Демалыс және жұмыс уақыты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 20:17, реферат

Описание

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты - бұлар еңбек құқығының өзара байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек кызметінің ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы анықталады. Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар қозғалысы тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат тарихында еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін. Әдетте, бұл кіріптарлы жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 14-16 сағатқа дейін жетті.

Содержание

I. Кіріспе 3
II. Жұмыс уақытының түсінігі мен түрлері 4
III. Демалыс уақытының түсінігі мен түрлері 6
IV. Қорытынды 11
V. Қолданылған әдебиеттер 12

Работа состоит из  1 файл

referat.docx

— 31.98 Кб (Скачать документ)

Жоспары

 

I. Кіріспе 3

II. Жұмыс уақытының түсінігі мен түрлері 4

III. Демалыс уақытының түсінігі мен түрлері 6

IV. Қорытынды 11

V. Қолданылған әдебиеттер 12

 

 

Кіріспе

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты - бұлар еңбек құқығының өзара  байланысты түсініктері. Қызметкерлердің  еңбек кызметінің ұзақтығы жұмыс  уақыты арқылы анықталады.

Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар қозғалысы тарихындағы ең негізгі  талаптардың бірі болды. Адамзат  тарихында еңбек уақыты ұзақ уақыт  бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші еңбек міндеттерін  орындау уақытының ұзақтығын  өз қалауынша белгілейтін. Әдетте, бұл  кіріптарлы жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 14-16 сағатқа  дейін жетті.

XIX ғасырдың басындағы жұмысшылар  қозғалысы негізгі талаптардың  бірі ретінде жұмыс уақытын  қысқартуды талап етті. Бірқатар  мемлекеттерде жұмысшылар көшелерге  шығып, жұмыс уақытының ұзақтығына  белгілі бір шек қоюды талап  етті. Жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде  XIX ғасырдың ортасында әйелдер  мен балалар үшін жұмыс уақытын  қысқарту туралы заңдар қабылданды. Кейінірек бұл ереже ер адамдарға  да таралды.

1897 жылы Ресейде жұмыс уақытын  11,5 сағатқа дейін, ал әйелдер  мен балалар үшін - 10 сағатқа дейін  қысқарту туралы заң қабылданды. Алайда, бұл заңның ешбір тиімділігі  болмады, себебі, мұнда мерзімнен  тыс жұмыс істеуге тыйым салынбады.

1917 жылы Кеңестік биліктің Декретімен  Ресейде алғаш рет ұзақтығы 8 сағаттық  жұмыс уақыты енгізілді. Бұл  Декреттің күші Қазақстанның  аумағына да таралды. Яғни, осы  күнді Қазақстанда ұзақтығы 8 сағаттық  жұмыс уақытының енгізілген күні  деп санаған жөн болар.

Қазақстан Республикасы азаматының еңбек  етуі мен демалысына байланысты негізгі  мәселелердің құқықтық регламенттелуі «Еңбек туралы » ҚР Заңына негізделеді. ҚР «Еңбек туралы» заңында жұмыс уақыты мен демалыс уақытының реттелуі жетінші тарау (жетпіс алтыншы баптан тоқсан бірінші бапқа дейінгі аралық кіреді) мен сегізінші тарауға (тоқсан екінші баптан жүз он төртінші бапқа дейінгі аралық кіреді) сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының жиырма төртінші бабында қызметкерлердің жұмыс уақыты тынығу уақытымен тығыз байланыста деп  белгіленген. Аталған бапта «Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істегендерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс және мереке күндерінде, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі» делінген.

ҚР еңбек туралы заңындағы бірінші  тарауының бірінші бабында келтірілген  анықтамада былай деп айтылған: «жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері».

Еңбек құқығында демалыс  уақыты ретінде қызметкердің еңбек  міндеттерін орындаудан бос уақыты танылады. Бұл уақытты олар өз қалауы бойынша пайдалана алады. Заңдарда қызметкерге демалу және тамақтану  үшін үзіліс белгіленген. Жыл сайынғы төленетін  еңбек демалысы, нормативтік  құқықтық актілермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттар  мен жұмыс берушінің  актілерінде қосымша күн қарастырылмаса, жиырма төрт күнтізбелік күнге беріледі.

Жыл сайын төленетін  еңбек демалыстарының ұзақтығы еңбек демалысы кезінде болатын  мейрам күндері есепке алынбай, қабылданатын режимдер мен жұмыс  кестесінен тыс беріледі.      

Жыл сайынғы еңбек  демалысының жалпы  ұзақтығын есептеген  кезде қосымша  жыл сайынғы еңбек  демалысы негізгі  жыл сайынғы еңбек  демалысымен есептеледі. Осыған орай, жыл  сайынғы еңбек  демалысының жалпы  ұзақтығының максималды шегі анықталмаған.

Республика  Президентінің жыл сайынғы демалысының  ұзақтығы – 45 күнтізбелік күн (Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасының  Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  жарлығы, 29- бап)

 

Жұмыс уақытының түсінігі мен түрлері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында қызметкерлердің жұмыс  уақыты тынығу уақытымен тығыз байланыста деп  белгіленген. Аталған бапта  «Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек  шарты бойынша жұмыс істегендерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының  ұзақтығын, демалыс және мереке күндерінде, жыл сайынғы ақылы демалысқа  кепілдік беріледі» делінген. 

Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Еңбек туралы заңның 45 – бабына сәйкес қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленген нормадан азырақ көзделуі мүмкін.

Қызметкер жеке еңбек шартында белгіленген еңбек міндеттерін  жұмыс уақыты ішінде орындауға міндетті, дегенмен бұл уақыт нақты жұмыс  істелген уақытымен сәйкес келе бермейді. Нақты жұмыс істелген уақыты дегеніміз - жұмыс уақытын есепке алу тізімінде  көрсетілген жұмыс уақыты. Еңбекке  ақы төлеу нақты жұмыс істелген уақытқа төленеді.     

Жұмыс уақытына мыналар жатады:     

1)Дайындалу-қорытынды жұмыстар (тапсырма алу, материалдар, құралдар, техникалармен, құжатамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және тазалау, дайын өнімді өткізу және басқалары);     

2)Технология, еңбек ұйымы, еңбекті нормалау және қорғау ережелерінде қарастырылған үзілістер, жұмыс орнындағы немесе жұмысшының өз уақытын дұрыс қалыптастыра алмағандағы күту уақыттары, мейрам және демалыс күндеріндегі кезекшілік;     

3)Еңбек, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерімен немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен анықталған үйде кезекшілік ету және басқа да кезеңдер.

2001 жылғы өндірістік күнтізбелікке  сәйкес жұмыс уақытының қалыпты  ұзақтығы аптасына 40 сағат болып  белгіленген қызметкерлер үшін  жұмыс күннің ұзақтығы:

5 күндік жұмыс аптасында  – 5 күн – 8 сағаттан

6 күндік жұмыс аптасында  – 5 күн – 7 сағаттан, ал бір  күн – 5 сағаттан болып белгіленген  (Қазақстан Республикасының Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау  министірлігінің 2000 жылғы 18 желтоқсандағы  № 05 – 2 (8008 хаты).

Жұмыс уақытының түрлерін айтатын болсақ, олар:

А) Қысқартылған жұмыс уақыты.  жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін қорғау, оқу мен өндірісті оңтайлы ұштастыруға жағдай жасау, өндіріске кәмелетке толмаған жетекшілерді және еңбекке қабілеттіліктері төмендеген тұлғаларды тарту мақсатында белгіленген. Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:

−14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін – аптасына 24 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – 4 күн – 5 сағаттан, 1 күн – 4 сағаттан;

−16 жастан 18 жасқа дейін – аптасына 36 сағаттан, яғни 6 күндік жұмыс аптасында – күніне 6 сағаттан, ал 5-күндік жұмыс аптасында – 4 күн 7 сағаттан 15 мин. (7,25 с) және 1 күн – сағаттан аспайтын;

Ә)   Ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.

Ауыр дене жұмыстары деп қызметкерлердің ауыр заттарды көтеруге немесе орын ауыстыруға байланысты қызметкердің түрлері не 300 ккал /сағаттан астам күш-қуат жұмсайтын басқа да жұмыстарды айтады. Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайларына белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі қызметкердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары жатады. Қауіпті (өте қауіпті) – белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.

Жұмыс ісеу жұмыс уақытының  ұзақтығын қысқартуға құқық беретін  өндірістердің кәсіптер мен қызметтердің тізімін, содан-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және ауыр (өте  ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың  тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті  мемлекеттік орган белгілейді.

Б) Толық емес жұмыс уақыты:

− толық емес жұмыс күні    

      − толық емес жұмыс аптасы

          − күнделікті жұмыс уақытының нормасын бір мезгілде азайту (жұмыс ауысымы) және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерін қысқарту.

Толық емес жұмыс күні. Үй шаруасындағы әйелдердің, оқшаулардың, мүгедектердің, зейнеткерлердің және тағы басқа азаматтардың жағдайларын ескере отырып, олармен жеке еңбек шарты толық емес жұмыс күніне жасалуы мүмкін. Қысқартылған жұмыс күнінен толық емес жұмыс  күнінің айырмашылығы мынада: егер алғашында жұмыс күні жалақы азайтылмай қысқартылатын болса, толық емес жұмыс күнінде қызметкер жалақысын жұмыс істеген уақытына немесе шығарған өнімнің көлеміне қарай алады.

 Толық емес жұмыс  уақыты жағдайында жұмыс істеген  қызметкерлердің еңбек құқықтарының  көлемі ешқандай шектелмейді.

В) Түнгі уақыттағы жұмыс. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6 – ға дейінгі уақыт болып есептеледі. Жұмыс уақытының кемінде 50 пайызы түнгі уақытқа келетін ауысым түнгі ауысымға жатады Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2000 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 бұйрығымен бекітілген « Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулрды» 20-тармағы).

Жүкті әйелдерді түнгі  уақытта жұмыс істеуге тартуға  олардың келісімімен ғана жол  беріледі. Түнгі уақытта жұмыс  істеуге 18 жасқа толмаған адамдар  мен түнгі уақытта жұмыс істеуге  тыйым салынатын медициналық  қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.

Г) Үстеме жұмыстар:     

Әрбір жұмысшы үшін тәулігіне екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, қауіпті (аса қауіпті) және зиянды жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге тәулігіне бір сағаттан аспауы тиіс.     

Айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс.      

Үстеме жұмысқа жұмылдыру  тек жұмысшынының жазбаша келісуі  арқылы, басқа жағдайда Еңбек Кодексі  бойынша жүзеге асырылады.      

Жұмысшының келісімінсіз үстеме жұмыс мына жағдайда беріледі:      

1)Елдің қорғанысына қажетті жұмыстарды өндіруде, сонымен қатар төтенше жағдайлар, табиғи апаттар мен өндірістік апаттардың алдын алуға немесе оларды жоюға байланысты жұмыстар кезінде;     

2)Суқұбырлары, газқұбырлары, жылуқұбырлары, энергияқұбырлары мен басқа да жүйелердің қалыпты қызметін бұзатын басқа жағдайларға жол бермеу;      

3)Ауысымдағы қызметкер келмеген жағдайда, егер жұмыс міндетті түрде адам ауыстыру арқылы үзіліссіз жүруді талап етсе жұмысты жалғастыу кезінде.     

Үстеме жұмысқа мына тұлғалар жатпайды:     

−жүкті әйелдер;     

−он  сегіз жасқа толмаған қызметкер.      

Жұмыс уақытына мыналар кіреді:      

−күнделікті жұмыс уақыты (жұмысшының өтеген және өтелмеген  уақыттары кіреді);     

−үстеме жұмыстар, түнгі  уақыттағы жұмыстар, демалыс күндері, мейрам күндері, іссапарлар.     

−төленетін және төленбейтін  уақыттар, сонымен қатар жұмысшының немесе жұмыс берушінің кесірінен  жұмыс уақытынан айырылу.

−жұмыс уақытында жұмысшыны  басқа орында қызметке жұмылдыру, сол  уақыт мерзімін бекітілген еңбек  келісім-шартына сәйкес есеп құжаттарына  толық жұмыс уақыты ретінде белгілеу. 

Күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс ауысымы):     

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде – 40 сағаттық апталық норма  бойынша 8 сағаттан аспауы тиіс, 36 сағаттық апталық норма кезінде 7 сағат 12 минуттан және 24 сағаттық апталық норма кезінде 5 сағаттан аспауы тиіс.     

Алты күндік жұмыс аптасында  – 40сағаттық апталық норма кезінде 7 сағаттан, 36 сағат апталық нормада 6 сағаттан және 24 сағат аптаоық норма  кезінде 4 сағаттан аспауы тиіс.     

Өнер және мәдени саланың кәсіби ұйымның шығармашылықпен айналысатын қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, спортсмендер, жаттықтырушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық және еңбек келісім-шарттарға сәйкес басқа жұмыс уақыты бекітіледі.

          Демалыс уақытының түсінігі мен түрлері

Демалыс уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос  және оны өз қалауы бойынша пайдаланылатын уақыты. Оның еңбек заңдарына сәйкес мынадай түрлері бар:

1)    Демалуға және тамақтануға арналған үзіліс;

2)    Күн сайынғы демелыс;

3)    Демалыс күндері;

4)    Мереке күндері;

5)    Демалыстар;

Демалуға және тамақтануға  арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. (Еңбек туралы заңның 53-бабы). Заңда үзілістің тек төменгі ұзақтығы ғана белгіленген. Үзілістің мейілінше ұзақтығы өндіріс сипаты мен ауысым кестесіне сәйкес белгіленеді. Бұл үзіліс жұмыс ұақытына енгізілмейді және оны қызметкер өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. Түскі үзіліс төрт  сағат жұмыс істегеннен кейін беріледі. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, демалу және тамақтану тәртібі мен орны жұмыс берушінің актілеріне белгіленеді.

Информация о работе Демалыс және жұмыс уақыты