті, жарықты, карсты сулы қабаттардағы арынсыз жер асты суы. Мұндай суды ерте заманнан бері құдық қазып, кеңінен пайдаланғандықтан «құдық суы» деп те атайды. Ол Жер бетінен 1 – 5 м-ден 50 – 70 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі; өзен, көл, теңіз маңында, сайларда, тау-төбе, қырат бөктерлерінде тұма-бұлақ болып, Жер бетіне еркін шығып та жатады. Жер бетіне біршама таяу жатқан грунт суының деңгейі ауа райының өзгешеліктері мен табиғи өзгерістерге тәуелді болып отырады. Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп,

Работа состоит из  1 файл

Жер асты суы.docx

— 41.83 Кб (Скачать документ)

[өңдеу]

Жер асты сулары деңгейінің тербелу  амплитудасы

 

Жер асты сулары деңгейінің тербелу  амплитудасы (лат.amplitudo— мөлшер, шама) — жер асты сулары деңгейінің әр түрлі табиғи және жасанды факторлардың әсерінен белгілі бір деңгейден (түрақталған) көтеріліп-төмендеу шамасы (ауқымы).

[өңдеу]

Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы

 

Жер асты сулары деңгейлерінің турақтануы — жер асты сулары деңгейінің белгілі  бір уақыт ішінде көп ауытқымай, бір шамада болуы.

 

Saturation level грунт суының деңгейі; Artesian well — артезиандық ұңғыма; Pervious strata — су сақтағыш қабат; Impervious strata — су ұстағыш қабат

[өңдеу]

Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық  циклдері

 

Жер асты сулары қалыптасуының генетикалық  циклдері — белгілі бір жүйелілікпен байланысқан генетикалық процестердің жиынтығы. Үш генетикалық цикл сараланады

1) инфильтрациялық немесе континенттік;

2) тешздік немесе шөгіндшік;

3) метаморфтық және магмалық.

[өңдеу]

Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық  теориясы

 

Жер асты сулары қалыптасуының седиментациялық  теориясы — жер асты суларының  пайда болуын үйықтық сулардың шөгінді  жиналу (шөгіндену) процесінде көміліп, соңынан олардың диагенез және катагенез стадияларында өзгеруімен түсіндіретін теория. Осындай жолмен артезиан алаптарындагы тереңде жатқан жер асты суларының негізгі бөлігі (массасы) пайда болатындыгы дәлелденді.

[өңдеу]

Жер асты сулары пайда болуының кондесациялық  теориясы

 

Жер асты сулары пайда болуының кондесациялық  теориясы— жер асты суларының пайда болуын таужыныстардың кеуектеріндегі, жарықшақтарындагы және баска да қуыстарындагы атмосфералық ауаның су буларының конденсациялануынан деп түсіндіретін теория.

[өңдеу]

Жер асты сулары пайда болуының ювинильдік (магматектік) теориясы

 

Жер асты сулары пайда болуының ювинильдік (магматектік) теориясы - бұл теория бойынша жер асты сулары жер қойнауының өте терең қабаттарында оттек  пен сутектің қосылуынан немесе магмадан бөлініп шыққан су буларынан пайда болады.

 

 Жер асты суларын барлау

Жер асты суларын барлау - жер асты суларының пайдалану қорын өнеркәсіптік санаттар бойынша анықтау және мұндай сулардың кенорнын игеру мақсатымен топтық сутартқы жүмыстарын жобалауға керекті мәліметтер алу үшін жүргізілетін гидрогеологиялық зертгеулер кешені. Жер асты суларын барлау: алдын ала, түбегейлі және паңдаланудағы барлау болып ажыратылады.

[өңдеу]

Жер асты суларын жіктеу

 

Жер асты суларын жіктеу - әрқайсысының өзгергіш параметрлері болатын үш геосфераның немесе динамикалық физика-химиялық тепе-теңдік жүйелерінің: атмосфераның, гидросфераның және литосфераның бір-бірімен әрекетгесуі нәтижесінде табиғи қүрылымдар ретінде қалыптасатын жер асты суларының типтерін топтарға бөлу. Мұндай сулардың көптеген жіктемелері үсынылған. Оларды негізінен үш топқа біріктіруге болады:

1) табиғи сулардың, солардың ішінде  жер асты суларының, химиялық  жіктемелері;

2) жер асты суларының пайда  болуы, жату жағдайлары, немесе  пайда болуы мен басқа да белгілері бойынша жасалған жалпы жіктемелер;

3) жалпы жіктемелермен біріккен және жер асты суларының бір немесе бірнеше белгілері бойынша жасалған жеке жіктемелер.

