Банктердің депозиттік саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:11, курсовая работа

Описание

Қазақстан банктерінің депозиттік операциялары пассивтік операциялардың ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік агенттер есебін қамтиды. Сондықтан Қазақстан банктері депозиттермен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптсатырып отыруы керек. Депозиттік саясат дегеніміз- коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаражат тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жиынтығы.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................5
1 Бөлім Банктердің депозиттік саясаты және оны құру тәртібі.................7
1.1 Депозиттік нарық түсінігі және оның мәні..............................................7
1.2 Жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесі,
оның қызметі.......................................................................................................10
1.3 Банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттер нарығын жетілдірудегі маңызы.........................................................................................22

2 Бөлім Салым операцияларының есебі........................................................25
2.1 Талап ету салымдарының есебі................................................................25
2.2 Мерзімді салымдардың есебі.....................................................................27
2.3 Шетел валютасындағы депозиттік операциялардың есебі.................29
3 Бөлім Депозиттік саясаттың даму перспективалары мен мәселелері...31
Қорытынды..........................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................36
Қосымшалар.............................................................................

Работа состоит из  1 файл

referattar.kz_939014888.doc

— 205.00 Кб (Скачать документ)

Осы зерттеу жұмысында депозиттер - банк кітабындағы келісім және шарт бойынша қаражаты немесе банкке анықталған талабының бар екені куәләндыратын тіркеу ретінде қарастырылады. Сондықтан, бағалы қағаздарды жатқызуға болады және банктерге клиенттердің ақшалай қаражаттарын тартуға қызмет көрсетеді. Депозиттерді әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Бірақ бағалы қағаздарды жіктеу мәселесі экономикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде өңделген, ал салымдардың жүктелуі - пікірталас тудырып отырған мәселе.

Депозиттік  операцияларды жүргізген кезде, әр банк онымен жасаған депозиттік саясатты ұстанады. Оның ережелері:

1) депозиттік операциялар банктік пайданы алуға немесе болашақта пайда 
алу үшін жағдай жасауға әсер етуге болатындай ұйымдастырылады;

  1. ұйымдастыру процесінде депозиттік операциялар субъектілерінің әр түрлілігін және әр формадағы депозиттердің сәйкестігіне қамтамасыз ету керек;
  2. банктік операцияларды жүзеге асырған кезде депозиттік операциялар 
    мен депозиттер және несие салымдарының сомалары мен мерзімдері бойынша 
    карыздарды беру операциялары және депозиттік операциялар арасындағы өзара 
    байланыстылығы мен өзара келіспеушіліктер қамтамасыз ету қажет;
  3. депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде банк балансының өтімділігін сақтауды   ең   жоғары   дәрежеде   камтамасыз   ететін   мерзімді депозиттерге ерекше көңіл бөлінеді;

5) депозиттік   операцияларды   ұйымдастыру   кезінде   банк   депозиттік  
шоттардағы   бес   (активті   операцияларды   тартылмаған) қаражаттардың 
резервтері минималды болдыруына тырысу керек.

6) банктің қызметтерін дамытуы және клиенттерге қызмет етуге, мәдениеті 
мен сапасын арттыруы шараларын қолдану керек. Бұл депозиттерді тартуға 
әсер етеді

Депозиттік  саясаттың маңызды тeтiгi - банктің  салымшыларына тартылатын ресурстар үшін төлейтін пайызы. Депозиттер бойынша пайызды  орнатуға әсер ететін бірқатар факторлар болады. Шартты түрде оларды сыртқы (олар объективті және банктің қызметінен және оның контактілік аудиторияларына тәуелді емес) және iшкi (олар банктің iшкі саясатының және контрагенттерің әсерінен қалыптасады) деп бөледі.

         Сыртқыларға:

- елдің  орталық банк анықтайтын пайыздық  есептік ставкасы;

- қорлану нормасы;

- ақпараттың  деңгейі;

- банктік қызмет  нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы;

- әлемдік  қаржы нарығындағы пайыздық ставкалардың  деңгейі. Ішкілерге:

- операцияның  мазмұны, яғни депозиттің түpi, мерзімі сомасы және т.с.с.

