Мердігерлік шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:48, курсовая работа

Описание

Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 78.03 Кб (Скачать документ)

Мердiгер жауап беретiн  кемшiлiктердiң (ақаулардың немесе шала iстелген жұмыстың) салдарынан объектiң  пайдалану мүмкiн болмайтын барлық уақытқа кепiлдiк мерзiмiнiң ағымы тоқтатыла тұрады.

Мердiгердi жауапкершiлiкке  нақты тарту мүмкiншiлiгiне ие болу үшiн тапсырысшы анықталған кемшiлiктер туралы олар кепiлдiк мерзiмiнiң шегiнде анықталса қисынды мерзiмде хабарлауы керек.

Құрылыс мердiгерлiгi шартында кепiлдiк мерзiмi анықталғанға дейiн сметада көрсетiлiп, шартта көзделген жұмыс бағасының бiр бөлiгiн тапсырысшының ұстап қалу құқығы қарастырылуы мүмкiн.

Кейбiр жағдайларда шартпен тапсырысшының талап етуi бойынша және тапсырысшының есебiнен мердiгер жауапты болмайтын кемшiлiктердi (ақаулар мен шала iстелген жұмыстарды) мердiгердiң жою мiндетi көзделуi мүмкiн. Кемшiлiктер шарттың нысанасымен байланысты болмаған немесе жұмыстар өзiне қатысы жоқ себептермен мердiгермен орындалуы мүмкiн бол-майтын жағдайларда мердiгер кемшiлiктердi жоюдан бас тартуға құқылы.

Жобалау және iздестiру жұмыстарында мердiгерлiк шарт. Мердiгерлiк шартының бұл түрi құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты жұмыстар жүргiзiлуiн құқықтық реттеуге арналған. Жобалау жұмыстар оларға сәйкес, алда құрылыс жүргiзiлетiн құжаттар өңделуiн қарастырады. Әдетте, жобалау құрылыста жаңа конструкцияларды, технологияларды, материалдарды қолдану қажет болса жүргiзiледi. Сонымен бiрге, құрылыс объектiсiнiң өзi де оларды салу стандартты жоба бойынша жүргiзiлуi тиiс емес (басқаларға ұқсамайтын болуы тиiс) ғимарат (құрылыс) олардың кешенi болып келуi мүмкiн.

Алдағы жұмыс көлемi үлкен болып құрылыс арнайы мақсатқа жоспарлануы мүмкiн. Сондықтан жобалаудың алдағы шығынды бағалау, болашақ құрылыстың экономикалық тиымдылығын көтеру үшiн маңызды болып табылады. Iздестiру жұмыстары салынған ғимаратты болашақта пайдаланудың жолдарын құрылыс салу орнын, құрылыс тәсiлдерiн және т.б. анықтауға мүмкiншiлiк бередi. Бiрқатар жағдайларда, жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарттары бойынша тапсырысшы болып құрылыс ұйымдары қатысады. Олар құрылыс мердiгерлiк шарты бойынша мердiгерлер құрылыс қызметiнiң белсендi жүзеге асыруды, жаңа шешiмдер (инновацияларды) ұсынуды, мемлекеттiк органдар немесе жеке тапсырысшылар ұйымдастыратын тендерге әлеуметтiк-мәдени, өндiрiстiк тұрғын үй ғимараттарын салуды болжаулары мүмкiн.

Жобалау және iздестiру жұмыстарына  мердiгерлiк шартының ерекшелiгi болып  олардың нәтижесiнде коммерциялық, ұйымдастыру техникалық маңызы бар  жаңа ақпараттар өңделетiнi келедi. Сол ақпаратқа құқықтар белгiлi бiр дәрежеде тапсырысшыға да және мердiгерге де тиесiлi болады.

Мердiгердiң жұмысы шығармашылық тұрғыда да болып келедi және жобалау жұмыстарының нәтижесiнде тапсырысшының ынтасына сәйкес құжаттама өңделуi еместiгi немесе iздестiру жұмыстарының бiр кезеңiнде болжанған құрылысты жүзеге асыру мүмкiн еместiгi анықталуы мүмкiн. Осындай сипаттағы ақпаратта жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шартының нәтижесi болып келедi және сондықтан мердiгердiң тиiстi шығындары өтелуi тиiс.

Тапсырысшы қажеттi шараларды  қолдаған күнде (қолданса) жобалау және iздестiру шартының нәтижесi ҚР АК-сының “Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы” деп аталатын 55-тарауының нормаларына сәйкес қорғалуы мүм-кiн.

Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт бойынша мердiгер (жобалаушы, iздестiрушi) тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) iздестiру жұмыстарын жүргiзуге мiндеттелiнедi, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге мiндеттенедi.

Оның ерекшелiктерiн реттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 32-тарауы § 4 нормаларымен жүзеге асырылады, жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шартына мердiгерлiк шартының жалпы нормалары да қолданылады.

Аталған мердiгерлiк түрi де субъектiлiк құрамының өзгешелiгiмен  ерекшеленедi, бiрақ бұл заңнамада тiкелей көрсетiлмеген. Бiрақ, әрине, лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жобалау және iздестiру жұмыстары лиензияланатын қызметке жатқан соң мердiгер мiндеттi түрде “арнайы” субъект болады.

Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарттарын реттейтiн нормалардың мәнiсi бойынша, орындайтын жобалау және iздестiру жұмыстарына материалды-техникалық қамтамасыз ету мiндетi көбiнесе мердiгерде болады. Себебi, бiрқатар жағдайларда арнайы жабдықтар, керек жарақтар қолданылуы керек болады, ал олар өз кезегiнде тек мамандарда (мамандандырылған ұйымдарда) ғана болады. Мердiгерлiк шарты туралы нормалардың диспозитивтiлiгi бұл мiндеттi тапсырысшыға жүктеудi де жоққа шығармайды немесе шартты орындау кезiнде тапсырысшы қажеттi қаржыландыруды жүзеге асырып отыруға мiндеттi болады. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарты көбiнесе тапсырысшы үшiн тәуекелдi болып келедi. Егер заңнама актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарттың кездейсоқ орындалмау қаупi оған жүктеледi.

Тараптардың құқықтары мен  мiндеттерi.

Тапсырысшы мердiгерге  жобалауға тапсырманы, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшiн қажеттi өзге алғашқы мәлiметтердi беруге мiндеттi.

Тапсырысшы шарт бойынша  тапсырманы дайындауды мердiгерге тапсыруға өкiлденуi мүмкiн. Мұндай жағдайда тапсырма жобасы әзiрленгеннен кейiн тапсырысшы қисынды немесе шартта белгiленген мерзiмде тапсырманы (жобаны) бекiтуге немесе оны қайтаруға мiндеттi. Тапсырысшымен бекiтiлген тапсырма, мердiгерге мiндеттi болып табылады.

Жобалау және iздестiру жұмыстарын орындау кезiнде, тапсырысшы мердiгерге  шартта қарастырылған көлемде және жағдайларда қызмет көрсетiп тұруы керек. Мысалы, көлiк бөлiнiп берiлуi, бiр немесе өзге қажеттi мәлiметтер өз уақтылы берiлуi, материалдар сатып алынуы, оларға кiрудiң арнайы (ерекше) тәртiбi бекiтiлген аумақтарға кiруге (олардан өтуге) рұқсат алынуы мүмкiн т.б. Басқаша айтқанда, жалпы мердiгерлiк шарттары бойы-нша да сияқты бұл мердiгерлiк шарты бойынша да тапсырысшының және мердiгердiң ынтымақтастығы орын алуы тиiс. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шартының басқасынан айырмашылығы, тапсырысшының көмегi тапсырманы тиiстi орындау үшiн қажеттi болуы немесе көмек көрсетпеу мердiгерге елеулi қиындықтар туғызуы мүмкiн, сондықтан тапсырысшының ынтымақтастық бойынша мiндетi тiкелей шартта көрсетiледi. Осының жеке мысалы ретiнде, тапсырысшының мердiгермен бiрге жобалау-сметалық құжаттаманы жергiлiктi өзiн өзi басқарудың органдарымен немесе мемлекеттiк өкiлеттi органдарымен келiстiруде қатысу мiндетiн атауға болады. Бұл мiндеттi заңмен бекiтуде тапсырысшының мүддесiн ескеру айқын сезiледi. Ол тапсырманы тиiстi орындауда мүдделi, сондықтан өзiнiң нұсқауларын жүзеге асыруға бақылаушы органдар жағынан қандай да бiр кедергiлер болып тұрса ол мердiгерге сол кедергiлерден құтылуға көмектесуi керек. Сондай-ақ ол өзiн келешекте жобалау-сметалық құжаттамаларды мердiгерден алған соң олар мемлекеттiң сертификаттау, архитектуралық бақылау органдарының және т.б.талаптарына сәйкес келмеуi салдарынан жарамсыз болып шығуы қаупiнен сақтандыру керек. Ал тапсырысшы жеткiлiктi қожайын сезiмiн, қамқор-лықты иеленбесе, (қам етпесе) онда болашақта ол едәуiр мүлiктiк және рухани қолайсыз зардаптарға тап болуы мүмкiн.

Жобалау және iздестiру жұмыстарын жүргiзудi реттейтiн нормалардың  мағынасы бойынша тапсырысшы өзiнiң  берiлген тапсырмасын, алғашқы берiлген мәлiметтердi жағдайлар өзгеруiне сәйкес өзгертiп тұруға құқылы. Бұл түсiнiктi, себебi алғашқы кезде тапсырысшы өзiнiң берiп отырған мәлiметiнiң бiр немесе өзге жағдайда қандай мәнi болатынын бiлмеуi де мүмкiн. Сондықтан, бiздiң ойымызша, мердiгер тапсырысшыға оның ұсынған мәлiметтерi аяқты мақсаттарға жетуге (жобасы жасалған объектiнiң көрсеткiштерiне) қалай әсер ететiнiн көрсетiп тұруы керек. Мердiгерге қатысты емес жобалау және iздестiру жұмыстарының өзгертiлуiне байланысты тапсырысшы мердiгердiң қосымша шығындарын өтеуге мiндеттi.

Шарт бойынша, жоғарыда көрсетiлгендей жобалау және iздестiру жұмыстарының түпкi нәтижесiне екi тарапта да құқықтар пайда болады. Тапсырысшы да жобалау-сметалық құжатта-маларды және iздестiру жұмыстарының нәтижесiн пайдалануға шектеулi құқықтарға иеленедi (осы шектеу iздестiру жұмыстарының нәтижесi үшiн тек заңнаманы кеңейтiп талқылау нәтижесiнде анықталуы мүмкiн, ол негiзiнен АК-те тек жобалау-сметалық құжаттаманы пайдалану шектеулерi жөнiнде айтылған). Сон-дықтан тапсырысшы осы шарттар нәтижесiн тек шарттың өзiнде анықталған мақсаттарда ғана қолдануға құқылы, мысалы, белгiлi бiр елдi мекенде бiрқатар ғимараттарды салу үшiн осындай шектеуге жол берiлу жобалаушының құқықтық мүддесiнен туындайды, себебi жобалау және iздестiру жұмыстарының нәтижесiн шектеусiз пайдалану, мердiгердiң өз қызметiн нарықта одан да әрi өткiзу мүмкiншiлiгiн де шектейдi. Одан басқа тапсырысшының өзге (әрбiр) аймақтардың ауа райы жағдайларының ерекшелiктерiн ескермей ғимараттарды ойламастан сала бергенi жобалаушының, iздестiрушiнiң жұмысының нәтижелерi жөнiнде терiс пiкiр қалыптастырады (қалыптастыруы мүмкiн) және сол арқылы аталған тұлғалардың iскерлiк беделiне нұқсан келуi мүмкiн. Жобалау-сметалық құжаттамаларда интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жататын және мердiгерге тиесiлi болатын бөлек мәлiметтер болуы мүмкiн, сол мәлiметтер мердiгердiң келiсiмiнсiз таратылмауы тиiс болады. Осының салдарынан тапсы-рысшы жобалау-сметалық құжаттаманы үшiншi тұлғаларға бермеуге және онда сақталатын мәлiметтердi мердiгердiң келiсiмiнсiз жария етпеуге мiндеттi.

Тапсырысшы мердiгерге шарт бойынша төлеуге мiндеттi. Тапсырысшының орындалған жұмысы үшiн ақы төлеу мiндетi мердiгерлiк шартының жалпы нормаларына сәйкес орындалады. Шарт талаптарына сәйкес, ол белгiленген бағаны барлық жұмыстар аяқталғаннан кейiн толығымен немесе жұмыстардың бөлек кезеңдерi аяқталғаннан кейiн бөлшектеп төлеуге мiндеттi. Барлық жұмыс көлемiне немесе жекелеген кезеңдерiне алдын ала ақы төлеу де жоққа шығарылмайды.

Мердiгердiң құқықтары мен мiндеттерi. Мердiгердiң негiзгi мiндетi жұмыстарды шарт жасасу кезiнде жобалауға берiлген бастапқы деректерге сәйкес орындау. Әрине, мердiгер бұл жұмыстарды тиiстi түрде мамандығына сәйкес орындауға мiндеттi. Мердiгер дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырыс-шымен келiстiруi қажет. Қажет болса ол тапсырысшымен бiрге жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекет органдарымен және жергiлiктi басқару органдарымен келiстiруде қатысуы керек. Бұл мiндеттi мердiгерге жүктеудiң өз себебi бар, мердiгер маман болған соң оған жобалау-сметалық құжаттаманы құзыреттi мемлекеттiк органдармен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен келiстiру, оның бөлек тармақтарының, құрамаларының негiз-дiлiгiн көрсету жеңiлдеу болады. Мердiгердiң мемлекеттiк органдарымен жобалау-сметалық құжаттама туралы келiсуiне қатысуы белгiлi бiр дәрежеде жобалау жұмыстарының тиiстi орындалғанына бақылауды жүзеге асыруға мүмкiншiлiк бередi.

Кейбiр жағдайларда бiр мердiгерге жобалау және iздестiру жұмыстарын бiрге жүргiзуге тапсырылады. Бұл мердiгерге iздестiру жұмыстарын жүргiзу нәтижесiнде жинақталған мәлiметтердi құпия түрде сақтауға мүмкiншiлiк бередi. Осымен қатар iздестiру жұмыстарының нәтижелерiн пайдаланып мердiгер жобалауды тұралау және азырақ еңбектенiп жасай алады.

Жобалау және iздестiру жұмыстарының нәтижелерiн беру мердiгердiң бiртұтас (бөлiнбейтiн) мiндетi болып келмегенiмен  мiндеттеменiң мәнiсiнен олардың  бiрге орындалып, олардың нәтижелерiнiң  бiрге берiлгенiнiң тиiмдiлiгi көрiнiс  табады, өйткенi бұл жұмыстар (олардың нәтижелерi) өзара тығыз бай-ланысты. Сондықтан, егер шартта басқаша көзделмесе, мердiгер тапсырысшыға дайын жобалау-сметалық құжаттаманы және iздестiру жұмыстарының нәтижелерiн бiрге беруге мiндеттi.

Мердiгер тапсырысшының  келiсiмiнсiз жобалау-сметалық құжаттаманы  үшiншi тұлғаларға бермеуi керек.

Мердiгерден орындалатын жұмыстың сапасының кепiл-дiктерi мердiгерлiк туралы жалпы ережелерге сәйкес белгiленедi. (ҚР АК 630-633-б.). Жобалау және iздестiру жұмыстарының өзгешелiгi, олардың кемшiлiктерi жобаны iске асырғанда, iздестiру жұмыстарының деректерiн пайдалану кезiнде ғана табылуы мүмкiн. Немесе сараптама (маман қорытындысы) қажет болады. Бiрақ сараптама негiзсiз тағайындалмайтыны түсiнiктi. Сондықтан, бiздiң ойымызша, мердiгерге мердiгерлiктiң бұл түрi бойынша нәтиже саласына қойылатын талаптың мерзiмi жобаларды жүзеге асыру, iздестiру жұмыстарының мәлiметтерiн пайдалану басталған соң ағымын бастайтыны бекiтiлуi керек.

ҚР АК-ның “Мердiгерлiк кепiлдiктерi” деп аталатын арнайы нормасы бар (617 б.), оның мазмұны өте тар, ол әрине тапсырысшының құқықтарының кепiлдiктерiнiң бәрiн қамти алмайды.

Аталған нормада жобалау  және iздестiру жұмыстарында мердiгерлiктiң өзгешелiгi тiкелей ескерiледi. Мердiгер жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарты бойынша тапсырысшыға мердiгер әзiрлеген жобалау-сметалық құжаттаманың негiзiнде оның жұмысты орындауына үшiншi тұлғалардың бөгет жасау немесе шектеу қою құқығының жоқтығына кепiлдiк беруге мiндеттi.

Мердiгер тапсырысшыдан  оның заңда немесе шартта көзделген барлық мiндеттерiн орындауды талап етуге құқылы.

Тараптардың жауапкершiлiгi. Тапсырысшының жауапкершiлiгi жалпы тәртiп бойынша белгiленедi. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiктi реттейтiн нормаларда жобалау-сметалық құжаттаманың кемшiлiктерi үшiн мердiгердiң жауапкершiлiгi бөлек қарастырылған. Мердiгер жобалау және iздестiру жұмыстарының кез келген кемшiлiктерi үшiн жауапты болады. Одан басқа, мердiгер құрылысты салу барысынан кейiн, сондай-ақ орындалған жобалау-сметалық құжаттама және iздестiру жұмыстарының деректерiнiң негiзiнде салынған объектiнi пайдалану барысында анықталған кемшiлiктердi қоса алғанда, жобалау-сметалық құжаттаманың және iздестiру жұмыстарының кемшiлiктерi үшiн жауапкершiлiктi көтередi.

Жобалау-сметалық құжаттамада  немесе iздестiру жұмыста-рының нәтижесiнде кемшiлiктер анықталған жағдайда мердiгер тапсырысшының талабы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы тегiн қайта жасауға және тиiсiнше қосымша iздестiру жұмыстарын жүргiзуге, сондай-ақ, егер заңнама актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, тапсырысшыға келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi болады.

Осы шарттың жауапкершiлiгiнiң  ерекшелiгi, мердiгер үшiн-шi тұлғаның алдында да ол жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жөнiнде немесе iздестiру жұмыстарды өткiзуiне тапсырысшы болмаса да, бiрақ оған жобалау-сметалық құжаттаманың, iздестiру жұмыстарының мәлiметтерiнiң кемшiлiктерiмен залал келтiрiлсе жауапқа тартылады.

Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердiгерлiк шарты.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексi (жалпы бөлiм) шығармашылық, интеллектуалдық қызмет нәтижелерiн мүлiктiк игiлiктерге жатқызады. Осыған байланысты, бiз қарастырайын деп жатқан мердiгерлiк шарттарының маңызы мен рөлi өсе түстi. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық мердiгерлiк шартты дамыту болашақ қоғамдағы ғылымның дамуына бағытталған саясаттың ағымында болып келедi. Осыны Қазақстан Республикасының 03.07.2002 жылы қабылданған “Инновациялық қызмет туралы” Заңы дәлелдейдi.

Бұл заң айтылған мердiгерлiк  шарттың рөлiнiң көтерiлуiне ықпалын тигiзедi. Болашақта ғылым едәуiр бөлiгiнде жасалған шарттармен қаржыландырылатын қолданбалы зерттеуге және де нарықта бәсекелестiкке түсе алатын интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жататын зерттеу нәтижелерiн сатуға сүйенетiн болады. Кейбiр жағдайларда мердiгерлiк шарт бойынша түбiрлi (фундаменталды) зерттеулер де жүргiзiлуi мүмкiн, бiрақ әрине мұндай зерттеулердiң көлемi (салыстырмалы үлесi) қолданбалы зерттеулерге қарағанда едәуiр болады.

Қазiргi кезде мердiгерлiк шартын қолдану арқылы ғылымды қаржыландыру толық iске асып жатқан жоқ, өтйкенi экономикалық ақиқат әлi де ескi технологияны қолдануды мүмкiн етiп отыр. Импорт орнын ауыстыру тетiгi толық көлемде iске асып отырған жоқ және мемлекеттiк деңгейде ғылымға қолдау жетпейдi.

Мiндеттемелiк құқық құралдарын толық көлемде пайдаланып бұл шарт нысаны олар үшiн ғылыми-зерттеушiлiк қызмет (тiршiлiк) пайда табудың негiзгi көзi болып келетiн ғылым адамдарының, ұйымдардың қызметiн тиiстi реттеуге мүмкiншiлiк бередi. Басқа шарттарда сияқты бұл шартта да тараптардың мүдделерi ескерiлуi мүмкiн.

Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарында мердiгерлiк  шарты экономикалық қатынастарды бiр  жақты реттеуден сақтайды. Бұл шарт өндiрiстiк салалардың қызметiн оның неше түрлi қасиеттерiн қамтамасыз ететiн субъектiлердiң қызметiмен байланыстырады. Тағы да бұл шарт шығармашылық (ғылыми) қызметтiң интеллектуалдық меншiк объектiнi өңделiп (оны жасау жұмыстары аяқталғанға дейiнгi қызметтi) ол құқықпен қорғалатындай болғанға дейiнгi кезеңдерiн (тұстарын) реттеуге мүмкiншiлiк бередi. Кейбiр жағдайларда қымбат тұратын зерттеулердi қаржыландырады. Сонымен қатар мердiгерлiк шарты мердiгердiң шығармашылық (ғылыми-зерттеу) қызметiнiң нәтижесi болып келетiн объектiге құқықтардың ауысуын да қамтамасыз ете алады. Осы бөлiгiнде ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк шарты лицензиялық шартпен тығыз байланыста болады. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бiр-бiрiне толығынан тепе-тең емес. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 32-тарауының §5 бiр-бiрiмен тығыз байланысты, бiрақ кейбiр айырмашылықтары бар қатынастарды реттейдi.

Информация о работе Мердігерлік шарт