Азаматтық-құқықтық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 10:17, реферат

Описание

Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынстар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық – құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық – құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.

Содержание

Кіріспе
1. Азаматтық – құқықтық қатынастар ұғымы, түрлері
2. Азаматтық – құқықтық қатынастардың мазмұны
3. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері.
Қорытынды
Пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Катынас.doc

— 78.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым минстрлігі

Қ. Жұбанов  атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Тақырып: «Азаматтық-құқықтық қатынастар»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                          Орындаған: ___________________

                                                                                                                                           

                                                                          Тексерген:____________________                                                                                                                    

                                                                                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе, 2010 жыл.

 

 

Жоспар:

 

Кіріспе

  1. Азаматтық – құқықтық қатынастар ұғымы, түрлері
  2. Азаматтық – құқықтық қатынастардың мазмұны

3. Азаматтық-құқықтық  қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері.

Қорытынды

Пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер  өзіндік мүліктік емес қатынастардың  объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынстар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық – құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық – құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.

Азаматтық – құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық – құқықтық реттеудің оъектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық –құқықтық қатынастарың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігі. Азаматтық –құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтарымен ғана байланысты болады. Азаматтық – құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өқілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық – құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді. болады. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұынын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әркеттерімен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Азаматтық – құқықтық қатынастар ұғымы, түрлері

Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды  тұлғалар үнемі өзара әртүрлі  қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар – заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларда реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатынастармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз – бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана.

Азаматтық - құқықтық қатынастар ерікті болады. әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша  жасалады, өйткені азаматтық –  құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда тауар  – ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынстар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық – құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық – құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.

Азаматтық – құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық  – құқықтық реттеудің оъектісі мен  әдістеріне байланысты. Азаматтық –құқықтық қатынастарың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігі. Азаматтық –құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтарымен ғана байланысты болады. Азаматтық – құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өқілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық – құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді. болады. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұынын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әркеттерімен жүзеге асырылады.

Азаматтық - құқықтық қатынастардың түрлері. Азаматтық - құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық – құқықтық қатынстардың мынадай түрлерін ажыратады:

  1. мүліктік қатынастар;
  2. мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;        
  3. мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар;

Азаматтық –құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік қатынастар болатындықтан, азаматтық –құқықтық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық –құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу – сату, айырбас, займ және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық – құқықтық қатынастарға жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Интеллектуалдық шгығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқық мүліктік емес сипатта болады (авторлық құқығы, шығармаға қол сұғылмау құқығы және т.с.с.), алайда оларды басқа тұлғалардың пайдалануы ақылы негізде жалпы ереже бойынша жүргізіледі, осының салдарынан аталғвн құқықтық қатынастар мүліктік емсе болғандықтан, мүліктік қатынастармен байланысты болып шығады. Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтыр мен игіліктер – ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел және т.с.с. мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.

Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық – құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады. Мысыалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен, зиян келтірегн адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті. Кез келген адам абсолютті құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мәселен, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін. Салыстырмалы құқықты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер атқарған жұмыстың ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады. Демек, салыстырмалы құқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғаумен қамтамасыз етілген, келтірілген мысалда – тапсырыс беруші тарапынан қорғалады.

Азаматтық – құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық – құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады («өзі әрекет ету» құқығы). Затық құқықтың субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адщамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық құқықтық қатынастар болып табылады. Меншік иесі өзіне тиесілі затты иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы, ал міндетті субъектілер – қандайда бір әрекеттер жасамауы тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндет жүктеледі. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекетте жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы («бөгде әрекет» құқығы). Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті. Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі – зат болмауы мүмкін. Мысалы, баспа мен авторың арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі шарттан туындаған құқықтық қатынастың объектісі зат емес, интеллектуалдық қызметтің нәтижесі - әдеби шығарма болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Азаматтық  – құқықтық қатынастардың мазмұны

Мүліктік және мүліктік емес өзіндік  қатынастарды азаматтық –құқықтық  реттеу мұндай қатынстардың қатысушыларына құқықтар мен міндеттер беру жолымен  жүзеге асырылады. Шын мәнінде, құқықтық қатынастар дегеніміз –бұл адамдардың құқықтарымен және міндеттерімен өзара байланыстылығы. Азаматтық – құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды. Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әректтер құқығы – талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді. Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Құқықтық қатынастардың  мазмұнын құрайтын элементтер – субъективтік құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін.

