Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:39, реферат
Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді. Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, Жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады. Грунт суы – табиғи қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты, Жер бетіне жақын кеуекті, жарықты, карсты сулы қабаттардағы арынсыз жер асты суы. Мұндай суды ерте заманнан бері құдық қазып, кеңінен пайдаланғандықтан «құдық суы» деп те атайды. Ол Жер бетінен 1 – 5 м-ден 50 – 70 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі; өзен, көл, теңіз маңында, сайларда, тау-төбе, қырат бөктерлерінде тұма-бұлақ болып, Жер бетіне еркін шығып та жатады. Жер бетіне біршама таяу жатқан грунт суының деңгейі ауа райының өзгешеліктері мен табиғи өзгерістерге тәуелді болып отырады. Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп,
Жер асты сулатының метаморфтануы
Жер асты сулатының метаморфтануы(грек, metamorphosis - айналу) — ортаның әдетте тотықсыздандыру жағдайларында өтетін және суларда Са, Sг, Вг және басқа да құрам бөліктердің жиналуына әкелетін жер асты сулары химиялық құрамының өзгеру процесі.
[өңдеу]
Жер асты суларының органикалық заттары
Жер асты суларының органикалық
заттары - жер асты суларында еріген
күйде иондық, молекулалық және коллоидтік
түрде болатын органикалық
[өңдеу]
Жер асты суларының пайда болу түрлері
Жер асты суларының пайда болу түрлері - пайда болу ерекшеліктеріне қарай жер асты сулары бес түрге бөлінеді:
1) инфильтрациялық сулар (жауын-
2) конденсациялық сулар (
4) органикалық текті сулар (
5) өте теренде пайда болатын,
немесе ювенилді сулар (жер
қыртысының терең белдем
[өңдеу]
Жер асты суларының пайда болуы
Жер асты суларының пайда болуы — жер асты суларының тарихи жаратылыстық факторлардың және адамның өндірістік қызметінің әсерімен қалыптасу процесі.
[өңдеу]
Жер асты суларының режімі
Жер асты суларының режімі — жер асты суларының қалыптасуын қамтып көрсететін тарихи-табиғи процес. Ол жер асты сулары ресурсының, қасиетінің және құрамының, соның ішінде деңгейінің немесе арын кушінің, өтімінің ағу жылдамдығының, температурасының, химиялық, газдық және бактериялық құрамының уақыт бойынша өзгеруін сипаттайды.Жер асты суларының режімі оларға әсер ететін факторлардың басымдылығына қарай табиғи және бұзылған болып негізінен екіге бөлінеді.
[өңдеу]
Жер асты суларының резервуары
Жер асты суларының резервуары — жер асты суларын жинап сақтауға қолайлы, сыйымдылығы мол орын.
[өңдеу]
Жер асты суларының ретеулі қоры
Жер асты суларының ретеулі қоры — еркін (ашық) бетті жер асты сулары деңгейінің мерзімді ауытқу белдеміндегі су көлемі.
[өңдеу]
Жер асты суларының серпімді қоры
Жер асты суларының серпімді қоры — жер астындағы арынсулы қатты (горизонтты) ұңғымамен ашқанда және ондағы қысымды сутартумен төмендеткенде (немесе су жер бетіне өз бетімен шапшып төгілгенде) серпімді күштердің әсерімен судың көлемдік улғаюы мен қаттың (таужыныстың) өзінің кеуектерінің кішіреюі нәтижесінде босап шығатын жер асты суларының мөлшері.
[өңдеу]
Жер асты суларының сутартқысы
Жер асты суларының сутартқысы — жер асты суларын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін және басқа да ақсаттарда (жер қойнауынан минералды шипалы, өнеркәсіптік бағалы және т.б. суларды шығару) пайдалану үшін салынатын гидротехникалық құрылыс. Жер асты суларының сутартқыларын пайдалану жағдайлары мен атқаратын міндеттеріне қарай негізінен: тік (үңғымалар, қүдықтар), көлбеу (галереялар, штольнялар, дреналар, кәріздер), сәуле тәрізді және жер асты табиғи су көздерін шегендеу (каптаж) болып бөлінеді. Үңғымалық сутартқы егер сулы қабаттың барлық (толық) қалыңдығын кесіп өтсе, ол жетілген, ал егер ол сулы горизонтқа тек жарым-жартылай кірсе және сутірекке жетпесе — жетілмеген Жер асты суларының сутартқысы деп аталады.
[өңдеу]
Жер асты суларының табиғи ресурстары
Жер асты суларының табиғи ресурстары — сулы горизонттың табиғи жағдайда қәректенуін қамтамасыз ететін, жыл сайын үздіксіз жиналып, толығып отыратын су мөлшері. Ол атмосфералық жауын-шашынның, жер бетіндегі суқоймалар мен ағынсулардың жерге сіңуі, жер асты суларының одан жоғары және төмен орналасқан горизонттардан және шектес аумақтардан сүзіліп келуі нәтижесінде қалыптасады. Жер асты суларының табиғи ресурстары сулы қабаттың көлденең қимасынан белгілі уақыт ішінде (жыл, тәулік, сағат, секунд) ағып өтетін су көлемімен өлшенеді. Синонимі: жер асты суларының динамикалық қоры.
[өңдеу]
Жер асты суларының табиғи (сыйымдылық) қоры
Жер асты суларының табиғи (сыйымдылық)
қоры - табиғи жағдайда таужыныстардағы
гравитациялық судың
[өңдеу]
Жер асты суларының тежеме көтерілу белдемі
Жер асты суларының тежеме көтерілу
белдемі - жер асты сулары деңгейінің
олардың қозғалу жолындағы
[өңдеу]
Жер асты суларының химиялық құрамасының жіктемесі
Жер асты суларының химиялық құрамасының жіктемесі — жер асты суларын олардың химиялық құрамының құрамдас бөліктерінің (немесе топтарының) басымдылығы, әр алуан құрамдас бөліктердің бір-бірімен арақатынасы, газдық немесе иондық қүрамында ерекше құрамбөліктердің болуы және т.б. белгілері бойынша топтарға бөлу. Қазіргі кезде көптеген жіктемелер бар.
[өңдеу]
Жер асты суларының химиялық түрлері
Жер асты суларының химиялық түрлері — оларды құрайтын аниондар мен катиондар мөлшерінің арақатынасы. Судың химиялық түрін атағанда, ондағы ең көп мөлшерде болатын иондар бірінші айтылады. Сонымен қатар аниондардың атаулары катиондардың атауларының алдында беріледі. Мысалы, құрамы төмендегідей су (мг-экв/%): НС03 - 60, S04- 30, Сl — 10 (аниондар) және Са - 50, Мg - 30, Na - 20 (катиондар) гидрокарбонатты кальцийлі немесе гидркарбонатты-сульфатты кальңийлі-магнийлі су деп аталады. Кейбір жұмыстарда судың химиялық түрінің атауы иондардың аз мөлшерден көп мөлшерге қарай өзгеруі бойынша келтіріледі. Басқаша айтқанда, су қүрамындағы ең көп мөлшердегі аниондар мен катиондар атаудың соңына қойылады.
[өңдеу]
Жер асты суының деңгейі
Жер асты суының деңгейі - берілген нүктедегі жер асты суының еркін немесе арындык бетінің кез келген салыстыру жазықтығына (мысалы, теңіз деңгейі) қарағандағы орны. Ол тұрақталған немесе тұрақталмаған болуы мүмкін.
[өңдеу]
Жер асты (грунт) суларының тежеме көтерілімі
Жер асты (грунт) суларының тежеме көтерілімі - жер бетіне жақын жатқан грунт сулары деңгейінің каналдағы немесе бөгеңдегі су деңгейінің өзгеруінің, жер суарудың, қалалар мен ірі өнеркәсіп орындарындағы су құбырларынан судың ысырап болып жерге сіңуінің, көшелерге су себудің және т.б. әсерімен көтерілуі.
[өңдеу]
Жер астылық гидродинамика
Жер астылық гидродинамика — судың және баска да сұйық заттардың кеуекті және жарыкшақты таужыныстардағы қозғалысы туралы ғылымның салалық бағыты.
[өңдеу]
Жер астындағы сіңбе сулардың қалыптасу теориясы
Жер астындағы сіңбе сулардың қалыптасу теориясы - жер асты суларының пайда болуын жердің бетіндегі сулардың таужыныстар мен топыраққа сіңуімен және тамшылап енуімен түсіндіретін теория. Қазіргі кезде гидрогеологиялық массивтердегі және артезиан алаптарындағы үстіңгі сулы қабаттардың жер асты суларының негізгі бөлігі осындай жолмен қалыптасатыны анықталды.[5]
[өңдеу]
Термалды жер асты сулары
Термалды жер асты сулары (гр. therme — жылу, қызу) — табиғи жағдайдағы температурасы 20°C-тан жоғары жер асты сулары. Көбінесе вулканизм қазіргі кезде дамыған немесе таяуда тоқтаған аймақтарда және артезиан алаптарының терең қабаттарында кездеседі. Термалды жер асты сулары температурасына қарай: жылы (20—37°C), ыстық (37—50°C), өте ыстық (50-100°C), орташа ысыған (100-200°C), өте ысыған (200— 375°C), ерекше ысыған (375°C-тан жоғары) болып ажыратылады. Термалды жер асты суларының температурасы жер қойнауына тереңдеген сайын геотермиялық градиентке байланысты өсіп отырады. Мұндай градиент таулы аудандарда 1°C/ 100 м, жас жанартаулы аймақтарда 5°C/100 м немесе одан да артық. Жер қыртысының төменгі жағында судың температурасы 500—600°C-қа жетуі мүмкін, ал судың көбінесе бу және ыдыраңқы түрде болатын магма аймақтары маңында — тіпті 1000-1200°C-қа дейін жетеді. Термалды жер асты сулары қазақстанның кейбір тауларында және артезиан алаптарында таралған. Олар емдеу орындарында және үй жылыту үшін пайдаланылады.[6]
Жер асты сулары
Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін.
Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді. Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады. [3]
Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында – су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады – жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.
Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі.
Бірінші түрі жетекші деп аталады.
Бұл – жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.
Екінші атауы – артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.
Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады.
Қазақстанның су қорлары
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Water Dolphin
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ– Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа жылы 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен ағындысының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көл. 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көл. 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көл. 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.