Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:21, курсовая работа
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады .
КІРІСПЕ
Кез-келген қоғамда
құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық
сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды
және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа
қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері,
шарттары себептерінің әр түрлілігіне
қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік
құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге
жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық
бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар
бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне
заңдық жауапкершілік алатын қоғамға
зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның
құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық
бұзушылыққа ұласады .
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:
1. Кез-келген құқық
бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен
үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған
әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін
еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық
белгілері саласында қарастырыла алмайды,
мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы
немесе ой образы. Дегенмен, егер олар
нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет
немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда
бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе
басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды.
Карл Маркс осымен байланысты “осы сияқты
басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар,
әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың
позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе
емес” деген . Бірақ та сот нақты іс бойынша
шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін
жазалауы мүмкін және жазалайды.
2. Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық бұйрығына іске асады. Құқыққа қарсы мінез-құлық азаматтық-құқықтық, тәртіптік қылықтарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және қылмыстарды жасауда көрінеді.
Жалпы, құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады.
Заңды жауаптылық – құқық бұзушылыққа
барған жағдайда оны жасаған адамның
мемлекеттік мәжбүрлеу
Заңды жауапкершілік, бір жағынан, жалпы әлеуметтік жауапкершіліктің түрі, басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады – саяси, мораль нормаларының, корпоративті нормалардың т.с.с.
Басқа жағынан, заңды жауапкершілік құқықтық мәжбүрлеу шарасының түрі, сонымен бірге ол көбірек қаттылау түрі, көбірек деңгейде субъектінің құқықтық жағдайына тиістілі бар.
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
1. Ретроспективті сипатта, яғни алдыда өтіп кеткен тәртіпке деген реакция, өткен тәртіпке (не кейбір оқыйғада – созылмалы). Субъект алда болатын тәртіптеріне заңды жауапкершілікке тартылмайды.
2. Заңды жауапкершіліктің
3. Заңды жаупкершілік
4. Айыпты сипатта болады. Бұл
белгінің мәні сонда,
5. Заңды жаупкершілік көнтерлілік сипатта болады. Қандай да болмасын міндеттілік-аутпалық, бірақ құқықбұзу нәтижесінде ерекше міндеттер пайда болады - өзіне тиісті және басқа бағдарламаларынан айырғанға көтерімділік көрсету (көну).
6. Заңды жауапкершілікті жүктеу тәртібі заңмен белгіленеді, яғни заң бұл процесстің белгілі процедуралық нысандарын белгілейді.
Егер айтылған белгілерді есепке алсақ, онда заңды жауапкершілікті құқықтық қатнаспен саластыруға (қорғаушылық) және ерекше заңды міндеттілікпен. Егер құқықбұзушылық мемлекетпен сезілмесе не болмаса белгіленбеген болса (не тауып алынбаған) құқықбұзушы ештеңеге жаупты емес) керісінше, ол жасалған құқықбұзушылықтың игілігімен пайдалануына болады). Сондықтан, оның айтсақ, заңды жауапкершілік - өзі міндеттілік емес, қорғаушы құқықтық қатнастағы оны іс жүзіне асыру процессі.
Заңды жауапкершіліктің пайда болуы туралы басқа да көзқарастар бар:
а) ол қорғаушы құқықтық қатнаспен құқықбұзғаннан кейін тоқтамай бірге пайда болады;
б) негізгі құқықты қолдану
Заңды жауапкершілік айыптылық (қыйнайтын) және құқықты орнына келтіру функциясын орындайды. Проф. О.Э. Лейст осы жөнінде екі функция туралы емес, екі кейіптегі заңды жауапкершілікті айтады: айыптау, ол қылмыстық, әкімшілік және тәртіптілік жауапкершілікті біріктіреді және құқықтық тәрбиелеуді (азаматтық құқықтық және материальды жауапркешілік). Традициялық түрде заңды жауапкершілікті былай бөлеміз: қылмыстық-құқықтық, әкімшілік құқықтық, азаматтық-құқықтық, жұмысшылардың материальдық жауапкершілігі. Мұндағы көңіл аударатынымыз:
а) құқық салаларына қарағанда жауапкершілік түрі аздау;
б)әртүрлі салалардың нормаларын бұзғандығы үшін жауапкершіліктің бір ғана түрі пайдаланылады;
в)бір саланың өзінде бірнеше түрдегі жауапкершіліктер болады (мысалы, тәртіптілік және еңбек құқығындағы материальдық).
Сонымен, бұл топтастыру жауапкершілігінің негізінде салалық белгі жатыр. Өйткені, құқық жүйесінде салаға бөлу реттеуші нормаларлардың сипатына байланысты, ал жауапкершілік тікелей қорғау нормаларымен байланысты, себебі олардың жеке табиғаты бар және өзінің заңдылығымен әрекет жасайды. Кейді универсальдық сипатта болады.
Заң әдебиеттерінде ретроспективті заңды жауапкершіліктен (болған құқықбұзушылық үшін) басқа перспективті заңды жауапкершіліктің барлығы туралы көзқарастар қорғалып келген – субъектінің болашақтағы тәртібі үшін жауапкершілік. Мұнда оның позитивті сипаты атап көрсетілген – сол мәнде адам туралы айтқанда, оның «жауапкершілікпен» өзінің міндеттеріне қатыстылығы. Дегенмен, ол көзқарасты көптеген құқықтанушылар қолдау көрсетпеді де мынаған сілтеме жасады, яғни «позитивті» жауапкершілікте шын мәнісінде заңды мазмұн жоқ: бұл көп жағдайда жалпы әлеуметтік не этикалық бағыттағы жауапкершілік.
1 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіті бұзуға бейім азаматтар да аз емес.
Заң нұсқамаларына ауытқудың
Құқық бұзушылық –қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.
Заңның талаптарына теріс пиғыл-құқық бұзушылықтың қайнар бұлағы. Құқық бұзушылық – құқыққа қарсы қылықтан көрініс табады.
Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адаммен мінез-құлық арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекет ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет-бұл құқық нормаларының іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады[1].
Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға қауіпті болмаса, онда мұндай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық қатарына жатқызылмайды. Әрекеттің (әрекеттілік немесе әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сәттен тұрады, олар: зиянның болуы және оның қоғам тарапынан бағалануы.
Құқық бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңғы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекекеті немесе әрекетсіздігі.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.
Кез келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды.
Адам өзінің әрекеттері немесе заң жүзіндегі елеулі әрекетсіздігі болмаса заң үшін жоқ деп есептеледі. Жеке адамның ой және сезім жүйесі, оның биологиялық жай-күйі мен әлеуметтік жағдайы, туыстық және жеке байланыстары құқық бұзушылық деп танылмайды.
Құқық бұзушылықтың сөзсіз белгісі қоғамдық қауіпті әрекет болып табылады, ол зиянның болуын және іс-әрекетке (әрекетсіздікке) қоғамдық бағаны қамтиды. Қоғамға қауіп төндірмейтін әрекет құқық бұзылушылыққа жатқызылмауы тиіс. Сонымен бірге қоғамға қауіптілік нақты индивидтің бірлі-жарым қылығынан ғана көріп қоймай, ең алдымен, адамдардың белгілі бір іс-әрекетінің қоғамдық тәртіпке елеулі зиян келтіретін немесе мемлекет қорғайтын белгілі бір қатынастарды бүлдіру қатерін туғызатын нақты мінез-құлық түрі ретінде таралуын бағалау керек.
Құқық бұзушылықтардан келтірілетін зиян моральдық және материалдық, өлшенетін және өлшеусіз, мәндік және рухани, елеулі және болмашы, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін зиян болады.
Құқық бұзушылықтың мәні – оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Ең алдымен барлық құқық бұзушылық мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері
Құқық бұзушылықтар әлеуметтік қауіптілігіне байланысты және зиян келтіру дәрежелеріне қарай екі топқа бөлінеді:
Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады.
Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор негіз болады.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Қылмыстар қоғамға қауіптілігі (зияндылығы) жағынан барынша жоғары дәрежеде болатындығымен ерекшеленеді. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты – оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәңділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды. Олай болатын себебі: кейбір жағдайларда әлгі қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі мен зияндылығының маңызы мардымсыз болып келеді.
Қылмыс – қоғам үшін мейлінше қауіпті және қылмыстық заңмен тыйым салынған құқық бұзушылық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабында қылмыс ұғымына мынадай анықтама берілген: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады».
Қылмыс қоғамның мемлекет қорғайтын ең елеулі мүдделеріне қол сұғады. Жаңа Қылмыстық кодекске сәйкес қылмысты әрекеттердің объектілері жеке адам, адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтары, бейбітшілік және адамзаттың қауіпсіздігі, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздері мен қауіпсіздігі, меншік, қоғамдық тәртіп, денсаулық пен адамгершілік, мемлекеттік қызметтің мүдделері, сот әділдігі мен жазаларды орындау тәртібі және басқалар болуы мүмкін.
Қылмыстардың қоғамдық қаупі жоғары болғандықтан, оларды жасағаны үшін мемлекет мейлінше қатаң жазалау шараларын белгілейді. Қылмыстық әрекеттердің Қылмыстық кодексте көзделген тізбесі толық сипатта жасалған және кең көлемде түсіндірілмеуге тиіс.
Сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай барлық қылмысты әрекеттер қазіргі төрт сантқа бөлінеді: