Азаматтық іс жургізу құқығының принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 13:34, реферат

Описание

Құқық принциптері - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтық әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.
Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Азаматтық іс жургізу құқығының принциптері............................................5
1.1 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің түсінігі.....................................5
1.2 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мән-мағынасы.........................7
1.3 Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі......................................9
1.4 Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.........................................................................................13
Қорытынды............................................................................................................17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................19

Работа состоит из  1 файл

ГПП каз.doc

— 154.50 Кб (Скачать документ)

     Кейбір іс жүргізу әрекеттері тек жазбаша нысанда ғана жасалады. Осылай, сотта азаматтың істі қозғауға негіз болатын талап арыз (арыз, шағым), осы алғашқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін жауапкердің талап қоюшыға қарсы талабы, тараптардың бітімгершілік келісімі, жазбаша дәлелдемелер, сот актілері (бұйрық, шешім, ұйғарым, қаулы) жазбаша нысанда жасалады. Сонымен қатар, бірінші сатыдағы соттың актісіне іске қатысушылар келіспеген жағдайда апелляциялың шағымдары мен наразылықтарын, қадағалау шағымдары мен наразылықтарын, оларды қарау негізінде жоғары тұрған сотпен қабылданатын апелляңиялық және қадағалау қаулылары жазбаша нысанда жасалады.

     Ал кейде іс жүргізу әрекеттері ауызша да және жазбаша да нысанда жасалады. Мысалы, сот отырысында іске қатысушылармен сот алдында өтінім жасау және оларға қарсылық білдіру, сарапшыларға сараптама қорытындылары бойыша және мамандарға өздерінің түсіндірмелері бойынша сүрақтар қою.

Қорытынды

     Осылай, азаматтық сот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі принциптерін белгілеуге болады. Принциптер әрқашан құқықтың дамуына байланысты өзгеріп, ал оның мазмұны үнемі толыға, жаңара береді. Сол арқылы дамып жатқан қоғамдық қатынастарды реттеуге ат салысады.

     Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ғылыми зерттеулермен айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар М.Г. Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян, М.А. Гурвич, П.Ф. Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов жґне т.б. жатқызуға болады. Көптеген авторлардың ой-пікірі бойынша құқық принциптері - бұл белгілі жинақтау жұмыстарының нәтижесі, ғалымдардың творчестволық сана тұжырымдамасы, олардың қалыптасқан қоғамдық, өмірдегі болмыстарға көзқарастары болып табылатын негізгі ережелер, бастапқы идеялар.

     Құқық ғылымында идея ұғымы жалпы құқықтың, салалық және салааралық принциптермен тығыз байланыста. Сондықтан азаматтың сот ісін жүргізудің принциптерін азаматтық істер бойынша сот төрелігің жүзеге асыру туралы бастапқы идеялар деп түсінеміз.

     Бірқатар авторлардың пікірінше сот төрелігі сот отырыстарында іс жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын қолдана отырьш, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу бойынша қызметі болып табылады. Х.Ю. Ибрагимовтың пікірінше, сот төрелігі адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары  мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы. Ал белгілі ғалым-процессуалист З.Х.Баймолдинаның айтуынша, сот төрелігі  азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысаны арқылы сот билігін жүзеге асырудың нысаны.Сот төрелігі сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны бола отырып, сот отырыстарында судьямен (сотпен) азаматтық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы белгілеген тәртіппен азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді сот ісін жүргізу түсіндіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: Екі томды. - Т.1. Жалпы бөлім (1-15 тақырыптар): Оқулық. Алматы: ҚазГЗУ, 2001. - 76-бет.

2.Егембердиев Е.О «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы» Астана 2006 жыл.

3.Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы Республики Казахстан. - Алматы: Дәнекер, 2000. - 11-бет.

4. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі   13 шілде 1999 ж.-Алматы: Юрист, 2003.-132 б.

Информация о работе Азаматтық іс жургізу құқығының принциптері