Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 06:23, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Сыйға тарту шарты ұғымы .......................................................................... 6
1.2 Сыйға тарту шартының элементтері............................................................ 7
1.3 Сыйға тарту шартының нысаны................................................................... 9
1.4 Сыйға тарту шартының тараптары................................................................14
ІІ. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1 Сый алушының сыйды алудан бас тартуы..................................................16
2.2 Сыйға тартуға тыйым салу.............................................................................16
2.3 Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту.................................................17
2.4 Сыйға тартудың күшiн жою...........................................................................17
III. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
3.1 Сыйға тарту шарты бойынша тараптарының құқықтары мен міндеттері.19
3.2 Сыйға тарту шарты бойынша жауапкершілік..............................................20
3.3 Сыйға тарту шартының тоқталуы..................................................................21
Қосымша материалдар.......................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
СІЛТЕМЕЛЕР.......................................................................
Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкін.
Ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгілеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады.
Егер қосылу шарты
заңдарға қайшы келмегенімен, бұл
тарапты осындай шарттар
Осы баптың 2-тармағында кезделген мән-жайлар болған кезде, өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына байланысты шартқа қосылған тараптың шартты бұзу туралы қойған талабы, егер қосылған тарап шарттың қандай жағдайларда жасалғанын білсе немесе білуге тиіс болса, қанағаттандырылуға жатпайды.
Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта кезделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негізгі шарт) жасасуға міндеттенеді.
Алдын ала жасалатын шарт негізгі шарт үшін заңдарда белгіленген нысанда, ал егер негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады. Алдын ала жасалатын шарт нысаны туралы ережелердің сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.
Алдын ала жасалатын шартта негізгі шарттың мәнін, сондай – ақ басқа да елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін ережелер болуға тиіс.
Алдын ала жасалатын шартта тараптар негізгі шартты жасасуға міндеттенетін мерзім көрсетіледі.
Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзім белгіленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бір жыл ішінде жасалуға тиіс.
Алдын ала жасалатын шартта көзделген міндеттемелер, егер тараптар негізгі шартты жасасуға тиіс мерзім біткенге дейін ол жасалмаса не тараптардың бірі екінші тарапқа бұл шартты жасасуға ұсыныс жібермесе, тоқтатылады.
Егер ниеттер туралы хаттамада (ниеттер туралы шартта) тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру ниеттері тікелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкеліп соқтырмайды.
Тараптар несие берушіге
емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген
және борышқордан міндеттемені өзінің
пайдасына орындауды талап етуг
Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, үшінші жақ борышқорға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап тараптар өздері жасасқан шартты үшінші жақтың келісімінсіз бұза алмайды немесе өзгерте алмайды.
Борышқор шартта өзінің несие берушіге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшінші жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы.
Үшінші жақ шарт бойынша өзіне берілген құқықтан бас тартқан ретте несие беруші, егер заңдарға және шартқа қайшы келмесе, бұл құқықты пайдалана алады.
Сот шарт ережелерін түсіндірген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердің сөзбе-сөз мәні ескеріледі. Шарт ережесінің сөзбе-сөз мәні түсініксіз болған ретте ол бүкіл шарттың басқа ережелерімен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.
Егер осы баптың бірінші тармағындағы ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкін болмаса, шарт мақсатын ескере отырып тараптардың шын мәніндегі ортақ анықталуға тиіс. Бұл орайда шарт жасасу алдындағы келіссөздер мен хат жазысуды, тараптардың өзара қатынастарында орныққан тәжірибені, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарды, талаптардың бұдан кейінгі мінез-құлқын қоса алғанда, тиісті мән-жайлардың бәрі ескеріледі.
1.4 Сыйға тарту шартының тараптары
Сыйға тарту шартының тараптары сый беруші мен сый алушы болып азаматтық құқықтың барлық субъектілері келуі мүмкін. Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар (ұйымдастырушылық-құқықтық нысанаға қарамастан), мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіиің 22 казан, 1998 жылғы 637-қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектілеріен мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуымен ұйымдарға арендаға немесе сенімгерлікітен басқаруға берілген қолданылмайтын өндірістік ғимараттар, объектілер және офистік ғимараттарды меншігіне беру ережесі бекітілген болатын.[5]
Бұл ереже Қазақстан
Ал егер мемлекеттің басқа жағдайда сыйға беруі туралы айтатын болсақ, мынаны ескеру керек. Әкімшілік акт негізінде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға мүлік (компьютерлер, кітаптар, құрал-саймандар, ғимараттар және т.б.) оларды жедел (оранымды) басқаруына шаруашылық жүргізуіне беріледі. Бұл қатынастарды сыйға тарту болуы мүмкін емес, өйткені меншік иесі бар-ол мемлекет. Бұл жағдайда қайырымдылық тек жеке меншік нысанындағы занды тұлғалар пайдасына жайлуы мүмкін.
Сый беруші болып әрекет
қабілеттілігі бар әрекет ете
алады. Сыйға тарту мүмкіндігі 14
жасқа дейінгі кәмелетке
Егер сыйға тартушы
14 пен 18 жас аралығындағы көмелетке
толмаған немесе әрекет
ІІ. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1 Сый алушының сыйды алудан бас тартуы
Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез
келген уақытта одан бас тартуға құқылы.
Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған
деп есептеледi.
Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде
жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде
жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты тiркелген
жағдайда (508-баптың 3-тармағы) сыйды алудан
бас тарту да мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде
жасалған болса, сый берушi сый алушыдан
сыйды алудан бас тартқаны үшiн өзiне келтiрiлген
нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.
Сыйға тартуды шектеу. Заты шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң келiсiмiмен өзiнiң затын сыйлауға құқылы. Бұл шектеу құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға қолданылмайды.
Бiрлескен ортақ меншiктегi мүлiктi сыйға тартуға бiрлескен меншiктiң барлық қатысушыларының келiсiмi бойынша осы Кодекстiң 220-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып жол берiледi.
Сый берушiге тиесiлi талап құқықтарын үшiншi тұлғаға сыйға тарту осы Кодекстiң 339-343, 345, 346-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
Үшiншi тұлға алдында сый алушының мiндеттерiн орындау арқылы сыйға тарту осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
Үшiншi тұлға алдында
сый берушiнiң сый алушы
Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенiмхатында сый алушы аталмаса және сыйға тартатын заты көрсетiлмесе, ол жарамсыз болады.
2.2 Сыйға тартуға тыйым салу
Құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:
1) жас балалар мен
iс-әрекетке қабiлетсiз деп
2) емдеу, тәрбиелеу
мекемелерiнiң, әлеуметтiк
3) мемлекеттiк қызметшiлерге
олардың лауазымдық жағдайына
байланысты немесе олардың
2.3 Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту
Егер шарт жасалғаннан кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы шартты жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе, сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат немесе құқық беру уәдесiн немесе сый алушыны мүлiктiк мiндеттен босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Сыйға тартушы келешекте
сый алушыға зат не құқық беру
уәдесiн, не сый алушыны оған сыйға
тартуды өзгерту құқығын берушi негiздемелер бойынша мүлiктiк мiндеттемеден
босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан
бас тартуға құқылы (осы Кодекстiң 512-бабының
1-тармағы).
Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген
негiздемелер бойынша сыйға тартушының
сыйға тарту шартын орындаудан бас тартуы
сый алушыға залалдарды өтеудi талап ету
құқығын бермейдi.
Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту туралы (осы Кодекстiң 511-бабы) және сыйға тартудың күшiн жою туралы (осы Кодекстiң 512-бабы) ережелер құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықтарға қолданылмайды (осы Кодекстiң 510-бабының 1-тармағы).
2.4 Сыйға тартудың күшiн жою
Егер сый алушы сыйға тартушының өмiрiне, оның отбасы мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының бiреуiне қастандық жасаса не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшін жоюға құқылы.
Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтiрген жағдайда сотта сыйға тартудың күшiн жоюды талап етуге сыйға тартушы мұрагерлерiнiң құқығы болады.
Егер сый алушының сыйға тартушы үшiн үлкен мүлiктiк емес құндылық болып саналатын сыйланған затты ұстауы оның бiржола жойылу қаупiн тудырса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн сот тәртiбiмен жоюды талап етуге құқылы.
Сот мүдделi тұлғаның талап
етуi бойынша, жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның оның кәсiпкерлiк
қызметiне байланысты банкроттық туралы
заң актiлерiнiң ережелерiн бұза отырып
жасаған сыйға тартуының күшiн мұндай
тұлғаны банкрот деп жариялаудың алдындағы
бiр жыл iшiнде жоя алады.
Сыйға тарту шартында, сый берушi сый алушыдан
ұзақ өмiр сүрген жағдайда, сыйға тартудың
күшiн жою құқығы ескертiлуi мүмкін.
Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда,
егер сыйланған зат сыйға тартудың күшi
жойылған кезге дейiн сол күйiнде сақталса,
сый алушы оны қайтаруға мiндеттi.
Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту туралы (осы Кодекстiң 511-бабы) және сыйға тартудың күшiн жою туралы (осы Кодекстiң 512-бабы) ережелер құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықтарға қолданылмайды (осы Кодекстiң 510-бабының 1-тармағы).
Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан сый алушы азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтiрiлген зиянды, егер бұл кемшiлiктер сый алушыға затты беруден бұрын пайда болғаны дәлелденсе және анық кемшiлiктер қатарына жатпаса, ал сыйға тартушы ол жөнiнде бiле тұра сый алушыға ескертпесе, осы Кодекстiң 47-тарауында көзделген ережелерге сәйкес сыйға тартушы өтеуге тиiс.
III. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
3.1 Сый алушы құқықтары мен міндеттері
Сый алушының сыйды алуға құқығы бар. Егер сыйға тарту шартының нысанасы белплі бір зат болса және сый беруші өз уәдесін орындамаса, сый алушы оны беруді талап ете алады. Егер заттар тектік болса, немесе сыйға тартудың нысанасы болып мүліктік құқық келсе, ол келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге қүқылы.
Басқа мәмілелер сияқты сыйға тарту шарты кейбір жағдайларда шартты болып табылады. Бүл Қазақстан Республикасы-ның азаматтық, заңнамасында кейде тікелей қарастырылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінін 511-512-6). Өзінің заңды әсеріне сәйкес олар мәміде күшін жоятын шарт-тарға жатады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі-нің 150-6, 2-тармағы). Сыйға тарту шартында бүл тәсілді қолдану шарттың жағдайына байланысты, яғни заңнамада диспози-тивтік реттеу қолданылган. Жалпы тәртіп бойынша мәміледегі (сыйга тарту шарты) жою шарты пайда болса, сыйға адушы оған сый берілуін тадап ету құқығынан айырылады.