Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:11, курсовая работа
Қазақстан банктерінің депозиттік операциялары пассивтік операциялардың ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік агенттер есебін қамтиды. Сондықтан Қазақстан банктері депозиттермен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптсатырып отыруы керек. Депозиттік саясат дегеніміз- коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаражат тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жиынтығы.
Кіріспе.............................................................................................................5
1 Бөлім Банктердің депозиттік саясаты және оны құру тәртібі.................7
1.1 Депозиттік нарық түсінігі және оның мәні..............................................7
1.2 Жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесі,
оның қызметі.......................................................................................................10
1.3 Банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттер нарығын жетілдірудегі маңызы.........................................................................................22
2 Бөлім Салым операцияларының есебі........................................................25
2.1 Талап ету салымдарының есебі................................................................25
2.2 Мерзімді салымдардың есебі.....................................................................27
2.3 Шетел валютасындағы депозиттік операциялардың есебі.................29
3 Бөлім Депозиттік саясаттың даму перспективалары мен мәселелері...31
Қорытынды..........................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................36
Қосымшалар.............................................................................
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Банктердің депозиттік саясаты»
Орындаған: _________________
_____________________________
Тексерген: ___________________
_____________________________
Кіріспе.......................
1 Бөлім Банктердің
депозиттік саясаты және оны
құру тәртібі.................
1.1 Депозиттік нарық түсінігі
және оның мәні..........................
1.2 Жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесі,
оның қызметі.................
1.3 Банктердің депозиттік саясаты
және оның депозиттер нарығын жетілдірудегі
маңызы........................
2 Бөлім Салым операцияларының
есебі.........................
2.1 Талап
ету салымдарының есебі........
2.2 Мерзімді салымдардың
есебі.........................
2.3 Шетел валютасындағы
депозиттік операциялардың
3 Бөлім Депозиттік саясаттың даму перспективалары мен мәселелері...31
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Қазақстан банктерінің депозиттік операциялары пассивтік операциялардың ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік агенттер есебін қамтиды. Сондықтан Қазақстан банктері депозиттермен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптсатырып отыруы керек. Депозиттік саясат дегеніміз- коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаражат тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жиынтығы.
Депозиттік операциялар — бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгiлi бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
Депозиттік
операцияларды жүргізу кезiнде
кез келген банк өздері
— депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негiзделiп ұсынылады;
— депозиттік операцияларды
ұйымдастыру үдерiсiнде
— депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелiк салымдардың мерзiмдерi мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
— депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерiсiнде банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары деңгейде қамтамасыз ететiн мерзiмдiк депозиттерге ерекше назар аударған жөн;
— депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің ең аз болуына талпынуы керек;
— депозиттердi тартуға әсер ететiн банктiк қызметтерді дамыту және қызмет керсету сапасы мен мәдениетiн жоғарылату шараларын қарастырған жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзi болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға табысты негiзде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар, және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.
Банк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген кемшіліктердің бар екендігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған кемшіліктер Қазақстан Республикасының Нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола қоймағандығымен түсіндіріледі.
Осы тақырыптың ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі - ол банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр.
Негізінен депозиттік саясаттың
мақсаты - олардың активтері мен
пассивтерінің үйлесімділігі
Коммерциялық банктердің негізгі қызметі – салымдарды тартумен байланысты салым операциялар болғандықтан, осы операцияларды жүргізуде банктер өз кәсіби шеберліктерін, заңдық, әдістемелік, техникалық негіздерін және тағы басқа тұстарды әр уақытта жетілдіріп отыруы қажет.
Егер банк жүйесінде салым ретінде салынған 1000 теңгенің
мультипликациялануы нәтижесінде 20000
теңгеге дейін артатынын ескерсек , онда
халық қолындағы экономикаға тартылмай
отырған қаражаттардың біз үшін
қаншалықты маңызының бар екенін көруге
болады. Бұл қаражат иелерінің өз қолдарындағы
ақша қорларын тиімсіз сақтап отыруы
ол банк жүйесінің 90-жылдардың басындағы
экономика дағдарысына байланысты халық
сенімінен шығып қалуының салдарынан
болып отыр.
Қалай болған жағдайда банк жүйесіне деген
ел сенімін арттырып, олардың мүдделерін
жан-жақты қорғап, экономикаға қызмет
етпей бос жатқан ақшалай қаражаттарын
әрбір атқан күннің басты мәселесі болып
қала береді.
Банктердің депозиттік саясаты және оны құру тәртібі
1.1 Депозиттік нарық түсінігі және оның мәні
Банктің жалпы депозиттерінің белгілі бір тұрақты бөлігі болып келетін және нарықтық орта өзгерістеріне онша әсер етпейтін және сыйақы мөлшері төмен болып келетін немесе банк үшін депозиттерді тарту шығындары төмен болатын салымдар жиынтығы депозиттік база деп аталады. Ал депозиттік портфель коммерциялық банктердің депозиттік саясаты нәтижесінде қалыптасқан баланс пассивінде көрсетілген сырттан тартылған қаржылардың немесе банк мідеттемелерінің жалпы жиынтығы.
Депозиттік портфельдің экономикалық мағынасы құрамымен құрылымын анықтайтын бірнеше факторлар бар:
Депозиттік нарық дегеніміз – заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаржыларын жинақтап оларды тиімді немесе табысты орналастыру мен байланысты сұраныс пен ұсыныс пайда болатын ресми және бейресми орналастырылған, ұйымдастырылған экономикалық орта. Депозиттік нарықтың мынандай атрибуттары бар:
Депозит бойынша пайыздық ставкалар.
Депозиттік пайыздық ставкалар сыйақы ставкалар нарықтық ставкалардың немесе нарықтық индекаторларының қатарына жатады. Депозиттік пайыздық ставкалардың индекаторы деп – бұлардың мөлшері депозиттік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына байланысты, бұлардың мөлшері үнемі өзгеріп отырады. Депозиттік пайыздық ставкалардың деңгейіне немесе мөлшеріне байланысты депозиттік нарықта қатысушылардың мінез-құлқына баға беруге болады. Депозиттік сыйақы ставкаларының мынандай түрлері бар:
Банктік тәжірибеде депозиттік пайыздық ставканы есептеудің жай және күрделі әдістері қолданылады. Бір жылға дейінгі қаржылық операциялар үшін пайызды есептеудің жай әдісі бір жылдан жоғары мерзімдерден операцияларды есептеу үшін күрделі әдіс қабылдайды. Ал егер де төлемдер сайын жүргізілетін болса, аннуитет қолданылады.
1.2 Жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесі, оның қызметі
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қажеттігі көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі болатын. Мұндай мәселенің туындауы Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне және халықтың банктердегі көптеген жылдар бойы жинаған ақша қорларының, яғни жинақтарының 1990 жылдардың басында инфляция әсерінен банктердің жабылуы салдарынан жоғалып кетуімен байланысты болып отыр. Бірақ жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры құру оңай мәселе болмады. Халықтың коммерциялық банктердегі салымдарын сақтандырудың біріншіден, халық қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаржаттарын экономикаға тарту, екіншіден, ақша иелерінің табыстарын өсіру, үшіншіден, банк жүйесін ақша ресурстарымен қамтамасыз ету, төртіншіден, экономиканың нақты секторларына жұмсалынатын несие ресурстарын көбейту, бесіншіден, өндірістерге ішкі инвестицияны тарту және тағы басқа да көптеген пайдалы тұстары бар.
Екінші деңгейлі банктердегі тұрғындардың және ұйымдардың салымдарын банктердің төлем қабілетінің болмай қалуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банкке екінші деңгейлі ірі банктерімен бірлесе отырып қысқа мерзімде тұрғындардың салымдарын ұйымдық сақтандыру жүйесін құруды және оны іске қосуды тапсырды. Көп ұзамай, 1999 жылдың 5 қарашасында Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктер, банктер ассоциациясы және қаржыгерлер ассоциациясымен бірлесе отырып, екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды сақтандыру ережесін енгізді. Осы сақтандыру жүйесі шеңберінде жарғылық қоры 1 миллиард теңгені құраған «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры» құрылды. Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру Қоры «Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды сақтандыру Ережесі» негізінде және басқа да Қазақстан Республикасы Конституциясына, Заңдарына нормативті актілеріне сүйене отырып қызмет ететін қаржы мекемесі. Бұл қордың негізгі мақсаты – қатысушы банктердің еріксіз жойылуы жағдайында жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жолымен салымшылардың мүддесін қорғау. Қор салымшы мен банктің арасындағы қатынастасалымның сақталуының кепілі ретінде үшінші тұлға болып қызмет атқарады. Салымшылардың мүддесін қорғау банктерге деген халықтың сенімін қайта қалыптастыруға бағытталған . Өйткені халықтың банктерге, қорларға, басқа да қаржы мекемелерге деген сенімі соңғы бес-алты жыл бұрын өте төмендеп кеткен. Бұған себеп, аталып отырған мекемелердің өз қызметтерін дұрыс атқара алмауы нәтижесінде жабылып қалуы, банкротқа ұшырауы, міндеттемелерін өз уақытында орындамауы, оған мемлекеттің қолданатын шараларының болмауы және тағы басқа көптеген жағдайлар.