Н.Хрущев реформаларының қоғам дамуына әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 10:38, реферат

Описание

1953 жылы наурыздың бас кезінде Сталиннің қаза болуынан кейін партиялық- мемлекеттік аппаратта билік үшін жанталасқан бақталастық басталды.Көсемінен айырылған Кремль сарайындағылар жаңа саяси айлакерлік пен қулық-сұмдық күресіне бел шеше кірісіп кетті,оның бәрі партия құжаттары қарарларында көрініс тапты.

Работа состоит из  1 файл

Хрущев тарих.doc

— 76.00 Кб (Скачать документ)

       

 КСРО-да өнеркәсіп саясаты, елдің басшыларына тәуелді, субтілік- ырыққа көндіру бағытында жүргізілді, жарыстың нәтижесін базистік салалар диамикасы (металлургия, көмір мен темір кенін қазу және т.б.) анықтайды деген ескі қағидадан арылмады. Сондықтан г.Маленковтың ауыр индустриямен салыстырғанда жеңіл өнеркәсіптің даму мүмкіндіктері туралы тезис ұсынуы тегін емес еді, алайда  Н.Хрущев  бастаған кеңес басшыларының халық шаруашылығын дамытудың ғылыми негізделген жоспары болмады. ОК- нің қаңтар (1955) Пленумында сөйлеген сөзінде байыпты айтылған Г.Маленковтың тезисін «Рыков,Бухарин және басқалар оқытқан, ленинизм көзқарасына жат, оңшыл ауытқушылар сандырағы» деп бағаланды. 

  Экстенсивтендірудің  кезекті айналымы қарқын ала  бастады.Адымдағыш экскаваторлардың  алып болжаулары кен қатпарына  қарш-қарш қадалып, өзінен кейін кен орнын үңірейген ғаламат апаттарын қалдырды, жаңадан қосылған зауыт мұржалары қалаларды бұрынғыдан бетер көк түтінге орады, сотталғандар тобымен химияға (химия комбинаттары салынып жатқан жерге орналастыру) жөнелтілді. «кен қазуды болат,шойынды т.б. өндіруді еселей түсуді талап еткен» елде  «коммунизм құрылысы» қарыштады.  

  Қазақстанда  тек 1960 өзінде 83 ірі өнеркәсіп орны пайдалануға берілді. Осы уақытта республикада отын энергетика базасы дамыды. Қарағанды көмір бассейнінде оннан астам ірі шахта және байыту фабрикалары іске қосылды.  1955 жылы Екібастұз 2 млн тоннадан астам көмір (көмірді ашық қазу әдісімен) берді. Осы жылдары су электр станциялары, Жезқазған мен Жамбылдағы жылу электр станциялары пайдалануға берілді. Қарағанды, Шымкент және басқа да жылу- электр орталығының қуаттары арттырылды.  Республикада электр қуатын шығару екі еседен де астам, оның ішінде су энергиясы бес есе өсті. 

  1960 жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылмен салыстырғанда 732%-ды құрады. Осы жылы ертіс химия металлургия зауты іске қослды. Онда елде тұңғыш рет жер қойнауында сирек кездесетін элементтер мен сирек металдарыд өнеркәсіптік өндірудің тұтастй кешені іске қосылды.1957 жылы Соколов Сарыбай кен орны базасында салынған елдегі аса ірі Жезқазған комбинаты өнім бере бастады. Атасу кен орны рудаларына негізделген Қарағанды металлургия зауыты толық өндіріс циклімен жұмысқа кіріске. 

     Сірә Қарағанды металлургия зауытын салуға байланысты болған қайғылы оқиғаны осы жерде айта кеткен жөн болар. Сталин айыптаған КОКП ХХ съезінен кейін кеңестік басшылық, оның атымен ғана қоштасып тоталитарлық әміршіл жүйені сақтап қалды, кез келген әлеуметтік және саяси шиеленісті тек қана үйреншікті қудалау тәсілімен ғанa шешіп отырды. 

    Қарметті салу (Қарағанды облысындағы теміртау қаласында) бүкілодақтық жастар құрылысы деп жарияланды. Комсомолдың жолдамасымен мұнда елдің түпкірінен сан мыңдаған жастар келді. 1959 жылы Қазақстан Магнитасында 25.5 мың адам, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған бірнеше мың ұл қыздар жұмыс істеді. 

     Партия кеңес қызметкерлері, сондай ақ шенеуніктер, жастар энтузииасын саудаға салып, жұмысшы күші дегеннен қиындық көрмеді, жұмысқа басшылық жасаушылар құрылыстағы еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру дегенге мүлдем мән бермеді, мәдени, тұрмыстық және баспана салу мәселелеріне де көп көңіл аудармады. 

      Жұмысқа тартылмай қалған адамдар, көбінесе жалақысы төмен жұмысқа (тоқтап қалған экскаватор орнына), жер қазуға пайдаланды.Көптеген адамдар шатырларда тұрды. Теміртау қаласының шығыс бөлігінде тұратын 31 мың құрылысшының 1300 ғана асханада тамақтана алды, ауруханада мың адамға 3.5 төсек (құрылыста жарақаттану өте жиі болып тұратын) мектеп жасындағыларға 55, мектепке дейінгілерге 6 орын ған тиесілі болды. Нан ман ауыз су жетіспей қалатын кез жиі қайталанып тұрды.  

  ...1959 жылы 1 тамызда , сенбі күні бір топ жұмысшылар асханаға бет алады,содан ешбір жерден тамақ іше алмайды (асхананың бәрі жабық болатын). Ақыры ыза-ашуға кернеген жұмысшылар шеруге шығады. (олардың ішінде комсомолдық беделден жұрдайлар, тіпті сотталғандар да бар еді, тобырды бас бұзарлық әрекетке итермелегендер де солар болатын). 

   Одан арғы әрекет ашуға ерік берген қалың нөпірдің қимылына (милиция бөлімшесін талқандау,универмагты тонау және т.б.)ұласты. Әміршіл биліктің өз заңы бойынша бұған қарама қарсы шаралар ұйымдастырылды,милиция келтіріп,әскер алдырды. Кімнің әмірімен болғаны беймәлім,милиция мен солдат жағынан бірі-біріне қарсы бей-берекет оқ атылды. 

     Соцлагерь одақтастары, сонымен бірге «прогресшіл режимдер» мен             « империализмге қарсы» қозғалыстардың әрқайсысы  көрпені өздеріне тартты. Елдің бюджетіне өнім өндірмеітін әскери өнеркәсіп кешені аса ауыр салмақ түсірді. Біркелкі жұпыны киінген кеңес халқы тұңғыш ғарышкерлерге шынайы мақтаныш сезімімен қол соқты, ал тап сол кезде Тынық мұхитының «А» квадратына кезекті баллистикалық зымыран ұшыру сынағы түрінде «Эшелондаған жанармай» тоғытылып жатты. Елге Байқоңыр зымыранының ғарыш кешенінің немесе Семей атом полигонындығы жарылыстың қаншалықты қаржы мен қиындыққа түскенін ешқашан біле алмайтын шығармыз. Соғыс мақсатында қолдануға жарамды әрбір ғылыми-техникалық жаңа идея пайда болысымен оған қолма-қол қоғам қорын кезекті жұмылдыру басталды,  оның есесінe ең күшті держава мақтанышы мен елдің уақытша әскери өнеркәсіп басымдылығына қол жеткізу сезіну ғана толтырды. Жанталаса қарулану жолына бағындырылған ғылыми техникалық прогресс, Кеңес адамының тұрмысын жақсартуға емес өзінің табиғатына кереғар, оның лайықты өмір сүру құқығына нұқсан келтіру бағытында жұмыс істеді. 
 

  Қарастырылып отырған кезеңде,  яғни Н.Хрущев тұсында   халықтың тұрмыс жағдай мен өмір сүру деңгейі, өсу жағына қарай бет алғандығы туралы әдебиеттерде сан  мәрте жазылды. Сол замандағы аштық пен жоқшылықты, сталиндік тығырық пен үpейді, соғыс жылдарындағы азапты бастан кешкен адамдар,оның қандай кез болғанын ұмыта алмайтын шығар. Алайда тарихты бүгінгі сыни көзқараспен пайымдағанда, мемлекет өзінің әміршіл-әкімшіл жүйесінен бас тартқан жағдайда азаматтарына бұдан да жүз есе артық жақсылық жасаған болар еді.   

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                  Жоспар: 

І Кіріспе:

    1953  жылдағы КСРО-ның жағдайы. 

ІІ.Негізгі:

 А) Хрущевтің билік басына келуі.

 Б)  Хрущев  реформасы

 С) Реформаның  қоғам дамуына әсері. 

ІІІ Қорытынды. 

ІY Пайдаланылған әдебиеттер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                        

                      Пайдаланылған әдебиеттер: 

І. «Қазақстан тарихы»  V томдық Алматы 1994 жыл.

ІІ. «Қазақстан тарихы очерктері.»  Алматы 1994 жыл.

ІІІ. «Қазақстан тарихы» М.Чапай Алматы 2005 жыл

VI. www.google.ru

  
 
 
 

Информация о работе Н.Хрущев реформаларының қоғам дамуына әсері