Халықаралық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 04:46, реферат

Описание

ҚР Қылмыстық кодексі келесі нормаларды қамтиды:
 1 бөлім –қылмыстық заң әрекетімен байланысты жазалану туралы ереже;
 2 бөлім –қылмыс белгісі ретінде жазалауды қарастыру;
 3 бөлім–жазалаудың түсінігі, мақсаты мен түрін қарастырады.
 4 бөлім –жазалауды белгілеу сауалдарын және оның жеке даралығын реттейді;
 5 бөлім– жазалаудан босату мүмкіншіліктерін көрсетеді.
 6 бөлім –кәмелеттік жасқа толмаған жастарға жазалауды белгілеудің ерекшеліктерін қарастырады.
 Ерекше бөлімнің нормалары –қылмыстық жазалаудың санкцияларын анықтау.

Работа состоит из  1 файл

меруерт и арай.doc

— 823.00 Кб (Скачать документ)

Теорияда жалпы  нормативті қасиеттер бөлініп шығады:

  1. Заңда бекітілу, міндеттілік және мәжбүрлеушілік;
  2. Бірін –бірі толықтыру және жазалаудың жеке түрлерінің тәуелділігі;
  3. жазалау шараларын анықтаудағы регламенттеу;
  4. жеке тұлғаның түрлі элемент құрылымдарының әрекет бағыты, оның қызығушылығы, тәртіп мотивациясы;
  5. түрлі әлеуметтік мүдде мен құқықтық сана типтеріне үйрену мүмкіншілігі;
  6. жүзеге асыру механизмінің әлеуметтік құқықтық қажеттілігі: құқық қорғау жүйесі, қоғам позициясы(ресурстарды бөлу дайындығы). Жазалау жүйесінің қасиеттеріне қарай жазалаудың түрлері қатты жаза, жұмсақ, қиын және қарапайым болып бөлінеді.

Жазалау жүйесінің  элементтері:

  • жазалаудың жеке түрлері;
  • жазалау түрлерінің түрлі топтары(практикалық мәнін көрсету мақсатында қасиеттердің бірінде құрылады);
  • жазалаудың жеке  түрлері мен топтарының арасындағы байланыс;

Жазалаудың  түрлері:

1) Заңды мағына бойынша:

а) негізгі – жазалаудың басқа түрлеріне қосымша жаза ретінде тіркеле алмайды және жазалау бабының санкциясында көрсетілмесе еш уақытта қолданыла алмайды(ескерту: бапта көрсеткенге қарағанда әлдеқайда жұмсартылған жаза; өтелген жаза бөлімін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру);

б) қосымша – оларды белгілеу – соттың құқығы, ол міндет емес, жазаны белгілеу туралы шешім қарастырылған болуы керек(мүлікті тартып алу –заңмен қатаң түрде шешілшен жағдайда, нақты белгіленген, әскери және абыройлы атақтарды жою, ауыр және өте ауыр қылмыс жасаған жағдайда класстық шен, дипломатиялық ранг, кәсіби класс және мемлекеттік марапаттауларын тартып алу;

в) негізгі де, қосымша да –негізгі және рационалды түрде негізгі жазалауға қосымша болып табылатын жеңіл орындалатын жазалау(айыппұл, белгілі бір қызметті иелену құқығынан босату немесе белгілі бір іспен айналысуға, қоғамдық жұмыстарға қатысуға тыйым салу).

2) Жеке  тұлғаға әрекет сипаты бойынша»(:

а) бостандыққа шектеу салынатын (бостандықтан айыру, қамау, бостандыққа шектеу салу, қатаң тәртіптегі әскери бөлімде тұру);

б) мүліктік жағдайды нашарлататын (айыппұл, мүлікті тартып алу);

в) өзін өзі бағалауды, абыройды, мамандықты таңдау құқығын төмендететін (белгілі бір қызметтен босату, немесе белгілі бір іспен айналысуға тыйым салу).  

3) Жеке  тұлға белгісі бойынша: 

а)жалпы – барлық адамдарға қолдану;

б) арнайы (применяемые к военнослужащим или имеющим специальное звание;18 бен 65 жас аралығындағы ер адамдар, яғни әскери адамдарға немесе белгілі бір атағы бар адамдарға қолдану (өлім жазасы);

4) Жәбірленушіге  арналған:

а) қоғамға арналған жәбірленушінің жауапкершілік сезімі мен құқықтық жағдайын орнықтыру ;

б) қоғамға   және келтірілген залалды жабу мақсатындағы тікелей жәбірленушіге арналған.

Жазалаудың  жеке түрлері:

Айыппұл

Айыппұл – ҚК қарастырылған нақты АЕК сәйкес келетін, жазалау белгіленген кездегі  заңмен белгіленген ақша түріндегі  жаза немесе жалақы мөлшеріндегі немесе қылмыс жасаған уақыттағы басқа  да табыс көзіне байланысты белгіленетін жазалау түрі.  ҚР Заңында  белгіленгендей айыппұл  20мыннан 25 мыңға  дейінгі АЕК мөлшерінде белгіленеді немесе қылмыскердің жалақысының немесе басқа табыс көзінің мөлшері бойынша екі аптадан бір жылға дейінгі ақша мөлшері белгіленеді. Айыппұл мөлшері жасалған қылмыстың ауырлығына және қылмыскердің мүліктік жағдайына байланысты сот шешімімен қабылданады.

Жазалаудың  қосымша түрі ретінде айыппұл  ҚР ҚК Ерекше бөліміннің баптарында қарастырылған  жағдайда ғана белгіленеді.

Жазалаудың  негізгі түрі ретінде   белгіленген  айыппұлдан бас тартылған кезде, ол қоғамдық жұмыстар, түзету жұмыстары  және бір айлық түзету жұмыстарына  сәйкес қамауға алынады, немесе 80 сағат  қоғамдық жұмыстарға тартылады, ҚК 42, 43 және 46 баптарында қарастырылған АЕК үш есептік мөлшеріндегі айыппұл мөлшеріне сәйкес келетін 10 күндік қамауға алынады. 

белгілі бір қызметте істеу немесе белгілі  бір іспен айналысу құқығынан  айыру.

Белгілі бір  қызметте істеу немесе белгілі бір  іспен айналысу құқығынан айыру  мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін өзі басқару органдарында жұмыс істеуге немесе белгілі бір кәсіптік немесе басқа іспен айналысуға тыйым салу болып табылады. Жазалаудың негізгі түрі ретінде 1 жылдан 5 жылға дейінгі уақытты, жазалаудың қосымша түрі ретінде 6 айдан 3 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

Жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда белгілі бір қызметтен босату немесе белгілі бір іспен айналысуға тыйым салу негізгі қылмыс ретінде 3 жылдан 10 жылға дейінгі уақытты қамтыса, жазалаудың қосымша түрі ретінде 1 жылдан 7 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

Белгілі бір  қызметте істеу немесе белгілі бір  іспен айналысу құқығынан айыру  жазалаудың қосымша түрі ретінде  болса да  жасалған қылмыс соттың шешімі бойынша қоғамқа қауіпті деп танылып, мемлекеттік қызметте істеу немесе белгілі бір іспен айналысу мүмкін емес жағдайда ҚК Ерекше бөлімінде көрсетілмесе де белгілене береді.

Қосымша түрінде  бұл жазалау бостандықтан айыру, қамау,  тәртіптік әскери бөлімде  ұстау немес бас бостандығынан  айыру жағдайында қолданылса жазалаудың негізгі түрінде белгіленгендей бұл жазалау қылмыскердің бүкіл жазалым уақытында қолданылады.  Белгілі бір қызметте істеу немесе белгілі бір іспен айналысу құқығынан айыру жазалауы басқа негізгі жазалауларға  қосымша түрде белгіленсе, сонымен қатар шартты түрде   жазалау жағдайында қылмыскердің жазаны өтеу мерзімі сот үкімінің заңды күшке иеленгеннен бастап санала бастайды.

 

Қоғамдық  жұмыстарға тарту.

Тегін қоғамдық жұмыстар қылмыскердің негізгі жұмыстан немесе оқудан қолы бос кезінде жүзеге асырылады, жұмыстың түрі жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін өзі басқару органдарымен анықталады.

