Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 21:28, реферат
Халықаралық құқықта халықаралық ұйымдар екінші реттегі субъектілері болып табылады. Алайда әрбір халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі бола ала ма деген сұрақ туындайды. Өйткені бірнеше ғалымдар кей халықаралық ұйымдарда халықаралық құқық субъектілігі жоқ деп есептейді. Мысалы, Г. И. Тункин. Ал өзгелері, мысалы Е. А. Шибаева и М. Поточный, әрбір халықаралық ұйым халықаралық құқықтың тең субъектілері деп айтады. Алайда, халықаралық құқықта әр халықаралық ұйымның құқық субъектілігін қалыптастыратын жалпымен танылған нормалар жоқ.
Кіріспе........................................................................................................3-4
Негізгі бөлім:
Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттар түсінігі..................................................................................5-6
Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттардың объектілері және олардың түрлері………………...6-10
Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттардың формасы, атауы және жүргізілу тілі……………..10-12
Қорытынды...........................................................................................13-14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................15
Жоспар:
Кіріспе
Халықаралық құқықта халықаралық
ұйымдар екінші реттегі субъектілері
болып табылады. Алайда әрбір халықаралық
ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі
бола ала ма деген сұрақ туындайды.
Өйткені бірнеше ғалымдар кей
халықаралық ұйымдарда
Қазіргі таңда Е. Т. Усенконың көзқарасы дұрыс деген шешімге келді. Яғни, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде белгілі бір объективті белгілері бар, нақтырақ айтқанда, осы белгілер арқылы объективті субъектісі болып танылатын халықаралық йымдарды жатқызады. Бұл белгілерге: мемлекеттердің қатысуымен жасалған шарттар негізінде құрылған және қызметтер атқаратын ұйымдар, оның мүшелері мемлекеттер, өзінің жеке мақсаты бар, тұрақты органдары бар, теңқұқықты, мемлекеттер достастығын қалыптастыруды ұйымдастыратын ұйымдар.
Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі
олардың белгілі бір құқықтарын
анықтайды. Олара өзара немесе мемлекеттермен
халықаралық шарттар жасасу құқығы,
иммунитет пен артықшылықтарға
ие болу құқығы, халықаралық құқықтық
жауапкершілік субъектісі болу құқығы,
халықаралық құқық мирасқоры
болу құқығы және өз атынан өкілдік
ететін өкілі болу құқығы. Бірнеше
халықаралық юристер
Халықаралық ұйымдардың құқық қабiлеттiктерінің көлемі бойынша айырмашылықтары олардың белгілі бір құқықтық қатынастарда тең тараптар ретінде бола алатындығын теріске шығармайды. Нақты осы жайт негізінде халықаралық конвенциялар (1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы, 1975 және 1986 жылғы конвенциялар) жарияланды. Халықаралық ұйымдарды халықаралық үкіметтік ұйымдар деп ала отырып, бұл конвенциялар халықаралық ұйымдардың құқық қабілеттігінің көлемін жеке алып қарастырмайды, өйткені олай қарастыруда еш мән жоқ.
1986 жылғы конвенцияның негізгі мақсаты халықаралық ұйымдардың статусының емес, олардың қатысуымен жасалатын шарттардың режимін реттеу болды. Яғни, мұндағы нормалар халықаралық ұйымдар құқығына емес, халықаралық шарттар құқығына қатысты қолданылады. Сонымен қатар, бұл нормалар халықаралық ұйымдардың құқық қабілеттігіне қарамастан, нақтырақ айтсақ, көп не аз көлемдегі құқық қабілеттігі бар, жалпы немесе арнайы, әмбебап немесе жергілікті, ашық не жабық негізде құрылған халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттарға қолданылу керектігі айтылған. Тек бір ескеретін жайт, бұл нормалар тек қана халықаралық үкіметтік ұйымдардың қатысуымен жасалатын халықаралық шарттарға қолданылады. Бұл ретте осы нормалар барлық халықаралық ұйымдарға тең дәрежеде қолданылады, керісінше айтқанда, барлық халықаралық ұйымдар осы нормаларға қатысты тең. Халықаралық құқықтың субъектісі ретінде халықаралық ұйымдардың теңдігін мойындау негізіндехалықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар құқығы туралы баптар жобасын дайындайтын арнайы халықаралық құқықтық Комиссия жабдықталды.
Халықаралық ұйымдар қатысатын халықаралық шарттардың заңды табиғатында маңызды ерекшеліктерорын алады. Бұл ерекшеліктер олардың субъектілерінің, мақсаттарының, шарт объектісінің, осы категориядағы шарттардың келісім беру формаларының ерекшеліктерімен анықталады.
Халықаралық ұйымдардың халықаралық шарт құқығы мемлекеттердің шарт құқығынан өзгеше. Бұл, әрине, субъектілігі негізінде орын алады. Халықаралық ұйымдар олардың қарарымен анықталған шекте ғана халықаралық шарттар жасаса алады. Бұл ерекшелік 1986 жылы қабылданған халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттар құқығы туралы Конвенцияның 6-бабында айтылған: «халықаралық ұйымдардың шарт жасау құқығы олардың ұйым ережелерімен реттеледі». Бұл 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 6-бабымен бірнеше айырмашылықта. Бұл бапта: «кез келген мемлекет халықаралық шарт жасауға құқылы» делінген. 1986 жылғы Конвенцияда мемлекеттерге қатысты кез келген халықаралық ұйым халықаралық шарт жасауға құқылы делінбеген. Егер ұйым халықаралық құқықтың субъектісі болмаса, онда оның мұндай құқығы жоқ. Осы конвенцияның 2-бабына сәйкес, құрылтай актілер және қалыптасқан тәжірибе негізінде ұйымдар халықаралық шарт жасауға құқылы.
Қазіргі таңда кең шарт жасау құқығы бар ұйым бұл - БҰҰ болып табылады. Бұл ұйымның құрылтай актісінде өзінің органдарына саяси, экономикалық, әскери және т.б. салаларда келіссөздер жүргізуге және халықаралық келесімдер жасасуға құқық берілген. Шарт жасау құқығы тек қана құрылтай актімен анықталмайды. 1986 жылғы Конвенцияның 2-бабына сәйкес, құрылтай актісінен басқа, сол ұйымның қарарлары, резолюциялары және қалыптасқан тәжірибесі негізінде шарт жасау құқығына ие болады.
Негізгі бөлім
Халықаралық ұйымдар қатысатын халықаралық шарттардың заңды табиғатында маңызды ерекшеліктерорын алады. Бұл ерекшеліктер олардың субъектілерінің, мақсаттарының, шарт объектісінің, осы категориядағы шарттардың келісім беру формаларының ерекшеліктерімен анықталады.
Халықаралық ұйымдардың халықаралық шарт құқығы мемлекеттердің шарт құқығынан өзгеше. Бұл, әрине, субъектілігі негізінде орын алады.
Мемлекеттер арасында жасалатын шарттарда халықаралық құқықтың субъектілері болып табылатын біртекті емес егеменді мемлекеттердің еріктерінің сәйкес келуінің негізінде келісім болады. Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттардың егеменді еркі тек біржақты (егер шартта мемлекеттер қатысқан жағдайда) немесе мүлдем болмауы (егер шартта тек қана халықаралық ұйымдар қатысса) мүмкін, өйткені халықаралық ұйымдарда егемендік жоқ, сол себепті егеменді еркі де болмайды.
Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі ретінде толықтай түседі, ал қызметін өз органдары арқылы жүзеге асырады. Ал кей оның органдары құқық субъектісіне және өз еркіне ие болмайды.
Сонымен, Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттар қатысушылардың еріктерінің келісуінің негізінде жасалынады. Алайда мемлекеттер арасында жасалатын шарттарға қарағанда бұл еріктер бірдей емес, яғни бір жағынан, егеменді ерік білдіріледі, екінші жағынан, егеменді емес ерік білдіріледі. Егеменді ерік бірінші ерік ретінде шексіз әмбебап сипатта болады. Халықаралық ұйымдардың егеменді емес еркі шектеулі арнайы сипатта болады: олардың ерік білдіруі қатаң түрде қарарлары, ұйым ережелерімен сәйкес болуы керек, яғни құрылтай актісінің шегінде ерік білдіре алады. Бұл шектен шыққан жағдайда олардың еркі заңды түрде емес деп, шарт жасауға рұқсат берілмейді. Алайда еріктердің тең мағынада еместігі халықаралық шартқа қатысушылардың субъектілігі тең емес деп қате түсінбеуіміз керек. Өйткені, шарт теңқұқықты болады, ал бұл халықаралық құқықта жатпайды. Теңдік қағидасы Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттарда да қолданылуы керек. Бұл бірақ халықаралық шарт жасауда халықаралық ұйымдардың ерік білдіру мәселесін өзгертпейді.
Сайып келгенде, халықаралық ұйымдар егеменді мемлекеттердің қатысуынсыз халықаралық құқықта нормалар қабылдай алмайды, бұған ең алдымен, императивті jus cogens нормаларын жатқызуға болады. Сол себепті, халықаралық ұйымдардың өзара қатысуымен жасалатын шарттар халықаралық құқықтың қайнар көздері бола алмайды. Бұл шарттардағы нормалар тек сол қатысушы ұйымдарға ғана міндетті, сәйкесінше мемлекеттер мен оның мүшелеріне міндетті емес.
Ендігі кезекте, халықаралық
ұйымдар мен мемлекеттердің қатысуымен
жасалатын шарттар өзгеше сипатта
болады. Бұл шарттарға егеменді мемлекеттердің
қатысуы шарттың нормалары
Қорытындылай келе, Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттар жүйесін, оларға қатысушыларына байланысты, екіге бөліп қарастыруға болады:
Халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттардың субъектілерінің ерекшеліктері сияқты олардың объектілері де, мемлекеттер арқылы жасалатын шартты қоспағанда, ерекше болып келеді. Мемлекеттермен жасалатын шарттар шексіз объектілерге ие, халықаралық құқықтық қатынастардағы кез келген объект мемлекеттер қатысуымен жасалатын шарттардың да объектісі бола алады. Бұл жайт халықаралық ұйымдармен жасалатын шарттарға тиісті емес.
Осындай себептерге байланысты,
халықаралық ұйымдар саяси
Халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттардың объектілері –экономикалық және олардың қарарларындағы арнайы мәселелер. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің қатысуымен жасалатын шарттардың объектілері кең, тек өзара ұйымдармен жасалатын шарттарға салыстыра қарағанда. Халықаралық ұйымдармен қоса мемлекеттер арасында жасалатын халықаралық шарттарды олардың объектілеріне байланысты екі түрге бөлуге болады. Олар ең алдымен, Штаб-пәтер туралы, техникалық көмек көрсету, істестік және байланыс туралы келісімі. Маңызды орынды БҰҰ-ның қарулы күштер, арашашылар және әскери бақылаушылар құқықтық режимі туралы шарты, халықаралық қамқорлық туралы және МАГАТЭ-ның кепілдіктер туралы шарттары.
Халықаралық ұйымдармен өзара жасалатын халықаралық шарттар –істестік және қызмет үйлестіру туралы шарттар, құқық мирасқорлық және т.б. туралы шарттар. Халықаралық ұйымдармен өзара жасалатын халықаралық шарттар екіжақты болады. Көпжақты шарттар дамушы мемлекеттерге техникалық көмек көрсету мәселелерімен жасалады және МАГАТЭ-ның кепілдіктер туралы шарттары. Мысалы, БҰҰ, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, ХТО, ХПО, ХМО,ХДҰ, ИКАО-мен техникалық көмек көрсету шарттары және т.б.
Штаб-пәтер туралы шарт.Көптеген халықаралық ұйымдар өздері орналасқан мемлекетпен шарттар жасасады. Бұл олардың Штаб-пәтер туралы шарты немесе орталық құрылтай өтетін тұрған жері туралы шарт. Сонымен қатар бір ұйым екі не одан да көп мемлекеттерде орандары болуы мүмкін, сәйкесінше әр мемлекетпен осындай шартқа отырады. Мысалы, БҰҰ-ның 1947 жылы 26 мамырындағы АҚШ үкіметімен жасаған шарты, 1946 жылы Швейцариямен уақытша иммунитет туралы шарттары.БҰҰ-ның аранйы мекемелерімен жасалған шарттар: Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық почта ұйымы, Халықаралық электрбайланыс одағы және т.б. Бұл шарттар бірыңғай шарттар болып табылады. Бұлар олардың тұрақты әкімшілік органдарының сессия өтетін жерлеріне қатысты шарттар, олар еркін рұқсат, мемлекеттің құқығы, ұйымның иммунитеттері мен артықшылықтары, қаржы мәселелерін реттейді.
БҰҰ-ның 1947 жылы 26 мамырындағы АҚШ үкіметімен жасаған шартына сәйкес, Нью-Йорк қаласында осы ұйымға арнай аймақ берілді. Шартта: «бұл БҰҰ-ның аймағы, осы аймақта өз билігін жүргізеді, тәртіп орнатады» делінген. Бұл аймаққа қолсұғылмайды. БҰҰ-ның Бас хатшысының рұқсатынсыз бұл аймақта американыі лауыазымды тұлғалары, сот және полиция персоналдары өз қызметін атқаруға құқықтары жоқ. Сонымен қатар, бұл шартта (11 тарау): «БҰҰ-ның қызметкерлері осы аймаққа еркін кіріп және шыға алады» және « (15 тарауда) БҰҰ-ның тұрақты өкілдерінің дипломатиялық иммунитеттері туралы», «(16 тарауда) БҰҰ-ның аймағы полициямен қорғалатындығы» және т.б. көрсетілді.