Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:23, курсовая работа
Қазақтардың дәстүрлі құқығында мүліктік құқық маңызды роль атқарғаны бізге тарихтан мәлім. Қазіргі құқықтың дамуы сол құқықтардың жалғасы іспеттес. Қазақ халқының мүліктік құқығын толық ұғынып түсіну тек қана біліп қою үшін ғана емес сонымен қатар нақты практикалық маңызы бар нәрсе. Бұл біздің тәуелсіз еліміздің азаматтық құқығын айқындай түсуге бастау болатынын сөзсіз.
КІРІСПЕ 2
I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 4
1.1. Азаматтық құқықтар обьектілеріне жалпы сипаттама......................4
1.2. Азаматтық құқықтар обьектілерінің түрлері.......................................5
II.МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАР 6
2.1. Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу) 6
2.2. Бағалы қағаздар 9
III.МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР 16
3.1. Мүліктік емес өзіндік құқықтардын ұғымы мен түрлері 16
3.2. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 30
СІЛТЕМЕЛЕР 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................33
МАЗМҰНЫ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғалы бері нарықтық қатынастарды орнату жолын таңдап алды. Бұл жаңа үрдіс біздің өмірімізге түбегейлі өзгерістер алып келді. Мұның көрінісі ең алдымен құқықтық салада айқын көзге түсуде. Сол себепті бұрынғы құқық жүйесінің орнына жаңа құқықтық қатынастарды реттеу мүмкіншіліктері қарастырылған құқықтық жүйе қалыптасып келеді. Елімізде жеке меншікке рұқсат беріліп, жекешелендіру процесінің бірнеше кезеңдері жүріп өтті. Экономикамыз қайта құрылып, мемлекеттік басқару құрылымы жаңа үлгіде қалыптасуда. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның тақырыбы «азаматтық құқық объектілері» өзекті мәселелердің бірі. Өйткені бір ғана мысал ретінде азаматтық құқық объектісі болып табылатын бағалы қағаздардың өзін алсақ та жеткілікті. Мұндай объекті бұрынғы Қазақ ССР-нің Азаматтық кодексінде мүлде жоқ болатын. Демек осы жұмысты жалғастыра отырып менің нарықтық қатынастардағы азаматтық құқық объектілері туралы көп мағлұмат жинап, білімімді едәуір көбейте түсетінім анық. Және бұл келешекте маған тигізер пайдасы мол болатыны да мен үшін түсінікті.
Қазақтардың дәстүрлі құқығында мүліктік құқық маңызды роль атқарғаны бізге тарихтан мәлім. Қазіргі құқықтың дамуы сол құқықтардың жалғасы іспеттес. Қазақ халқының мүліктік құқығын толық ұғынып түсіну тек қана біліп қою үшін ғана емес сонымен қатар нақты практикалық маңызы бар нәрсе. Бұл біздің тәуелсіз еліміздің азаматтық құқығын айқындай түсуге бастау болатынын сөзсіз.
Қазақ халқының тарихы өте
күрделі кезеңдерді басынан кешкені
белгілі. Соған байланысты қазақ
халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде
біршама заңдардың
Курстық жұмыстың мақсаты: азаматтық құқық объектілерінің ұғымын, сонымен қатар объектілерді ерекшелейтін белгілерін көрсету және олардың түрлеріне ашып көрсету және осының негізінде оны қазақстан респубикасының азаматтық кодексіндегі жаңа тарауды талдап анықтау болып табылады. Бұл жұмыста қазіргі жағдайдағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды қорғаудың түсінігін құралдарын және әдістерін анықтау талпынысы жасалған.
қорғаудың ар-намыс, абырой мен іскерлік бедел сияқты жекелеген объектілеріне көңіл бөлінген.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында теориялық деректер мен тәжірибиелік фактілерге жүйелі түрде талдау жасау, синтездеу және топтастыру әдістері , сонымен қатар салыстырмалы құқықтану мен жүйелік және тарихи талдаудың әдістері, құқықтық модельдеу әдістері қолданылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Енді осы өзекті тақырыптың мағынасы мен маңыздылығын аша түсу үшін мен курстық жұмысымды үш тарауға, кіріспе мен қорытындыға жіктедім. Және мұнда пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: Зерттеу жұмысының теоретикалық негізін - Нормативтік құқықтық актілердің ішінен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Азаматтық кодекстері құрады. Жалпы әдебиеттерден Төлеуғалиев Ғ., Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық туралы оқулықтарды және интернет материалдарын пайдаландым.
1.1. Азаматтық құқықтар обьектілеріне жалпы сипаттама
Азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. Басқаша айтар болсақ құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері бағытталғандары құқық объектілері деп ұғынуға болады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Азаматтық құқық субъектілері өзара құқықтық қатынасқа түсетін материалдық және рухани құндылықтар азаматтық құқық объектілері болып табылады. [1]
Азаматтық құқықтың пәні болып мүліктік және мүліктік емес қатынастар табылады. Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге түседі. Мүліктік қатынастар деп әдетте түрлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер және басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды айтады.
Бірақ азаматтық құқық біздің қоғамда пайда болатын барлық мүліктік қатынастарды реттемейді, ол тек қана мүліктік-бағалы қатынастар деп аталатын нақты бөлігін ғана реттейді.
Дамыған ақша жүйесі шарттарында мүліктік-құнды қатынастардың негізгі көлемін тауарлық-ақшалы қатынастары құрады. Біздің қоғамда бар тауарлық-ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға адекватты құқықтық нысан қолданған кезде ғана мүмкін бола алады.
Азаматтық заңдылыққа сәйкес азаматтық құқық пәнінің екінші бір құрамдас бөлігі жеке мүліктік емес қатынастар қарастырады. Өзіне тән белгілеріне сәйкес жеке мүліктік емес қатынастар ең аз дегенде екі қасиетке сүйене отырып келесі түрлерде сипатталады. Біріншісі, көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттіліктер негізінде көрініс табады, мысалы ар, намыс, іскерлік бедел, азамат аты, авторлық шығарма, өндірістік үлгі, т.б. жайында туындайды. Екіншіден, жеке мүліктік емес мүлікпен байланысты қатынастар (мәселен бұған белгілі бір құқықтар жатқызылады). Бұл қатынастарда азаматтардың немесе ұйымдардың даралығы көрініп, олардың әлеуметтік қасиеттерін бағалау жүргізіледі.
Пәннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама-қайшылығына қарамастан, мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқық деп аталатын салада біріктіретін жалпы қасиеттін анықтау керек.
Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалай алады деп есептейді.[2]
1.2. Азаматтық құқықтар обьектілерінің түрлері
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген: а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады; ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.[3]
Құқық объектісі ретінде
заттардың экономикалық (шаруашылық)
және физикалық қасиеттерінің
Сонымен, азаматтық құқық объектілерін төрт топқа жатқызуға да болады:
- мүлік;
- әрекет;
- интеллектуалдық қызмет нәтижелері;
- материалдық емес игіліктер.
Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданып жүрген заңда айтылмаған, оның ұғымы азаматтық зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз, Азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда, физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін (болатын) сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Затты заңдық жағынан саралау (жіктеу) көбіне көп оның табиғи қасиетіне (физикалық немесе экономикалық) немесе қоғамдық маңызына негізделеді және әр құқық субьектілерінің белгілі бір заттың түріне қатысты әрекет етуін айқындайды.
Азаматтық кодекстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу екі жағдайға, яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне байланысты. Кейбір жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда, әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, "өзен-теңіз" жүзу кемелерін, ғарыш объектілерін қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын мүлікке теңестірілетін объектілер тізімі толық еместігін еске сала кеткен жөн. Азаматтық кодексте заң актілері бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүліктер де жатқызылуы мүмкін.
Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс (АК-тің 118-бабының 1-тармағы).
Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады. Заң бойынша "кәсіпорын" термині екі мағынада кәсіпорын деп аталады. (АК-тің 102-104 баптары). Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады (АК-тің 119-бабының 1-тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі ықтимал.[4]
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы, тауар белгілері), егер заң құжаттарыңда немесе шартта өзгеше көзделмесе және тағы басқа айрықша құқықтар болады. Мүліктік кешеннен қандай да бір объектіні алу заңда немесе шартта көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның меншік құқығы мен өзге де құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда аталған құқықтардың бәрінің бірдей өзіне берілуін талап ете алады.
Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған) зат деп азаматтық құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы заттар адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.
Заң "айналымнан алынып тасталған" деген сөзді басқа да мағынада қолданады - мемлекеттік тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің қамын ойлап иелік ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданады. Мәселен, айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару, радий, гелий және т.т. Алайда, бұл заттардың көпшілігі мемлекеттің дара меншіктік объектісі болып табылады. Азаматтар тиісті өкімет орнының рұқсаты бойынша бұл заттарды алып, оған иелік ете алады (АК-тің 116-бабының 3-тармағы). Берілуге рұқсат етілмейтін заттардың түрлері (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс.[5]
Азаматтық құқықтың объектілерінің көбі айналым қабілетті болып келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісіне ауыса береді. Азаматтық кодексте басқа біреуге беруге болмайтын материалдық емес игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық кодекстің 115-бабының 3-тармағында көрсетілген: олар - өмір, денсаулық, тұлғаның ар-намысы және т.б.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табиғатына тән нәрсе (АК-тің 120-бабы). Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен айрылмайды. Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін (өзінің шаруашылық мақсатын) жоғалтып алады, сондай-ақ құжаттарында көрсетілгеніндей, бөлуге жатпайтын заттар кездеседі (мәселен, ескерткіш).
Енді күрделі заттар деген ұғымға тоқтала кетейік. Егер әр текті заттар бірігіп, бір мақсатқа пайдаланылса әрі бүтін бір затты құрайтын болса, олар бір зат деп қаралады. Оған мысал ретінде кітапхананы, пошта маркаларының коллекциясын және т.б. айтуға болады. Күрделі заттарды бөлу мақсаты Азаматтық кодекстің 121-бабында айтылған: күрделі зат жөнінде жасалған мәміленің күші, егер шартта өзгеше белгіленбесе, оның барлық құрамдас бөліктеріне қолданылады.
Азаматтық кодексте затты басты және керек-жарақ (қосалқы) деп бөледі (АК-тің 122-бабы), Басты зат деп дербес бола алатын және азаматтық құқықтық қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ (қосалқы) зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруашылық мақсаты бір болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа ілесіп жүреді (мәселен, құлыптың кілті, скрипканың қылшыбығы, т.б.).