Соттагы окілдіктің өзекті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 16:35, реферат

Описание

Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар мәмілелер жасағанда кейбір жағдайларда өздері тікелей қатыса алмай басқа бір тұлға арқылы мәміле жасау қажет болады. Осындай жағдайларды реттеу үшін азаматтық заңнамада өкілдік институты көрсетілген.

Содержание

Кіріспе
1.Соттағы өкілдікдіктің өзекті мәселелері.
2.Соттағы өкілдікдің белгілері.
3.Өкілдік ұғымы және белгілері.
4.Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.
5.ҚР-ң іс жүргізудегі өкілдер институын жетілдіру.
6.Соттағы өкілдік.
7.Өкілдердің түрлері және пайда болуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

СОТТАҒЫ ӨКІЛДІКТІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.doc

— 162.50 Кб (Скачать документ)

     Басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын тұлға істі қарау сатысында түсініктемелер бергенде, дәлелдемелерді ұсынғанда, сот ісінің тілін меңгермеген жағдайда аудармашы қамтамасыз етіледі.

Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады. Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысаны бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді (АІЖК-нің 211-ші бабы). Сонымен қатар сот жарыссөзі болып жатқан кезде кейде тараптар сот ісінің тілін меңгермейтін жағдайлар кездесіп жатады. Мысалы, азаматтық іс қазақ тілінде жүргізіліп жатыр дейміз. Талап қоюшы қазақ тілінде еркін меңгереді, жауапкер қазақ тілінде еркін сөйлей аламайды ол тек орыс тілінде еркін сөйлей алатындығы байқалады. Даудың нысаны бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі татар тілінде еркін сөйлей алатындығы байқалады. Яғни мұндай жағдайда судья іске аудармашыны қатыстырған кезде, оның бірнеше тілінде меңгермейтіндігі байқалатын болса, онда іске бірнеше аудармашының қатыстырылуы керектігін қамтамасыз ету керек болады. Яғни бұл істің тез әрі объективті шешілуіне көмегін тигізеді.

Сот шешімге қол қойылғаннан кейін сот отырысы залына қайтып келіп, сот шешімін жариялайды. Мұнан соң шешімге шағымданудың тәртібі мен мерзімдері түсіндіріледі. Шешім шығарылған кезде судья іске қатысушы адамдарға және өкілдерге шешіммен қашан танысуға және оның көшірмесін алуға болатынын жариялауға міндетті (АІЖК-нің 216-шы бап). Шешімді жариялаған кезде, сот отырысындағы іске қатысушы тұлғалар немесе олардың өкілдері сот ісінің тілін меңгермейтін болса, онда оларға соттың шешімі түсінікті болу үшін, аудармашының көмегімен соттың шешімі аударылып берілуі керек.

 

 

 

                     3.Өкілдік ұғымы және белгілері. 

Сотта өкілдің өкілдік ету құқығын куәландыратын құжаттар:

-              заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын куәліктер;

-              заңды тұлғаның өкілдерінің куәліктері (тапсырмалары);

-              АХАЖ органдарының куәліктері немесе қамқоршылық және қорғаншылың органдарының куәліктері;

-              клиент пен адвокат арасындағы жасалған келсімшарт, ордер, сенімхат;

-              өзге жеке және заңды тұлғалардың нотариуспен куәландырылған сенімхаттары.

Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды (ҚР АІЖК-і 63-бабының 4-бөлігі).

      Өкілдің өкілеттігін өкілдік беруші белгілейді және заң сәйкес берілген және ресімделінген сенімхатта көзделуі тиіс (ҚР АІЖК-і 61-бабының 2-бөлігі).

     Өкілдің өкілеттіктері (ҚР АІЖК-і 61-бабы): сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралың сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.

Өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу.

     Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс. Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруі тиіс. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал өз қызметін дербес жүргізген жағдайда - адвокат клиент пен жасасқан шартпен куәландырады. Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адамы береді. ҚР АІЖК-і 59-бабының 6) және 7) тармақшыларында аталған өкілдің өкілеттігі сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына кіргізген сенім білдірушінің сотта берген ауызша түрдегі өтінішінде көрініс табуы мүмкін.

 

 

                   4. Сотта өкілдер бола алмайтын тұлғалар

  - судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда;

- адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар;

- Адам, егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе айғақшы ретінде қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстың қатынастарда болса.

      Азаматтық істер бойынша сот төрелегін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері қатарына мыналарды жатқызуға болады:

1 - сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы  (ҚР Конституциясының 75-бабы, ҚР АІЖК-нің 7-бабы);

2 - адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау (ҚР Конституциясы 13-бабының 2-бөлігі, ҚР АІЖК-нің 8-бабы);

3 -жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу (ҚР Конституциясының 17-бабы, ҚР АІЖК-нің 9-бабы);

4 - жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы (ҚР Конституциясының 18-бабы, ҚР АІЖК-нің 10-бабы);

5 - меншікке қол сұғылмаушылық (ҚР Конституциясы 25-бабының 1-бөлігі 26-бабы, ҚР АІЖК-нің 11-бабы);

6 - судьялардың тәуелсіздігі (ҚР Конституциясы 77-бабының 1-2 бөліктері              79-бабы, ҚР АІЖК-нің 12-бабы);

7- барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі (ҚР Конституциясының 14-бабы, ҚР АІЖК-нің 13-бабы);

8 - азаматтық істерді сотта жеке-дара және алқа сот құрамымен қарау (ҚР АІЖК-нің 37-бабы);

9 - сот ісін жүргізу тілі (ҚР Конституциясының 7-бабы, ҚР АІЖК-нің 14-бабы);

10 - дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау (ҚР АІЖК-нің 16-бабы);

11 - куәлік жауап беру міндетінен босату (ҚР АІЖК-нің 17-бабы);

12 - білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету (ҚР АІЖК-нің 18-бабы);

13 - сотта істі қараудың жариялылығы (ҚР АІЖК-нің 19-бабы);

14 - сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ҚР АІЖК-нің 20-бабы);

15 - сот актілерінің міндеттілігі (ҚР Конституциясы 76-бабының 3-бөлігі, ҚР АІЖК-нің 21-бабы);

16 - іс жүргізу ерекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы (ҚР АІЖК-нің 22-бабы).

      Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы (ҚР Конституциясы 75-бабының 1-бөлігі, ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы 1-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасы, ҚР АІЖК-нің 7-бабы). ҚР Конституциясы мен ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялың заңы республикамыздың бүкіл аумағында сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін жүзеге асыру болып табылатынын бекітеді. Сот төрелігі туралы ұғымның көптеген анықтамаларын заң әдебиеттерінде оқып танысуға болады. Бірқатар авторлардың пікірінше сот төрелігі сот отырыстарында іс жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу бойынша қызметі болып табылады.

Сот төрелігі сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны бола отырып, сот отырыстарында судьямен (сотпен) азаматтық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы белгілеген тәртіппен азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді сот ісін жүргізу нысанында қарауды және шешуді түсіндіреді. Мұндай соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады (ҚР АІЖК-нің 7-бабының 1-бөлігі). Тиісінше заңнамада қандай да бір атаулармен арнайы және төтенше соттар құруға жол берілмейтіндігі көрсетілген, сондай-ақ мұндай соттар шешімінің заң күші болмайтыны және орындалуға тиісті еместігі көзделген.

      Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі түрде бұзған соттың шешімдері заңсыз болады олардың күші жойылуы тиіс (ҚР АІЖК-і 7-бабының 3-бөлігі және 23-бабы).[3].

 

5.Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізудегі өкілдер институын жетілдіру

 

     Азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша қабылданатын, заң әдебиеттерінде сот төрелігі актілері деп аталатын сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары және бұйрықтары заңнамаға сәйкес ерекше сипатта болады. Олардың барлығы - жалпыға міндетті. Азаматтық істер бойынша қабылданған және заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындалуға жататынын білдіреді. Сот актілерін орындамаған немесе орындалуына кедергі жасаған кінәлі тұлға заңды жауаптылыққа тартылады.

     Азаматтық істер бойынша сот төрелігі, мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде, ҚР АІЖК-мен егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң рәсімделуді сақтау арқылы жүзеге асырылады. Тек сот отырысында ғана сот жеке немесе заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, мемлекеттің, қоғамның мүддесін қорғау үшін талап бойынша шешім (қаулы, ұйғарым) қабылдауға құқылы. Бірінші сатыдағы сотпен қабылданған шешімді апелляциялық не қадағалау тәртіптерімен жоғары тұрған сот алқасы қайта қарап оның күшін жоя алады.

Жоғарғы соттың судьялары да бұл бағытта үлкен қызмет етіп жатқанын айтуға болады, яғни сот тәжірибесі бойынша жалпы отырыстарда қаралып, баспасөзде жарияланатын нормативтік қаулылар қабылдануда.

     Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау принципі ҚР Конституциясы 13-бабының 2-бөлігінде "Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар", - деп көзделіп, азаматтық сот ісін жүргізуде қолдануына маңызды екенін түсіндіреді. Өзінің құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа жүгіну әрбір тұлғаның құқығы. Адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау сот билігінің өкілеттігін жүзеге асырудың басты бағыты болып табылады.

     Сотқа арыз (талап арыз, шағым) беріліп және оны сот қабылдаған кезде ғана сотқа жүгіну құқығы жүзеге асырылады. Әрбір азамат, заңды тұлға және мемлекеттік органдар бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін АІЖК-мен белгіленген тәртіпте сотқа арызбен (талап арызбен, шағыммен) жүгіне алады. Барлық жеке не заңды тұлғаның бұзылған немесе даулы құқықтарын, заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға тең мүмкіндігі бар.

     Сотқа арызбен жүгіну арқылы азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық ңатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басңа да құқықтың қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді сот (жеке-дара немесе алқа құрамы) қарайды және шешеді (ҚР АІЖК-і 2-бабының 3-бөлігі).

      Кез келген сот арызды қабылдап, істі қарамайды және шешпейді. Себебі ҚР АІЖК-де бекітілген нормаларға сәйкес әр азаматтық іс соттылығына байланысты сотпен қаралады және шешіледі. Соттылық - соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіктерді бөлу. Тиісінше азаматтық істер соттылығы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен белгіленеді.

     Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жоқ (ҚР АІЖК-і 8-бабының 3-бөлігі). ҚР АІЖК-нің кейбір нормаларының өзгеруіне және оларды сот тәжірибесінде біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты ҚР Жоғарғы сотының жалпы отырысы қаулы етті: "Соттар арасында нақтылы істің соттылығы туралы дау туындаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысушы адамдарды оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабардар етпестен және соттық істі басқа соттың өндірісіне жіберу туралы ұйғарымын бұзбай, істің нақтылы қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарым шығарады".

    Кез келген жеке тұлға субъективтік құқықтарын, заңды мүдделерін сотта тікелей өзі қатысуы арқылы немесе өкілдер қатысуы арқылы қорғауға құқылы. Жеке тұлғаның өзінің сотқа қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды. Заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері қорғауға құқылы (ҚР АІЖК-нің 58-бабы). ҚР АІЖК-сі 8-баптың 2-бөлігіне сәйкес прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.

     Әрбір азамат, заңды тұлға, мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, прокурор сотқа жүгіну құқығынан бас тарта алады, егер заңға қайшы келмесе немесе әлдекімнің құқығын және заңды мүддесін бұзбаса (ҚР АІЖК-і 8-бабының 4-бөлігі). Егер тараптар өзара сотқа жүгіну құқығынан бас тарту туралы келісім-шартқа қол қойса - ол заңсыз деп есептеледі.

   Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу заңнамасы әрбір адамға сотқа жүгіну құқығын жүзеге асыруына барлық мүмкіндік жасап, оны қамтамасыз етеді.Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципі Қазақстан Республикасының үш нормативтік-құқықтық актілерінде: ҚР Конституцияның 17-бабында, ҚР АК-сі (Жалпы бөлімі) 15-бабының 9-бөлігінде және 143-бабында, АІЖК-нің 9-бабында бекітілген. Бұл нормативтік-құқықтық актілер адамның қадір-қасиетін, ар-ожданын қорғау мүмкіндіктерін белгілейді.

Информация о работе Соттагы окілдіктің өзекті мәселелері