Иелерімен тығыз байланысты құқықтар өзіндік құқықтар деп аталады(мысалы,белгілі бір аппараттың өнертапқышы аталу құқығы),осыған орай, барлық басқа өкілеттіктерді берілетін құқықтар деп атауға болады.

Субъективтік міндет дегеніміз – міндетті адамның  байқалуға тиісті мінез – құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Азаматтық – құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның қатысушыларының  міндеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік құқыұтың тиісті міндеті бар және керісінше. Құқықтық қатынастардың бір тарабындағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптың осындай әрекеттер жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді. Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекеттер жасау жөніндегі субъективтік құқығына құқықтық қатынастардың келесі қатысушысының бұл құқықты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны бұзбау міндеті сәйкес келеді.

Азаматтық- құқықтық қатынастарды және тиісінше субъективтік азаматтық құқықтарды бөлу(жіктеу) түрлі негіздерге сәйкес жүргізілетіндіктен, әрбір өкілеттіктің әдетте бірнеше белгілері болады. Мәселен, көркем туынды жасаушының оның авторы болу құқығы осымен бір мезгілде оның өзіндік, мүліктік емес, абсолюттік құқығы болып табылады. Осы автордың баспадан қаламақы алу құқығы бір мезгілде берілетін, мүліктік, салыстырмалы құқық болып табылады.

Құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқығы кейде  көптеген әрекеттерді жасау мүмкіндігін немесе міндетті адамнан көптеген әрекеттер жасауды талап ету мүмкіндігін қамтиды. Мұндай жағдайда субъективтік құқық күрделі болуы мүмкін, оның мазмұнын қарапайым құрамдас элементтер – жекелеген өкілеттіктер құрайды. Бірақ құқықтық қатынастың шегінде өкілеттіктер бір текті немесе әртекті болуы мүмкін. Мәселен, мүліктік жалдау шартында жалдаушының құқығы жалға алынатын мүлікті иелену және пайдалану мүмкіндігін қамтиды(заттық, абсолюттік өкілеттіктер), сондай-ақ жалға берушіден күрделі жөндеуді дер кезінде жүргізуді талап ету мүмкіндігін қамтиды( міндеттемелік, салыстырмалы өкілеттік). Заң тұрғысынан алғанда, әртекті өкілеттіктерді қамтитын мұндай күрделі құқықтарды кешенді құқықтар деп атауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

3. Азаматтық-құқықтық  қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері.

Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымынан бұл-құқыққа қабілетті адамдар арасындағы заң нормалары реттеген қатынас деген түсінік келіп шығады.Демек, құқықтық қатынастар тууы үшін құқықтық норма болуы тиіс, ал ол осы түрдің құқықтық қатынастардың және оның қатысушылары бола алатын субъектілердің құқық қабілеттігінің пайда болуын көздейді.Алайда мұндай мән-жайлардың болуы өзінен-өзі белгілі бір қатысушылар арасында белгілі бір құқықтық қатынастарды туғыза қоймайды. Бұл-оның пайда болуының қажетті абстрактілік алғышарттары ғана. Құқықтық қатынастар пайда болуы үшін нақты адамдар арасында нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын нақты мән-жайлар қажет болады.

Азаматтық-құқықтық қатынастарды өзгерту немесе тоқтату үшін де осындай мән-жайлар қажет болады. Мұндай мән-жайларды заңдық фактілер деп атайды.Өзіндік адрес иесі жоқ құқықтық нормадан өзгеше, заңдық факті қашан да дербес бағытты болады.Сондықтан оны құқықтық қатынастардың нақты алғышарты

деп тануға болады.Сонымен, заңдық факті дегеніміз-заң құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын онымен байланыстыратын мән-жай.

АК-ның 7-бабы заңдық фактілерге арналған.Алайда бұл бапта аталған  заңдық фактілердің тізбесі жеткілікті емес.Құқықтық қатынастар субъектілерінің еркіндігі азаматтық құқықтың негізгі принциптерінің бірі болып табылатындықтан(«заңда тікелей тыйым салынбаған нәрсенің бәріне рұқсат етілген»),олар өздері үшін азаматтық құқықтармен міндеттерді түзе алады,яғни 7-бапта тікелей аталмаған,сондай-ақ заңдарды тыйым салынбаған өздерінің тікелей әрекеттерімен азаматтық –құқықтық қатынастарға түсе алады. Мысалы, қаржыландыруға қатысу туралы келісім заңда тікелей аталмаған,оған тыйым да салынбаған.Сондықтан бұл келісім азаматтық құқықтар мен міндеттер туғыза алады.

Информация о работе Азаматтық-құқықтық қатынастар