Азаматтық құқықтық обьектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:23, курсовая работа

Описание

Қазақтардың дәстүрлі құқығында мүліктік құқық маңызды роль атқарғаны бізге тарихтан мәлім. Қазіргі құқықтың дамуы сол құқықтардың жалғасы іспеттес. Қазақ халқының мүліктік құқығын толық ұғынып түсіну тек қана біліп қою үшін ғана емес сонымен қатар нақты практикалық маңызы бар нәрсе. Бұл біздің тәуелсіз еліміздің азаматтық құқығын айқындай түсуге бастау болатынын сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ 2
I. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 4
1.1. Азаматтық құқықтар обьектілеріне жалпы сипаттама......................4
1.2. Азаматтық құқықтар обьектілерінің түрлері.......................................5
II.МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАР 6
2.1. Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу) 6
2.2. Бағалы қағаздар 9
III.МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАР 16
3.1. Мүліктік емес өзіндік құқықтардын ұғымы мен түрлері 16
3.2. Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 30
СІЛТЕМЕЛЕР 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................33

Работа состоит из  1 файл

Азаматтық құқықтың обьектілері Тұрақбаева Айгерім МП(К)-203.doc

— 240.00 Кб (Скачать документ)

Азаматтық кодексте жемістер, азық-түлік және табыс деген заттар да қаралған. Бұл  затты пайдалану  нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп отырғанымыз малдың төлі, жеміс  ағаштарының жемісі және т.б., ал табыстар Азаматтық айналымда пайда түсіреді, оған жалдамалы ақы, пайыздар және т.б., азық-түлік (өнім) дегеніміз өндірістік мақсатка орай затты пайдаланудан түскен өнімдер болып табылады.

Затты пайдаланудан түскен нәтижені оның заңды меншік иесі еншілейді. Егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық кодекс түскен өнімді, жемісті және табысты заң бойынша оның меншік иесінің пайдалануына басым құқығы берілуін қамтамасыз етеді.

Азаматтық кодекс жануарларды  да объект ретінде қарастырады. Азаматтық  кодекстің 124-бабына сәйкес жануарларға қатысты қатынастарға, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, жалпы ережелер қолданылады.

Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде Азаматтық  немесе заңды тұлғаның интеллектуалдық  меншігін қарастырады, оған интеллектуалдық  шығармашылық қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның өзі орыңдайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдері (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгілері және т.б.) жатады. Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері мен ерекше құқықтардың объектісі болуы мүмкін даралану құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана жүзеге асырады.

Азаматтық кодексте ақпарат  жөнінде арнайы бап бар, онда қызмет және коммерциялық құпиялардың мән-жайы айқындалған, былайша айтқанда, коммерциялық және басқалай құндылығы бар ақпараттарға қатысты мәселелерге мән берілген. Үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негізде еркін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндай ақпаратты заңсыз әдістермен алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшілер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтік немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті (АК-тің  126-бабы).

Азаматтық құқық объектісі  ретінде ақшаның бірсыпыра өзгешеліктері бар. Ақша төлемнің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Тектес қасиеттері бар заттардың ішінде ең өтімдісі (ауыстыруға қолайлысы) ақша. Ақшалай сома төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал ірі-ұсақты білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы, 100 теңге қарызды бес жиырма теңгемен немесе екі елу теңгемен және т. с. беріп өтеуге де болады.

Теңге Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады (АК-тің  127-бабы).

Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен  есеп айырысудың реттері, тәртібі мен  шарттары заңдарда белгіленеді. Валюталық  қазыналар деп танылатын мүлік  түрлері және олар арқылы мәмілелер жасау тәртібі заң құжаттарыңда белгіленеді. Валюталық қазыналарға меншік құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негіздерде қорғалады. [3]

2.2. Бағалы қағаздар

Өзінің талай ғасырларға созылған тарихында азаматтық құқық  мүліктік айналымды жүзеге асыруды жеңілдететін талай құралдарды игергені мәлім. Дамуды біршама сатыларын бастан кешірген бағалы қағаздар кез келген дамыған экономиканың тетікті механизмдерінің біріне айналды. Бағалы қағазға тек қана көрсету арқылы мүліктік құқықтарды жүзеге асыратын, міндетті түрде белгілі нысаны бар құжатты айтамыз. Бұлар Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикасында  айтарлықтай роль атқаруда. Дегенмен бұл саланы жетілді деу тым ерте, өйткені бағалы қағаздардың шығару, тіркеу және оны биржада еркін сату әлі де оншалықты жетілмеген. Соның салдарынан Бағалы қағаздарды реттейтін комиссия бір жыл бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі құрамына кіріп өзіндік тәуелсіздігінен жұрдай болды. Қор биржасының ролі әлі де мардымсыз. Сірә бұл құралдың жетіле түсуі келешекте капитал ауқымы өсіп көпшілігіміздің материалдық мүмкіншілігіміз арта түскенде артық ақшаны осы бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсауымыздан туындайтын болса керек.[6]

1. Азаматтық құқық  объектілерінің бірі  бағалы қағаздар  болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

а) бағалы қағаз  түрі және мазмұнымен заң талаптарына  қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын  құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың  міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің  мүліктік құқығын куәландырады;

б) бағалы қағаздағы құқықты  жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде  не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған индоссамент  бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға - индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).[7]

Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкіл ретінде әрекет жасайды (АК-тің  132-бабы).[3]

Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжат деумен бірге оны  зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.

Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша көрсетілген міндеті, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады (АК-тің  131-бабының 2-тармағы).[4]

Бағалы қағаздар зат  ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің талап-мүддесіне  сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.

Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына  қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде  немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың түпнұсқасы болады, ал түпнұсқаны ұсынушы келесі тұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек, ұсынбалы бағалы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады (мысалы, облигация).

Ордерлік бағалы қағаз  да құжат болып табылады, ол бойынша  міндетті субъект құжат мәтінінде  көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды ұсынады, немесе өзі де белгіленген ереже бойынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі болып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.

Сонымен бір мезгілде мүліктік құқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі жасалған. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағаз берілген жазу индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бұл талапты міндетті түрде сақтауы тиіс. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық берілетін адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, құқық мирасқорының аты жазылады, ал екіншісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты көрсетілмейді.[8]

Бағалы қағаздың ордерлік түрін иеленуші индоссамент бланкісімен  қоса құжатты берерде бағалы қағазды  ұсынушыға тапсыру тәсілін таңдап, бағалы қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша тапсыруға және индоссаментке өзінің атын жазуға құқылы болады.

Бланктік индоссаментке  қандай да бір атауды енгізумен бағалы қағаздарды ұсынушыға беру тәсілі құжатты  тапсырғанға дейін жүзеге асырылады.

Бағалы қағазды тапсыру  кезінде жазылатын жазулар ретімен  жазылады. Ал мүліктік құқықты тапсыруда  ордерлік бағалы қағаз қолданылады. Құжаттың иесі құжаттың түпнұсқасындағы  міндеттерді орындау үшін ұсынарда индоссаменттердің реті бұзылып  кетсе, одан бас тартуға құқылы. Бұл реттердің үзілмеуі таза формальдық белгілермен айқындалады, аталған индоссамент бойынша берілетін құжаттың атымен қатар бағалы қағазда қабылдаушының да аты жазылады.[9]

Ордерлік бағалы қағаз  жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап береді ("Қазақстан Республикасындағы вексельдік қатынастар туралы" Заңның 96-бабын қараңыз). Ордерлік қағаздың иесі айрылып қалған құжаты кімнің қолында екенін білсе, құжатты қайтаруға виндикациялық талап қоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да үміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың балама данасын беруге болмайды.[10]

Атаулы бағалы қағаз  – мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады,

Азаматтық кодекстің 130-бабында  бағалы қағаздардың әр түрінің белгілерін қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал ретінде атаулы түрін ұстаушының жүргізуін талап ететін "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңның 34-бабының нормасын келтіруге болады.[3]

Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және мемлекеттік  емес деп бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. "Бюджет жүйесі туралы" және "Мемлекеттің кепілімен қарыз алу және мемлекеттік борыш туралы" заңдарға сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттің шеттен алуына орай ішкі және сыртқы инвесторларда шығарылады (олар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың заңды және жеке тұлғалары болып табылады). Оны шеттен алу Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық банк арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару негізінен алғанда республикалық бюджеттің жетіспеуіне байланысты. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарды әлемдік нарықтарға шығарады (еврооблигациялар), сондай-ақ Қазақстан аумағында казыналық міндеттемеде және қазыналық облигацияда жүреді. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңның 14-бабына сәйкес Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңмен реттеледі. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің жарғылық капиталын қалыптастыру үшін шығарылады немесе заемдық қаржыны тарту мақсатында да қолданылады, ал олардың эмиссияларының тәртібі "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңмен реттеледі.[7]

Бағалы қағаздар жөніндегі  қазіргі қолданылып жүрген заңдар құжатталмаған  бағалы қағаздар ұғымына сәйкестендірілген. Азаматтық кодекстің 135-бабында құжатталмаған бағалы қағаздардың мүліктік құқықтарының бірнеше түрі келтірілген.[3] Құжатталмаған құнды қағаздар шын мәніңде бағалы қағаздың мазмұнын куәландыратын мүліктік құқы болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізімдегі жазбаға енгізілуі жарамды бола береді.

Бағалы қағаздардың  дамуын тоқтату мүмкін емес, қазіргі таңда көптеген елдерде бағалы қағаздардың жаңа түрлері пайда болуда (мысалы, құжатталмаған бағалы қағаздар, ал олардың иелерінің құқықтары компьютерлік жазбамен ғана куәландырылған).

           Елімізге нарықтың келуімен бірге экономика дамып, мүліктік қатынастар саласы едәуір кеңейе түсті. Сондықтан, жылжымайтын мүлік иелерінің құқықтарын қорғаудың тәсілдері қарастырылып, мемлекеттік тіркеу әдісі тиімді деп танылды. Осыған байланысты «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қабылданды. Бұл заңдар жылжымайтын мүлікті тіркеу жүйесін жетілдіруге, азаматтардың меншікке конституциялық құқықтарын қорғау және кепілдікті қамтамасыз етуге бағытталды. Бұрын жылжымайтын мүлік объектілерінің жаңа иелері көбінесе құқығын тіркеуге өтініш етпейтін. Сөйтіп, жылжымайтын мүліктің жаңа иесі келеңсіздіктерге ұрынып жататын.

Информация о работе Азаматтық құқықтық обьектілері