Азаматтық-құқықтық қатынастар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 10:17, реферат

Описание

Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынстар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық – құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық – құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.

Содержание

Кіріспе
1. Азаматтық – құқықтық қатынастар ұғымы, түрлері
2. Азаматтық – құқықтық қатынастардың мазмұны
3. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері.
Қорытынды
Пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Катынас.doc

— 78.50 Кб (Скачать документ)

Құқықтық қатынастардың  тууына себепші болатын ықпал  ету тетігіне қарай  заңдық фактілер мынадай топтарға бөлінуі мүмкін:құқықтық қатынастардың болашақ немесе осы  сәттегі қатысушыларының іс-әрекеттер;үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері;оқиғалар. Нақты жігерлі мінез-құлық актілерін іс-әрекеттер деп түсінеміз.Олар заңды немесе заңсыз іс-әрекеттер болуы мүмкін.Заңды іс-әрекеттер өзара құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған. Бұлар-мәмілелер(АК-ның 147-бабы),оның ішінде-шарттар.147-бап заңда тікелей көзделген мәмілелер(шарттар) туралы баяндайды.

Құқықтық нәтижеге жетуге тікелей бағытталмағанымен, заңдарда белгіленген ережелерге байланысты оны туғыззатын іс-әрекуеттер(мысалы, үй тұрғызу, кітап жазу,өнертабыстық жасау)орынды заңдық фактілер болуы мүмкін.

Үшінші тұлғалардың  мақсатты іс-әрекеттері бойынша да құқықтық қатынастар тууы мүмкін.Әдетте бұл- әкімшілік акт(мысалы,меншік иесі-мемлекеттің  мүлікті бір мемлекеттік мекемеден  екіншісіне беруі).Соттың құқық белгілейтін  шешімдері де осындай актілерге жатады. Заңдық актілердің бұл түрінің ерекшелігі- олардың жігерлі іс-әрекеттері арқылы азаматтық-құқықтық қатынастар туатын үшінші тұлғалар олардың қатысушылары болып саналмайды.

Азаматтық-құқықтық қатынастарды туғызатын іс-әрекеттер заңсыз, яғни заңда тікелей тыйым салынған іс-әрекеттер болып шығуы да мүмкін. Мұнда, әдетте, іс-әрекеттер жасайтын субъектілер үшін ұнамсыз болғанымен, осыған қарамастан, оларға басқа тұлғалардың келтірген залалын ретке келтіру міндетін жүктейтін құқықтық қатынастар пайда болады.Мысалы, бөтен мүлікті бүлдіру не оны заңсыз ұстап қалу. АК-ның 7-бабы оқиғаларды, яғни қатысушылардың еркінен тыс пайда болатын мән-жайларды да заңдық фактілерге жатқызады. Мұнда, ең алдымен, табиғи фактілерді атау керек (адам өлімі, жанып кеткен сақтандырылған мүліктің құнын төлеу міндетін туғызатын найзағайдан өрт шығуы,табиғат апаттары және т.с.с.).Басқа адамдардың іс-әрекеттері құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін объективті оқиға болуы мүмкін(мысалы,бөгде адамның үйді қасақана өртеуі өрт қоюшының жәбәрленуші үй иесімен құқықтық қатынасы үшін заңсыз әрекет және үй иесінің сақтандыру компаниясымен құқықтық қатынасы үшін- оқиға болып табылады).

Заңдық фактілердің  ерекше түрі- мерзімдер оқиғаларға жуықтайды(мерзімдер туралы АК-ның 6-7 тарауларын қараңыз).

Кейбір жағдайларда  құқықтық нәтижеге жету үшін бірлі-жарым  заңдық фактінің пайда болуы да жеткілікті.Мәселен, бөгде мүлікті бүлдіру кінәліге залалдың орнын толтыру міндетін туғызады.Басқаша жағдайларда, фактілердің  белгілі бір жиынтығы болғанда ғана құқықтық нәтижеге қол жетеді.Мысалы, сатып алу-сату шартын жасасып,іс жүзінде затты беретін-бір мезгілде немесе біріне соң бірі жасалатын екі әрекеттің нәтижесінде сатып алушыда сатып алатын затқа меншік құқығы пайда болады.Кейде үш, төрт,бес және одан да көп заңдық фактілердің жиынтығы бойынша ақырғы заңдық салдар туады.Қарастырылатын мұндай жиынтықты әдетте іс жүзіндегі немесе заңдық құрам деп атайды.

Заңдық күй деп аталатын жағдайды заңдық фактілердің ерекше санатына жатқызуға болады.Бір реттік актілерді жасамаудан емес, заң құқықтық маңыз беретін тұлғаның немесе заттың белгілі бір құқықтық немесе іс жүзіндегі қасиеттері болуынан байқалатын мән-жайларды заңдық күй деп түсіну керек.Мысалы, қайтыс болған адам мен жақын туыстық байланыс-мұрагерлік құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздерінің бірі.

Заңдық күйдің заңдық факті ретінде маңызды ерекшелігі бар: ол құқықтық қатынастарды өз бетінше туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды, бұл мақсат тек басқа фактілердің қосымша пайда болуынан жүзеге асады. Демек, заңдық күй едәуір күрделі фактілік құрамның элементі бола алады.

Құқықтық қатынастарға қатысушылардың еркіне тәуелді болумен  қатар, заңдық фактілер кейбір өзгеше белгілері бойынша белгілі бір  топтарға бөлінуі мүмкін. Заңдық фактілердің құқықтық қатынастардың дамуына ықпал етуіне қарай оларды құқықты туғызатын, құқықты тоқтататын және құқықты өзгертетін фактілерге бөлуге болады. Мұның алғашқысы бұрын мұндай заңдық байланысы (шарт, зиян келтіру)болмаған адамдар арасында құқықтық қатынастардың тууына әкеп тірейді. Екіншісі (мерзімінің өтуі, шрттың бұзылуы) - заңдық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соғады. Үшіншісі-қалыптасқан құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертуге себепші болады.

Заңды фактілер өздерінен  кейін туатын құқықтық салдарға түрліше ықпал етеді. Көптеген жағдайларда мүмкін болатын құқықтық салдардың мазмұнын заң айқындап береді. Мысалы, зиян келтіру оны келтірушінің заңмен белгіленген залалдың орнын толтыру міндетін туғызады.Мұндай заңдық фактілерді құқықты бағыттаушы фактілер деп атайды.Бұлардан өзгеше, құқықты қалыптастырушы заңдық фактілер құқықтық қатынастардың тууына себепші болып қана қоймастан,сонымен қатар заңда белгіленген шекарада олардың мазмұнын айқындауға да жәрдемдеседі. Азаматтық құқықтың кейбір объектілерін және мәмілелердің кейбір түрлерін міндетті тіркеу секілді заңдық фактілер түрінің епекше маңызы бар(АК-ның 118 және 155-баптары).Тіркеу өздігінен азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызбайды, өзгертейді және тоқтатпайды,бірақ бұл олардың пайда болуын, өзгеруін, тоқтатылуын аяқтайды.Құқықтың өзі тіркеуге жетпей тұрып-ақ қорғауға мұқтаж болады,бірақ ол тіркелмейінше, мұндай құқықты иеліктен айыру мүмкін емес.Осыған дейін қажет болатын заңдық фактілердің барлығы жиналғанда,тіпті құқығын беруші адам оны тіркеуге қарсылық білдіретін жағдайдың өзінде де құқықты тіркеу оны иеленушінің бір жақты талап етуі бойынша жүргізілуі тиіс.

 

 

Қорытынды

Азаматтық – құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік қатынастар болатындықтан, азаматтық  –құқықтық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық –құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу – сату, айырбас, займ және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық – құқықтық қатынастарға жатады.

Мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық  –құқықтық реттеу мұндай қатынстардың қатысушыларына құқықтар мен міндеттер  беру жолымен жүзеге асырылады. Шын  мәнінде, құқықтық қатынастар дегеніміз – бұл адамдардың құқықтарымен және міндеттерімен өзара байланыстылығы. Азаматтық – құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды. Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әректтер құқығы – талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді. Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер мен  әдебиеттер тізімі

1. ҚР Азаматтық кодексі (1994 ж. 27 желтоқсан), (Жалпы бөлім)

2. Азаматтық құқық. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. А., 2003.

3. Азаматтық құқық. Ғ.А.Жайлин. Оқулық. Жалпы бөлім. А.,2004.

4. Гражданское право. Учебное пособие. Общ.часть. Отв.ред. Г.И.Тулеугалиев. А., 1999.

5. Гражданское право. Под.ред. А.Ц.Сергеева, Ю.К.Толстого. М., 1999.

6. Гражданское право. Под.ред. Н.А.Суханого. М., 1999.

7. Гражданское право. Под.ред. А.С.Калпина. М., 1999.

8. Гражданское право. Под.ред. С.П.Гришаева. М., 2000.

9. Калмыков Ю.Х. О значении общих положений гражданского законодательства. М, 1998.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Азаматтық-құқықтық қатынастар