Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 18:46, реферат

Описание

Жаңа заман кезеңінде халықаралық құқық - құқықтың әр саласындағы халықаралық қатынастардың күшеюімен байланысты елеулі оң өзгерістерге ұшырап жатыр. Халықаралық қауымдастық, бүгінгі күні, халықаралық құқық нормалары мен қауіпті соғыс конфликтілерін, саяси қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі ауқымды тәжірибесімен осы жұмыста қарастырғалы тұрған экстремизм және терроризм мәселелерін дұрысшешуге шамасы жетерлік деген ойдамыз.

Работа состоит из  1 файл

1.doc

— 68.00 Кб (Скачать документ)

–Қайрат Қайырбекұлы, «Діни экстремизмнің алдын алу» және «діни экстремизмге қарсы күресу»  ұғымдарының арақатысы жөнінде  не 
айтасыз? Олар тәжірибеде қалай жүзеге асып жатыр?

–Дін істері агенттігі конфессияаралық келісіммен қамтамасыз ету, азаматтардың діни сенім еркіндігі құқығын және діни бірлестіктермен өзара байланыс салаларын, сондай-ақ аталмыш бағыттағы сала аралық үйлестіруде мемлекеттік стратегияны жүзеге асырушы орталық атқарушы орган болып табылады.

Татулық пен тұрақтылық Қазақстанның ішкі саясатының басты басымдығы және де республикамыздың өрлеп өркен-деуінің қажетті алғышарты болып табылады, сондықтан да мемлекетте оларды қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптасқан. Осы жүйеде Агенттік өзіндік орынға ие.

Бүгінгі дін секілді  өте нәзік саладағы тұрақтылыққа төнген сын тегеуіріндер мен қатерлер экстремизм түрінде бой көтерді. Идеология, теріс пиғылға үндеу яки, лаңкестік әрекеттер арқылы діни экстремизм өзіне жол салып жатыр.

Сөз жоқ, біз Қазақстан  Республикасының «Экстремизмге  қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес діни саладағы экс-тремизмге тойтарыс беріп, ымырасыз күресуге тиіспіз. Осы Заңға сәйкес, діни экстремизммен күресу мемлекеттік органдардың қызметіне жатады. Яғни, адам құқықтары мен азаматтардың бостандықтарын, конституция негіздерін қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру көпконфессиялы еліміздің тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін экстремизм қатерінен қорғап, экстремизмнің алдын алу, анықтау, жолын кесу және оның салдарын жою, сондай-ақ экстремизмнің жүзеге асуына жол ашатын себептер мен алғышарттарды анықтап, жойып отыру мемлекеттік органдардың басты міндеті. Бір сөзбен айтқанда, заңнамалық деңгейде экстремизмнің тамырын терең жаюға мүмкіндік бермейтін алғашқы кезеңінен бастап оны залалсыздандырып отыруға басымдық беріледі.

Экстремизмнің алдын алу профилактикалық жұмыстарда көрініс табады. Атап өтілген заң бойынша, бұл – құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік,  
насихаттық және өзге де шаралардың қалыпты жүйесі.

Отандық заңнаманың нормаларын орындау үшін Агенттік өз Ережесінде бекітілген ақпараттық-насихаттық шараларды жүзеге асыру міндетіне ден қояды. Осы міндеттің аясында халық арасында  діни экс- 
тремизмнің алдын алу үшін ақпараттық-насихат топтары құрылып, олар Агенттік пен оның жергілікті департаменттері басшылығымен бүкіл Қазақстан аумағында ақпараттық жұмыстар жүргізуде. Мұндай топтардың құрамына имамдар, дінтанушылар, ғалымдар, дін істері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері кіреді. Жұмыс барысында ақпараттық-насихат топтары халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтуға тырысуда, бұл жұмыстарда бірінші кезекте, әрине, жастар ортасы кеңінен қамтылуда. Бұл ретте қалың бұқараға діннің шынайы гуманистік бастауларын көрсетіп, дәстүрлі рухани құндылықтармен дәріптеу және де радикалды діни жамағаттар-ға қосылудың қатерлілігі турасында ақпараттар беру басты назарда.

2012 жылдың бірінші  жартыжылдығында осынау ақпараттық-насихат  топтары 1600-ден астам іс-шара, яғни семинарлар, отырыстар мен  дөңгелек үстелдер республика  дең- 
гейінде өткізілді, жұмыс аясына жалпы саны 53 мың адам қамтылды.

–Сіздіңше, бүгінгі экстремистің бет-бейнесі қандай?

–Бәріміз экстремизм атаулының идеология ілгішінен  басталатынынан хабардармыз, яғни, адамдарды  мотивациялап іс-әрекетке итермелейтін идеялар шоғыры. Сондықтан да діни экс-тремизмді КСРО тарауының көп салдарының бірі ретінде көрсетсек қателеспейміз. Ескі идеалдар құлады, ал қоғам жаңаларын қалыптап үлгермеді. Міне, нақ сол сәтте посткеңестік кеңістікке әлемнің түкпір- түкпірінен қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың әралуан нұсқалары ентелей енді. Бұл дүрмектен шет елдік діни және діни-саяси топтар да тыс қалмады. Бұған біздің батыс шекарамызға таяу аумақта Ресей Федерациясының лаңкестерге қарсы әскери қимылдар жүргізгенін қосыңыз. Олар өздерінің діни-саяси түсінік- 
теріне сәйкес федерация құрамынан бөлініп шығуға тырысты. Бұл оқиғалар еліміздің батыс өңірлерінде идеялық тұрғыда тымау секілді жұқты.

Осындай әсерлердің нәтижесінде кейбір жастар дәуірлер қиылысындағы бағдарсыз буын ретінде  идеологиялық ықпалға ұшырады, мұны тіптен, шет елдік экстремистік орталықтар тарапынан туындаған  
идеологиялық диверсия деп атауға да болады.

Сондықтан да бүгінгі  экстремистің портреті жалпы кескінінде мынадай: шет елден келген идеялық  бағдарларды қабылдаған және де идеологиялық манипуляция елегінен өткен  
20-30 жастағы адам. Бұған әлеу-меттік түйткілдер шоғырын да қосқан жөн. Өйткені, барша адам субъективті яки объективті себептерге байланысты өмір-ден өз орынын, яғни, Ұлы Абай айтқан «дүниеден өз кетігін  
тауып, кірпіш болып қалана» алмауы мүмкін. Бәлки оларға университетке оқуға түсіп, жоғары жалақылы қызметке тұру қол жетпес арман шығар. Осыдан да бірқатар әлеуметтік игі-ліктерден шеттетілгендей болып жүрген жас өзіндік бір есе қайтаруға бой ұруы ықтимал. Бұл мақсатына жету үшін ол қандай да бір ықпалды топтың немесе қоғамдық күштің мүшесі болуға ықылас білдіреді. 1990 жылдары жастардың қылмыстық топтарға кіруге ұмтылғаны есімізде. Кейіннен бұл сәннен қалды, тіпті маңызды болмай қалды. Ал бүгінгі маргиналдық қуатты сыртқа шығарудың бір арнасы – діни экстремизм.

Сондықтан да экстремист дегеніміз ең алдымен күнделікті проблемалар батпағына батқан жан. Бұл идеологиялық, әлеуметтік, қаржылық яки психологиялық мәселелер. Рас, кейде адамның жағдайы дұрыс  болуы мүмкін: жоғары білімді, жақсы  қызмет, үлгілі отбасылы, керек десеңіз аса дарынды. Дегенмен, ол радикализмнің соңынан еріп кете барады. Бұл жердегі себеп – психологиялық тұрақсыздық.

–Экстремист десе жұрт сақалы қауғадай, балағы шолақ, соңынан хиджаб киген қыз-келіншек ерткен жігітті  елестететін болды. Мұны экстремистің әлеуметтік портретін құрайтын образдарға жатқыза аламыз ба?   

–Бір жағынан  алып қарағанда, діни негізі бар сақал  мен жамылғы мәселесі әркімнің жеке шаруасы. Айтпақшы, бұл тек исламға  ғана тән ерекшелік емес. Біз сақалды  православ хрис-тиан мен басын бүркеген хрис-тиан әйелдерін де кездестіре аламыз. Осы себепті де сақал мен киімді нақты бір құбылыстың белгісі деуге болмайды.

Бұған қоса, экстремистік мақсаттағы адам жұрт санасында қалыптасқан  образдан қашып, әдейілеп сыртқы кейіп  келбетін өзгерте салуы да мүмкін. Осылайша, зайырлы қоғамдастыққа тастай батып, судай сіңіп, өзінің көздеген мақсаттарын індетіп жүре беруі мүмкін. Алыс-жақын шет елдердегі радикалдар баяғыда-ақ осы тактиканы басшылыққа алған, бізде де олар кейінгі кезде осы әдіске көше бастады.

Киім таңдаудағы діни мотивацияны айталық, мемлекеттік  қызметте немесе жалпыға білім беру мектептерінде жүзеге асыруды орынды деп айту қиын. Бұл зайырлы және көпконфессиялы болып табылатын  Қазақстанның осы шақтағы шындығы. Сондықтан да баршаға ортақ қандай да бір бейтарап стандарт керек. Әралуан дін өкілдерінің өзіндік діни танымдарына сәйкес жұмысқа, мысалы, әкімшілік пен емханаға әлем-жәлем болып барғанын елестетіп жатудың өзі қиын.

–Қазақстандағы діни радикализм туралы сөз қозғалса сәләфизм тақырыбы баса айтылады. Сәләфизмнің Қазақстан үшін дәстүрлі болып табылатын ханафи мазхабынан басты айырмашылығы неде?

–Сунниттік исламдағы  мазхабтарды христиандықтағы православие  мен католицизммен әсте салыстыруға  болмайтынын атап өткен жөн. «Мазхаб» сөзінің өзі «бағыт, дұрыс жолға шақыру» дегенді білдіреді.  Фикх бойынша мазхабтар бар, яғни, ислам құқығы бойынша және де ақида бойынша, былайша айтқанда, сенімге негізделген мазхабтар бар. Шариғаттың құқықтық мектептері бір бөлек те, өзіндік құдайтанушылық танымдарын алға тартқан мектептер бір бөлек.

«Мазхабтар» деп  құқықтық мектептерді, ал құдайтанушылық мектептерді «ақидалар» деп атайды. Бұл қалыптасқан үрдіс. Осы екі  белгіге қарап-ақ исламдағы барша  бағыттарды классификациялауға болады. Дегенмен де мазхаб пен ақиданың мүлдем екі бөлек нәрсе екенін ұғып алған жөн. Мысалы, материалдық заттарды пошымы мен түсіне қарап жүйелеуге болады. Бұл ретте зат төрт бұрышты және де қызыл, қызыл және дөңгелек, дөңгелек және жасыл болуы мүмкін. Ал осыған келіп, бұл қызыл ма, әлде, дөңгелек пе деп сұрау ағаттық.

Мәлім болғандай, дәстүрлі құқықтық мазхабтардың саны төртеу: ханафи, шафиғи, мәлики, ханбали. Құдайтанушылық ірі мектептердің саны екеу: ашариттік және Орталық Азия үшін дәстүрлі саналатын матруди  мектептері. Бұл орайда матруди ақидасы тарихи тұрғыда белгілі бір аймақтарда ханафи мазхабымен астасқан, ал ашариттік болса, шафиғи және мәлики мазхабтарымен және т.б. астарласып кеткен.

Сәләфизмнің кеңінен  тарал-ған елдеріне Сауд Арабиясы және де онымен жапсарлас жат-қан Парсы  шығанағы елдері жатады. Оларда ханбали мазхабы басымдыққа ие. Дегенмен сәләфизмнің өзі бір мазхабты ұстануды міндетті деп білмейді, ал кейбір сәләфи ғұламалары басы бүтін мұндайды жоққа шығарады. Осы себепті де кеше ғана намаз үйренгеніне қара-мастан қандай да бір «мазхабтың қажеті жоқ» деп негізсіз жар салатын сәләфи қара көз жігіттерді кездестіре аламыз.

Сәләфилер «сәләфтердің таза ақидасын ұстанамыз», яғни, «алдыңғылардың жолымен жүреміз» деп даурығады. Ислам дәстүрінде алғашқы үш толқын, яғни, Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с) сахабалары және де одан кейінгі мұсылмандардың екі толқыны осылай аталады. Алайда, дәстүрлі құдайтанушылық мектептерінің көптеген өкілдері мұнымен еш келіспейді.

Сонымен қатар, Қазақстандағы  сәләфиттердің  көпшілігі қазақ салт-дәстүрлерін «бид-ғат» («рұхсат етілмеген жаңалық») немесе «ширк» (Аллаға серік қосу) санай отырып түбегейлі жоққа шығарады. Бұл ретте олар қазақтардың кейбір ұлттық дәстүрлерінің пайда  
болуының тарихи себептерін түсінуге тырыспайды.

Қоғамымызда орын алған тағы бір даулы мәселе – біздің сәләфи деп есептелетін діндарлар саудиялық шейхтердің өз азаматтары – саудиялықтар үшін шығарған пәтуаларын жиі қолданып, ойланбастан ел ішінде насихаттап жүр. Бірақ ислам дәстүрінде пәтуаларды әр елде өзінің мүфтиі шығаратыны жұртқа белгілі. Бір мәселе бойынша үкім нақты бір қоғамдағы жағдайларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Тағы да қайталап айтамын, бұл ислам құқығының негіздері. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағаланың адамдарды әртүрлі қылып жаратқандығы туралы айтылады («Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық). (49-сүре «Хужурат», 13 аят).

Сондықтан, аяғына нық тұра бастаған және қоғамдық, соның ішінде діни санасы қалыптасып келе жатқан жас мемлекетімізде мұндай алауыздыққа жол берілмеу қажет деп есептей-міз. Бұл қолды қусырып қарап отыруға болмайды деген сөз. Кең ауқымды ағартушылық жұмыс жүргізу қажет, бұл тұста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына зор тарихи  
жауапкершілік  жүктеліп отыр.

Мұндағы басты мәселе сонда, біздің елімізде діни әдеп-ғұрыптар мен дәстүрлер  сабақтастығы  үзіліп қалған, осы себепті де бір уақытта айнадай тазаланған діни өрісте әралуан дәстүрлі емес ағымдар арам шөп сынды қаулады және де бұл сөзіміз исламдық ағымдар-ға ғана қатысты емес.

Сонымен, қазіргі ең маңызды жайт – жастарымызды, өскелең ұрпақты осындай келеңсіз көзқарастарға ұрынудан сақтап қалу. Ал үйірінен адасқандар ерте ме, кеш  пе, ақылға келсе керек. Қазірдің өзінде сәләфилер 2000-шы жылдардағыдай емес, өздерін анағұрлым сақ ұстайды. Кейбіреулері тіпті күнделікті тұрмыста дәстүрлі ханафи мазхабын қабылдауға әзір, қала берді мешітте отыр-ғанда имамдар өтініп жатса «әмин» деп айғайлауын да қойып келеді.

–Сонда өзін-өзі жаратындар, полиция қызметкерлерін атып жатқандар кімдер?

–Мұны тәкфіршілер мен жихадшылар жасап  жатыр. Шынтуайтында, бұл бір үдерістің  екі сатысы, тәкфір мен жихад жариялаудың  арасы бір-ақ қадам.

Өздерінің құдайтанушылық көзқарастары бойынша  олар сәләфилерге жатады, яғни, сәләфи ақидасын ұстанады, әйтсе де саяси тұрғыда Мысыр радикалы, 1966 жылы өлім жазасына кесілген, кейде бүгінгі мұсылман әлеміндегі барша экс-тремистік ағымдардың «өкіл әкесі» атанып жүрген Саид Кутбаның әдісіне сәйкес әрекет етеді. Сондай-ақ ол «Мұсылман бауырлар» қозғалысының радикалды қанатының идеологтарының бірі. Сондықтан да біз тәкфиризмді діни экстремизмнің ең бір қатерлі түрі ре-тінде танимыз. 

–«Тәкфір» дегеніміз  не?

–Бұл  сөз «сенбеу», «кәпір», «дінге сенбейтін» деген мәндегі «куфр» сөзімен түбірлес. Тәкфір жасау дегеніміз дінсіз деп жариялауды білдіреді. Мысалы, Қазақстандағы тәкфіршілердің ең сүйікті әдетінің бірі – бес уақыт намазын оқымайтын мұсылман баласын кәпірге жат-қызу, яғни, бұл дегеніңіз айналамыздағылардың басым бөлігіне саусақ шошайту, күл шашу. Бұл барлық дәуірлердегі ислам ғалымдары ұстанған қағидаларға қайшы келеді.

Дәстүрлі  фикх – ислам құқығында тәкфір жасаудың шарттары нақты көрсетілген  және де олардың бәрі біздің басынан  бақайшығына дейін радикалданғандар тарапынан барынша бұзылуда. Міне, осы себепті де мұсылмандардың діни сауаттылығын арттыру аса маңызды, қысқасы, кез келген кісі тәкфіршіге айқын қателіктерін көзге шұқып тұрып көрсете білу керек.

Сондықтан да тағы бір рет қайталап айтамын, теріс пиғылды ағымдармен күрестегі шешуші фактор надандықты, діни сауатсыздықты жою болып табылады. Осы шартты орындағанда ғана экстремизм мен терроризммен күрес шаралары нәтижелі болады.

–Соңғы кездері  сәләфилермен қатар «Таблиғи жамағат» атауын алған қозғалыс туралы әңгімелерді де құлағымыз жиі шалып қалып жатады. Осы жөнінде айтсаңыз?

–«Таблиғи жамағат» атауын сөзбе-сөз берер  болсақ, «Уағыз қауымы», 1926 жылы Үндістанда Маулана Мұхаммад Ильияс тарапынан  ұйымдастырылған саяси, пацифистік діни қозғалыс.

Қозғалыстың ерекшелігі бағдарламасының, жарғысының, мүшелік институтының жоқтығы. Осыған байланысты, сырт көзге бұл топ жоқ та сияқты. Бұл ұйым көзге көріне бермейді, тиісінше, көптеген жылдар бойы сарапшылардың назарынан тыс қалып келді.

–Оларға қатысты  қандай түйткілдер бар?

–Таблиғишылар жүйелі практика мен үй аралап, есіктен-есік-ке жалғасқан белсенді уағызды ең басты  құндылық деп біледі. Дегенмен олар терең діни білім алғанды құптай бермейді, оған немқұрайлы қарайды, арзымайтын нәрсе деп есептейді. Ал, бізде  сауатсыз уағызшылар онсыз да жеткілікті. Өткен ғасырдың 20-шы жылдарына Үндістанда лайық болған нәрсе XXI ғасырдағы Қазақ-станға мүлде үйлеспейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар