Құқық бұзушылық белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:21, курсовая работа

Описание

Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады .

Работа состоит из  1 файл

1609 Құқық бұзушылық.doc

— 227.50 Кб (Скачать документ)

  Саяси экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң ұйымдастыру-әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн жетiлдiру:

ведомствоаралық өзара iс-қимылды  нығайтудағы тиiмдi алғы шарттарды  құру мақсатында экономикалық құқық  бұзушылықтарға қарсы күрестi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар қызметiнiң  өзара келiсілген және өзара байланысқан бiрыңғай баға өлшемiн әзірлеу;

ұлттық компаниялар қызметтерiнiң  транспаренттiгiн қамтамасыз ету  жөнiндегi мемлекеттiк шаралар жүйесiн  әзірлеу;

мемлекеттiк сатып алу мониторингiсiнiң, бiрiншi кезекте, стратегиялық ресурстарды (астық, мұнай өнiмдерi және т.б.) қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының Үкiметiне қаржы полициясы органында, қолда  бар штат саны шегiнде арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыруға құқығы бар арнайы бөлiмшелердi құру туралы ұсыныс енгiзу;  
қаржы полициясы органдары жүйесіне экономика саласында криминогендiк ахуал жағдайын тереңдетiп талдаумен және болжаумен, қоғамның түрлі салаларында экономикалық қауіпсiздiк үшiн әртүрлi қауіптердiң анықталу құралдарына зерттеумен айналысатын арнайы Талдау орталығын құру арқылы жүзеге асырылады[11, б.32].

Кадрлар әлеуетi мен материалдық-техникалық базаны:  
орта және жоғары басқарушы буындағы кадрларды алмастыру, бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау тетiгiн жетiлдiру;

Қаржы полициясы академиясы жанынан  қолда бар штаттық сан есебiнен  қаржы полициясы қызметкерлерi үшiн тестiлеу және бiлiктiлiктi көтеру орталығын құру;

экономикалық құқық бұзушылыққа  қарсы күрестi жүзеге асыратын органдардағы барлық оқу мекемелерiнде заң  тұрғысынан дайындықты экономика тәртiбiн  тереңдетiп оқытумен үйлестiру бойынша  оқу бағдарламаларын әзірлеу;

Қазақстан Республикасының Yкiметiне Қаржы полициясы академиясында  қылмыстық құрылымдарға ұзақ және тереңдетiп  енгiзу жағдайындағы жұмыстарға арналған мамандарды дайындау үшiн арнайы оқытуды  ұйымдастыру туралы ұсыныс енгiзу;

құқық қорғау органдарын қылмысқа қарсы күрестiң техникалық құралдарымен:

қару-жарақпен, қорғаныс құралдарымен, арнайы құралдармен, жедел, арнайы және криминалдық техникамен, көлiкпен, киiм-кешекпен және жабдықтармен, құрал-жабдықпен  жабдықтау, нормативке сәйкес ғимараттарда және құрылымдарда орналастыруды қамтамасыз ету;  
қызметшiлер арасында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн азайту мақсатында тұрғын үй және әлеуметтік проблемаларды бiрiншi кезекте шешу арқылы нығайту қажет.

Практикалық қызметтегi басымдылық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң: салық салу, қылмыстық ақша қаражаттарын "жылыстату", сыртқы экономикалық қызмет пен трансферттiк бағаны белгілеу, банкроттық, экономикалық қызмет пен трансферттiк бағаны белгiлеу, банкроттық, акцизделетiн тауарларды заңсыз өндiру және iске асыру, бюджеттiк шығындар, қаржылық құралдар мен электрондық операциялар салаларына берiледi.  
         Халықаралық ынтымақтастық мыналар:

