Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 14:45, реферат
Құқық принциптері - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтық әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Азаматтық іс жургізу құқығының принциптері............................................5
1.1 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі.....................................5
1.2 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасы.........................7
1.3 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі......................................9
1.4 Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.........................................................................................13
Қорытынды............................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................19
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі іс жүргізу құрылымын, іс жүргізу әрекеттердің механизмін, оның мазмұнын, іс жүргізу әрекеттердің нысанын, істер бойынша қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен әділеттігіне кепілдік етеді. Қазіргі кезеңде азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жүйе құрып, жетілдіру жолында екенін атау қажет.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері
Азаматтық істер бойынша сот төрелегін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері қатарына мыналарды жатқызуға болады:
1) сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы (ҚР Конституциясының 75-бабы, ҚР АІЖК-нің 7-бабы); 2)адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау (ҚР Конституциясы 13-бабының 2-бөлігі, ҚР АІЖК-нің 8-бабы); 3) жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу (ҚР Конституциясының 17-бабы, ҚР АІЖК-нің 9-бабы); 4) жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы (ҚР Конституциясының 18-бабы, ҚР АІЖК-нің 10-бабы); 5) меншікке қол сұғылмаушылық (ҚР Конституциясы 25-бабының 1-бөлігі және 26-бабы, ҚР АІЖК-нің 11-бабы); 6) судьялардың тәуелсіздігі (ҚР Конституциясы 77-бабының 1-2 бөліктері және 79-бабы, ҚР АІЖК-нің 12-бабы); 7) барлық, адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі (ҚР Конституциясының 14-бабы, ҚР АІЖК-нің 13-бабы); 8) азаматтық істерді сотта жеке-дара және алқа сот құрамымен қарау (ҚР АІЖК-нің 37-бабы); 9) сот ісін жүргізу тілі (ҚР Конституциясының 7-бабы, ҚР АІЖК-нің 14-бабы); 10) дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау (ҚР АІЖК-нің 16-бабы); 11) куәлік жауап беру міндетінен босату (ҚР АІЖК-нің 17-бабы); 12) білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету (ҚР АІЖК-нің 18-бабы); 13) сотта істі қараудың жариялылығы (ҚР АІЖК-нің 19-бабы); 14) сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ҚР АІЖК-нің 20-бабы); 15) сот актілерінің міндеттілігі (ҚР Конституциясы 76-бабының 3-бөлігі, ҚР АІЖК-нің 21-бабы); 16) іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы (ҚР АІЖК-нің 22-бабы).
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы (ҚР Конституциясы 75-бабының 1-бөлігі, ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы 1-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасы, ҚР АІЖК-нің 7-бабы). ҚР Конституциясы мен ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы республикамыздың бүкіл аумағында сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін жүзеге асыру болып табылатынын бекітеді. Сот төрелігі туралы ұғымның көптеген анықтамаларын заң әдебиеттерінде оқып танысуға болады.
1.4 Азаматтың сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда азаматтың сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесінде қызмет ету бойынша функционалдық принциптерді белгілеуге болады. Олардың қатарына мыналарды жатңызамыз:
1. Заңдылық (ҚР АІЖК-нің 6-бабы);
2. Диспозитивтік;
3. Тараптардың айтысуы (ҚР АІЖК-нің 15-бабы);
4. Тараптардың тең құқықтылығы (ҚР АІЖК-нің 15-бабы);
5. Сотта іс қараудың тікелей жүргізілуі (ҚР АІЖК-і 177-бабының 1-бөлігі);
6. Сотта іс қараудың ауызша жүргізілуі (ҚР АІЖК-і 177-бабының 2-бөлігі).
Функцияналдық принциптердің кейбіреулеріне тоқталып кетсек.
Тараптардың тең құқықтылығы принципі азаматтық сот ісін жүргізуде өзіне ғана тән белгілері бар принцип. Бұл принцип маңызды мәнде болып, ол азаматтық процестің барлық сатыларында іске қатысушылардың іс жүргізу теңдігін толық қамтамасыз етеді. Осыған байланысты тараптар азаматтық сот ісін жүргізуде өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді (ҚР АІЖК-і 15-бабының 1-бөлігі).
Судья істі сотта қарауға әзірлеуде және сотта істі қарауда тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғаларға олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Сот тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалардың (үшінші тұлғалар, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар) түсініктемелерін тыңдайды және оларды растайтын дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
Тараптарға азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алуға, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алуға бірдей іс жүргізу құқықтары берілген (ҚР АІЖК-і 15-бабының 2-бөлігі). Осыған қатысты, мысалы, тараптар өздерінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеу үшін сотқа куәларды шақыртуға, жазбаша және заттай дәлелдемелер ұсынуға, сараптама тағайындауды өтінуге, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға жазбаша ескертпелер беруге, соттың актілеріне шағымдануға және азаматтың іс жүргізу заңнамасымен берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын тең пайдалана алады.
Талап қоюшы талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгертуге құқылы болса, жауапкер талап қоюды тануға және қарсы талап қоюға құқылы болады. Екі жақ (талап қоюшы мен жауапкер) бітімгершілік келісімге келуге құқылы.
Сонымен бірге, тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар сотқа (судьяға), прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына, сот приставы мен сот орындаушысына қарсылық білдіруге құқылы, сондай-аң, өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы.
Сот тараптарға бірдей және құрметпен қарайды (ҚР АІЖК-і 15-бабының 4-бөлігі).
Бұл принцип тараптардың айтысу (бәсекелестік) принципімен өте тығыз байланысты, себебі азаматтың сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады.
Сотта іс қараудың тікелей жүргізілу принципі (ҚР АІЖК-і 177-бабының 1-бөлігі). Бұл принципке сәйкес сот (судья) істі қарап және шешу кезінде сотқа ұсынылған дәлелдемелерді зерттеу тәсілі мен әдістерін анықтап, оларға тиісті баға береді. Осы мақсатқа жету үшін істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: тараптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино-фотоматериалдарды көруге, ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдарының материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды. Өйткені, судья әрбір дәлелдемені қатыстылығы, жол берілуі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтың істі шешу үшін жеткіліктігі тұрғысынан ішкі сенімі бойынша бағалап, заң мен ар-ұятты басшылыққа алып шешім қабылдайды.
Сотта іс қарау тұрақты сот құрамымен жүргізіледі, егер судья белгілі себептермен істі қараудан шығатын болса, онда оның орнына басқа судья кіреді, ал сотта іс қарау басынан басталады. Осындай жағдайда судьялар дәлелдемелермен тікелей танысу арқылы іс бойынша әділетті шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл іс бойынша ақиқатқа келудің ең тиімді және тез тәсілі болып табылады.
Егер де іске қатысты дәлелдемелер соттың тапсырмасы немесе нотариуспен дәлелдемелерді қамтамасыз ету арқылы алынған болса судья оларды тек сот отырысында қарастырады.
Сотта іс қараудың ауызша жүргізілу принципі (ҚР АІЖК-і 177-бабының 2-бөлігі). Бұл принципке сәйкес сотта іс қарау ауызша жүргізіледі. Осылай, мысалы, істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалың етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтың іс қаралуға тиіс екенін жария етеді. Сот отырысының хатшысы осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенін, келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды. Төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтайды, сондай-ақ, лауазымды адамдар !мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді. Егер іс бойынша аудармашы қатысса, оған оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сот құрамын жария етеді, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде кімдердің қатысатынын хабарлайды және іске қатысушы адамдарға олардың қарсылың білдіру құқығын түсіндіреді (ҚР АІЖК-тің 180-184-баптары). Осы принципке қатысты, оның жүруін белгілеуге болатын нормалар ҚР АІЖК-нің басқа баптарында бар, мысалы, ҚР АІЖК-тің 190-200-баптары. Тіпті, іс бойынша қабылданған сот шешімі ауызша жарияланады (ҚР АІЖК-тің 216-бабы).
Істі қарау процесінде судья ауысқан жағдайда істі қарау басынан бастап жүргізілуге тиіс (ҚР АІЖК-і 177- бабының 2-бөлігі). Бқл дегеніміз - әрбір судьяның өз қарауындағы іс бойынша жауапты болатынын және сол істі сотта ауызша қарап (іске қатысушылардың түсініктемелерін, куәлардан айғақтар алу, заттай әрі жазбаша дәлелдемелер зерттеу және т.с. іс жүргізу әрекеттерін жүргізумен) шешім қабылдауды түсіндіреді.
Кейбір іс жүргізу әрекеттері тек жазбаша нысанда ғана жасалады. Осылай, сотта азаматтың істі қозғауға негіз болатын талап арыз (арыз, шағым), осы алғашқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін жауапкердің талап қоюшыға қарсы талабы, тараптардың бітімгершілік келісімі, жазбаша дәлелдемелер, сот актілері (бұйрық, шешім, ұйғарым, қаулы) жазбаша нысанда жасалады. Сонымен қатар, бірінші сатыдағы соттың актісіне іске қатысушылар келіспеген жағдайда апелляциялың шағымдары мен наразылықтарын, қадағалау шағымдары мен наразылықтарын, оларды қарау негізінде жоғары тұрған сотпен қабылданатын апелляңиялық және қадағалау қаулылары жазбаша нысанда жасалады.
Ал кейде іс жүргізу әрекеттері ауызша да және жазбаша да нысанда жасалады. Мысалы, сот отырысында іске қатысушылармен сот алдында өтінім жасау және оларға қарсылық білдіру, сарапшыларға сараптама қорытындылары бойыша және мамандарға өздерінің түсіндірмелері бойынша сүрақтар қою.
Қорытынды
Осылай, азаматтық сот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі принциптерін белгілеуге болады. Принциптер әрқашан құқықтың дамуына байланысты өзгеріп, ал оның мазмұны үнемі толыға, жаңара береді. Сол арқылы дамып жатқан қоғамдық қатынастарды реттеуге ат салысады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ғылыми зерттеулермен айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар М.Г. Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян, М.А. Гурвич, П.Ф. Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов жґне т.б. жатқызуға болады. Көптеген авторлардың ой-пікірі бойынша құқық принциптері - бұл белгілі жинақтау жұмыстарының нәтижесі, ғалымдардың творчестволық сана тұжырымдамасы, олардың қалыптасқан қоғамдық, өмірдегі болмыстарға көзқарастары болып табылатын негізгі ережелер, бастапқы идеялар.
Құқық ғылымында идея ұғымы жалпы құқықтың, салалық және салааралық принциптермен тығыз байланыста. Сондықтан азаматтың сот ісін жүргізудің принциптерін азаматтық істер бойынша сот төрелігің жүзеге асыру туралы бастапқы идеялар деп түсінеміз.
Бірқатар авторлардың пікірінше сот төрелігі сот отырыстарында іс жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын қолдана отырьш, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу бойынша қызметі болып табылады. Х.Ю. Ибрагимовтың пікірінше, сот төрелігі адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы. Ал белгілі ғалым-процессуалист З.Х.Баймолдинаның айтуынша, сот төрелігі азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысаны арқылы сот билігін жүзеге асырудың нысаны.Сот төрелігі сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны бола отырып, сот отырыстарында судьямен (сотпен) азаматтық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы белгілеген тәртіппен азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді сот ісін жүргізу түсіндіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: Екі томды. - Т.1. Жалпы бөлім (1-15 тақырыптар): Оқулық. Алматы: ҚазГЗУ, 2001. - 76-бет.
2.Егембердиев Е.О «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы» Астана 2006 жыл.
3.Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы Республики Казахстан. - Алматы: Дәнекер, 2000. - 11-бет.
4. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі 13 шілде 1999 ж.-Алматы: Юрист, 2003.-132 б.
5. ҚР Конститутциясы 30 тамыз 1995, 21 мамыр 2007 ж. өзгертулерімен Юрист
6
Информация о работе Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері