Сыйға тарту шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 06:23, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Сыйға тарту шарты ұғымы .......................................................................... 6
1.2 Сыйға тарту шартының элементтері............................................................ 7
1.3 Сыйға тарту шартының нысаны................................................................... 9
1.4 Сыйға тарту шартының тараптары................................................................14

ІІ. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1 Сый алушының сыйды алудан бас тартуы..................................................16
2.2 Сыйға тартуға тыйым салу.............................................................................16
2.3 Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту.................................................17
2.4 Сыйға тартудың күшiн жою...........................................................................17

III. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

3.1 Сыйға тарту шарты бойынша тараптарының құқықтары мен міндеттері.19
3.2 Сыйға тарту шарты бойынша жауапкершілік..............................................20
3.3 Сыйға тарту шартының тоқталуы..................................................................21

Қосымша материалдар.......................................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28
СІЛТЕМЕЛЕР.......................................................................

Работа состоит из  1 файл

Сыйга тарту шарты - Азаматтык кукык.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

       15. Ақша  түріндегі мүлік тиісті бюджеттің  кірісіне есептеледі. Шетел валютасы  осы Қағиданың 7-тармағында көзделген  шешім қабылданған күні не меншік иесінің болашақта мүлік құқығын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын шартта белгіленген беру күні айқындалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

       Бюджетке  салықтық емес түсімдер болып  табылатын көрсетілген ақшалай  қаражатты тиісті бюджетке аударуды  меншік иесі осы Қағиданың  7-тармағында көзделген шешім  қабылданғаннан кейін күнтізбелік  жиырма күн ішінде мемлекеттік  жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік орган бекітетін Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтарына жүргізеді. Меншік иесінің болашақта мүлік құқығын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шарты бойынша ақшалай қаражатты аудару сыйға тарту шартында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

       16. Сыйға  тарту шартының негізінде жер  учаскелерін жеке меншіктен мемлекеттік  меншікке беру Қазақстан Республикасының  Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер  ескеріле отырып жүзеге асырылады.

       17. Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншік құрамына жалпы пайдалы мақсаттарда беру (қайырмалдық) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

       18. Мемлекеттік  органдар мүлікті мемлекеттік  меншікке қабылдау қажеттігінің жоқ екендігі туралы қорытындылар ұсынған жағдайда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүліктің меншік иесіне мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудан бас тартуды жазбаша түрде жібереді.

 

3. Сыйға тарту шарты бойынша болашақта мемлекетке мүлік

құқығын беру тәртібінің ерекшеліктері

 

       19. Орынды  болған жағдайда меншік иесінің  мүлік құқығын болашақта республикалық  меншікке өтеусіз беру уәдесін  қамтитын сыйға тарту шартын  жасасу туралы шешімді мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.

       Бұл  ретте, егер мемлекеттік емес  заңды және жеке тұлғалар мүлкінің  құны айлық есептік көрсеткіштің 30 000 еселенген мөлшерінен асқан  жағдайда, меншік иесінің мүлік  құқығын болашақта республикалық  меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шартын жасасуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі қажет.

       Меншік  иесінің мүлік құқығын болашақта  коммуналдық меншікке өтеусіз  беру уәдесін қамтитын сыйға  тарту шартын жасасу туралы  шешімді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

       20. Меншік  иесінің мүлік құқығын болашақта  мемлекеттік меншікке өтеусіз  беру уәдесін қамтитын сыйға  тарту шарты осы Қағиданың  10-тармағына сәйкес жасалады.

       Меншік  иесінің мүлік құқығын болашақта  мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шартында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не оның аумақтық бөлімшесінің немесе жергілікті атқарушы органның сыйлық мемлекетке берілгенге дейін кез келген уақытта одан бас тарту құқығы көрсетіледі.

       21. Меншік  иесінің мүлік құқығын болашақта  мемлекеттік меншікке өтеусіз  беру уәдесін қамтитын сыйға  тарту шартында белгіленген мүлік  құқығын меншік иесі мемлекетке  іс жүзінде берген күнге дейін  кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын  мемлекеттік меншік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүліктің меншік иесінен мүліктің құны туралы және үшінші тұлғалардың мүлікке құқығын жоқ екендігі туралы мәліметтерді сұратады.

       22. Мемлекет  мүлік жөніндегі уәкілетті орган  немесе жергілікті атқарушы органдар мүліктің құны туралы және үшінші тұлғалардың мүлікке құқығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттің осы мүлік құқығына ие болу қажеттігі туралы бұрын ұсынылған қорытындыны растауды ұсыну үшін мүлік туралы құжаттарды мемлекеттік органдарға жолдайды.

       23. Құжаттарды  алған күннен бастап күнтізбелік  10 күн ішінде мемлекеттік орган  мемлекеттің мүлік құқығына ие  болу қажеттігі туралы бұрын  ұсынылған қорытындыны растауды  мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.

       24. Мемлекеттік  орган мүлікті мемлекеттік меншікке  қабылдау қажеттігі туралы бұрын  ұсынылған қорытындыны растауды  ұсынған кезде растауды алған  сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде мүлікті қабылдау-беру актісі (беру актісі) ресімделеді.

       Егер мемлекеттік орган мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі туралы бұрын ұсынылған қорытындыны растамаған жағдайда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі немесе жергілікті атқарушы орган сыйдан бас тартады және бас тартуды жазбаша нысанда ресімдейді. Егер сыйға тарту шарты тіркелген болса, сыйдан бас тарту да мемлекеттік тіркелуге жатады.[5]

 

    Меншік құқығы ұғымы және оның мазмұны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабында қаралған. Осы бапқа сәйкес, билік құқығы дегеніміз – мүліктің заңмен қамтамасыз етілуі. Меншік иесі мүлікке билік етіп, өз мүлкін басқа адамдардың меншігіне беруге, соның ішінде сыйға беруге құқылы.

Сыйға тарту шартының талаптары аталған заңның 506-бабында  қаралған. Заңда сыйға тарту шарты  бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оның өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді делінген. Міне, осы сыйға тарту шартының басқа шарттардан осындай ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, сыйға тартылатын мүлік тегін беріледі, яғни сыйды алушыдан қарсы ұсыныс алмайды. Егер де қарсы ұсыныс орын алған болса, ондай жағдай тарту болып саналмайды. Және сыйға тарту бір жақты шарт болмайды. Сыйды алушының келісім болғанда ғана, тараптар арасында шарт жасалып мүлік сыйды алушыға тегін беріледі. Сонымен қатар сыйға тартушының мүлікті басқаның меншігіне келешекте беруге міндеттеме алуы да сыйға тарту шарты болып есептеледі.

Жоғарыда айтылғандай, сыйды алушы тарапынан сыйды  тартушыға қарсы ұсыныс жасалмауы  қажет. Алайда, азаматтар көп жағдайда, бұл талаптарды сақтамай, өзара сыйға тарту шартын жасап, кейіннен соттың шешуіне жүгінетін де фактілер кездесіп жатады. Мәселен, азамат Е. өзінің меншігіндегі бір бөлмелі пәтерін азамат Ш-ға сыйға береді. Ал соңғы азамат Е-ні өмірінше қарауға (күнделік ішетін асын әзірлеу, киімдерін жуу және т.б.) міндеттенеді. Аталғандар арасында белгілі бір міндеттеме орын алғанымен азамат Е-нің бір бөлмелі пәтері азамат Ш-ға сыйға тарту шартымен өтеді. Азамат Ш. пәтерге меншік құқығын алғаннан кейін, өз міндеттемесін дұрыс орындамаған. Сөйтіп, өзара келісе алмаған соң азамат Е. сотқа талап арыз беруге мәжбүр болады. Осы талап арызда айтылған мән-жайлар сотта қаралу кезінде толығымен анықталды.

Содан Тараз қалалық  сотының шешімімен талапкер Е-нің  арызы толығымен қанағаттандырылды.

Яғни, бұл оқиғада сыйға  тарту шартының негізгі ерекшелігін  тараптар сақтамаған. Соның салдарынан өзара жасалған мәміле сот шешімімен  жарамсыз деп танылды.

 

 

 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       

 

 

 

 

 

                                              ҚОРЫТЫНДЫ

 

        Берілген курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. І- бөлімі «Сыйға тарту шартының түсінігі»:

- Сыйға тарту шартының  ұғымы;

- Сыйға тарту шартының  элементтері;

- Сыйға тарту шартының нысаны деп аталады да, ол екі жеке бөлімдерден тұрады. Бұл бөлімде сыйға тарту шартының ұғымы, мағынасы және түрлері қарастырылды.

Сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы жоғарыда айтып  кеткендей оған қарсы берілетін  заттың немесе құқықтың болмауында көрініс табады. Ал егер мүлікке ақы төленетін болса және ол бірнеше мәрте өз құнынан аз төленетіп болса да бұл шартты сыйға тарту деп қарастыруға болмайды.

Сыйға тарту шартының нысанасын ол қандай түрге жататындығы әсер етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 516-бабына сәйкес жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырымдылық деп танылады. Қарастырылған норманың мазмұнынан біз қайырымдылық нысанасы болып тек зат немесе мүліктік құқық табылатынын көре аламыз.

        ІІ бөлімі: «Сыйға тарту шартының құқықтары мен міндеттері» бөлімінде мынадай мәселелер қарастырылды:

- Сый алушының сыйды алудан бас тартуы

- Сыйға тартуға тыйым  салу

- Сыйға тарту шартын  орындаудан бас тарту

- Сыйға тартудың күшiн  жою

        Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерікті. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді.

Егер шартта оны жасасатын  жер көрсетілмесе шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жерінде жасалған болып  танылады.

Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Тараптар заңдарда көзделген түрлі шарттардың элементтері бар шарт жасаса алады (аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады.

 

       III бөлімі: “Сыйға тарту шартының мазмұны” бөлімінде:

- Сый алушы құқықтары  мен міндеттері

- Сыйға тарту шарты  бойынша жауапкершілік

- Сыйға тарту шартының  тоқталуы

        Тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді.

Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген  реттерде, егер тараптардың келісімімен  өзгеше белгіленбесе, тараптар өздерінің  келісімдерімен қалыптың қолданылуын  жоя алады немесе сол қалыпты  көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.

Егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып  белгілемеген болса, тиісті жағдайлар  тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік қызмет  өрісіндегі әдеттегі құқықтармен белгіленеді.

 

Сыйға тартушы келешекте  сый алушыға зат не құқық беру уәдесiн, не сый алушыны оған сыйға тартуды өзгерту құқығын берушi негiздемелер бойынша мүлiктiк мiндеттемеден босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы (осы Кодекстiң 512-бабының 1-тармағы).  
    Сый алушының сыйды алуға құқығы бар. Егер сыйға тарту шартының нысанасы белплі бір зат болса және сый беруші өз уәдесін орындамаса, сый алушы оны беруді талап ете алады. Егер заттар тектік болса, немесе сыйға тартудың нысанасы болып мүліктік құқық келсе, ол келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге қүқылы.

Сыйға тарту шартына  да жауапкершіліктер туралы жалпы ережелер қолданынылады, бірақ жауапкершілік  үшін басқа шарттарға қарағанда  сыйға тарту шартында негіздер аздау  болады. Сыйға тартушы сый беруге уәде берген кезде оны орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптьг болады. Біздің пікіріміз бойынша ақша сыйлауға уәде берілген болса, сыйға тартушыга ҚР АК 353 бабы қолданылуы тиіс және озге жағдайларда да оның жауап-кершілік сый алушы шеккен нақты нұқсан мен шектелуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СІЛТЕМЕЛЕР: 

Нормативтік актілер:

 

[1] – Қазақстан Республикасының Конституциясы - 30.08.1995ж

[2] - Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1- бабы, 1-тармағы

 

[3] - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылғы 19-маусымда қабылданған "Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы" заң

 

[4] - Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық Кодексі.

 

[5] - «Мемлекеттік мүлік  туралы» Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының  27-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы

 

[6] - Қазақстан Республикасының Президентінің «Жеке кәсіпкерлікті күшейту жөне активизациялау» туралы 6 наурыз, 1997 жылғы 3398 Жарлығы

 

[7] – Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңының 4-бабы, 2-тармағы

 

Пайдаланылған қосымша әдебиеттер:

 

[8] - Богатых Е.А.//Гражданское и торговое право//М : ИНФРА. 1996.-167 бет.

 

[9] - Гражданское право – Учебник - Часть ІІ - Под рс.т. А.П.Сергеева//К. Толстого//М.: Проспект, 1997.120 б.

 

[10] - Гражданское право//Алматы-2005

 

[11] - Жайлин Ғ.А.//Азаматтық құқық - Ерекше бөлім - І том //Алматы-2006

 

[12] - Ф. Карагусов// Правовая реформа бездокументальных ценных бумаг - Материалы научно-практической конференции// Юридическая газета-23.07.1999

 

[13] - ҚР Азаматтық құқығы//Алматы-2006

 

[14] - http://www.egov.kz

 

[15] - http://oblsot.zhambyl.kz

 

[16] - http://195.12.104.236

 

[17] - http://adilet.minjust.kz




Информация о работе Сыйға тарту шарты