Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 14:45, реферат

Описание

Құқық принциптері - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтық әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Азаматтық іс жургізу құқығының принциптері............................................5
1.1 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі.....................................5
1.2 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасы.........................7
1.3 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі......................................9
1.4 Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.........................................................................................13
Қорытынды............................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................19

Работа состоит из  1 файл

Азаматтык ис жургизу.doc

— 158.50 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

Негізгі бөлім

1. Азаматтық іс  жургізу  құқығының  принциптері............................................5

1.1 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі.....................................5

1.2 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасы.........................7

1.3 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі......................................9

1.4 Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.........................................................................................13

Қорытынды............................................................................................................17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Құқық принциптері - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.

Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтық әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.

Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.

Сондай-ақ, оның азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жайлы білген, жалпы соттағы азаматтық істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады.  Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде белгілі процессуалист-ғалым Н.А. Чечина былай деп айтқан: «Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды».

Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары әрқашан оның принциптерін ескере жасалады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздылығын соттың құқықтық қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтық істерді қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтың сот ісін жүргізудің принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматтық істер бойынша сот төрелігі дұрыс және уақтылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса, онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Азаматтық іс  жургізу  құқығының  принциптері

1.1 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі.

Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны — азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.

Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқтық дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латын сөзінде (негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теорияның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру).

Әрбір құқық саласының ерекшелігі оның принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп қарастырған. Атақты ресейлік заңгер, ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер - бұл құқықтың мазмұнын тереңінен ашады.

Принциптерде жалпы құқықтың, сондай-ақ, онық қайырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын процессуалдық нормалар, сатылар және институттарды анықтайтын, сондай-ақ, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекет қойған мақсат пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын, азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар. Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасы.

Құқық принциптерінің мәнін дұрыс түсіну үшін олардың тек мазмұнын ғана емес, сондай-ақ, құрылымын да білу қажет. Бұл құрылым үш компоненттен тұрады: 1-құқықтық сана жөнінде нақты түсініктен, сонымен қатар, құқықтық ғылымда судьялардың және басқа да заңгерлердің құқықтық санасынан; 2-тиісті ережелерді қолданыстағы заңнамада бекіту; 3-құқық принциптерінің нақты қоғамдық қатынастарда жүзеге асырылуы (біздің жағдайда, азаматтық істерді қарап және шешу барысында сот қызметінде).

ҚР АІЖК-де сот пен іске қатысушылар арасындағы қатынасты реттеуге, сондай-ақ нақты азаматтық істі шешуге бағытталған азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітілген. Олар азаматтық іс жүргізу құқығының жеке зерттеу құқықтық институты болып танылады.

Азаматтық іс жүргізудің құқық саласында құқықтық нормалар қабылдау және қолдану қызметінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні зор екенін байқауға болады. Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін орындаудың бастапқы шарты ретінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін сақтау және оларға сәйкес іс жүргізу әрекеттерін сот және басқа да іске қатысушыларымен жасау болып танылады.

Азаматтың сот ісін жүргізу принциптерінің мән мағынасы туралы дұрыс көрініс алу азаматтық; іс жүргізу құқықтық саласының дамуына және азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруына соттардың қызметін жетілдіру үшін қажет.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері соттармен құқықтық нормаларды дұрыс түсінуге және қолдануға септігін тигізеді, заң шығару тәжірибесі үшін негіз қалаушы болып табылады. Сондықтан принциптер азаматтық іс жүргізу құқық саласында мазмұны бойынша жаңа құқық нормалар әзірлеп қабылдауға және қолданыстағыларын өзгертіп жаңартуға үлкен үлес қосады.Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзбай қолдану және олардың кеңінен таралуы оның демократиялық және құқықтық мемлекет болуына кепілдік беретіні даусыз.

Құқық нормаларын қолдану сот қызметінде іс жүргізу нормаларын дұрыс түсінуге және қолдануға азаматтың сот ісін жүргізу принциптерінің мәнін білу қажет-ақ. Тек қана азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасын біліп түсінгенде ғана төрағалық етуші судья және басқа да қатысушылар өздерінің іс жүргізу құқықтарын дұрыс пайдаланады және іс жүргізу міндеттерін дұрыс орындай алады. Осылай, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда сот, іске қатысушылар және тағы басқалары ҚР АІЖК-де белгіленген мынандай нормаларды ескерулері тиіс:

-  істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады;

- азаматтың сот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады

Басында жазылғандай, бірқалыпты және өзгермейтін құқық принциптері болмайды. Сондықтан қолданыстағы заңнамамен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізу принциптері жалпы жиынтығы бойынша зерттеуге жатқызылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі.

Азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеяларына, негіздеріне сүйене отырып құрылады. Осы азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеялары (принциптері) азаматтық істер бойынша сот төрелігінің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Барлық азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жиынтығы бойынша бір-бірімен тығыз байланыс құрып және бір-бірін толықтыра отырып, біртұтас жүйе (грек тілінен - бөлектерден құрылған тұтас байланыс) құрайды. Жүйе дегеніміз - нақты тұтастықты құрайтын, бір-бірімен тиісті қатынаста болатын көптеген элементтер. Осылайша, азаматтық сот ісін жүргізу бір-бірімен байланыстағы принциптердің жиынтығын құрайды. Тиісінше принциптер өзара байланыс пен қатынаста болып біртұтас жүйе құрайды.

Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі объективті сипатта болуына қарамастан, заң әдебиеттерінде оның құрамы және осы жүйеге кіретін кейбір жеке принциптердің атауы бойынша бірқатар ой-пікірлер бар.

Біртұтас жүйеде орналасқан азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының мазмұнын ашады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптер жүйесі санына қарай құрылған жоқ, олардың әрқайсысы өздерінің қызмет атқару, мағынасы және сипаты бойынша жинақталған.

Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің атаулары мен көлемі өздігінен өзгермейді. Әдетте, азаматтық сот ісін жүргізудін, принциптері республикамыздың Конституциясында, ал басқалары ҚР АІЖК-де бекітілген.

Принциптер мазмұндары - қолданыстағы заңнама баптарында және оның тармақтары мен бөлшектерінде белгіленген ережелер. Мысалы, ҚР АІЖК-нің 65-бабы айтысу қағидасының мазмұнын құрайды.Негізінен принциптер азаматтық сот ісін жүргізудің мәнін білдіре отырып, азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды институты болып танылады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жиынтық тәрізді біртұтас жүйеде орналасқан. Жүйеде орналасқан азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің біреуінің бұзылуы басқа онымен байланыстағы принциптердің бұзылғандығын білдіреді жене нақты азаматтық істер бойынша қабылданған сот шешімінің заңсыздығына екеп соқтырады, тиісінше оның күшін жоюға әкеледі.

Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін әртүрлі үш негіздер бойынша жіктеуге болады. Құқық ғылымында мұндай жіктеудің бірқатар жеке белгілері аталған. Біріншіден, нақты принцип бекітілген нормативтік қайнар көзіне қатысты жіктеледі. Тиісінше Қазақстан Республикасының Конституциясымен немесе ҚР АІЖК-мен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін белгілеуге болады. Бірақ, Конституцияда бекітілмеген (конституциялың емес) принциптер өзге де принциптерден басым бола алмайды, себебі, оларда құқық қабылдау (заң шығару) және құқық қолдану (соттың тәжірибелік қызметі) қажетті және міндетті деп танылған. Сонымен бірге, принциптерді былай жіктеу өзінің негізсіздігін білдіреді, яғни Конституцияның тиісті нормаларымен бекітілген (конституциялық деген) принциптер көрінісін Конституция негізінде қабылданған басқа заң нормаларында көзделген. Бұл заң нормаларында бекітілген принциптерді конституциялың емес деп атау дұрыс емес, себебі олар Конституцияға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер болып табылады. Екіншіден, нақты принциптер бір немесе одан да көп құқық салаларында қолдануына байланысты заңтануда:

1)жалпы құқықтық, 2)салааралық, 3)салалы, 4)құқықтық институттар принциптеріне бөлінеді. Басқа ғалымдар институтаралық және салаға тәуелді принциптерді белгілейді. Принциптерді осылайша жіктеу негіздері дауласуға жатпайды және оларды орынды деуге болады. Бірақ, жалпы құқық, теориясы бойынша принциптерді жіктеу негіздерін қолданғанмен, азаматтық сот ісін жүргізудің принциптер сипаты бойынша осылай жіктеу оның барлық мәнін ашпайды.

Ескергеніміз жөн, «іс жүргізу құқығының принциптерін жіктеудің әрбір шарты, себебі барлық принциптер болуында және қолдануында бір-бірімен байланысты және бір-бірін толықтыруда».Үшіншіден, көптеген ғалым-процессуалистер пікірінше іс жүргізу принциптері реттеу объектісі бойынша екі топқа бөлініп жіктеледі: ұйымдастырушылық және функционалдық.Теория бойынша барлық азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін құқықтық реттелуге жататын объектісі бойынша екі топқа бөліп қарастыруға болады: соттың және іс жүргізуге қатысушылардың іс жүргізу әрекеттерін анықтайтын (функционалдық) және сот төрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері (ұйымдастырушылық).

Осы негіздер бойынша ҚР АІЖК-нің нормаларымен белгіленген сот ісін жүргізудің принциптерін жіктеуге болады.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері