Демалыс және жұмыс уақыты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 20:17, реферат

Описание

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты - бұлар еңбек құқығының өзара байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек кызметінің ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы анықталады. Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар қозғалысы тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат тарихында еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін. Әдетте, бұл кіріптарлы жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 14-16 сағатқа дейін жетті.

Содержание

I. Кіріспе 3
II. Жұмыс уақытының түсінігі мен түрлері 4
III. Демалыс уақытының түсінігі мен түрлері 6
IV. Қорытынды 11
V. Қолданылған әдебиеттер 12

Работа состоит из  1 файл

referat.docx

— 31.98 Кб (Скачать документ)

Арнаулы үзіліс. Еңбек заңының 54-бабында жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй-жайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады және жұмыс берушінің актілерімен айқындалып, ұжымдық, жеке еңбек шарттарында белгіленеді.

Күн сайынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс (Еңбек туралы заңның 55-бабы). 

Демалыс күндері. Қызметкерлерге апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, яғни демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі.

Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс  аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі  демалыс күні де, әдетте қатарынан  беріледі.

Мерекелік күндер жұмыс күндеріне  сәйкес келген жағдайда және жұмыс  уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  демалыс күндерін басқа жұмыс  күндеріне ауыстыруға құқылы.

Өндірістік – техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа  үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті  демалыс күндері жұмысты тоқтату  мүмкін болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізілетін ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен  бекітілген ауысым кестесіне сәйкес, қызметкерлердің әрбір тобына демалыс  күндері аптаның әртүрлі күндерінде кезекпен беріліп отырады.

Жалпы ереже бойынша демалыс  күндері жұмыс істеуге жол  берілмейді. Қызметкерді демалыс  күндерінде жұмысқа тартуға оның келісімі болған ретте ғана рұқсат етіледі.

Демалыс күндерінде жұмысқа  тартудың ерекше реттері Еңбек заңының 59-бабында белгіленген. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға  мынадай жағдайларда жол беріледі:

1)  төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;

2)   жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және оны тергеу үшін;

3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын –ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін.

Белгіленген жағдайлар тізбесі  толығымен берілген деп түсіну керек.

Мереке күндері. Заң бойынша күнтізбелі жыл ішінде қызметкерлер жұмыс істейтін мереке күндері мыналар: 1-2-қаңтар – Жаңа жыл; 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Наурыз мейрамы, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі; 9 мамыр – Жеңіс күні, 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының күні, 25 қазан – Республика күні (бұл күн Ұлттық мереке болып жарияланған), 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. (Заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы № 2534 Жарлығы).

Заңда белгіленгендей өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа  үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету  қажет болуы себепті демалыс  күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарды қоспағанда республикада белгіленген мереке күндері  жұмыс жүргізілмейді.

Жыл сайынғы еңбек демалысы – қызметкерлерге жұмыс орны (қызмет) мен орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайын күнтізбелік күн есебінен берілетін заңда көзделген үзіліссіз демалыс. Еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге беріледі. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын берудің талаптары мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгіленеді. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер басқа нормативтік  құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық  шарттарда және жұмыс берушінің  актілерінде қызметкерлердің жекеленген санаттары үшін өзгеше көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік  он сегіз күн болатын жыл сайынғы  еңбек демалысы беріледі. (Еңбек  туралы заңның 60-бабы)

Республика Президентінің  жыл сайынғы демалысының ұзақтығы – 45 күнтізбелік күн (Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасының  Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  жарлығы, 29- бап)

Мемлекеттік қызметшілерге, прокуратура органдарынан қызметкерлеріне, судьяларға ұзақтығы отыз күнтізбелік  күн мөлшерінде жыл сайынғы демалыс  беріледі.

Орта, жалпы, бастауыш және орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білім мектептері қызметкерлерінің 56 күнтізбелік күн, әдістеме қызметі, мектепке дейінгі  және мектептен тыс мекемелер  қызметкерлерінің 42 күнтізбелік күн  демалыс алуларына құқылары бар. Бұл педагогика қызметкерлеріне  толық еңбек демалысы егер олар 1 қыркүйектен бастап толық оқу  жылы жұмыс істесе беріледі.

Еңбек демалысы күндеріне  дәл келетін мереке күндерін есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалысының  ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс  режимдері мен кестелеріне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.

Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін еңбектегі жұмыс  стажына (өтіліне):

1)    жұмыс жылы ішінде нақты жұмыс істеген уақыты;

2)    жұмыстан заңсыз босату кезінде амалсыздан бос жүрген уақыт;

3)    емделуде болып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталуға уақыт қосылады.

Жұмыс істеген бірінші  жылы үшін қызметкерге еңбек демалысы жеке еңбек шарты бойынша бірінші  жұмыс жылы өткеннен кейін беріледі. Қызметкерлердің қалауы бойынша  жыл сайын еңбек демалысы бөлініп  берілуі де мүмкін.

Жыл сайынғы ақы төленетін  еңбек демалысын берудің кезектілігі  жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс  кестесінде, жұмыс берушінің актілерінде  белгіленеді. Өндіріс қажеттеріне  байланысты демалыс кестесі өзгерген жағдайда жұмыс беруші еңбек демалысының  басталуынан кемінде екі апта бұрын қызметкерге ол жөнінде  хабарлауға міндетті.

Жыл сайынғы еңбек демалыстарын ауыстыру немесе ұзарту жағдайлары еңбек  туралы заңдармен рұқсат етілген. Заңның  63-бабына сәйкес еңбек демалысы қызметкер еңбек демалысы кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде, жүкті болуы мен босану бойынша демалысы кезінде толық немесе бір бөлігі ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін. Бірақ бұл орайда еңбек демалысы кезіндегі күндерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төленбейді.

Жыл сайынғы еңбек демалысы (не оның бір бөлігі) тек қызметкердің келісімімен немесе оның өтініші  бойынша ғана ұзартылуы немесе келесі жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша ауыстырылған еңбек демалысы келесі жылдың демалысына қосылуы немесе қызметкердің өтініші бойынша басқа уақытта жеке берілуі мүмкін.      

Қосымша ақы төленетін  жыл сайынғы еңбек  демалыстары мына тұлғаларға ұсынылады:      

ауыр  жұмыстарды, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардағы жұмысшыларға алты күнтізбелік күннен кем емес демалысы;      

бірінші және екінші топ мүгедектеріне он бес күнтізбелік күннен кем емес ұзақтықта.       

Жыл сайын төленетін  еңбек демалыстарының ұзақтығы еңбек демалысы кезінде болатын  мейрам күндері есепке алынбай, қабылданатын режимдер мен жұмыс  кестесінен тыс беріледі.      

Жыл сайынғы еңбек  демалысының жалпы  ұзақтығын есептеген  кезде қосымша  жыл сайынғы еңбек  демалысы негізгі  жыл сайынғы еңбек  демалысымен есептеледі. Осыған орай, жыл  сайынғы еңбек  демалысының жалпы  ұзақтығының максималды шегі анықталмаған.

Жалақы сақталмайтын демалыстар тараптардың келісімі бойынша қызметкерге отбасы жағдайына және басқа да дәлелді себептер негізінде берілуі мүмкін. жалақы сақталмайтын демалыс оның мерзімімен берілу себептері көрсетілген жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді. Заң жалақы сақталмайтын демалыс беру мерзіміне шек қоймайды.

Заңдарда қызметкерлердің  кейбер санаттарына әлеуметтік сипаттағы  демалыстар көзделген. Еңбек туралы заңның 66- бабына сәйкес әйелдерге жүктелігі  мен босануы бойынша босанғанға дейінгі ұзақтығы 70 күнтізбелік  күнге, босанғаннан кейін 56 (ауыр босанған немесе екі не одан да көп бала туған  жағдайда 70) күнтізбелік күнге демалыс  беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі  және демалыс әйелдің ұйымда жұмыс  істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс  беруші қаражаты есебінен жүктілігіне  және босануы бойынша осы кезенге  төленген жәрдемақыны босанғанға дейін  нақты пайдаланған күндерінің санына қарамастан оған толық беріледі.

Жаңа туған нәрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған  әйелдерге (еркектерге) бала асырап алған  күннен бастап, сәбидің дүниеге келген күнінен 56 күнге толған күнге толғанға дейінгі кезенге (ата-анасының біріне) демалыс беріліп оның ұйымда жұмыс істеген ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңге жәрдем ақы төленеді.

Жүктілігі және босануы бойынша  демалыстардың басқа, заңдар бір  жарым жасқа балалары бар аналарға бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстар беруге қарастырған. Қосымша демалыс уақыты ішінде олардың жұмыс орны (қызметі) сақталады.

Бұл демалыс сәби бір жарым  жасқа толғанға дейін кез-келген уақытта толық немесе бөліп пайдалануы мүмкін.

Бір жарым жасқа дейінгі балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақысы сақталмай берілетін қосымша демалыс жалпы еңбек өтіліне, және мамандық бойынша жұмысын өтіліне есептелінеді. Бірақ бұл уақыт жыл сайынға еңбек демалысына құқық беретін жұмыс өтіліне қосылмайды.

Оқу демалысы. Оқу демалыстары демалыстың жеке бір түрі болып табылады бұл демалстар қызметкерге ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан беріледі. Еңбек туралы заңның 69-бабы негізінде білім беру ұйымында оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыру кезеңінде ақы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс берілуі мүмкін. Оқу демалыстарын беру тәртібі жеке еңбек ұжымдық шарттарда белгіленеді.

Оқу демалысын алу үшін қызметкер жұмыс берушіге тиісті оқу орнының емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын туралы шақыру – анықтамасын ұсынады.

 

 

 

Қорытынды

Ойымды қорытындылай келе, семестірлік жұмысымның негізгі  түйінін айтатын болсақ, жұмыс  уақыты және демалыс уақыты - бұлар  еңбек құқығының өзара байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек  кызметінің ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы анықталады.

Жұмыс уақыты – бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі.

Демалыс уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос  және оны өз қалауы бойынша пайдаланылатын уақыты.

Демалыс уақыты мен жұмыс  уақытының ұзақтығы мен мерзімдері еңбек туралы заңнамада көрсетілген. Еңбек туралы заңнамадағы жұмыс  істеу уақыты мен демалыс уақытының әр жағдай үшін арналған тараулардан (бап) мысал келтіретін болсақ, олар:

1)Вахталық әдіспен  жұмыс істеу кезінде жұмыс  
                уақытын және тынығу уақытын есепке алу      

1. Жұмыстың вахталық  әдісі кезінде айлық, тоқсандық  немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бірақ бір жылдан аспайтын  кезең ішіндегі жұмыс уақытының  жиынтық есебі белгіленеді.  
      2. Есептік кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс беруші  
орналасқан жерден немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейінгі және одан кері қайту жолының уақытын қамтиды. Бұл ретте, есептік кезеңдегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы Кодексте белгіленген нормалардан аспауға тиіс.  
      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық тынығу кезеңінде бөліп беруге жол берілмейді.  
      4. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін әрбір қызметкердің жұмыс уақыты мен тынығу уақытының есебін ай бойынша және барлық есептік кезең бойынша жүргізуге міндетті.

3) Мүгедек қызметкерлердің  түнгі уақыттағы  
                жұмысын, үстеме жұмысын, демалыс және мереке  
                күндердегі жұмысын, оларды іссапарға жіберуді  
                шектеу     

 Мүгедек қызметкерлерді  үстеме жұмысқа, түнгі уақытта,  демалыс және мереке күндеріндегі  жұмысқа тартуға, іссапарға жіберуге, егер олар үшін мұндай жұмыстарға  медициналық көрсетулер бойынша  тыйым салынбаған болса, олардың  жазбаша келісімімен ғана жол  беріледі.

4) Мүгедек қызметкерлерге  жыл сайынғы ақылы еңбек  
                демалысын беру     

 Мүгедек қызметкерлерге  жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы  олармен келісе отырып, жұмыс  беруші бекітетін демалыс кестесіне  сәйкес беріледі.

5) Мүгедек қызметкерлерге  жыл сайынғы ақылы  
                қосымша демалыс беру     

 Жыл сайынғы  ақылы қосымша демалыс - жыл  сайынғы ақылы еңбек демалысымен  бір мезгілде не мүгедек қызметкердің қалауы бойынша жұмыс жылының басқа уақытында беріледі.

Информация о работе Демалыс және жұмыс уақыты