Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 21:21, реферат
Ұғым, жан және атқаратын қызметтерім акционерлік қоғам. Мемлекеттік кәсіпорынның мінездемесі. Соучредительского шаруашылықтың қызметінің өзгешеліктері.
1.Коммерциялық заңды тұлға,түсінігі
Негізгі бөлім:
1. Акционерлік қоғам
2. Мемлекеттік кәсіпорын
3. Шаруашылық серіктестік
4. Өндірістік кооператив
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1. Акционерлік қоғам
2. Мемлекеттік кәсіпорын
3. Шаруашылық серіктестік
4. Өндірістік кооператив
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкi
бар және
сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi
бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып,
оларды жүзеге
асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым
заңды
тұлға деп
танылады.
Заңды
тұлғаның дербес
балансы немесе сметасы болуға тиiс.
Заңды
тұлғаның өз атауы
жазылған
мөрi
болады.
Заңды
тұлғалар
коммерциялық және коммерциялық емес болып екіге бөлінеді.Соның ішінде
коммерциялық заңды тұлғаға тоқталайық.
Коммерциялық заңды тұлға - өз қызметiнiң
негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi
көздейді.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға
байланысты құқықтары мен мiндеттерi заңдарда
белгiленедi.
Акционерлік қоғам құрылтайшылары қоғам құру туралы шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Қоғам құрылтайшысы бір ғана адам бола алады. Қоғам оның құрылтайшыларының жиналысы шешімімен құрылады. Қоғам 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңындағы тәртіппен бұрынғы заңды тұлғаның қайта ұйымдастыруымен құрылуы мүмкін.
Бірінші құрылтайшылар жиналысында құрылтайшылардың атқаратын жұмыстары мыналар:
Қоғам мекемесі туралы шешім қабылдап, қоғам құрудағы атқарылатын қызметтерді анықтайды;
Құрылтайшылық келісім-шарт жасайды;
Құрылтайшылардың беретін акциялардың алдын ала төлемін бекітеді;
Жарияланған акциялардың, оның ішінде құрылтайшылар төлеміне енетін акцияларды бекітеді;
Акциялар шығаруға мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;
Қоғам тіркеушісін таңдайды;
Қоғам атынан мемлекеттік тіркеуге қол қою үшін өкілетті тұлғаны таңдайды;
ҚР заңнамасына сәйкес қоғам құрылтайшыларының жарғылық капитал төлемінің мүліктік бағасын анықтайтын тұлғаны таңдайды;
Қоғамның қаржылық-шаруашылығын жүргізетін және қызығушылығын үшінші тұлға алдында қоғам органдарын оқытуға дейін көрсететін тұлғаны таңдайды;
Қоғам жарғысын бекітеді.
Акцияны орналастырмас бұрын бірнеше құрылтайшылар жиналысы өткізу керек. Осыған орай шешімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін барлық жақ құрылтайшыларының қатысуымен жүзеге асырылады. Бірінші құрылтайшылар жиналысында әр құрылтайшы бір дауықа ие бола алады. Келесі құрылтайшылар жиналысында да егер ол туралы құрылтайшылар келісім-шартында көрсетілмесе, әр құрылтайшы бір ғана дауысқа ие. Құрылтайшылар жиналысының шешімі барлық құрылтайшылар қол қойған хаттамамен бекітіледі.
Құрылтайшылық келісім-шарт жазбаша түрде бекітіледі Құрылтайшылар мен оның өкілдіктерінің қолдары қойылады Нотариуспен куәландырылады.
Қоғам жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық статусын анықтайтын құжат болып табылады. Жарғы мазмұны мынадай болуы тиіс:
акциясын куәландыратын хұқық көлемін қоса алғанда мәлімет;
Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілері
мен Заңына сәйкес басқа да жағдайлар.
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың номиналды бағасымен төлеген акция қаражатымен қалыптасып және Қазақстан Республикасы валютасымен көрініс табады. Қоғамның жарғылық капиталы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда бекітілген талаптармен жүзеге асады.
Акциялардың алдын ала төлемі олардың
мемлекеттік тіркелуінен кейін отыз күн
ішінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшерімен
құрылтайшылар арқылы төленеді. Қоғамның
жарғылық капиталының өсуі қоғамның жарияланған
акцияларының орналасуына байланысты.
Қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшері
50 000 еселік айлық есептік көрсеткішке
тең. Бұл ҚР Сәйкес қаржы жылдағы республикалық
бюджет туралы заңымен бекітілген.
Қоғам жай және ерекше акциялар шығаруға құқылы.
Акция бөлінбейді. Егер акция бірнеше тұлға иелігіне жататын болса, олардың барлығы бір акционер болып акцияны қолдануға құқықты пайдалана алады.
Қазақстан Республикасы Заңнамалық актілермен мыналарға шектеу қойылуы мүмкін:
Қоғам басқа
да құнды қағаздар шығаруға құқылы. Оны
шығарудың тәртібі мен талабы, ұсыну мен
алып тастау ҚР заңнамасымен бекітіледі.
1. Мемлекеттiк кәсiпорындарға:
1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар;
2) жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.
2. Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар:
1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;
2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар болып бөлiнедi.
3. Басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған мемлекеттiк кәсiпорын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.
4. (алып тасталды)
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құратын кәсiпорындар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Заңмен белгiленедi.
Мемлекеттiк кәсiпорындардың мiндет-мақсаты:
1. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады:
1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;
2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.
2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың
атаулы тiзбесiн тиiстi жергiлiктi атқарушы
органдар бекiтедi.
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiмет белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.
2. Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы уәкiлдi орган болады.
3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 18-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.
Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 32-бабында айтылған талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.
4. Қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құру монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырылады.
салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты
пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.