Қоғамдық жұмыстар 60 сағаттан 120 сағатқа дейін белгіленеді, және күніне 4 сағаттан аспауы тиіс. Қоғамдық жұмыстардан бас тартылған жағдайда жазалаудың бұл түрі ҚК 45 , 46 және 48 баптарында қарастырылған бостандыығына шек қою, қамау, бас бостандығына айыру сияқты жазалау түрлеріне алмастырылады, өылмыскердің қоғамдық жұмыстарды істеген бір күндік сағаттар бір күндік бас бостандығынан айырумен тең болып келеді.  Қоғамдық жұмыстар жазасы әскери адамдарға, 55жастан асқан әйел адамдарға, 60 жастан асқан ер адамдарға, жүкті әйелдерге, 3жасқа дейінгі балалары бар әйел адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге қолданылмайды.

 

Түзету  жұмыстары.

Түзету жұмыстары 2 айдан 2 жылға дейінгі уақытта орналыстырады, және сотталғанның жұмыс істеу орны бойынша өтеледі. Түзету жұмыстары сотталушы жалақысының 5 пайыздан 20 пайызға дейінгі мөлшерде мемлекет табысына бөлініп алынады.

Түзету жұмыстары  еңбекке икемі жоқ адамдарға, тұрғылықты жұмысы жоқ адамдар, өндірістен қол үзбей оқитын адамдарға жүргізілмейді. Осыған байланысты мұндай адамдарға түзету жұмыстарының орнына заңмен белгіленген бір айлық есеп көрсеткішіне сәйкес келетін айыппұл беріледі. Және де түзету жұмыстары жазаны өтеу кезінде айыппұлмен ауыстырылуы мүмкін.

Түзету жұмыстарына  тартылған адам жазаны өтеуден бас  тартса сот органы бұл жаза түрін  құқығына шеек қою, қамауға алу немесе сол мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына ауыстыра алады.

Әскери қызмет бойынша шек қою

ҚК Ерекше бөлімінде  көрсетілген бапқа сәйкес әскери қызметке қарсы жасалған  қылмыс 3 айдан 2 жылға дейінгі қызметтегі әскери адамдарға , келісім-шарт бойынша  әскери қызметкерлерге, офицерлерге, сонымен қатар ҚК Ерекше бөлімінде көрсетілген келісім шарт бойынша жұмыс істейтін сотталған адамдарға белгіленеді Әскери адам сотталған жағдайда 20 пайыздан аспайтын ақша көлемі мелекет қарамағына бөлінеді.  Бұл жазаны өтеуде әскери адам қызметпен жоғарылай алмайды, әскери атаққа ие бола алмайды, ал жазалау мерзімінің уақыты келесі әскери атақты алар уақытында есепке алынбайды.

Бостандыққа шек қою

Бостандыққа шек  қою қылмыскердің бостандығына шек  қоятын белгілі бір міндеттерді  жүктеуден көрініс табады, бұл  жаза түрі 1 жылдан 5 жылға дейін уақытты қамтитын қоғамнан мүлде айырмайтын қылмыскердің тұратын жерінде нақты  органдардың бақылауымен өтеледі. Басқа жазаны (қоғамдық жұмыстарға немесе түзету жұмыстарына тартылу) бостандыққа шек қою жазасымен ауыстырған кезде жаза 1жылдан кем уақытты қамтиды.

Сот бастандыққа  шек қою жазасын бере отырып қылмыскерге  келесі міндеттерді жүктейді:

1) арнайы органдарды хабардар етпей өз тұратын жерін, жұмысын және оқу орнын ауыстырмау;

2) жұмыстан, оқудан бос уақытында белгілі бір орындарға бармау, тұрғылықты жерін ауыстырмау;

3) Арнайы органдардың рұқсатынсыз басқа елді мекендерге шықпау;

Сот қылмыскерге оны түзету мақсатында басқа да міндеттерді  жүктеуі мүмкін: ішімдікке, нашақорлыққа, таксикоманияға, жыныстық жолдармен  берілетін ауруларға  қарсы емдеу  шараларынан өту, отбасына материалдық көмек көрсету.

Бостандығына  щек қойылған қылмыскер жазаны өтеуден бас тартқан жағдайда сол мерзімге сәйкес бас бостандығынан айыруға құқылы..Бостандыққа шек қою жазасының бір күні бас бостандығынан айыру жазасының бір күніне сәйкес келеді.

Босатандыққа  шек қою жазасы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға, әскери қызметшілерге, сонымен қатар тұрақты тұрғын мекендері жоқ адамдарға тағылмайды.

Бас бостандығына шек қою жазасын өтеп жатқан адамды, сот, бақылап жүрген арнайы органдардың  кеңесімен мойнына жүктелген міндеттерді толығымен немесе бөліп алып тастауы мүмкін.

Әскери тәртіп бөлімінде ұстау

Әскери тәртіп бөлімінде ұстау сот үкімі шығарда заңмен белгіленген әскери қызметін атқару қызметі аяқталмаған болған жағдайда әскер қатарына шақырылған әскери адамдарға, сонымен қатар жай қатардағы   және сержант құрамындағы шарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскерилерге тағайындалады. Бұл жаза ҚК Ерекше бөлімінің баптарында қарастырылған әскери қылмыстар болған жағдайда, және де сот қылмыскердің жеке басы мен ісін қарастыра отырып бас бостандығынанан айыру орнына  2 жылдан аспайтын әскер тәртіп бөлімінде жазасын өтеуге мүмкіндік береді. Бас бостандығынан айыру жазасының орнына қатаң әскери тәртіп бөлімінде ұстау бұрында бас бостандығынан айырылған адамдарға қолданыла алмайды.

Бас бостандығынан  айыру орнына қатаң әскери тәртіп бөлімінде ұстау жазасының мерзімі 1 күндік бас бостандығынан айыру  күні 1 күндік әскери тәртіп бөлімінде  ұстау мерзіміне сәйкес болып  келеді.

Бас бостандығынан айыру

Бас бостандығынан айыру қылмыскерді қоғамнан мүлде айырып, оны орнықтыру колониясына немесе жалпы, қатаң режимдегі колонияға, түрмеге бағытталып, отырғызылады. 

Бас бостанығынан айырған қылмыскер сот үкімі шығарылатын кезде 18 жасқа толмаған жасөспірім болса, онда ол жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колониясына жіберіледі.

ҚК көрсетілген  қылмысы үшін бас бостандығынан  айыру 6 жылдан 15 жылға дейінгі уақытты  қамтиды, ал аса ауыр қылмыстары жасағаны үшін ҚК 49 бабының бірінщі бөліміне сәйкес 20 жылға дейінгі немесе өмірлік жазаны қамтиды. Абайсызда жасалған қылмыстары үшін жазаны өтеу мерзімі 10 жылдан аспауы керек. Бостандығынан айыру жазасы қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына тартылу немесе бостандығына шек қою жазасымен ауыстырылған жағдайда 6 айға кем мерзімде белгіленеді.  Бірнеше баппен қылмыс жасалған жағдайда және ҚК 49 баптың төртінші бөлімінде, 69 баптың бесінші бөлімінде, 75 баптың төртінші бөлімінде көрсетілген қылмыстар жасалса бас бостандығынан айыру жазасының мерзімі 25 жылдан аспауы керек, ал бірнеше үкіммен жаза тағайындалса 30 жылдан аспауы керек. Бас бостандығынан өмірлік айыру өлім жазасының баламасы ретінде, және өмірге қастандық жасайтындай аса ауыр қылмыс жасалғанда  сот өлім жазасының орнына бас бостандығынан айыру жазасын қолдануы мүмкін. Өмірлік бас бостандығынан айыру әйел адамдарға қолданылмайды, және де 18 жасқа толмаған жас өспірімдерге, үкім шығар кезде 65 жасқа толған ер адамдарға қолданылмайды.

Бас бостандығынан  айыру жазасын өтеу төмендегі  адамдарға белгіленеді:

А) қылмысты абайсызда жасалған қылмыскер орнығу колониясында бас бостандығынан айырылады;

б) қасақана жасалынған кішігірім, орта және ауыр қылмыстары үшін бірінші рет қылмыс жасаған адамдар тартылады, және де қоғамдық жұмыстарға, түзету жұмыстарына және бостандығына шек қойылған жазаларының орнына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылса жаза мерзімі 6 айдан аспайтын ортақ режимдегі түзету колониясында өтеледі.

в) Аса ауыр қылмысы үшін бірінші бас бостандығынан айырылған адамдарға, сонымен қатар қылмыскер бұрында бас бостандығынан айырылып қылмысты қайталаған адамдар және қауіпті қылмыстарды қайталаған әйел адамдарға тағайындалады.

г) Аса ауыр қылмысты қайталаған жағдайда, және өмірлік бас бостандығынан айырылған адамдарға.

Информация о работе Халықаралық құқық