[өңдеу]

Жер асты суларын пайдалану

 

Жер асты суларын пайдалану— жер асты суларын минералдылық дәрежесіне, химиялық қүрамына және физикалық қасиеттеріне қарай халық шаруашылығында пайдалану түрлері. Олар ауыз су ретінде және шаруашылық сулармен қамтамасыз ету үшін, жер суаруға, ауруларды емдеуге, су қүрамындағы кейбір бағалы құрам бөліктерді (NаСl, Na2SO4 ,Na2CO4 , Вг, J және т.б.) өндіріп алу үшін және жылу көзі ретінде пайдаланылады.

[өңдеу]

Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу

 

Жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жіктеу - химиялық құрамының  құрамдас бөліктерінің (немесе топтарының) басымдылығы, әр алуан құрамбөліктердің бір-бірімен арақатынасы, газдық және иондық құрамында ерекше құрамбөліктердің болуы және т.б. белгілері бойынша топтарға бөлу.

[өңдеу]

Жер асты суларын шегендеу

 

Жер асты суларын шегендеу - жер  асты суларын шаруашылықта пайдалану  мақсатымен оларды ашып, жер бетіне шығару үшін орыңдалатын инженерлік-техникалық жұмыстар және осындай жұмыстарды жүргізуге арналған қүрылғылар (құдық, үңғыма, су жинау галереясы).

[өңдеу]

Жер асты суларын іздеу және барлау

 

Жер асты суларын іздеу және барлау — ішуге және техникалық сумен  жабдықтауға, емдік мақсаттар мен  химиялық шикізат алуға жарамды  жер асты суларын іздеп табу мақсатымен жүргізілетін геологиялық, гидрогеология,геофизикалық және тәжірибелік жүмыстардың жиынтығы.

[өңдеу]

Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы

 

Жер асты суларында газдың жылыстауы, минрациясы - жер асты суларында  әдетте еріген күйде болатын газдың осындай сулардың көмегімен жер  қыртысының бір түсынан басқа тұсына (бөлікшесіне) орын ауыстыруы. Суда еріген газдар сулы қатғарда қозғалатын сумен бірге, сондай-ақ диффузиялық және эффузиялық процес- тердің нәтижесінде орын ауыстырады. Көмірсутекті газдардың ішінде ең жақсы жылжитыны — метан.

[өңдеу]

Жер асты суларындағы химиялық элементтердің  жылыстауы

 

Жер асты суларындағы химиялық элементтердің  жылыстауы — мұндай элементтер қоспаларының түпкі кен орнынан басқа жаққа оны қоршаған таужыныстардағы сулармен бірге орын ауыстыруы, соңынан олардың мүмкін болатын су ерітінділерінен тұнуы және тұнған шөгінділердің әдденеше рет жаңадан еруі және қайтадан түзілімденуі. Элементтердің жылыстау қабілеті олардың концентрациясына және геологиялық ортаның құрамына, температурасы мен қысымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.

[өңдеу]

Жер асты суларының алабы

 

Жер асты суларының алабы - гидрогеологиялық алап терминінің сино- нимі.

[өңдеу]

Жер асты суларының балансы

 

Жер асты суларының балансы —  сулы таужыныстың берілген көлеміндегі  жер асты суларының қорын толтыратын су мөлшері мен осы қордан біршама  уақыт ішінде алынатын (шығындалатын) су мөлшерінің ара-катысы. Оны зерттеу ылғал айналымы процестерімен байланысты, жер асты суларының қоретену және режімі заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

[өңдеу]

Жер асты суларының болжамдық қоры

 

Жер асты суларының болжамдық қоры — жер асты суларының жалпы  гидрогеологиялық түсініктер, теориялық  алғышарттар, геологиялық және гидрогеологиялық карталау нәтижелері, геофизикалық, гидрохимиялық, гидрологиялық және субаланстық  зерттеулер негізінде шамалап, жорамалданатын олеуеттік қоры (мөлшері). Жер асты суларының болжамдық қоры туралы мәліметтер жер асты суларын іздестіру жұмыстарын жоспарлағанда пайдаланылады, сонымен катар жер асты және жер үсті суларын кешенді пайдалану мен қорғау шараларын белгілегенде ескеріледі.

 

Жер асты суларының балансы[4] - Кен  орындарындағы есептелген минералдық шикі заттар қоры.

[өңдеу]

Жер асты суларының газдық құрамы

 

Жер асты суларының газдық құрамы — жер асты суларында еріген газдардың

Ең көп тарағандары: оттек, азот, метан, көміркышқыл газы, күкіртті сутек, салғырт газдар.

Сирегірек кездесетіндері: сутек, этан, пропан және бутан, сондай-

 

ақ көміртек тотығы, азот тотығы мен шала тотығы және т.б. Олардың пайда болуы атмосферамен, мантияның газсыздануымен, жердің терең қойнауында және оның бетінде болатын химиялық және биохимиялық процестермен байланысты.

[өңдеу]

Жер асты суларының генетикалық  түрінің графигі

 

Жер асты суларының генетикалық  түрінің графигі - жер асты суларын химиялық құрамы бойынша жүйелеу тәсілі. Бұлайша жүйелеуде жер асты суларының химиялық құрамы мен пайда болуы арасында байланыс болады деп есептеледі.

[өңдеу]

Жер асты суларының геологиялық  қорлары

 

Жер асты суларының геологиялық  қорлары - жер асты су ағынына қатынасатын және литосфераның қанығу белдемінің кеуектерін толтырып тұратын жер асты суларының көлемі; оларға жер асты суларының берік байланысқан суынан басқа барлық түрлері кіреді. Қорлар: динамикалық, статикалық, серпімді болып бөлінеді.

[өңдеу]

Жер асты суларының геохимиясы

 

Жер асты суларының геохимиясы —  жер асты суларының химиялық құрамының  қалыптасуы мен таралу зандылықтарын  химиялық элементтердің жалпы жер  қыртысында жыныстау (миграция) жағдайларымен  ұштастыра отырып зерттейтін гидрогеология  ғылымының саласы. Жер асты суларының  геохимиясының дамуы геохимияның  бөлігі ретінде әр түрлі пәндердің (химия, физика, гидрохимия, гидрогеология, микробиология және т.б.) тоғысында жүзеге асады.

[өңдеу]

Жер асты суларының депрессиясы

 

Жер асты суларының депрессиясы  — жер асты суларының еркін  немесе арынды бетінің табиғи (құрсайлар, аңғарлар) немесе жасанды дреналарға (ұңғымалар, құдықтар, құрғату каналдары және т.б.) қарай төмендеуі.

[өңдеу]

Жер асты суларының динамикасы

 

Жер асты суларының динамикасы

— 1) гравитациялық жер асты суларының  жер қыртысына тон таужыныстар  ауқымында әр түрлі табиғи және жасанды факторлар есебінен қозғалуын зерттейтін ғылыми сала;

- 2) Жер асты суларының таужыныстар  қимасындағы қозғалысы.

[өңдеу]

Жер асты сулараның жалпы қоры

 

Жер асты сулараның жалпы қоры —  жер асты суларының статикалық және динамикалық қорларының жиынтығы. Жер  асты суларының табиғи ресурстары.

[өңдеу]

Жер асты суларының жаңаратын қоры

 

Жер асты суларының жаңаратын қоры — жер асты суларының динамикалық  қоры терминінің синонимі.

[өңдеу]

Жер астысуларының жылыстауы

 

Жер астысуларының жылыстауы —  жер асты суларының бір сулы таужыныстан (немесе таужыныстар қат-қабатынан) сапасын сақтай отырып, басқа сулы қабатқа сүзіліп өтуі.

[өңдеу]

Жер асты суларының игерілетін қоры

 

Жер асты суларының игерілетін қоры — аумағы анықталған сулы горизонттан (қаттан) сутартқы қүрылыстар арқылы, берілген пайдалану режимінде және су сапасының  барлық есептелген түтыну уақыты ішінде өзгермеуі жағдайында, техникалық-экономикалық жағынан тиімді түрде алуға болатын су мөлшері. Ол көбінесе тәулігіне текше-метрмен өлшенеді. Игерілетін қор жер асты суы кенорнының барланғандық дәрежесіне, су сапасының зерттелгендігіне және пайдалану жағдайларына байланысты 4 категорияға бөлінеді: А, В, С, және С2.

[өңдеу]

Жер асты суларының иондық - тұзждық  құрамы

 

Жер асты суларының иондық - тұзждық  құрамы — жер асты суларының таужыныстармен, топырақпен және газдармен әрекеттесуі (шаймалану, булану, конденсациялану, иондық алмасу, организмдердің тіршілік әрекеті  және т.б.) нәтижесінде қалыптасатын химиялық құрамы. Табиғи суларда иондар, диссоциацияланбаған молекулалар (соның ішінде газдар) және коллоидтер түрінде болатын 60-тан астам элементтер анықталған. Алайда олардың кейбіреулері ғана едоуір мөлшерде болады. Мұндай элементтердің қатарына жай иондар түрінде (Na+, Са+, Mg2+, Сl+) қатынасатын натрий, кальций, магний және хлор, сондай-ақ күрделі иондар диссоциацияланбаған молекулалар мен коллоидтер және еріген газдар түрінде болатын көміртек, күкірт, азот, оттек, сутек және кремнийлер жатады. Аталған элементтердің бәрі " дм3 өлшенетін мөлшерде кездеседі. Олардың кейбіреулерінің 1 дм3-дегі мөлшері көбінесе ондаған, кейде жүздеген грамға жетеді. Әдеттегі табиғи сулардағы элементтердің көпшілігі өте аз мөлшерде (1 дм суда ондаған микрограмм) кездеседі. Мүндай элементтерге мырыш, мыс, қорғасын, күшән, молибден және басқада көптеген микроэлементтер жатады. Табиғи суларда бейорганикалық қоспалармен қатар еріген органикалық заттар да болады. Табиғи сулардың микроэлементтері.

[өңдеу]

Жер асты суларының кадастры

 

Жер асты суларының кадастры —  жер асты сулары жайындағы барлық деректердің жүйеленген және үнемі толықтырылып отыратын жинағы.

[өңдеу]

Жер асты суларының кен орны

 

Жер асты суларының кен орны —  жер асты суларының көлемдік және сапалық жағынан техниканың қазіргі  кездегі күйі мен экономикалық жағдайларда  өнеркәсіптік мөлшерде игеруге болатындай болып жиналған жері. Жер қыртысында таралған жер асты суларының түрлеріне  қарай олардың төмендегідей кенорындары  бөлінуі мүмкін:

1) ауыз су ретінде ішуге және  техникалық сумен қамтамасыз  етуге жарамды түщы жер асты  суларының кенорны;

2) Қазақстанның курорттық негізі  болып табылатын емдік минералды  сулардың кенорны;

3) энергетикалық мақсаттар үшін  жарамды және шипалық маңызы  бар термалды сулардың кенорны;

4) ас түзын, йодты, бромды және  басқа да элементтерді өндіріп алуға жарамды бағалы өнеркәсіптік жер асты суларының кенорны;

5) іздестірулік және емдік тұрғыдан маңызды радиоактивті жер асты сулары кенорны.

[өңдеу]

Жер асты суларының қалыптасуы

 

Жер асты суларының қалыптасуы —  жер қыртысының ішінде өздеріне тән  барлық белгілерімен (нақты көлемдік көрсеткіштерімен, химиялық және газдық құрамымен, температурасымен және қозғалу жылдамдығымен) сипатталатын сулардың пайда болуына әкелетін табиғи процестер жиынтығы.

[өңдеу]

Жер асты суларының қоры

 

Жер асты суларының қоры - сулы таужыныстардың кеуектерінде, қуыстарында және жарықшақтарында болатын гравитациялық су мөлшері. Жер асты суларының қоры табиғи (геологиялык) жаңаратын (динамикалық), болжамдық, серпімді, игерілетін болып ажыратылады.

[өңдеу]

Жер асты суларының ластануы

 

Жер асты суларының ластануы —  жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті салдарынан алғашқы калпына қарағанда нашарлауы. Мұның өзі ақыр аяғында олардың пайдалануға жарамай қалуына әкеледі. Сапасынын өзгеру денгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді:

1) аздап (сол) ластанған —  су сапасының көрсеткіштері табиғи (фондық) мәннен артық, бірақ

 

пайдаланудың нақты түрлері  үшін шектелген рауалы концентрациядан (ШРК)төмен;

2) ластанған — су сапасының  көрсеткіштері ШРК-дан бірнеше  есе артық;

3) өте ластанған — су сапасының  көрсеткіштері ШРК-дан әлдеқайда  артық және ластану көзіндегі  ерітінді қүрамының көрсеткіштеріне  жуық. Жер асты суларының ластану  көздері: ластағыш заттардың түрлері  мен пайда болуы, сулы горизонтқа ластағыш заттардың ену жағдайлары, ластану масштабы белгілері бойынша жіктеледі.

[өңдеу]

Информация о работе Жер асты суы