Мемлекеттік қызмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 21:02, реферат

Описание

І. Мемлекеттік қызметкерлер. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары.
Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады.
Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік қызмет Сангуль.doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар  заңда мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер де көзделген. Мемлекеттік қызметкердің өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға; оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік қызметке мынадай адамдар кабылданбайды:

  • белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп танылған;
  • сот шешімі арқылы белгілі мерзім ішінде мемлекеттік қызметке тұру кұқығынан айырылған;
  • мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бұрын сыбайластық жемкорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе касакана құқық бүзғаны үшін мемлекеттік қызметке түрмастан бір жыл бүрын
  • сот тәртібімен әкімшілік жаза колданылған адам;
  • сотталған және мемлекеттік қызметке кіру сөтінде жаза мерзімін өтеп болмаған немесе жазасы белгіленген заң тәртібімен алынып тасталмаған адам.
 

Мемлекеттiк  қызметшiлердiң құқықтары 
 
Мемлекеттiк қызметшiнiң:  
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;  
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;  
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;  
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;  
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;  
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;  
7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне; 
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға; 
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге; 
10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;  
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз U990321) 
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына; 
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға; 
14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға; 
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға; 
16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметке тұру және оны өту тәртібі

 

    Мемлекеттік қызметке тұрудың заңмен бекітілген шарттарын екі топқа бөлуге болады: саяси мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке тұруы — тағайындау немесе сайлау негізінде, сондай-ақ өзге жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіп және шарттарға орай жүзеге асырылады; мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу және мемлекеттік әкімшілік қызметкердің жоғары санатты қызметке тұру жолымен қызмет бабында жоғарылауы бәсекелік негізде жүзеге асырылады. Азаматтар мемлекеттік қызметке тұру үшін мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуы;
  • заңнамамен тиісті қызметке байланысты өзге талаптар белгіленбеген        болса, жасының он сегізден кем болмауы;
  • тиісті білімі, кәсіби дайындық деңгейі және қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігі.

    Азамат мемлекеттік қызметке тұрған кезде, салық қызметі органдарына, оған құқық ментттігі ретінде жататын мүліктері мен алған табыстары жөнінде мәліметтер тапсыруға міндетті. Азамат міндетті, арнаулы тексерістен өткеннен кейін саяси және өкімшілік мемлекеттік қызметке тұра алады. Саяси мемлекеттік қызметкерлер өз халқы мен Президентке ант береді. Азамат мемлекеттік әкімшілік қызметке тұрған кезде, оған үш айлық, сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметкерлер үшін сынак мерзімі белгіленбейді.    Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызметті атқару кезінде аттестаттаудан өтуі керек. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін аттестаттау — бұл олардың кәсіби даярлық деңгейін, қүқықтың мөдениеті мен азаматтармен жұмыс жасай білу қабілетін айқындау үшін октын-октын өткізіліп тұратын шара.    Екікабат әйелдерден басқа барлық қызметкерлер аттестаттаудан өткізілуге жатады. Мемлекеттік қызметтегі келесі әрбір үш жылы өткен сайын қызметкерлер аттестаттаудан өтеді. Саяси мемлекеттік қызметкерлер аттестаттауға жатпайды. 

7-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн саралау     

1. Мемлекеттiк  қызметшiлер лауазымдарының құрамына  мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси  және әкiмшiлiк лауазымдары кiредi. 
      2. Саяси лауазымдарға:  
      1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз U020828) 
      2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; 
      2-1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментiн (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратын) басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшi, оның орынбасарлары; 
      3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттiк саяси қызметшiлер; 
      4) орталық атқарушы органдарды басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз U990317 
        Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкiн. 
      3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер үшiн лауазымдар санаттары  
белгiленедi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 
      4. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер үшiн лауазым санаттары белгiленбейдi. 
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2007.07.27 N 315, 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 

 

Мемлекеттік қызметкерлердің  өкілеттігін тоқтату  негіздері және олардың  жауапкершілігі

   Саяси мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларының негізінде қызметтерінен кетеді. Қызметтен кету (отставка) дегеніміз — саяси мемлекеттік қызметкерді жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылатын тиісті мемлекеттік қызметтегі міндеттерін атқаруды тоқтатуы. Мемлекеттік қызметте болумен сыйыспайтын қызметтік екілеттігін өрескел бұзу, теріс қылықтар жасау олардың қызметтен кетуіне негіз бола алмайды, бұл оларды жұмыстан шығаруға негіз болады. Саяси және мемлекеттік өкімшілік қызметкерлердін қызметін токтатуына мыналар негіз болады:

  • мемлекеттік органның жабылуы;
  • заңмен белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
  • оның ез құқық меншігіне жататын мүліктерді сенімгерлік басқармасына тапсырмауы;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беруі;
  • саяси мемлекеттік қызметкерге қатысты соттың айыптау үкімінің заң күшіне енуі;
  • саяси мемлекеттік қызметкердің өкілеттігін тоқтатуы жөніндегі тікелей жазбаша өтінішінің негізінде жоғары тұрған басшылық оның қызметтен кетуін кабылдаған кезде;
  • оны атқарып отырған қызметіне тағайындау (сайлау) қүкығы бар лауазым иесінің (органның) тиісті шешім шығаруы (кабылдауы);
  • қызметтен өз еркімен шығу туралы өтініш беруі;
  • келісімшарт мерзімінін бітуі немесе заңнамада көзделген негіздерге сәйкес келісімшарттын бұзылуы;
  • табыстары мен мүлкі туралы жалған мөліметтер беруі;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы;
  • заңда белгіленген жағдайларды коспағанда, мемлекеттік өкімшілік қызметті бөсекеден тыс иеленуі;

аттестаттаудың  жағымсыз нәтижелері. Мемлекеттік әкімшілік  қызметкерді оны осы қызметке қабылдауға құқығы бар мемлекеттік  органның тиісті лауазым иесі қызметтен шығарады. Саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін жауап береді. Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған не ойдағыдай орындамаған, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған, сондай-ақ оның мемлекеттік қызметте болуымен байланысты белгіленген шектеулерді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметкерлерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:

  • ескерту;
  • сөгіс;
  • қатаң сөгіс;
  • қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту;
  • қызметтен шығару.

    Сонымен, мемлекеттік органда белгіленген тәртіп бойынша ақы төленетін қызметте отырған және мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттіктерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер деп танылады. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің аса маңызды құралы болып табылады. Оның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, заңдылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі және жоғары білікті мамандармен жабдықталған болуы керек.

 Мемлекеттік қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, мемлекеттік өкілеттің әрекеті (әрекетсіздігі) мен шешімдерін даулау       

 Солтүстік  Қазақстан облысы Аққайың ауданының  әділет басқармасы аудан сотының  бастамашылығымен «Мемлекеттік  қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың,  қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, мемлекеттік өкілеттің әрекеті (әрекетсіздігі) мен шешімдерін даулау» такырыбына дөңгелек үстелге қатысты.       

 Аққайың ауданының  ішкі саясат бөлімі, прокуратура,  салық басқармасы, Аққайың ауданының  құкықтық сұрактар жөнінде кеңесшісі, Аққайын ауданы бойынша аға сот орындаушысы қатысты.       

 Келесі сұрақтар  қарастырылды:

1)Мемлекеттік  мекемелермен және құқық қорғау  органдармен әкімшілік іс қозғау  жөнінде

2) Аққайың АІІБ инспекторларымен козғалған жақтардың қолдануынътң істерін тоқтату жөнінде

3)ӘҚБ туралы  ҚРК 68 б. бойынша әкімшілік  материалдарды тоқтату.

   Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары  болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.    

Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ  жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.  Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы мүмкін.

  Лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндетттерін жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам;

   Ротация-мемлекеттік саяси қызметшілерді мемлекеттік органдардың арасында сондай-ақ, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің арасында лауазымдық  ауыстыру.

   Осындай басқа да тақырып аясында көптеген мәліметтер газет бетінде жарияланды.

   Мемлекеттік лауазым - мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі;

 14-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға  
             арналған конкурс     

 1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi. 
      2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткiзудiң шарттары мен тәртiбiн, оның iшiнде конкурстық комиссия құру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.  
      3. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттiк орган не Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша уәкiлеттi орган конкурс өткiзу туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде хабарландыру жарияланғаннан кейiн өткiзедi.  
      Конкурс орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнде және ведомстволарда өткiзiлген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергiлiктi мемлекеттiк органдарда конкурс өткiзу туралы хабарландырулар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.  
      3-1. Егер конкурс белгiлi бiр жұмыс мерзiмiмен бос тұрған орынға өткiзiлетiн болса, онда жасалғалы отырған еңбек шартының жағдайы конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлуге тиiс.  
      4. Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар.  
      5. Алынып тасталды - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.  
      6. Конкурстық комиссияның шешiмi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға не мұндай лауазымға кiруге бас тартылуға негiз болып табылады.  
      7. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.  
      8. Тағайындауға құқығы бар адам жарияланған лауазымға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны қабылдауға мiндеттi. Бұл орайда мемлекеттiк қызметке кiру үшiн заңдарда көзделген талаптар сақталуға тиiс.  
      9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызмет үшiн ұсынған конкурсқа қатысушылар уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi құратын кадрлар резервiне тiркелуi мүмкiн.  
      10. Кадрлар резервiне тiркелген конкурсқа қатысушылар оларды тiркеу күнiнен бастап бiр жыл iшiнде қосымша конкурстан өтпестен тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналаса алады.  
      11. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.  
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.06.04 N 204, 2003.03.11 N 393, 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Информация о работе Мемлекеттік қызмет