Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 16:35, реферат
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар мәмілелер жасағанда кейбір жағдайларда өздері тікелей қатыса алмай басқа бір тұлға арқылы мәміле жасау қажет болады. Осындай жағдайларды реттеу үшін азаматтық заңнамада өкілдік институты көрсетілген.
Кіріспе
1.Соттағы өкілдікдіктің өзекті мәселелері.
2.Соттағы өкілдікдің белгілері.
3.Өкілдік ұғымы және белгілері.
4.Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.
5.ҚР-ң іс жүргізудегі өкілдер институын жетілдіру.
6.Соттағы өкілдік.
7.Өкілдердің түрлері және пайда болуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
1.Соттағы өкілдікдіктің өзекті мәселелері.
2.Соттағы өкілдікдің белгілері.
3.Өкілдік ұғымы және белгілері.
4.Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.
5.ҚР-ң іс жүргізудегі өкілдер институын жетілдіру.
6.Соттағы өкілдік.
7.Өкілдердің түрлері және пайда болуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар мәмілелер жасағанда кейбір жағдайларда өздері тікелей қатыса алмай басқа бір тұлға арқылы мәміле жасау қажет болады. Осындай жағдайларды реттеу үшін азаматтық заңнамада өкілдік институты көрсетілген. Азаматтық құқықта бір адамның екінші бір адамның атынан жасаған мәмілелері және басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады ( тұрғын үйді сату-сатып алу, жалға беру, айырбастау,т.б.).Өкілдің уәкілетттігі көбінесе сенімхат арқылы рәсімделеді. Кейбір жағдайларда заңның негізінде (мысалы, заңды өкіл ретінде ата-аналардың өз кәмелетке толмаған балаларының атынан өкілдік жасауы, қамқоршының қамқорындағы адамның өкілі болуы), әкімшілік акт негізінде (мысалы, әрекет ететін жағдайға байланысты сатушы, кассир, жүк қабылдаушы, т.б. лауазымдарды тағайындау). Өкіл болатын азаматтар әрекет қабілеттікке ие болу керек. Өкіл әр жағдайда өкіл берушінің мүдделерін қорғау мақсатында әрекет ету керек, сондықтан ол өкілдің атынан өз өзімен мәміле жасай алмайды және тағы басқа бір тұлғаның өкілі болса екі өкіл берушілердің арасында мәміле жасай алмайды.Өкіл беруші заңның (әрекет қабілеттігінің болмауы) немесе нақты бір өмірлік жағдайдың (адамның ауруы, командировка, қолының бос болмауы, т.б.) негізінде өз құқықтары мен міндеттерін орындай алмайды, сондықтан өкілдің арнайы білімін және тәжірибесін пайдалану, уақытын үнемдеу үшін өкілдің қызметіне жүгінеді.Өкіл жасаған әрекеттердің өкіл беруші үшін заңды салдар туғызу үшін осы әрекеттер уәкілдік шегінде жасалу қажет. Бірақ кейін өкіл беруші уәкілеттіктің шегінде жасалуы қажет. Бірақ кейін өкіл беруші уәкілеттіктің шегінен шығатын өкілдің әрекеттерін қолдаса олар өкіл беруші үшін құқықтар мен міндетер туғызады.Заңи тұрғыдан сенімхат беру бұл біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті, сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді.Заңды тұлғалар өзінің тұрғылықты жерінен тыс орындарда заңмен көрсетілген тәртіпте өкілдік функцияларын орындау үшін арнайы бөлімдер ашуы мүмкін; өкілдік сәйкес заңды тұлғаның сенімхаты негізінде осындай бөлімдердің бастығы арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық құқықта бір адамның екінші бір адамның атынан жасаған мәмілелері және басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады. Басқа адамның мүдделері үшін мәміле жасайтын адам өкіл деп, оның мүддесіне мәміле жасалатын адам — сенім білдіруші немесе өкілдік беруші деп ал сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) мүдделері үшін өкіл мәміле жасайтын адамдар — үшінші жақ деп аталады. Іс-әрекеттің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әректтердің сипатынан тумаған жағдайлардың барлығында өкілдікке рұқсат беріледі. Мысалы, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазда өсиет қалдырушы өзі қол қою керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау сияқты жеке өзіндік міндеттерді орныдағанда арада өкілдік жүрмейді.Сипаты жөнінен тек жеке өзі ғана жасауға болатын мәмілені, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген реттердегі басқа да мәмілелерді өкіл арқылы жасауға жол берілмейді. (АК-ң 163-бабының 5-тармағы).
1.Соттағы өкілдің өзекті мәселелері.
Қазіргі кезде соттағы өкілділік институты жағдай төмен өйткені, заңды реттелер жоқтың қасы, сотқа азаматтардың атынан талап арыздар кім көрінгенмен жазылады, олардың кейбіреулері жоғарғы білімді заңгер емес, ал, заңгер мамандығын меңгермеген азаматтардың сотқа Азаматтық іс жүргізу нормаларын білмей «талап арыз» жазуының өзі неге соқтыратынын біздер түсінеміз. Осындай азаматтардың орындаған талап арыздарын тексерген кезде соттар міндетті түрде Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 153,154 баптарын қолдана отырып, талап арызды қайтаруға немесе қабылдаудан бас тартуға мәжбүр болады.
Көп жағдайда Азматтық іс жұргізу Кодексінің 155-ші бабын қолданып талап арызды қозғалыссыз қалдырып жатамыз, ал, бұл әрекеттер талап қоюшының қайта-қайта талап арыз жазуына, сотқа қайта жолдануына, сот жүйесіне сенімсіздік танытуына әкеледі.Талап арыздарды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымдарға талдау жасау барысында, көп жағдайда талап қоюшылардың, яғни олардың орнына талап арызды толытырып отырған азаматтардың талаптың үш элементтері, яғни талаптың пәнін, негізін, және талап мазмұнын жетік меңгермегендіктен, талап арызда даудың мән-жәйін толық ашып жаза алмауынан тұратыны көрінеді. ҚР АІЖК-сі талап қоюшыдан даулы құқықтық қатынасты реттейтін құқықтық негіздеме жасауды талап етпейді, соның өзінде даудың жәй мәнін ашудың өзі өкілдерге қиынға соғып жатады.
Кей кездері бірнеше рет қозғалыссыз қалдырылып, қайтарылған, бірақ әлі де болса түзетілмеген талап арыздарды қабылдап жатамыз, бұның себебі неде, өйткені «Шағымдар» туындауы мүмкін. Соттар «соңынан істі сотта қарауға дайындық бөлімінде түзеттіреміз» деген оймен амалсыздан өз өндірісіне қабылдайды. Бұл әрекет кей жағдайда бір тараптың сотқа деген келеңсіз ойларын туындатады, бірақ амал жоқ «бір арыз бірнеше рет сотпен қайтарылған» деген шағымдар туындамас үшін соттар осындай әрекеттер жасауға мәжбүр.Бұл жағдайлар түптеп келгенде істі жан-жақты толық қаралуы үшін белгіленген сотта іс қараудың мерзіміне кедергісін де тигізуі мүмкін.Кейбір сот отырыстарында іске қытысып отырған тараптардың өкілдерінің жоғарғы заңгер мамандығын былай қойғанда, жалпы жоғарғы білімі жоқ екенін анықтап жатамыз, алайда заң бойынша оларға шектеу жоқ, олар сенімхат негізінде іске қатысып отырған тұлғалар.
Міне соттағы өкіліділіктің қазіргі кезде осындай келеңсіз тұстары бар, осы мәселені қалай шешудің жолы бар, қалай құқықтық реттеліу керек.
АІЖК-нің 58 бабымен істі өкілдер арқылы жүргізу көзделген, яғни, азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.
Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше ресімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.Осы тұрғыда «кез келген адам» деген сөздің өзі талқылануға түсуі қажет деп есептеймін, бұл жерде өкілдерідің барлығы адвокат болуы керек деге ұсыныс емес, ең болмағанда « кез келген жоғарғы білімді заңгер» деген ұсынысты талқылау қажет сияқты. (Заңды өкілдерден басқалары).Соттағы өкіліділік институтының бір түрі бұл, тапсырма бойынша өкілдік ету (59 бап)
Оларға:
1) адвокаттар;
2) заңды тұлғалардың қызметкерлері - осы заңды тұлғалардың істері бойынша;
3) кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары - құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша;
4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
5) заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;
6) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;
7) іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.[1].
Аталған тізім бойынша біз көріп отырғандай түрлі адамдардың сотқа қатысуына жол береміз, ал ол адамдардың заңи тұрғыдан білім деңгейі тиісті деңгейде ме, олар кәсіпқой көмек көрсете ала ма, Қонституциямыздың 13 баында көзделген талаптарды жүзеге асыра алатын тұлға ма соттар бұл мәселелерді тексере алмайды.
Бұл жерде аса көп көңіл бөліп талқылауды қажет ететін жоғырыда аталған баптың 7 тармағы. Өйткені сота іс қаралып жатырған кезде, ке кездері тараптардың өкілдеріне АІЖК-нің 65 бабының мазмұнын түсіндірудің өзңі қиынға соғады., ал бұл жерде тараптардың теңдігі, айтысушылық қағидаларының орындалуының өзң қиынға соғады.Өкілдердің өкілеттіктері және олардың рәсәмделуі 61 және 62 баптармен реттеледі, яғни сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.
Өкілдің осы баптың бірінші бөлігінде аталған іс-әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс. (61 бап).Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруі тиіс (осы Кодекстің 59-бабының 3), 4) және 5) тармақшалары).
Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал ол өз қызметін дербес жүргізген жағдайда - адвокат клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады.
Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адамы береді.АІЖК-ң 59-бабының 6) және 7) тармақшаларында аталған өкілдің өкілеттігі сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына кіргізілген сенім білдірушінің сотта берген ауызша түрдегі өтінішінде көрініс табуы мүмкін (62 бап).
2.Соттағы өкілдіктердің белгілері.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 58 бабының 1 бөлігіне сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды деп көзделген.Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтық істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлық сатыларында болады.
Қазақстан мемлекетінің негізі заңында адам және оның құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілділік беріледі, сонымен қатар оларды іске асыруы мемлекеттің және қоғамның бастамалары үшін ең жоғарғы баға болып табылады. Алайда құқықтық бостандықты ресми түрде мәлімдеу олардың сақталуына және жүзеге асуына кепілдік бере алмайды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы олардың жүзеге асырылуына зиянын тигізеді, сондықтан да оларды қорғау қажеттілігін жасауға мәжбүр болады. Азаматтар өздерінің құқықтары мен мүдделерін сотта қорғау үшін өздері немесе өкілдері арқылы жүгінуге құқылы. Азаматтардың өз демократиялық-конституциялық құқықтарын пайдалана отырып, сотқа әділдікке жүгінуі әділсоттың қолайлығымен сипатталады. Әділсотқа жүгіну жолын оңайлату үшін мемлекет міндетті түрде барлық әдістерді қолдануы қажет. Заң шығару мен заңдар әрдайым дамып отыруы керек [2].
Әрбір тұлға сот өндірісіне өзі тікелей де, өкілдің көмегімен де қатысуға құқылы. Біздің ойымызша егерде өкіл іске қатысушы тұлғалардың мүдделерін олардың туған тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде қорғай алмайтын болса, онда тек олардың келісімімен ғана өкілдің өзінің туған тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде сотта шағым немесе наразылық келтіре алады деп өзгерту керек. Сондықтан да АІЖК-нің 61 бабына 1.2. тармақшасы ретінде «Егерде өкіл іске қатысушы тұлғалардың тілін меңгермейтін болса, онда олардың келісімімен ғана іске қатысушы тұлғалардың мүдделерін өзінің туған тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде сотта шағым немесе наразылық келтіре алады» деген норманы енгізу қажет деп ойлаймыз.Кез-келген азамат сотқа талап арыз бере алады. Сонымен қатар әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда сотта олардың мүдделерін қорғау үшін талап арызды олардың заңды өкілдері бере алады. Ал ымдау тілімен өз ойларын жеткізетін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау үшін ымдау тілін түсінетін мамандардың қатысуымен сотқа талап арызды заңды өкілдері береді.Басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын бір тұлға (сот өкіл етуші), оның себебіне өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен міндеттер туындайды. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 61 бабының 1 бөлігіне сәйкес сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді [3].
Азаматтық істі сотта қарау барысында сот ісінің тілінде іске басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттерді жасайтын талап қоюшының атынан қатысатын өкіл іске келуге тиіс. Егерде тараптардың мүддесінің атынан қатысатын өкілдердің сот отырысына келмеу салдарларын атап кетсек:
− Іске қатысушы тұлғалардың мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттерді жасайтын келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бұл себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.
− Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарлағаны жөнінде мәліметтер жоқ болса, істі қарау кейінге қалдырылады.
− Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді деп танылған жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.
− Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жауапкер болмаған жағдайда, сырттай іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу себептері туралы мәліметтер жоқ болса не сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тапса, не жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, сот істі қарауға құқылы.
− Тараптар соттан істі олардың қатысуынсыз қарау және оларға шешімінің көшірмесін жіберу туралы жазбаша өтінуге құқылы. Егер бұл істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады.
− Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы адам өкілінің келмеуі істі қарауға кедергі бола алмайды. Іске қатысатын адамның өтінімі бойынша сот оның өкілі дәлелді себептермен келмеуіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыра алады.
Тараптар соттың істі олардың жоқ кезінде қарау туралы жазбаша нысанда және азаматтық іс жүргізу құқығының диспозитивтік қағидасының іс-әрекетінен туындайтын шешімнің көшірмесін өздеріне жіберуді сұрауға құқылы.АІЖК-нің 194-ші бабының 1-ші бөлігінде іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелері көзделген. Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, жауапкердің және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін олардың ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде тыңдайды. Прокурор, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар бірінші болып түсініктемелер береді. Іске қатысушы адамдар бір-біріне сұрақтарды ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде қоюға құқылы. Іске қатысушы тұлғалардың бірі сот ісінің тілін меңгермейтін жағдайда, судья аудармашыны міндетті түрде қатыстыру керек. Тараптар, іске қатысушы тұлғалар мен үшінші тұлғалар түсініктемелерін бере отырып, өздерінің талаптары мен қарсылықтарын анықтап және толықтырады. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін (АІЖК-нің 194-ші бабының 1-ші бөлігі).