- клиенттің  сипаттамасы;

              - берілген банкте қолданылатын  баға белгілеудің әдістері неғұрлым өз экономикалық мазмұны бойынша әр түрлі болса, соғұрлым ол бойынша әр түрлі пайыз ставкалар орнатылады. Банктің депозиттің әр түpi бойынша операцияларынан кipicтep мен шығыстары әр түрлі болады. Төменде шығындарды функционалды талдау беріледі.

Ең арзан депозиттер- бұл чектік депозиттер, соның ішінде кәдімгі пайызсыз мерзімді депозиттер. Чектерді жасау мен есептеуге байланысты шығындар, шығындардың ең үлкен бабын құрап тұрғанмен, кәдімгі чектік депозиттер бойынша салымшылар шамалас пайыздық табыс алады, бұл банктің қаражаттарының басқа көздеріне қарағанда шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Коммерциялық  фирмалар үшін ашылатын чектік шоттар орташа мәнде азаматтарға ұсынылатын чектік шоттар сияқты банктер үшін онша қымбат емес. Коммерциялық фирмалардың депозиттеріне түсетін қаражаттардың долларға кететін щығындары азаматтардың чектік шоттарды жүргізуі мен байланысты шығындарының жартысынан аз бөлігі құрады. Жеке чектік шоттың орташа мөлшері коммерциялық шоттың орташа мөлшерінінің 1/3 бөлігінен аспайды, сондықтан банк өзі инвестициялайтын қаражаттардың ең көп бөлігін коммерциялық салымдардан алады.

Мерзімді  депозиттер (әсіресе ақшалай нарықтық шоттар)  жинақ салымдары ранг бойынша жалпы талап еткенге дейінгі депозиттерден кeйін жүреді, ceбeбi банк үшін ең арзан емес болады. Жинақ салымдары банк үшін төмен пайыздық  ставкасына байланысты, ал көп жағдайда салымшылар үшін шоттардан айлық көшірмесінің жоқтығына байланысты операциялардың үлкен саны жүргізіледі көптеген салымшылар оларды чектік шоттар ретінде қолданады. Көптеген банктер өз жинақ; депозиттерінің ағымдылығын болдырмау үшін шоттардан қаражаттарды алуға шектеулер қояды және қызметтері үшін төлем мөлшерін орнатады.

Жалпы, мерзімді депозиттер, депозиттік сертификаттар  және ақшалай нарықтық шоттардың қаражаттарды салу және  алуды жүргізу тұрғысынан

жинақ шоттарына қарағанда қозғалмалылығы аздау. Мерзімді депозиттер мен ақшалай нарықтағы шоттардың көбici бойынша ең жоғары пайыздық ставкалар жинақ салымдарымен салыстырғанда олардың артықшылығын кемітеді. Үлкен емес банктердің ipi банктерге қарағанда жинақ депозиттер және ақшалай нарықтың шоттарға қызмет ету бойынша жоғары шығындары жиі болады, бірақ олардың басқа банктерге қарағанда мерзімді депозиттер бойынша шығындары орташа төмендеу болады. Сонда да ipi банктер депозиттердің орташа мөлшерінің көптігіне байланысты чектік және жинақ депозиттері операциялардан ең жоғары мөлшерде табыс алады.

Депозиттерді  ұстау бойынша қызметтердің бағаларына катысты мәселелерді шешкенде банктің басқармасы ecкi дилеммаға тап болады банктер клиенттердің салымдарын тарту мен сақтау үшін жеткілікті мөлшерде жоғары пайыздық табыстарды қамтамасыз ету керек, бірақ депозиттерден алынатын қаражаттарды пайдаланудан алатын пайдадан асатын шектен тыс пайыздық ставкалардан жалтару керек. Депозиттер үшін қатаң бәсекелестік күрес бұл мәселенің шешуін күрделіндіреді, ceбeбi бәсеке депозиттер бойынша пайыздық шығыстардың өcyiнe әкеледі және бip уақытта тартылған қаражаттар айналымынан күітілетін пайдаларды төмендетеді.

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері қызметті тәжірибесінде депозиттер бойынша сыйақы(мудде) пайыздық ставкасын белгілеу банктердің Басқармасының қаулысымен бекітілген пайыздық саясатына сай жүзеге асырылады.

Клиенттердің  депозиттері бойынша сый-ақы пайыздық ставкасының мөлшерін банктер келесі факторларды басшылыққа алады:

- қаржы  нарығының конъюктурасын;

- депозиттер  нарығындағы пайыздық ставкалар  деңгейін;

- банкаралық  ресурстардың құнын;

- мемлекеттік  бағалы қағаздардың табыстылық  деңгейін;

- инфляция  деңгейін;

- қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерін;

- депозиттердің  құрылымын;

- халықтың  табысының өсу қарқынын.

Сонымен, банк басқармасының алдында депозит  бойынша пайыздық ставканы барынша нақты анықтау мен баға белгілеу әдісін таңдауда курделі проблема туады. Баға белгілеу бұл маркетингтік қызметтің құрамдас бөлігі. Банк басқармасы банктік тәжірибеде бар пайыздық ставканы анықтаудың әр түрлі әдістерін қолдана алады. Олардың негізгілері мыналар: Шығындарды анықтауға негізделген әдістер:

1. "Шығындар+пайда" әдісі. "Ш+п" әдісі бойынша баға белгілеу депозиттер бойынша қызметтердің әр түрінің құнының есептеудің қажет етеді. Мұны қалай істеуге болады? Кең түрде қолданылатын әдістердің бipeyi — банктің шығындарын бағалау негізінде депозиттің бағасын калькуляциялау болып табылады. Банкке мына келесі мәселелерді шешуі   қажет:

а) банктің  қаражаттарының әр қайнар көзі бойынша  үстеме шығындардың ставкасын есептеу;

ә) үстеме шығындардың әр ставкасын әр көзінен  түсетін банк қаражаттарының салыстырмалы шамасына көбейту;

б) банктің  қаражаттардың орташа салмақтығын құнын анықтау үшін барлық алынған шамаларды қосу;

2. Депозиттерге пайыздық ставкаларды шекті шығындар бойынша бегілеу.

Көптеген  каржы сарапшылары пайыздың ставкаларды  белгілеу бойынша өздерінің әртүрлі ой-пікірлер ортаға салады. Бұл депозиттер бағасын анықтау үшін орташа салмақтанған құнды анықтау емес, шекті шығындарды анықтау, яғни қаражаттарды тартумен байланысты қосымша шығындарды қолдану жөндеп түсінеді.Ceбeбi, пайыздық ставкалардың жиі өзгерулері орташа шығындардың сомасын депозиттерге баға белгілеу үшін сенімсіз және нақты базасы етпейді. Мысалы, егер пайыздық ставкалар төмендесе, жаңа ақшалай қаражаттарды тартудың қосымша (шекті) шығындардан төмендеуі мүмкін.

Орташа  шығындармен салыстырғанда пайдасыз болып көрінетін кейбір несиелер мен инвестициялар бүгінгі күні жаңа несиелер мен инвестицияларды ұсыну үшін жүзеге асыру қажетті пайыздарды төлеуге кететін ең төмен шекті шығындардың бағалағанда ең пайдалы болып көрінеді. Және керісінше, егер пайыздық ставкалар өссе, бүгін жаңа ақшалай қаражаттарды шекті құны қаражаттардың орташа құнынан едәуір асып кeтyi мумкін. Егер басқарма жаңа қарыздарды орташа шығындар негізінде есептесе, олар бүгінгі күш нарықтағы жаңа қаражаттарды алудың ең жоғарғы шекті шығындарын пайдаланумен бағалағанда пайдасыз болып қалуы мүмкін. Депозиттерге белгіленетін пайыздық ставкаларға қатысты сұраққа жауап беру үшін бізге ең құрғанда 2 негізгі бапты білуіміз қажет: депозиттік ставкалардың бip деңгейінен екіншісіне  өту барысындағы шығындарын және банк алған қосымша қаражаттардың салыстырмалы шамасы ретіндегі шекті шығындардың нормасын. Егер бiзгe шекті шығындардың нормасы белгілі болса, бiз онда банктің жаңа салымдардың қаражаттарды инвестициялаудан күтілетін қосымша кipicтepмeн салыстыра аламыз.

Шекті шығындар әдici бойынша баға белгілеуді басқарушы банктерге салымдарға белгіленген пайыздық ставкалар туралы ғана емес , депозиттердің өсуінің қосымша шығындары қосымша табыстар мен жиынтық пайданың темендеуіне әкелгенге дейін банк өз депозиттерінің базасын қай мерімге дейін ұлғайта алатыны туралы бағалы ақпараттарды ұсынады. Пайда төмендей бастаған кезде басқарма төмен шекті шығындары бар қаражаттардың жаңа көздерін іздeyi немесе үлкен шекті табысын беретін жаңа қарыздар мен инвестицияларды жүзеге асыруы қажет немесе соны да, басқасын да жасауы керек.

Нарыққа өтудің қамтамасыз ету үшін депозиттер бойынша пайызды орнату. Банктің пайдасы мен шығынын шамаларын есепке алмауға мүмкіндік беретін баға белгілеу әдісінің бipeyi - бұл нарыққа өтудің қамтамасыз ету үшін депозиттер бойынша пайыздарды белгілеу. Мұның идеясы мынада: жаңа клиенттерді неғұрлым көбірек тарту үшін комиссиондық алымдардың төмен тарифтерін орнату және жоғары пайыздық ставкаларды ұсыну. Басқарма мұнда салымдардың үлкен көлем және банктік несиелерден көп көлемі пайданың төмендеуінің орнын толтыратынына сенеді. Нарыққа өту әдici бойынша баға белгілеуі банктік нарықтың олардың көп бөлігін жаулап алуға үміт ететін нарықтардың тез өсуі кезіндегі болатын стратегиясы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Бөлім Салым операцияларының есебі

2.1  Талап  ету салымдарының есебі

Банктің пассив баптарының ең негізгісі салымдар болып табылады. Екінші деңгейлі банктер осы депозиттік операцияларды «Қазақстан Республикасының  банктер және банк қызметі» заңымен  жүргізіліп отырады. Салымдар ұлттық валюта теңгемен қатар шетел валютасымен де қабылданады. Осы операциялардың есебін жүргізу үшін банкте келесі шоттар ашылған:

2211-«Талап ету салымдары»

2215-«Клиенттердің қысқа  мерзімді салымдары»  

2219-«Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары»

2221-«Клиенттің арнайы  салымы»

2223-«Салым клиент кепілі»

2229-«Клиенттің басқа  да салымдары»

Клиент банкке келіп  салым салғанда банкпен белгілі  бір келісім шарт құрады. Осы келісім  шартта сомасы, мерзімі, пайызы көрсетіледі. Келісім шарттың негізгі шарты болып пайыз табылады. Банк клиенттің салымын белгілі бір мерзімге пайдаланғаны үшін келісім шартта белгіленген бір мөлшерде пайыз төлейді. Ал осы пайыз төлеу кезінде оның есебі үшін келесі шоттар ашылған:

5211-«Клиенттің талап ету салымы бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығындар»

5215-«Клиенттердің қысқа  мерзімді салымдары бойынша сый-ақы  төлеумен байланысты шығындар»

5219-«Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары бойынша сый-ақы  төлеумен байланысты шығындар»

5221-«Клиенттің арнайы  салымы бойынша сыйақы  төлеумен байланысты шығындар»

5223-«Клиенттің кепіл  салымы бойынша сый-ақы  төлеумен  байланысты шығындар»

5229-«Клиенттің басқа да салымдары бойынша сыйақы  төлеумен байланысты шығындар».

Есептелінген пайыздық шығындар екінші класта көрсетіледі №2700 «Сый-ақы төлеумен байланысты қосылған шығындар»

2702-«Банктердің талап  ету салымдары бойынша қосылған  шығындар»

2712-«Банктің мерзімді  салымдары бойынша қосылған шығындар» 

2720-«Клиенттердің шығарылған  депозиттік сертификаттар бойынша қосылған шығындар»

2721-«Клиенттің мерзімді салымдары бойынша қосылған шығындар».

Жеке тұлғалардың салымдарының есебі банктің балансында қолданылып жүрген шот жоспары бойынша пассивті:

2211-«Клиенттердің талап  ету салымдары» шотында жүргізіледі.

Клиенттерге салым бойынша  шот ашу кезінде клиент (жеке тұлға) бастапқы кіріс ордерін толтырады  немесе келісім шарт құрады. Егер салым  операциялары ЭЕМ-да безендірілсе, онда дербес шот ашылмайды. Ал егер, салым операциялары қолдан безендірілсе, онда дербес шот ашылып, альфавиттік карточка құрылады.

Информация о работе Банктердің депозиттік саясаты