Коммерциялық заңды тұлғалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 21:21, реферат

Описание

Ұғым, жан және атқаратын қызметтерім акционерлік қоғам. Мемлекеттік кәсіпорынның мінездемесі. Соучредительского шаруашылықтың қызметінің өзгешеліктері.

Содержание

1.Коммерциялық заңды тұлға,түсінігі
Негізгі бөлім:
1. Акционерлік қоғам
2. Мемлекеттік кәсіпорын
3. Шаруашылық серіктестік
4. Өндірістік кооператив

Работа состоит из  1 файл

Жоспар.docx

— 38.42 Кб (Скачать документ)

2. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн.

3. Қызметi серiктестiкке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың (банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, инвестициялық және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) ақшасы мен басқа мүлiктерiн тартуға негiзделген ұйымдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес шаруашылық серiктестiгi нысанында құрылады. 

                           Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар

1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекеленген түрлерiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, оны құру мен пайдаланудың ерекшелiктерi, мүлкiнiң құқықтық режимi, шаруашылық қызметiн шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актiлерiмен реттеледi немесе арнаулы заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады. 

                         Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар:

1. Азаматтар  ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.

2. Азамат  бiр ғана толық серiктестiкке қатысушы немесе бiр ғана сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.

3. Толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс.

4. Азаматтар  мен өкiлдi, атқарушы және сот билiгi органдарынан басқа заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке қатысушы және сенiм серiктестiгiне салымшылар бола алады.

         Заң актiлерiнде осы мақсаттар үшiн арнайы құрылған атқарушы өкiмет органдары шаруашылық серiктестiгiне қатысушы бола алатын жағдайлар көзделуi мүмкiн.

5. Жауапкершiлiгi  шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн.

6. Шет мемлекеттер,  халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, осы Заңға сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатысады. 

                                                Өндірістік кооператив

           Өндірісті кооператив жеке тұлғалардың жалпы жиынтығынан пайда болады . Кооператив мүшесі екіден аз болмауы керек , және 16 жасқа толған , кооператив мүшесі болуға ерікті және оның қызметіне белсене ат салысатын кез келген жеке тұлға бол алады . Жасы кәмілетке толмаған азаматтың мүше болуына ата -анасының , не қамқоршысының келісімі керек .

       Туынды кооператив жеке кәсіпкерліктің заңмен расталмаған түрінен басқа барлық кәсіпкерлікпен айналыса алады . Мемлекеттік лицензиялау жүргізілетін қызметтерге лицензия болса туынды кооперативке де рұқсат етіледі .  

                                        Құрылтайшылық келісім -шарт

         Өндірісті кооперативтің құрылтайшылық келісім-шартына коммерциялық құпия жазылған құжаттар жатады , және мемлекеттік және басқа ресми органдарға көрсетіледі , сонымен қатар үшінші тұлғаға заңнама негізінде кооперативтік атқарушы органының шешімімен келісіледі . Жазбаша түрде бекітіледі. Барлық құрылтайшылар қол қояды. Нотариуспен куәландырылады  

                                                                 Жарғы

         Өнідірісті кооператив жарғысы мынадай мәліметтермен толығады:

  • кооперативтің фирмалық атауы;

Басқару органдар компетенциялары мен жағдайын жасау және кооператив бақылауы мен олардың шешімінің тәртібі туралы, соның ішінде көп дауыспен  қабылданған шешімге байланысты.

  • кооперативтің таза кірісі мен шығын бөлу тәртібі;
  • кооперативтің таратуы мен қайта құрылуы тәртібі;

Кооперативтің әр мүшесінің пайлық мөлшері, құрамы мен мүлік салымының тәртібі туралы және салым салудағы олардың міндеттерін бұзушылығына жауапкершілік туралы.

      Пайға байланысты шара қолдану барысында кооператив әрбір қарыз-мүшелер үшін үлес өтейді. Үлес мөлшері бухгалтерлік есеп бойынша несие берушінің талабы келіп түскенне бастап анықталады.Үлес ақшалай немесе табиғи түрде баріледі.  

                       Кооператив мүшелерінің мүліктік салымы.

         Өндірістік кооперативтің мүліктік салымын кооператив құру мен қызметіне арналған және шығынды жабудағы алғашқы капитал құрайды. Кооперативке мүліктік салым ақшалай, құнды қағаздармен, заттай, мүліктік хұқықпен, соның ішінде жер пайдалану хұқығы, жеке зияткерлік нәтижелері мен басқа да мүлікпен беріледі. Мүліктік салымның ақшалай түрін тек құрылтайшылардың келісімімен емес, тәуелсіз аудиторлық тексеру арқылы жүзеге асырады. Тәуелсіз аудиторлық тексеру кооперативтің мүліктік салымдары тек ақшалай болса жүргізілмейді. Кооператив мүшелерінің салымы мүлік түрінде берілетін болса, салым мөлшері кооператив мүшелерінің белгілі келісімдерімен мүлікті пайдаланғаны үшін арендалық төлемнен тыс анықталады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                            Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлімі);
  2. Мемлекеттік кәсіпорын туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19маусымдағы N2335 Заңы;
  3. Шаруашылық серіктестіктері туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы  N2255 Қазақстан Республикасының Заңы;
  4. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы 19.03.2010 ж. жағдайына № 415-II, 2003 жылдың 13 мамырынан;

Информация о работе Коммерциялық заңды тұлғалар