Халықаралық шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 21:28, реферат

Описание

Халықаралық құқықта халықаралық ұйымдар екінші реттегі субъектілері болып табылады. Алайда әрбір халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектісі бола ала ма деген сұрақ туындайды. Өйткені бірнеше ғалымдар кей халықаралық ұйымдарда халықаралық құқық субъектілігі жоқ деп есептейді. Мысалы, Г. И. Тункин. Ал өзгелері, мысалы Е. А. Шибаева и М. Поточный, әрбір халықаралық ұйым халықаралық құқықтың тең субъектілері деп айтады. Алайда, халықаралық құқықта әр халықаралық ұйымның құқық субъектілігін қалыптастыратын жалпымен танылған нормалар жоқ.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-4
Негізгі бөлім:
Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттар түсінігі..................................................................................5-6
Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттардың объектілері және олардың түрлері………………...6-10
Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттардың формасы, атауы және жүргізілу тілі……………..10-12
Қорытынды...........................................................................................13-14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................15

Работа состоит из  1 файл

шарт.docx

— 45.56 Кб (Скачать документ)

Техникалық көмек көрсету туралы шарт. Осындай шарттар арнайы мамандандырылған мекемелер және өзге де халықаралық ұйымдардың көмек беруші мемлекеттермен жасаған шарттары. Бұл шартардың заты ретінде сол аумақты зерттеу туралы ұйымдардың бұйрықтары, мысалы сол мемлекеттің ауыл шаруашылығы, мамандардың кадрларын даярлауына құралдарды ұйымнан алу, кеңесшілерді сол мемлекеттерге жіберу және т.б. Әсіресе мұндай шарттарға екіден көп халықаралық ұйымдар қатысады. Халықаралық ұйымдар жобалардың тиiстi ғылыми зерттеулерiн жүзеге асыру мақсаттарында жәрдем беруi және мұндай зерттеулердiң үйлестiруi туралы (МАГАТЭ, Евратом), өнеркәсiптiң дамытуын жоспарлаудағы тәжiрибенiң берiлуi туралы(ЮНИДО) келiсiмшартқа отырады. Шарттардың ерекше түріне БҰҰ-ның Даму Программасымен техникалық көмек беру туралы шарттары жатады. Мысалы осындай реттегі шарт БҰҰ-ның Даму Программасы мен БАЭ арасында 1972 жылдың 12 қазанында жасалды. Мұндай шарттар үшжақты болып келеді: БҰҰ-ның Даму Программасы (ПРООН), халықаралық ұйым және көмекті қабылдаушы мемлекет. Мұндай шарттар және де оперативті жоспар деп те аталады.

Мемлекеттердің  халықаралық ұйымдармен істестік және байланыс туралы шарты. Бұл шарт мемлекеттердің халықаралық ұйымдарға кірместен жұмыстарына тартуға негізделген. Мысалы, Экономикалық өзара Көмек Кеңесінің 1973 жылы Мексикамен, 1975 жылы Иракпен жасаған шарттары. Бұл шарттарда Кеңес арнайы комиссия ашты. Бұл комиссия өз қызметін жаслған шарт негізінде атқарды.

Халықаралық тәжірибеде сонымен қатар, өзара істестік жайлы өзге де шарттар жасалған. Мысалы, БҰҰ-ның қарарының 93-бабында: «БҰҰ-ның қатысушысы болып табылмайтын кез келген мемлекет Халықаралық Сот Статутына кіре алады» делінген. Осы қарардағы баппен Швейцария және өзге де мемлекеттер Статутқа кірді.  Өзара байланыс жасау туралы шарт негізінде тығыз ынтымақтастық орнатылған еді. Мысалы, Еуропалық Еркін сауда ассоциациясымен Финляндия, Экономикалық істестік және даму Ұйымы (Югославия) байланыс орнатты.

Бұл шарттар  маңызды өзара  құқықтар мен міндеттемелер жүктейді. Кейбіреулері мемлекеттердің осы ұйымдарда  қызмет жасауын қарастырады. Мысалы, Экономикалық істестік және даму Ұйымы  мен Жаңа Зеландияның  1970 жылы жасаған шарты. Осы шарт негізінде ұйымның өзге мүшелері секілді құқықтар алды (ауыл шаруашылық комитеті). Жаңа Зеландия осы ұйымның отырыстарына өз бақылаушыларын жібере алады. Егер отырыста ауыл шаруашылық комитетіне қарасты мәселелер қозғалған ретте.

МАГАТЭ-ның мемлекеттермен кепілдіктер туралы шарты. Осындай шарттардың негізгі объектісі МАГАТЭ жүзеге асыратын бақылауы болып табылады. 1968 жылғы ядерлі қаруды таратпау шартының 3-бабында: «әр ядерлі қарусыз мемлекет МАГАТЭмен кепілдік беру шартына отыру керек» делінген. Мұндай шарттар мемлкеттердің жекелей немесе бірге отыруна болады. Осындай реттегі шарттар саны өсу үстінде. 1975 жылдың басында 40 шақты мемлекет осындай шартқа отырып, жүзеге асыра бастаса, 1988 жылы шарт жасасқан мемлекеттер саны 97 болды.

БҰҰ-ның қарулы күштер, арашашылар және әскери бақылаушылар құқықтық режимі туралы шарты. БҰҰ-ның осындай шарттары халықаралық бебітшілікті, агрессия актілерін басу мақсатында жасалады. БҰҰ-ның қарарына (43 бап)сәйкес, ұйымның кез келген қатысушы мемлекет Қауіпсіздік Кеңесінің бұйрығы бойынша керек қарулы күштер, көмек көрсету, мемлекеттен өтуге жол беру секілді орындауы керек. Бұл шарттар кейін мемлекетпен ратификациялануы керек. Осындай шарттар көп жасалды, кейбіреулері әлі күшінде. Мысалы, 1964 жылы БҰҰ-ның Кипр үкіметімен жасасқан шарты. Бұл шарт БҰҰ-ның Бас хатшысы мен Кипрдің сыртқы істер министрімен хаттардың алмасуымен рәсімделді.

Атай кететіт жайт, БҰҰ-ның қарарына (43 бап)сәйкес, қарулы күш туралы шарт Қауіпсіздік Кеңесімен жасалуы керек. Алайда тәжірибеде мүндай шарттарды Бұл шарт БҰҰ-ның Бас хатшысы (осындай өкілеттігі болмаса да) жасаған кездер болды. 

Қамқорлық туралы шарт.Осындай шарттар 1947 жылы қамқор мемлекеттермен БҰҰ-ның қарарының75 — 80 баптарымен жасалып, Бас Ассамблея немесе Қауіпсіздік Кеңесімен (Тынық мұхиттағы Маршаллов, Каролинские и Марианские аралдары ) нығайтылды.

Көптеген юристер осындай  шарттарды халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттар деп  атайды. Бірінші жағынан, БҰҰ-ныңБас Ассамблея немесе Қауіпсіздік Кеңесі, екінші жағынан қамқоршы мемлекет. Бұл шарттарды БҰҰ рәсімдеді. алайда келісөздерге, жобасын дайындауға қатыспады.

Қазіргі таңда мұндай шарттар  қамқор мемлекеттердің ешгемендік алуымен  өз күшін жойды. Ресми түрде тек  АҚШ-тың Тынық мұхиттағы аралдарға деген шарттары әлі күшінде.

Ынтымақтастық және қызметін үйлестіру шарты. Бұл шарттарға тек халықаралық ұйымдар қатысады. Бірақ, олардың халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасында жасалатын шарттардың мазмұны бірдей. Бұл шарттар олардың ақпараттар және қағаздармен айырбас жасау, өзара бақылаушылар жіберу, бірге өткізілетін консультациялар, белгілі бір мақсаттарда өзара көмек  және т.б. қаралады. Сонымен қатар, біріге отырып зерттеу жобаларын өткізу туралы шарттар. Бұлардың барлығы екіжақты келісімдер болып табылады.

Көптеген  халықаралық  ұйымдар БҰҰ-мен осындай ретте шарттар жасасты. Осын негізде олар БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері болып қалыптасты. Осындай шарттарға БҰҰ-мен ЮНЕСКО, ХЕҰ, ХТО, ХПО, ХМО,ХДҰ, ИКАО және т.б. Олар өздерінің конференцияларында, конгресстер мен сессияларында өзара өкілдік ету (дауыс беру құқығынсыз) құқығын мойындау, күн тәртібіне мәселелерді қосу, ақпараттар мен құжаттармен өзара айырбастау, рекомендациялар дайындау секілді мәселелерді алады. Сонымен қатар, өзара ынтымақтастық туралы шарт мамандандырыған мекемелерінің арасында да жасалынады. Мысалы,ХЕҰмен ЮНЕСКО арасындағы 1948 жылғы 23 тамыздағы шарты. Бұл шарт екі ұйымның еңбек шарты қызметін үйлестіру болып табылды. ЮНЕСКО өз уақытында (1946 жыл және 1961 жыл аралығында)100 шақты екіжақты шарттар жасасты. Соның ішінде 26 халықаралық ұйымдармен (МАГАТЭ, ХДҰ, ХЕҰ) болды. Мысалы, ЭКК жасаған шарттары. Осындай жасаған шарттары негізінде ғана бұл экономикалық ұйым халықаралық деңгейге шықты.

Құқық мирасқорлық  шарты.Шарттық тәжірибеде бұл шарт түрі белгілі. Осы шарт негізінде БҰҰ мен мамандандырылған мекемелерінің қатынастарын, осы мекемелердің өзге халықаралық ұйымдармен қатынастарын реттеді. Атап айтқанда, қызметтерінің, мүліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлығы. Мүндай шарттарға мысал ретінде Ұлттар Лигасы мен БҰҰ арасындағы 1946 жылғы 19 шілдедегі шартты алсақ болады. Осы шарт негізінде Ұлттар Лигасының саяси емес қызметтері мен мүліктері көшкен еді. Сонымен қатар, ЮНЕСКО мен Халықаралық Интеллектуалдық ынтымақтастық институты арасында, ФАО мен Халықаралық ауыл шаруашылық институты арасында және т.б.

 

    1. Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттардың формасы, атауы және жүргізілу тілі

Халықаралық ұйымдар мемлекеттер  сияқты халықаралық шарттардың кез  келген формасын таңдай алады және бұл шарттың заңды күшіне және болмысына әсер етпейтді. Бұл жағдайлар 1986 жылдың конвенциясына қосылған, яғни халықаралық ұйымдардың қатысуыменжасалатын шарттың баптарының жобасын игеру немесе өндіру мақсаттары үшiн халықаралық құқықтық комиссиясы жанында жасалған. 1986 жылғы конвенцияда: «шарт халықаралық келісім ретінде халықаралық құқықпен реттеледі және жазбаша нысанда жасалады: 1) бір немесе бірнеше мемлекеттермен және бір немесе бірнеше халықаралық ұйымдармен; 2) халықаралық ұйымдар арасында олардың бірнеше құжат негізінде болуына және атауына қарамастан жасалады» делінген.

Мемлекеттер арасында жасалатын  шарттар сияқты Халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттар,шарт жасау формасы мен олардың атауларын жасаушы тараптардан таңдалады. Бұл таңдау құқығы олардың  құрылтай актілерінде көрсетіледі.

Халықаралық ұйымдар халықаралық  шарттарды негізі 3 формада жасайды: халықаралық келісім, хат (нота) алмасу және параллельді резолюциялар. Сонымен қатар, хаттамалар және т.б. кездеседі. Ең негізгілері халықаралық келісімдер; нота алмасу және параллельді резолюциялар және хаттамалар аз кездеседі.

Ал келесідей атаулар: шарт, пакт, конвенция – болмайды, алайда келешекте қолданылмайды деген мағынада түсінбеу қажет.

Ең көп таралғаны халықаралық келісімдер. Осы формада: БҰҰ-ның көптеген халықаралық ұйымдармен арнайы сұрақтар негізінде жасасқан шарттары, осы шарттар негізінде олар мамандандылырған мекемелер болды; осы мекемелер мен халықаралық үкіметтік ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттары; халықаралық ұйымдардың мемлекеттермен техникалық көмек көрсету туралы шарты; Штаб-пәтер туралы шарты. Шарттардың атауларына байланыстырып олардың маңыздылығын түсіну қате. Шарт атаулары тек қатысушы тараптардың таңдауы ретінде қойылады.

Екінші топтағы халықаралық  шарттарға хат (нота) алмасу жатады. Бұл еі жеңілдетілген қарапайым  форма болып табылады. Кеңестік заң  әдебиеттерінде: «халықаралық ұйымдарға хат алмасу деген келеді, нота емес, өйткені халықаралық ұйымдардың қатынастарында дипломатиялық сипат жоқ.» делінген. Сонымен қатар, нота ресмилігі жоғары және маңызды мәселелерге арналады, ал хат алмасу арнайы мәселерге анықталған. Мысал ретінде, ИКАО мен ХЕҰ арасындағы хат алмасумен азаматтық авияция жөнінде ортақ комиссия құру туралы келісімге отырды. 1953 жылдың 19 қазанында ХЕҰ Бас дирекциясы ИКАО Кеңесінің президентіне хат жіберіп, 28 қазанында ұсынысын қабылдайтындығын айтып кері хат жолдады. Тағы бір мысал, БҰҰ-ның Халықаралық Соты мен Голландия сыртқы істер министрі арасындағы 1946 жылдың 26 мамырында Сот мүшелерінің иммунитеттері мен артықшылықтары туралы шарт хат алмасу арқылы жасалды.

Сонымен қатар, хат алмасу арқылы қызмет пен мүліктің мирасқорлығы рәсімделген еді. Хат алмасу формасында халықаралық шарттардың күшіне енгенін  растайтын шарттар жасалды. Мысалы, БҰҰ мен АҚШ арасындағы Штаб-пәтер туралы шарты1947 келісімі БҰҰ-ның Бас хатшысы мен БҰҰ-ның АҚШ өкілдігі арасындағы хат алмасу арқылы жүзеге асты.

Халықаралық ұйымдармен жасалған шарттар параллельді резолюциялар ретінде олардың құқықмирасқорлық келісімінде жасалды. Мұндай шарттарға мысал ретінде Ұлттар Лигасы мен БҰҰ арасындағы 1946 жылғы 19 шілдедегі шартты алсақ болады. Осы шарт негізінде Ұлттар Лигасының саяси емес қызметтері мен мүліктері БҰҰ-на көшкен еді. Сонымен қатар, ЮНЕСКО мен Халықаралық Интеллектуалдық ынтымақтастық институты арасында, ФАО мен Халықаралық ауыл шаруашылық институты арасында, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымнан Халықаралық метеорологиялық ұйымға және т.б. резолюция негізінде болды. ФАО мен Халықаралық ауыл шаруашылық институты арасындағы келісім, сонымен қатар, хат алмасумен де жасалды.

Экономикалық Көмек көрсету  Кеңесімен көптеген хаттамалар жасалды. Мысалы, ЭКК мен «жалпы грузды вагондардың паркі» ұйымының хаттамасы.

Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттардың құрылымы мемлекеттермен жасалатын шарттардан өзгеше емес. Олар преамбула, негізгі бөлім (баптар) және қорытынды бөлімі (шарттың күшіне енуі, тоқтатылу негіздері және т.б.). Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттардың құрылымы қарапайым: олар тарауларға, бөлімлерге бөлінбейді; қысқа әрі біртекті. Кейбіреулерінде  қосымшалар (приложения) болады. Мысалы, Экономикалық өзара Көмек Кеңесінің 1973 жылы Мексикамен, 1975 жылы Иракпен жасаған шарттарында қосымшалар тіркелген.

Сонымен қатар, Халықаралық  ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар  жасау тілі де қарастырылады. Халықаралық шарт жасауда белгілі бір анықталған тіл жоқ. Ал кей жағдайларда екіжақты шарттарда, егер тараптардың тілдері әртүрлі болған жағдайда, шарт екі тілде жасалады. Мысалы, ЭКК мен КСРО арасындағы шарт орыс тілінде жүргізілді. Өйткені екі тараптың да ортақ тілі орыс тілі болды. Экономикалық өзара Көмек Кеңесінің 1973 жылы Мексикамен, 1975жылы Иракпен жасаған шарттары екі тілде: орыс және испан, араб тілдерінде жасалды. БҰҰ мен АҚШ арасындағы Штаб-пәтер туралы шарты 1947 келісімі француз және ағылшын тілінде жасалды. Алайда халықаралық тәжірибеде кейбір шарттар тек бір тілде жүргізілген кездер болды. Мысалы БҰҰ-ның кезекті келісімдері ағылшын не француз тілдерінде жүргізілген. Қатысушы мемлекеттер мен мекемелердің тілдерінде аудармалары болмаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Халықаралық ұйымдар қатысатын  халықаралық шарттардың заңды табиғатында  маңызды ерекшеліктерорын алады. Бұл  ерекшеліктер олардың субъектілерінің, мақсаттарының, шарт объектісінің, осы  категориядағы шарттардың келісім беру формаларының ерекшеліктерімен анықталады.

Халықаралық ұйымдардың халықаралық  шарт құқығы мемлекеттердің шарт құқығынан  өзгеше. Бұл, әрине, субъектілігі негізінде  орын алады. Халықаралық ұйымдар  олардың қарарымен анықталған шекте  ғана халықаралық шарттар жасаса алады. Бұл ерекшелік 1986 жылы қабылданған  халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалған шарттар құқығы туралы Конвенцияның 6-бабында айтылған: «халықаралық ұйымдардың шарт жасау құқығы олардың ұйым ережелерімен реттеледі».

1986 жылғы конвенцияның негізгі  мақсаты халықаралық ұйымдардың статусының емес, олардың қатысуымен жасалатын шарттардың режимін реттеу болып табылады.  Яғни, мұндағы нормалар халықаралық ұйымдар құқығына емес, халықаралық шарттар құқығына қатысты қолданылады. Сонымен қатар, бұл нормалар халықаралық ұйымдардың құқық қабілеттігіне қарамастан, нақтырақ айтсақ, көп не аз көлемдегі құқық қабілеттігі бар, жалпы немесе арнайы, әмбебап немесе жергілікті, ашық не жабық негізде құрылған халықаралық ұйымдармен жасалатын халықаралық шарттарға қолданылу керектігі айтылған. Тек бір ескеретін жайт, бұл нормалар тек қана халықаралық үкіметтік ұйымдардың қатысуымен жасалатын халықаралық шарттарға қолданылады.  Бұл ретте осы нормалар барлық халықаралық ұйымдарға тең дәрежеде қолданылады, керісінше айтқанда, барлық халықаралық ұйымдар осы нормаларға қатысты тең. Халықаралық құқықтың субъектісі ретінде халықаралық ұйымдардың теңдігін мойындау негізінде халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар құқығы туралы баптар жобасын дайындайтын арнайы халықаралық құқықтық Комиссия жабдықталды.

Халықаралық ұйымдар халықаралық  құқықтың субъектісі ретінде толықтай түседі, ал қызметін өз органдары арқылы жүзеге асырады. Ал кей оның органдары  құқық субъектісіне және өз еркіне ие болмайды.

Сонымен, Халықаралық ұйымдардың қатысумен жасалатын халықаралық шарттар қатысушылардың еріктерінің келісуінің негізінде жасалынады.

Халықаралық ұйымдармен жасалатын  халықаралық шарттардың субъектілерінің  ерекшеліктері сияқты олардың объектілері  де, мемлекеттер арқылы жасалатын  шартты қоспағанда, ерекше болып келеді. Мемлекеттермен жасалатын шарттар  шексіз объектілерге ие, халықаралық  құқықтық қатынастардағы кез келген объект мемлекеттер қатысуымен жасалатын  шарттардың да объектісі бола алады. Бұл жайт халықаралық ұйымдармен жасалатын шарттарға тиісті емес.

Информация о работе Халықаралық шарт