экономика саласындағы құқық бұзушылыққа  қарсы күрес мәселесi жөнiндегi шетел  мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарымен және арнайы қызметтерiмен ынтымақтастықты кеңейту. Олардың iшiнде бiрiншi кезекте Қазақстанмен қарқынды тауар айырбасы мен қаржы операцияларын ең көп жүргiзетiн мемлекеттермен өзара iс-қимыл бағдарламалары орын алуға тиiс;  
Қылмыстық әрекетпен табылған кiрiстердi "жылыстату", анықтау, алып қою және тәркiлеу туралы 1990 жылғы 8 қарашадағы, Страсбург, конвенцияға, 1920 жылғы 20 сәуiрдегi, Женева, Ақша белгiлерiн қолдан жасауға қарсы күрес жөнiндегi халықаралық конвенцияға Қазақстан республикасының қосылуы жөнiндегi шараларды қабылдау жолымен жүзеге асырылады.  
Экономика саласындағы мiнез-құлықтық заңға бағынушылық салтын түсiндiру және насихаттау құқықтық кесiмдер мен нормаларды кеңiнен түсiндiру, қаржылық және бухгалтерлiк нормативтер мен әрекеттердi түсiнiктi етiп баяндау, заңға бағынушы салық төлеушiлердiң беделiн көтеру арқылы iске асырылуы керек. Тұрақты насихаттау заңнамаларының нормалары туралы, жоғары меңгеру негiзiнде, салық заңнамасын қоса алғанда, экономикалық құқық бұзушылықтар жөнiндегi заңмен жанжалдың болмауына байланысты психологиялық жайлы жағдай жасауға бағытталуы керек[12, б.23].

         Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру 80,647 млн. теңге мөлшерiнде республикалық бюджеттен қаржыландыруды қажет етедi.

2009-2011 жылдарда бағдарламаны iске асыру үшiн қажетті бюджет қаражатының көлемi тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады.

Бағдарламаны iске асыру:

экономиканың өсуi, адал кәсіпкерлiктiң дамуы үшiн қолайлы алғы шарттар құруға, салық, кеден төлемдерiн жинауға, елiмiздiң экономикасына инвестицияны арттыруға;

бәсекелестiк ортаны жақсартуға;

экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тиiмдi күрес үшiн

нормативтiк құқықтық, әдiстемелiк  және ақпараттық базаны жетiлдiруге;

экономикалық құқық бұзушылықтарға, көлеңкелi экономикаға, экономика саласындағы  сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн  арттыруға;

экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi жүргiзетiн мемлекеттiк органдармен халықтың өзара түсiнiстiгiнiң артуына әкеледi.

 

 

        2.3  Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік

 

Заң алдындағы жауаптылық – құқық  бұзушылыққа барған жағдайда оны  жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі.  
Заң алдындағы жауаптылық белгілері:

  1. құқықтық ұйғарымдар түрінде мемлекет белгілейді;
  2. құқық нормасының санкциясын жүзеге асыру түрінде көрінеді;
  3. құқық бұзушылық жасалған жағдайда ғана орын алады;
  4. құқық бұзушылық жасаған адамға қолайсыз салдар – жаза түрінде қолданылады;
  5. міндет жүктеумен байланысты болады;
  6. іс жүргізу нысанында (түрінде) жүзеге асырылады;
  7. мемлекеттің құзырлы органдары арқылы ғана қолданылады.

Заң алдындағы жауаптылық қай салаға жататындығына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

  • әкімшілік – әкімшілік сипаттағы теріс қылық жасалған жағдайда туындайды және шара қолдану (жаза қолдану) немесе айыппұл салу түрінде болады;
  • азаматтық – заң алдындағы жауаптылық міндеттеме шарттарының бұзылу нәтижесінде туындайды;
  • қылмыстық – заң алдындағы жауаптылық қылмыс жасалуының нәтижесінде ғана қолданылады;
  • материалдық (дүниемен байланысты) – қандай да бір мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер ұйымдарға зиян немесе залал келтірілген жағдайда заң алдындағы жауаптылық туындайды;
  • тәртіптік – заң алдындағы жауаптылық әскери, еңбек, оқу орнындағы тәртіптер бұзылыған жағдайда туындайды, бұлар шара қолдану, сөгіс жариялау, ескерту жасау түрлерінде болады.

Заң алдындағы жауаптылықты, оны  анықтап жүктейтін органдарға байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:

  • сот арқылы анықталып жүктелетіндері;
  • мемлекеттік басқару органдары арқылы анықталып жүктелетіндері;
  • басқа құрылымдар арқылы жүктелетіндері.

