Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 18:46, реферат

Описание

Жаңа заман кезеңінде халықаралық құқық - құқықтың әр саласындағы халықаралық қатынастардың күшеюімен байланысты елеулі оң өзгерістерге ұшырап жатыр. Халықаралық қауымдастық, бүгінгі күні, халықаралық құқық нормалары мен қауіпті соғыс конфликтілерін, саяси қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудегі ауқымды тәжірибесімен осы жұмыста қарастырғалы тұрған экстремизм және терроризм мәселелерін дұрысшешуге шамасы жетерлік деген ойдамыз.

Работа состоит из  1 файл

1.doc

— 68.00 Кб (Скачать документ)

Бұдан бөлек, бұл қозғалыстың өкілдері жұмыс істеу, отбасын бағу секілді  міндеттерді мүлде ескере бермейді. Мысалы, олар әйел, бала-шағасын тастап, алыс сапарға кете береді. Ел аумағын адақтап кетсе мақұл, шет елдерге тартып кетуі де ықтимал.

–Арнайы операциялар  ке-зінде террористер түгелдей дерлік жойылып отырады. Бұл әдетке айналды. Қоғамда осыған байланысты сұрақтар көбейіп тұр. Күш қолдану әдісі өзін-өзі ақтап жатыр ма, бұл қаншалықты орынды нәрсе?

–Қоғамда  терроризм және экстремизм көріністерімен белсенді күрес жүргізіліп жатыр. Соңғы  контртеррористік операциялар құқық  қорғау органдарының терроризммен күресте  тәжірибе жинақтағанын көрсетеді. Олар радикалдарды анықтап, қоғамға қарсы жасалғалы жатқан қылмыстың алдын алады.

Рас, Алматы, Атырау және өзге де өңірлерде  жүргізілген бірнеше антитеррористік  операциялар барысында террористік  топтардың барлық мүшелерінің көзі жойылды. Тәжірибе барысы террористердің аса қатыгез, өз өмірлерін де, өзгелердің өмірін де бұйым құрлы көрмейтінін дәлелдеп отыр.

Ара-арасында криминалдық элементтер мен діни радикалдардың мидай араласып кетуі  көрініс беруде. Шындығына келсек, тіптен діни идеологияны жамылғы еткен қылмыскерлерді құқық қорғау органдары залалсыздандырып жатыр.

Арнайы  операциялар барысында күштік құрылымдар  
оларға өз еріктерімен беріліп, қаруларын тастауға бұйырады. Алайда, террористер байла-нысқа шықпай, соңғы демдері қалғанша қарсылық көрсетеді. Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының осындай жағдайларға сақадай-сай екендігін атап өткен жөн. Былтырғы жыл-ғы арнайы операцияларда полиция мен арнайы топ қызметкерлері қатарынан шығын болғанын еске салып жатудың өзі артық болар. Ал, соңғы кездері қарапайым халық пен күштік құрылымдар тарапынан құрбандықтарға жол берілмей келеді. Жақсы қаруланған және жанкешті қарсыластармен жағаласуға тура келіп жатқандығына қарамастан, бұл мүмкін болып отыр. Террористердің көпшілігі полиция органдарына қарсы терактілерді ұйымдастыру мен жүргізуге қатысқан және де басым көпшілігі бұрын қылмысты болған жандар.

–Арнайы қызметтер  жұмысының тек антитеррористік  операциялар мен террористерді  жоюмен шектелмейтінін атап өткен жөн. Терроризмнің алдын алу үшін айтарлықтай жұмыстар ат-қарылуда. Соңғы жылдары бірқатар террактілердің алды алынып, радикалды топтар жойылды. Ақтөбе, Алматы, Орал, Атырау соттарында экстремистік және террористік іс-әрекеттер үшін күдіктілерге сот процес-тері жүріп жатыр. Алайда, қатер сақталып тұр және де қауіптің ауқымы да алаңдатпай қоймайды. Радикалды діни ағымдарға қалай қарсы тұруға болады?

–Күштік және превентивті әдістер бар. Превентивті  жұмыс-тардың сапалық тұрғыда жақ-сарғаны  дұрыс. Осыған байланысты, қоғамдағы  ондай экс-тремистік идеялардың тара- 
луына ең әуелі зияткерлік тұрғыда қарсы тұру керек. Діни экс-тремистерді залалсыздандыруда өзге де ықпал ету шараларымен қатар теологтардың рөлі аса зор. Тәжірибелі теологтар, дінтанушылар, дін саласы мамандары – экстремистер мен радикалдардың идеологтарына сауатты әрі жоғары дәрежеде қарсы тұра алатын қоғамның бірден-бір категориясы. Теологтар қасиетті Құран кітабындағы қазыналы әмбебап білімге ие. Діни догматика саласы мен діни сенімнің доктриналық ережелерін, рәсімдерді және өзге де культтік практикаларға қатысты білімнің молдығы оларға батыл идеялық қарсыластарымен ұстасуға мүмкіндік береді.

–Ислам туралы айтқанда заманауи өмір салты, білім  мен мәдениетті дінмен ұштастыру  мәселесі де қылаң береді. Басқаша  айтқанда,  
ислам мен модернизацияның астасуы мүмкін бе?

–Ханафи мазхабының рухани практикасы ұлттық мәде-ниет пен жалпы адамзаттық құндылықтарға  құрметпен қарап келді. Бұл түсініктің өзе-гінде ертеден исламға тән  болған толеранттылық пен ашықтық  ұғымдары жатыр. Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің  
дүниетанымдық кешені шамамен біржарым мың жылға со-зылған ислами өрнек арқылы қалыптасты.

Заманауи  қоғам өскелең дінилік пен  модернизацияның үйлесе алатынын күн  тәртібіне қойып отыр. Біздің еліміздегі модернизация әділдік, адалдық, руханилық, білім, еңбек, сенім және құқық басымдығы секілді құндылықтардың қоғамда қалыптасуына байланысты. Бұл құндылықтардың бәрі де ислам құндылықтары болып табылады. Бірақ, бұл үшін имамдармен тізе қоса отырып әрекет ету керек. Мешіттердегі уағыздарда дінге шақыру ғана емес, жастарды рухани дамуға, білімге, кемелденуге, қоғам игілігі үшін тер төгуге шақыратын насихаттар да  
айтылуы керек.

Мұсылман  ренессансы дә- 
уірінде дін мәдениеттің жоғары деңгейіне, ғылымға, философияға, білімге себепші болды. Бүкіл әлемге ислам аясында қызмет еткен  ғұлама ғалымдар мен ойшылдардың есімдері етене таныс.

Өкінішке  қарай, біздің заманымызда дін мен  зайырлы өмірді қарсы қоюшылар да кездеседі. Шындығында, дін азаматтарымызды, бірінші кезекте жастарымызды білім, отбасы, халықтық ғұрыптар мен дәстүрлерден айырмауы керек. Мешітке бару жастардың сапалы білім алуына кедергі болмауға тиіс, олар интеллектуалдық тұрғыда да, бой түзеу жағынан да тең өсіп дамуы керек. Ислам оқшаулану мен рухани кембағалдықты қабыл алмайтын дін, ол дінге сенушілерді жалпыға түсінікті гуманистік құндылықтарға баулиды.

–Әңгімеңізге  рахмет!

 

Айна САРЫБАЙ.

(«Ақтөбе»  
облыстық газеті).


Информация о работе Қазақстан Республикасында терроизм және экстремизммен күресудегі халықаралық-құқықтық нормалар