Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 21:02, реферат
І. Мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары.
Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады.
Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.
І.
Мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік
қызмет ұғымы және оның
қағидаттары.
Әкімшілік құқықтың құрамдас
бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады.
Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің
бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің
мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері
мен функцияларын іске асыруға бағытталған
лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі
қызметі болып табылады.
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай
ұғымдар пайдаланылады:
1) бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметке орналасуға үмiткер азаматтарға
кәсiптiк даярлығының деңгейiн, құзыреттiлiгiн
және нақты әкiмшiлiк лауазымға сәйкес
келуiн айқындау мақсатында қойылатын
талаптар;
2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе
арнайы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң
функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк
органдарда ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық
функцияларды орындайтын адам;
3) лауазымдық өкiлеттiк – мемлекеттiк
қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын
мемлекеттiк органдардың алдында тұрған
мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiн
нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген
құқықтар мен мiндеттер;
4) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты
– мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын
әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының лауазымдық
өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн
сыныптамалық сипаттамасы;
5) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – мемлекеттiк
саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн,
мемлекеттiк органда лауазымдық өкiлеттiктердi
тұрақты кәсiптiк негiзде жүзеге асыратын
мемлекеттiк қызметшi;
6) мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң
мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға
бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi
атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң
мемлекеттiк органдардағы қызметi;
7) мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк
органда заңнамада белгiленген тәртiппен
республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден
не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын
және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын
iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматы;
8) мемлекеттiк лауазым – нормативтiк құқықтық
актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер
мен лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген
мемлекеттiк органның құрылымдық бiрлiгi;
9) мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы
(сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы
сипатта болатын және саяси мақсаттар
мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты
болатын мемлекеттiк қызметшi;
10) мүдделер қақтығысы – мемлекеттiк қызметшiнiң
жеке басының мүдделiлiгi мен оның өз лауазымдық
өкiлеттiктерiн тиiсiнше атқаруының немесе
жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң
заңды мүдделерiнiң арасында осы заңды
мүдделерге зиян келтiре алатын қайшылық
туындайтын жағдай;
11) ротация – мемлекеттiк саяси қызметшiлердi
мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ
мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң
арасында лауазымдық ауыстыру.
Ескерту. 1-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан
кейiн күнтiзбелiк он
күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
Мемлекеттік
қызметшілердің құқықтық жағдайларын
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23
шілдедегі Заңы реттейді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік
қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы
келесі принциптермен негіз алады: заңдылық,
қазақстандық патриотизм, мемлекеттік
қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар
құқықтарының, бостандықтарының және
заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері
алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының
мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және
өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына
сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға
тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған
тағы басқа принциптері.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының
құрамына мемлекеттік қызметшілердің
саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді.
Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік
қызметке тағайындау, не сайлау негізінде
кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке
орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға
мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан
Республикасының азаматтары болу, жасы
18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби
даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан
Республикасы Конституцияның 24-бабына
сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына,
қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы
бар”. Бұл Қазақстан Республикасының
әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра
алады және одан өз еркімен шығып кете
алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы
келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін
азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген
бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі
бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс
жағдайында ғана жол беріледі” делінген.
Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек
ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді.
Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне
қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына
еріксіз тартылуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау
мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс
істегісі келсе, сонда істей алады. Ол
мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы
мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен
айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза
алады, сурет сала алады және де басқа
еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен,
мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы
мүмкін.Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып
табылады. Қазақстан
Республикасының «Мемлекеттік
қызмет туралы» Заңы бар. Онда мемлекеттік
қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына
анықтама берілген.
Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің
мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған
мемлекеттік органдардағы лауазымдың
өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік
органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін
қызметті иеленген және мемлекеттін міндеттері
мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік
өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік
қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси
және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік
қызметкер — тағайындалуы (сайлануы),
қызметтен босатылуы және қызметінің
айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси
мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға
жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің
төрағалары, әкімдер.
Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік
саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін,
мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде
қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын
мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы,
сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу
бөлімінің меңгерушісі және басқалары.
Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға
негізделеді:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк
қызмет:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық,
атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне
қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң
бiртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының
және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi
алдындағы басымдығы;
5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика
азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол
жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби
даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет
бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң
ерiктiлiгi;
7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi
мен жоғары бiліктiлiгi;
8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн
еңбекке ақыны тең төлеу;
9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар
мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде
қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты
мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк
органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;
10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда
болуы және есептiлiгi;
11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен
қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн
қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен
жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық
және әлеуметтiк қорғалуы;
13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк
мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше
маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны
үшiн көтермелеу;
14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк
мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны
және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны
үшiн жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн
арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне
негiзделедi.
2. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың
ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк
қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған
кезде заңдардың талаптарын басшылыққа
алады және саяси партиялардың, қоғамдық
бiрлестiктер мен олардың органдарының
шешiмдерiне байланысты болмайды.
5-бап. Мемлекеттiк
қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi
орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi
1. Мемлекеттiк
қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган
(бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан
Республикасының Президентiне
1) мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру және
оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк
бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға
қатысу;
2) мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыру үшiн
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру
жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз
құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген
тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер
қабылдау;
3) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына
үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және
бекiту;
4) мемлекеттiк қызмет қызметшiлерi жөнiндегi
республикалық деректер базасын қалыптастыруды
қоса алғанда, мемлекеттiк қызмет кадрлары
жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарына
орналастыру үшiн кадрлар резервiн қалыптастыру;
5) мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне
ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, оларды әлеуметтiк-құқықтық
қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
6) Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының
тiзбесiн және осы Заңға сәйкес өзге де
актiлердi әзiрлеу және оларды Қазақстан
Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;
7) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк
қызметшiлер даярлау, қайта даярлау және
бiлiктiлiгiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде
де, мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
8) мемлекеттiк бағдарламалар бойынша
мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру
мен орналастыруды және мемлекеттiк қызметшiлердi
даярлауды, қайта даярлау мен олардың
бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiру;
8-1) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерден
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны
үшiн берiлген тәртiптiк жазаны мерзiмiнен
бұрын алып тастауға келiсiм беру;
9) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк
қызмет саласындағы заңдарды сақтауын
бақылауды жүзеге асыру;
10) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды атқаруға
арналған конкурстарды өткiзу тәртiбiн белгiлеу,
сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн
бақылауды жүзеге асыру;
10-1) кандидаттың қойылатын бiлiктiлiк талаптарына
сай келуi бөлiгiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымға тағайындауға келiсу;
11) мемлекеттiк органдардың осы Заңды
және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi
бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн
жою туралы ұсыныстар енгiзу;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк
қызмет туралы заңдардың қолданылу мәселелерi
бойынша мемлекеттiк органдардың немесе
лауазымды адамдардың iс-әрекетi мен шешiмiне
жасалған шағымдарын қарау;
13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгiну;
14) мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi
халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға
қатысу;
14-1) мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтердiң
сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге
асыру жүктеледi.
2. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi органдардың
бiрыңғай жүйесiн уәкiлеттi орган мен оған
бағынысты аумақтық бөлiмшелер құрады.
Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi
орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге
асырады.
2-1. Уәкiлеттi органның облыстарда, республикалық
маңызы бар қалада, астанада тәртiптiк
кеңестерi болады, олар туралы ереженi
уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Президентi бекiтедi. P990218
3. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң
шешiмдерi бұйрықтар нысанында ресiмделедi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту
енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08. N 75 (2-1-тармақтың
күшi 2005 жылғы 1 шiлдеден
бастап қолданысқа енгiзiледi;
қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 2-баптан қараңыз)
Заңдарымен.
6-бап. Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi
Мемлекеттiк
органдардың кадр қызметi өз құзыретi
шегiнде:
1) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк
қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне
байланысты шешiмдерiн ресiмдейдi, қызметшiлердiң
жеке iстерiн жүргiзедi, мемлекеттiк қызметшiлердiң
еңбек кiтапшаларына (қызмет ету тiзiмдерiне)
қажеттi жазбалар енгiзедi;
2) мемлекеттiк қызметшiлердiң заңда белгiленген
шектеулердi қабылдауы туралы келiсiмiн
жазбаша нысанда белгiлейдi (өзiне қабылдаған
шектеулердi бұзған жағдайда құқықтық
салдарлар туралы хабардар етедi);
3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың құқықтық
жағдайының мәселелерi жөнiнде ақыл-кеңес
бередi, мемлекеттiк қызметте болумен байланысты
шектеулердiң сақталуын бақылайды;
4) уәкiлеттi органға ұсыну үшiн бос лауазымдар
тiзiмiн, бос лауазымдарды толтыру жөнiнде
өтiнiмдер және өзге де қажеттi ақпарат
дайындайды;
5) мемлекеттiк қызметшiлердi оқытуды, қайта
даярлауды (қайта мамандандыруды) және
олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
6) заңдарда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi
жүзеге асырады.
ІІ. Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі құқықтары мен жіктелуі
Мемлекеттік қызметкер:
Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға: