Мердігерлік шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:48, курсовая работа

Описание

Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 78.03 Кб (Скачать документ)

Тапсырысшы құрылыс мердiгерлiк  шартында орындалып жатқан жұмыстың барысы мен сапасына, олардың орындалу мерзiмiнiң (кестесiнiң) сақталуына, мердiгер берген материалдардың сапасына, сондай-ақ тапсырысшының материалдарын мердiгердiң дұрыс пайдалануына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға құқылы, бұл орайда ол мердiгердiң жедел шаруашылық қызметiне араласпайды. Егер орындалып жатқан жұмысты бақылау мен қадағалау кезiнде шарт талаптарын, жұмыс сапасын нашарлататын ауытқуды немесе өзге де кемшiлiктердi тапсырысшы анықтаса, онда ол туралы дереу мердiгерге мәлiмдеуге мiндеттi. Егер мұндай мәлiмдеменi тапсырысшы жасамаса, онда ол кейiн өзi анықтаған кемшiлiктерге сiлтеме жасау құқығынан айырылады.

Орындалған жұмысқа ақыны тапсырысшы сметада көзделген мөлшерде заң актiлерiнде немесе шартта белгiленген мерзiмде және тәртiппен төлеуге мiндеттi. Егер заң актiлерiне немесе шартта тиiстi нұсқаулар болмаса, онда ақы төлеу мердiгерлiк шарт бойынша ақы төлеу туралы жалпы ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Толық аяқталатын құрылыс кезiнде шартта көрсетiлген баға, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, тапсырысшы объектiнi қабылдап алған соң толық көлемiнде төленедi.

Құрылыс мердiгерлiгi шарты  бойынша ақы төлеуге байланысты мiндеттеме, шарттағы тараптардың арасында тәуекелдi бөлумен тығыз байланысты. Тапсырысшы жұмыс объектiсi жұмысты өткiзудiң шартта белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн дүлей күштiң салдарынан қирағаны немесе бүлiнгенiне байланысты тәуекел атқарады. Сондықтан, егер құрылыс объектiсiнiң қирағаны немесе бүлiнгенi орын алса, онда тапсырысшы орын-далған және (немесе) қалпына келтiру жұмыстарының құнын төлеуге мiндеттi. Екi жақты тараптардың мүддесiн ескеруге мүмкiншiлiк беретiн көрсетiлген тәуекелдi дұрыс бөлу – бұл тапсырысшыға тек қалпына келтiрiлетiн жұмыстардың құнын төлеудi жүктеу, яғни мердiгерлiк нысанасы дүлей күштiң салдарынан қираған немесе бүлiнген кезде.

Егер мердiгерге қарсылас тарап тұрмыстық тапсырысшы болса, онда оған мұндай тәуекелдi жүктеу орын алмау қажет, соған сәйкес, мердiгерлiк  пәнi кездейсоқ бұзылғанда немесе жойылғанда ол осыған байланысты жұмысты төлеуге мiндеттi емес.

Кейбiр жағдайларда тараптарға қатысы жоқ себептермен шарт бойынша жұмыстардың тоқтатылуын талап етедi. Мысалы, құрылыс объектiсiн салу үшiн жер учаскесiнiң жарамдылығы туралы ғылыми дәлелденген қорытынды жасау қажет, құрылыс жүрiп жатқан учаскеде жол салу жөнiнде сұрақтар шешiлiп жатуы мүмкiн және т.б. Егер ұқсас себептердiң күшiмен, құрылыс мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс тоқтатылып, құрылыс объектiсi консервацияланса, тапсырысшы мердiгерге консервацияланған кезге дейiн толық орындалған жұмыс көлемiнде ақы төлеуге, сондай-ақ жұмыстың тоқтатылуы мен құрылысты консервациялау қажеттiгiнен туған шығындарды өтеуге мiндеттi.

Құрылыс мердiгерлiк шарты  бойынша, бiр немесе өзге саладағы мiндеттi талаптарға сәйкес келуi тиiс күрделi жұмыстар жүргiзiлуiне байланысты, мердiгер жұмысты өзiнiң қамқорлығымен орындауымен бiрге, құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жобалау құжаттамасына да сәйкес жүргiзуге мiндеттi.

“Қазақстан Республикасында  архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс  қызметi туралы” Қазақстан Республикасының Заңындағы 7-баптың 1 тармағына сәйкес жобалау құжаттамаға мыналар кiредi:

1) қала құрылыстық жобалар;

2) архитектуралық жоба;

3) құрылыс жобасы (құрылыстық  жоба), көлем-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат  сақтау, экономикалық және тағы  басқа шешiмдерден тұратын жобалық  (жобалау-сметалық) құжаттама және  құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзу, аумақты инженерлiк даярлау, жайластырушылыққа  байланысты сметалық есептер.  Құрылыс жобаларға аяқталмаған  объектiлердiң құрылысын тоқтатып  қою жобалары және өзiнiң мүмкiншiлiгiн тауысқан объектiлердi бұзу (таратудың) жобалары жатады.

Құрылыс мердiгерлiгi шарты (субъективтiк құқықтық қаты-нас) үшiн ең маңыздысы құрылыс жоба – жобалау сметалық құжаттама. Онымен орындалатын жұмыстың сандық және са-палық көрсеткiштерi ғана анықталып қоймайды. Жұмыстардың көлемi, мазмұны олардың құнына тығыз байланыстырылады. Жобалау сметалық құжаттама негiзiнде болашақта жұмыстарды қаржыландыру бойынша құрылыс мердiгерлiк шарттарының құқықтары мен мiндеттерi анықталады.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнiң 654-бабының 2-тармағында көрсетiлгендей, жобалау-сметалық құ-жаттама тапсырысшымен жасалады. Жобалау-сметалық және басқа техникалық құжаттама, ол алғашқы рет шетел тiлiнде дайындалса, мердiгерге мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiне аударылып берiледi. Өлшем бiрлiктерi заңнама актiлерiнде белгiленген метрикалық жүйеге сәйкес болуға тиiс. Құрылыс мердiгерлiгi шартында заңнама талаптарына сәйкес дайындалатын жобалау-сметалық құжаттаманың құрамы мен мазмұны айқындалуға тиiс, сондай-ақ тараптардың қайсысы және қандай мерзiмде тиiстi құжаттаманы беру керек екенi көзделуге тиiс.

Құрылыс жүргiзу барысында  жобалау-сметалық құжаттамада есептелiнбеген жұмыстарды және осыған байланысты қосымша  жұмыстар жүргiзу мен құрылыстың сметалық құнын өсiру қажеттiгiн анықтаған  мердiгер тапсырысшыға бұл туралы хабарлауға мiндеттi. Мердiгер өз хабарламасына тапсырысшыдан он күн iшiнде жауап алмаған жағдайда тиiстi жұмысты тоқтата алады. Бос тұрыстан келтiрiлген залалдар тапсырысшының есебiне жатқзылады. Заңнама актiлерiмен немесе шартпен жұмыстардың бағасы болашақта өтетiнi туралы мердiгердiң хабарламасына жауап беру үшiн өзгеше мерзiм көзделуi мүмкiн.

Егер мердiгер жұмыстың бағасының өсу мүмкiндiгi туралы тапсырысшыға хабарлау жөнiндегi өзiнiң мiндеттемесiн  орындамаса, егер тапсырысшының мүдделерi үшiн шұғыл iс-қимыл жасау қажеттiгiн, атап айтқанда, жұмыстың iркiлуi салынып жатқан объектiнiң қирауына немесе бүлiнуiне әкеп соқтыра-тынына байланысты шұғыл iс-әрекеттiң қажеттiгiн дәлелдей алмаса, тапсырысшыдан қосымша жұмысты орындағаны үшiн ақы және осыдан туған залалдардың орнын толтыруды талап ету құқығынан айырылады.

Тапсырысшы қосымша жұмысқа  және оған ақы төлеуге келiсiм  берген кезде, жұмыс мердiгердiң кәсiби қызмет аясына кiрмейтiн не мердiгерге  байланыссыз себептермен орындалмайтын  болған жағдайларда ғана мердiгердiң  аталған жұмысты орындаудан бас тартуға құқығы бар.

Тапсырысшы жобалау-сметалық құжаттамаға мердiгер үшiн қосымша шығындарға не (немесе) жұмыстың орындалу мерзiмiн ұзартуға байланысы жоқ өзгерiстер енгiзудi талап етуе құқылы.

Мердiгер үшiн қосымша  шығындарды керек ететiн жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу тараптардың келiсiлген қосымша сметасының негiзiнде тапсырысшының есебiнен жүзеге асырылады. Егер мердiгерге байланыссыз себептермен жұмыс құны сметадан кемiнде он процентке асып кетсе, ол сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы.

Жобалау-сметалық құжаттамадағы, мұндай құжаттама өзiнiң тапсырысы  бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мердiгер жобалау-сметалық құжаттамада  жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисынды (керектi) шығындарды өтеудi талап етуге құқылы.

Жұмыстың бағасының кездейсоқ өсуiнiң тәуекелiн мердiгерге жатқызады. Мердiгердiң тәуекелiн сақтандыру шартпен қарастырылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда, мердiгермен сақтандыруға байланысты шегiлген шығындар орындалған жұмыстарға сыйақыны анықтағанда ескерiлетiн құрылыс бойынша шығындарға жатқызылады. Шартта тәуекелдi сақтандыру жөнiндегi сұрақты шешудiң басқа да жолдары қарастырылуы мүмкiн (бұл мердiгердiң ғана емес, тапсырысшының тәуекелдерiне де қатысты).

Мiндетiне құрылыстың материалды қамтамасыз ету кiретiн мердiгер өзi берген материалдарды (бөлшектердi, конструкцияларды) немесе жабдықтарды орындалатын жұмыстардың сапасын нашарлатпай пайдалану мүмкiн болмай қалуының тәуекелiн көтередi. Тапсырысшы берген материалдарды (бөлшектердi, конструкцияларды) немесе жабдықтарды орындалатын жұмыстардың сапасын нашарлатпай пайдалану мүмкiн еместiгi анықталған жағдайларда мердiгер тапсырысшыдан оларды қисынды мерзiмде ауыстыруын талап етуге мiндеттi, ал бұл талап орындалмаған жағдайда мердiгер шарттан бас тартуға және тапсырысшыдан шарттың орындалған жұмыс бөлiгiне бара-бар бағасын төлеудi, сондай-ақ осы сомамен жабылмаған залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.

Мердiгер құрылыс барысында тапсырысшыдан алған нұсқауларды, егер ондай нұсқаулар шарттың талаптарына қайшы келмесе және мердiгердiң жедел-шаруашылық қызметiне залалы болмаса, орындауға мiндеттi.

Жұмысты тиiстi дәрежеде орындамған мердiгер оның орындалуына тапсырысшының бақылау мен қадағалау жасамағанына сiлтеме жасауға құқылы емес. Бiрақ бұған тапсырысшыға мұндай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру мiндетi заңнама актiлерiнде немесе шартта жүктелген жағдайлар жатпайды.

Мердiгерге қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi мiндеттер жүктеледi. Егер қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу ту-ралы тараптар үшiн мiндеттi тараптарды бұзуға тура келсе, мердiгердiң жұмысты жүзеге асыру барысында тапсырысшы берген материалдарды (бөлшектердi, конструкцияларды) және жабдықтарды пайдалануға немесе оның нұсқауларын орындауға құқығы жоқ. Мердiгердiң көрсетiлген мiндетi қоршаған ортаға залал келтiретiн және айналадағылар үшiн қауiпсiз емес жұмысты орындағанда басқа да iс-әрекеттердi жасаудан бас тартынуын талап етедi.

Мердiгер жұмыстың сапалы орындалуына жауап бередi. Ол шартта, жобада және тараптар үшiн мiндеттi құрылыс нормаларында қарастырылған талаптардан ауытқулар үшiн, сондай-ақ құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамада көрсетiлген көрсеткiштерiне, оның iшiнде кәсiпорынның өндiрiстiк қуаты сияқты көрсеткiштерге жете алмағандығы үшiн тапсырысшының алдында жауапты болады. Үйдi немесе ғимаратты қайта жаңғырту кезiнде (жаңартқанда, қайта салғанда, қалпына келтiргенде және т.б.) мердiгер үйдiң, ғимараттың немесе оның бөлiгiнiң берiктiгiн, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн төмендеткенi немесе жойғаны үшiн жауапты болады.

Мердiгер жұмысты орындап  бiткеннен кейiн шарт тараптарының әрқайсысына жұмыс нәтижелерiн тапсыру және қабылдауға байланысты белгiлi құқықтар мен мiндеттерi жүктеледi. Мердiгер тапсырысшыға шартпен қарастырылған жұмысты тапсыруға дайындығы жөнiнде тиiстi түрде хабарлауы керек. Хабарды алған тапсырысшы қабылдауға (объектiнi) дереу кiрiсуге мiндеттi. Кейбiр жағдайларда хабарлама жұмыстың бiр кезеңiнiң бiтуiн көрсетедi, ал тапсырысшы шартқа байланысты жұмыстың орындалуының аралық кезеңiнiң нәтижесiн қабылдауға мiндеттi болады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмыс нәтижелерiн қабылдауды өз есебiнен ұйымдастыруды және жүзеге асырады. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жұмыс нәтижесiн қабылдауға мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерi қатысуға тиiс.

Жұмыстың жекелеген кезеңдерiн  алдын-ала қабылдаған тап-сырысшы  мердiгердiң қатысынсыз жойылу немесе бүлiнудi мойнына алады, бұл тәртiп шартта жұмысты мердiгердiң тәуекелiмен орындау көзделген жағдайларға таралады.

Жұмыс нәтижелерiн тапсыру  және қабылдауды рәсiмделеудiң арнайы тәртiбi қарастырылады. Ол үшiн екi тараптармен қол қойылатын акт рәсiмделедi. Егер қабылдауда мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерi қатысуға мiндеттi болса, онда қабылдау актiлерiне осы тұлғалар да қол қоюы керек. Тараптардың бiреуi актiге қол қоюдан бас тартса, бұл туралы белгi жасалады, ал екiншi тарап актiге қол қояды.

Тараптардың iшiндегi бiреуiнiң  актiге қол қоюдан бас тартқаны жұмыстарды аяқтаудың заңды рәсiмделуiн шындап қиындатады. Дау болған жағдайда шарттың тек бiр тарабы қол қойған қабылдау актiсiн сот жарамды деп тануы қажет. Сонымен қатар, мұндай қабылдау актiсiне қол қоюдан бас тарту себептерi сотпен негiзсiз болып танылған жағдайда ғана қабылдау актiсi жарамды болып табылуы мүмкiн. Егер қабылдау актiсi жарамды деп танылмаса, құрылыс мердiгерлiк шартындағы тараптардың бiр немесе өзге құқықтары мен мiндеттерiн (олардың жағдайын) анықтау жөнiндегi соттың iстi қарауы алда тұрады.

Заң актiлерiнде немесе шартта көзделген немесе бұл құры-лыс мердiгерлiгi шарты бойынша орындалатын жұмыстың сипа-тынан туындайтын жағдайларда, оның нәтижелерiн қабылдау алдында алдын-ала жүргiзу орын алуы тиiс. Мұндай жағдайларда жұмыс нәтижелерiн қабылдау алдын-ала жасалған сынақтың нәтижелерi оң болған кезде ғана жүзеге асырылады.

Тапсырысшы шартта көрсетiлген мақсат үшiн жұмыс нәтижелерiн пайдалана алмайтындай кемшiлiктер анықталған жағдайда және оларды мердiгер, тапсырысшы немесе үшiншi тұлға жоя алмайтын болса,  жұмыс нәтижелерiн қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Кемшiлiктер анықталған жағдайларда олар жөнiнде актiде көрсетiлуге тиiс. Кейбiр жағдайларда, егер олар заң актiлерiнде көзделсе, салынған объектiлердi мемлекеттiк комиссия қабылдауға тиiс, салынған объектiлердi мемлекеттiк қабылдаудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеу қажет және онымен мемлекеттiк органдардың аралық қабылдауларға қатысу мүмкiндiгi айқындалуы керек.

Құрылыс мердiгерлiгi шартымен әдетте орындалған жұмыс нәтижелерi сапасының кепiлдiктерi қарастырылады. Мердiгер, егер өзгешелiк шартпен қарастырылмаса, бүкiл кепiлдiк мерзiмi iшiнде құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамасында көрсетiлген көрсеткiштерге ие болуына және объектiнi пайдалану мүмкiндiгiне кепiлдiк бередi. Егер заңнама актiлерiмен немесе шартпен кепiлдiк мерзiмi көзделмесе, АК 665-бабының 1-тармағына сәйкес, кепiлдiк мерзiмi тапсырысшы объектiнi қабылдаған күннен бастап он жылды құрайды.

Кепiлдiк мерзiмi шегiнде  анықталған кемшiлiктер үшiн, егер кемшiлiктер объектiнiң немесе оның бөлiктерiнiң  қалыпты тозуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзi немесе ол тартқан үшiншi тұлғалар жасаған пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтардың дұрыс болмауының салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мердiгер жауапты болады.

Информация о работе Мердігерлік шарт