Заңдық жауапкершілік жүктеудің  мақсатын, қызметтері мен қағидаттарын қарастырайық.

Заңды жауапкершіліктің мақсаты осы  құқықтық амал, тәсіл арқылы қандай да бір нәтижелерге қол жеткізуге  болатынын көрсетеді және де осы  нәтижелердің қандай болатынын анықтайды. Сөйтіп, олардың мәнін терең ұғынуға  мүмкіндік береді. Заңдық жауапкершіліктің негізгі мақсаты суъектілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау әрі қорғау болып табылады. Атап айтқанда, осы заңдық жауапкершілік құралы құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру және әлеуметтік байланыстардың әділетті түрде реттелінуіне бола белгіленеді.

Заңдық жауаптылықтың қызметтерін  оның алдына қойылған мақсаттар анықтайды, әрі содан туындайды.

Жазалау қызметі (функциясы) – орын алып отырған құқық бұзушылыққа  мемлекеттік жаза қолдану түріндегі жауабы. Бұл “жаза түріндеге жауап” кінәлі адамға, оның жеке басына мүліктік немесе ұйымдық тауқымет тартқызу немесе мұқтаждыққа ұшырату, сөйтіп, қолайсыз зардаптар шектіру арқылы жазасын беру түрінде білдіріледі[13, б.41].

Құқықты қалпына келтіру қызметі – құқыққа өкілетті субъектінің мүддесін қамтамасыз етудің барысында кінәліден келтірілген зиянды өндіріп алуға, шыққан шығынды, шеккен залалды өткізуге, жоғалған мүліктің орнын толтыртқызуға мүмкіндік береді.

Тәрбиелік қызметі – заңға теріс  іс-әрекеттердің, құқық бұзушылықтың алдын алудың, ондайларды болдырмаудың қажеттілігі дәлелдердің субъектілердің саналарында қалыптастыру, күнделікті болмыстағы қызметтерінде әдетке айналуын қамтамасыз етуге күш салу болып табылады.

Осы қызметтер заңдық жауапкершілік  белгілеген мақсаттарға жетуге көмектеседі.

Заңдық жауапкершілік қағидаттары    (принциптері ) – осы институттың іргетасын құрайтын ең басты негіздері, идеялары, тезистері болып табылады.

Заңдық жауапкершіліктің қағидаттарын төмендегідей етіп бөліп көрсетуге болады:

  1. әділеттілік – мұның өзі тағайындалатын жазаның болған құқық бұзушылыққа мөлшері арқылы, теріс қылық үшін қылмыстық санкцияның белгіленуін болдырмау арқылы, жауапкершілікті бекітетін немесе оны күшейте түсетін заңның кері күшін жоққа шығару арқылы, кінәліге бір қылмысы үшін тек бір ғана жаза түрінің қолданылуы арқылы білдіріледі.
  2. заңдылық – заңдық жауаптылық кінәлі адамға қатал түрде заң бойынша және заңда көзделген әрекеттері немесе әрекетсіздіктері үшін жүктеледі (қолданылады).
  3. дәлелділік – істің нақты жағдайын жан-жақты әділдікпен қарап, әрі тек жинақталған дәлелдемелер бойынша шешудің қажеттілігін, адамның құқық бұзушылық жасаудағы айғақтарын, құқық бұзушылығының нақты түрін, соған сәйкес келетін құқық нормасын анықтау бойынша білдіріледі.
  4. жазадан құтылмайтындық – құқық бұзушлық үшін заң алдындағы жауаптылықтың болмай қоймайтындығы; құқық бұзушылықтың ашылуының ұтымдылығы, сапалылығы және толықтығы, кінәлі адамдарға мемлекет тарапынан жазалау түріндегі жауаптылықтың міндетті және ұтымды түрде жүктелетіндігінің сөзсіз болатындығы.
  5. мақсатқа лайықтылық – жазаның заңдық жауаптылық мақсаттарына сәйкестігі, санкцияларды даярлау; жасалған әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) түрлі жағдайларын есепке алуда оны жұмсартатын да, ауырлататын да жақтарын ескеру.

Заңдық жауаптылықпен қатар  құқық негізімен соның шегінде  жүзеге асырылатын мемлекеттік ырықтандырудың басқа да түрлері атқарылады, оларға қорғау шаралары, бұлтартқызбау шаралары, тәжірибелік ырықтандыру шаралары, медициналық сипаттағы ырықтандыру  шаралары жатады.

Егер заңдық жауаптылық, қосымша  заңдық міндет жүктеумен байланысты болса (мысалы: еркінен айырумен), онда қорғау шарасы “ескі” яғни, “бұрынғы”  осы субъектіге жүктелген міндетті орындаумен байланысты болады. Қорғау шарасының мақсаты – жазалау  емес, тек құқық бұзған адамды жауаптылыққа тартпай, бұзылған құқықты қалпына келтіру болып табылады (мысалы, балаларын бағып-қағу үшін оның әкесінен нәпақа өндіруді заң жолымен еріксіз түрде алу).

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер  бойынша өндірістің қалыпты жүргізілуін қаматамасыз етуге бағытталған бұлтартпау шаралары (ешқайда кетпейтіндік қолхаты, ұстау), сондай-ақ бұлардан басқа іс жүргізу шараларында (дербес тексеріс, куәландыру, күш қолданып тінту және т.б.) заңдық жауапкершілік шараларына қарағандағы айырмашылығы, олар тек құқық бұзушылықтың алдын алып болдырмау мақсатында қолданылады.                       Осы айтылып (жоғарыда мысал  түрде келтірілген) отырған жағдайда құқық бұзушылықтың болмауы себебінен жазалау да орын алмайды.

Жаза қолданумен сипатталмайтын ырықтандыру шараларына:

  • еріксіз түрде сақтандыру (алдын алу) шаралары (мысалы, карантин жағдайында жүріп-тұру еркіндігін шектеу);
  • қоғамға қауіпті әрекеттерге (әрекеттіліктерге немесе әрекетсіздіктерге) барған үшін кәмелет жасқа толмаған жастарға (әрекет қабілеттілігі жоқ) қолданылатын тәрбиелік ырықтандыру шаралары;
  • мемлекеттің немесе қоғамның мүддесі үшін құнының өтемін төлеп, меншік иесінен мүліктерін төтенше, шұғыл жағдайларда (апатты ауыр жағдайларда, аварияларда, эпидемия-эпизоотия таралғанда) және басқа да төтенше сипаттағы жағдайларда қолданылатын алып қою шаралары жатады.

Сонымен, қоғамға, тұлғаға немесе мемлекетке зиян келтіретін жағдайлар да бар. Бірақ мұнда  зиян, залал келтірген тұлға заңдық жауаптылыққа тартылмайды. Міне, осы  жағдайлар әрекеттің құқықтық қайшылықтарын жоққа шығаратын жағдайлар деп аталады. Бұларға мына жағдайлар жатады:

  • қабілетсіздік – тұлғаның өз әрекеттеріне есеп бере алмайтын ессіздік күйі;
  • қажетті қорғану – бұл жағадайда қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер телімін және басқа да құқықтарын, қоғамны немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан, сол қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса;
  • қылмыс жасаған адамды ұстау – қылмыс жасаған адамды мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылыққа бару мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе;
  • аса қажеттілік – заң арқылы қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмеген жағдайда;
  • күштеп және психикалық мәжбүрлеу (жүйкесіне зақым ету) – егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде заңдармен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайында.
  • орнынды тәуекелге бару – қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте заң арқылы қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайы.
  • бұйрықты немесе өкімді орындау – адамның өзі үшін міндетті болып табылатын бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасағанда оның заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайы – көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау жағдайы.
  • елеулі маңызды болмайтын құқық бұзушылық – қоғамға мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туындатпаған жағдай.
  • казус (оқиға, шытырман қиын жағдай) және тағы басқалар.
  • Құқық бұзып, кінәлі болған субъектіге мемлекет өзінің мәжбүрлеу шараларын қолданады. Ол бойынша кінәлі субъектінің жеке өз басы мүліктік шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседі.
  • Заң алдындағы жауаптылық бірнеше түрге бөлінеді – қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіпсіздік және материалдық жауаптылық.

Информация о работе Құқық бұзушылық белгілері