Үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық құқықтық мәртебесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 21:40, реферат

Описание

Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар(YЕХҰ) - мемлекетаралық келісім негізінде емес, жеке немесе заңды тұлғалардың бірігуі нәтижесінде құрылған, қызметі үкіметтің ресми сыртқы саясатынан тыс жүргізілетін ұйымдар. Мұндай ұйымдарға мынадай белгілер тән:
мақсаттары міндеттерінің халықаралық сипаты
құрылтайшылықтың жеке, яғни мемлекеттік емес сипаты
олардың қызметінің ерікті түрде жүргізілуі.

Содержание

1.Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2.1) Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың түсінігі,жіктелуі және түрлері.
2.2) Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес секторының қалыптасу кезеңдерi және оның мемлекетпен өзара iс-қимылы.
2.3) Еуропа мемлекеттерінің үкіметтік емес және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарына жалпы сипаттама.
3. Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

РЕФЕРАТ.docx

— 44.80 Кб (Скачать документ)

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
 
 

Реферат

Тақырыбы: Үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық  құқықтық мәртебесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                 Орындаған: Тұрғараев  Б.А

                 Қабылдаған: Байжанов М.М 

      Алматы 2011 

Жоспары:

1.Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

2.1) Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың түсінігі,жіктелуі және түрлері.

2.2) Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес секторының қалыптасу кезеңдерi және оның мемлекетпен өзара iс-қимылы.

2.3) Еуропа мемлекеттерінің үкіметтік емес және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарына жалпы сипаттама.

3. Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.1Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың түсінігі,жіктелуі және түрлері.

        

       Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар(YЕХҰ) - мемлекетаралық келісім негізінде емес, жеке немесе заңды тұлғалардың бірігуі нәтижесінде құрылған, қызметі үкіметтің ресми сыртқы саясатынан тыс жүргізілетін ұйымдар. Мұндай ұйымдарға мынадай белгілер тән:

  • мақсаттары міндеттерінің халықаралық сипаты
  • құрылтайшылықтың жеке, яғни мемлекеттік емес сипаты
  • олардың қызметінің ерікті түрде жүргізілуі.

Міне, сондықтан  да мүндай ұйымдарды халықаралық  қатынастардың "жаңа акторларына" жатқызады. Мемлекеттің беделі мен  күшіне сүйенетін үкіметаралық ұйымдардан айырмашылығы үкіметтік емес ұйымдар  ықпал етудің құралы ретінде халықаралық  қоғамдық пікірге сүйенеді, ал мақсатқа жетудің жолдары үкіметаралық ұйымдарға (ең алдымен БҰҰ-на) және қандай да бір жекелеген мемлекеттерге қысым көрсетумен анықталады.

     Халықарылық құқықтық құжаттарда және де оқулықтарда  «үкіметтік емес халықаралық ұйымдар» деген термин мемлекеттік, аймақтық немесе халықаралық деңгейдегі ұйымдардағы қатынастарда қолданылады. Интернационалдық ассоциация бойынша 1875 жылдан  1975жылға дейін бүкіл әлемде 35мың үкіметтік емес халықаралық ұйымдар тіркелген. Олар мақсаттарына байланысты әртүрлі болып келген. Мысалы: ассоциациялар, фондтар,одақтар,комитеттер,конференциялар,топтар,федерациялар және т.б.

Халықаралық үкіметтік  және үкіметтік емес ұйымдардың ерекшеліктері:

  • құқықтық негізінде.
  • егемендік негізінде, халықаралық үкіметтік ұйымдар мемлекеттің егемендігіне байланысты,ал халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің егемендігімен байланысы жоқ.

  Ғалым Кузнецова, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың негізгі бірнеше белгісін атап көрсетеді¹:

Біріншіден, ұйым коммерциялдық емес түрде болуы керек.

Екіншіден, ұйым күштеп қорқыту түрлерін қолдануға  немесе насихаттауға міндетті емес.

Үшіншіден, билікті иелену  мақсатымен саясатта рөл атқаруы міндетті емес.

         Халықаралық құқықта халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың анықтамаларына ғалымдар әртүрлі түсініктеме беріледі.

     Ғалым А.И.Камынинаның ойынша, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар – әртүрлі қызмет саласындағы, көптарапты ұлтаралық ынтымақтастықтың өзгертілмеген негізде жүзеге асыру нысаны.

_________

¹ Кузнецова Е. Эволюция консультативного статуса интернациональных неправительственных организаций при экономическом и соц Совете ООН. М., 2004, 34 бет. 

      Ю. М.Колосов пен В. И.Кузнецованың халықаралық құқық туралы оқулығында, YЕХҰ -  халықаралық ынтымақтастыққа саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық және де басқа да ғылым саласында көмек беру мақсатындағы әртүрлі елдердің  мемлекеттік жария ұйымдары,одақтары,топтары мен жеке тұлғалары: мұндай ұйымдар мемлекетаралық мекемелердің келісімі негізінде емес және коммерциялық пайда табуды мақсатына қоймайды².

      И.Б Малкиннің көзқарасы бойынша  YЕХҰ – құрылтай құжаттары негізінде,бір мемлекеттің заң шығару органында тіркелген,жалғыз бір мақсатта біріккен ,БҰҰ қағидалары мен халықаралық құқық нормаларына сәкес келетін,пайда табу мақсатын көздемейтін,кем дегенде екі мемлекеттің жерінде қызметін атқаратын,халықаралық келісім негізінде жасалмаған ұйымдар³.

          Халықаралық құқықтың доктринасында YЕХҰ үш категорияға бөлінген:

  • мемлекетпен ұйымдастырылған, үкіметтік емес ұйымдар. Бұл ұйымдар «суық соғыс» кезеңінде қалыптасты.
  • Квазиүкіметтік емес ұйымдар(үкіметтік емес сияқты ұйымдар)
  • Донорға толық бағынышты үкіметтік емес ұйымдар.

Көптеген үкіметтік  емес ұйымдардың негізгі мекемесі - мерзімділігі жарғыда көрсетілген, жалпы жиналыс болып табылады. Бұл мекеме әр түрлі ұйымдарда әртүрлі айтылады. Мысалы: ассамблея, ғаламдық ассамблея, негізгі ассамблея,конгресс, конференция және т.б.

Атқарушы мекеме немесе белгілі бір мерзімге сайланған  мекеме немесе мемлекеттік ұйымнан консулдық қағидамен құрылған құрылған мекеме. YЕХҰ көбінесе міндеті мен атауы өзгеше екі атқарушы мекемеден тұрады: атқарушы кеңес,атқарушы комитет,бюро,директорлар кеңесі және т.б. Және де міндетті тұлғалар сайланады: президент, вице-президент,атқару төрағасы және оның орынбасары.

      Халықаралық құқық доктринасында  нақты мүшесі бар үкіметтік емес ұйымдар мен нақты мүшесі жоқ үкіметтік емес ұйымдар ерекшеленеді.

Көптеген үкіметтік  емес ұйымдардың құрамы ұқсас болып  келеді:олардың мүшесі болып ұлттық ұйымдар немесе жеке тұлғалар болып табылады және т.б. Қорыта келгенде, YЕХҰ шартты екі түрге бөлінеді.

  1. Жеке тұлғалардан тұратын
  2. Ұлттық үкіметтік емес ұйымдарды біріктіретін

    Бірақ, басқада да түрлері кездеседі.

_________

² Ю. М. Колосов, В. И. Кузнецова.Международное право:.. М., 2000, 284бет

³ И. Б. Малкин. Международные неправительственные организации в современном международном праве: Дис. …. М., 2001, 7бет. 

Кейбір үкіметтік  емес ұйымдардың тіркелген мүшелері болмайды: бұл ұйымдардың тек қана бірнеше мемлекетте тіркелген орталықтары бар.

      Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың негізгі  қызметі мемлекеттік және мемлекеттік  емес секторларда байланыс орнату.YЕХҰ-ның үкіметаралық ұйымның қызметіне ықпалы,халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықта әртүрлі формада болады.Мысалы:

  • Ақпараттық, YЕХҰ өзінің қызметтері туралы  жалпы және жеке ақпараттарды, мемлекеттерге және үкіметтік ұйымдарға жіберіп тұрады. Және үкіметтік ұйымдардан алынған ақпараттарды таратады.
  • Консультативтік, YЕХҰ ұйымдарға,топтпрға және де жеке тұлғаларға сұранысы бойынша кеңестер мен консультациялар береді
  • Құқық шығармашылық, YЕХҰ мемлекеттердің орныққан орнына әсер етіп,келісім жобасын жасай отырып құқық шығармашылық процесстерге қатысады
  • Бақылаушылық, халықаралық құқық нормаларымен жауапкершілікті бақылауда, YЕХҰ-ның рөлі арта түсуде.Мысалы,басты мақсаты гуманитарлық құқықтағы халықаралық құқық нормалын бақылайтын,Халықаралық Қызыл Крест Комитеттің қызметін алуға болады.
  • Тергеулік, Чили, Руанда, Гаитиде ерекше адам құқықтарының жағдайлары туралы тергеушілік коммиссия құрылған.
 
 

2.2. Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес секторының қалыптасу кезеңдерi және оның мемлекетпен

өзара iс-қимылы. 

     Yкiметтiк  емес сектордың қалыптасуы қазақстан  мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуымен,  Қазақстанның демократиялық, нарықтық  экономикасы бар әлеуметтiк мемлекет  ретiнде даму кезеңiмен тұспа-тұс  келедi. Қазақстанда тәуелсiздiктiң  10 жылы iшiнде қоғамның әлеуметтiк  маңызы бар проблемаларын шешетiн  қоғамдық бiрлестiктерден, қорлардан,  мемлекеттiк емес коммерциялық  емес мекемелерден тұратын үкiметтiк  емес сектор қалыптасты.  
      Yкiметтiк емес ұйымдар - бұл азаматтар заңнамаға қайшы келмейтiн өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған, қоғамдық қатынастарды реттеу тетiктерiнiң бiрi болып табылатын, әлеуметтiк проблемаларды шешуде, азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерiнде мемлекет пен азаматтардың арасында дәнекерлiк рөл атқаратын коммерциялық емес ұйымдар. Yкiметтiк емес ұйымдардың қызметi азаматтық бастаманы дамытуға, әлеуметтiк проблемаларды шешудегi қоғамдық ұйымдардың рөлiн арттыруға, қоғамды тұрақты дамытуға қол жеткiзуге бағытталған.  
      Қазақстандағы үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн талдау қоғамдық сектор дамуын және оның мемлекетпен өзара iс-қимылын 3 кезеңге бөлуге мүмкiндiк бередi.  
      Yкiметтiк емес сектор қалыптасуының 1-кезеңi 1980-шi жылдардың аяғынан бастап 1994 жыл кезеңiн қамтиды. Отандық және шетелдiк сарапшылардың бағалауы бойынша осы уақытта 500-ге жуық үкiметтiк емес ұйым құрылды. Бұл ретте үкiметтiк емес ұйымдар негiзiнен құқық қорғау бағытында болды, бұл Қазақстан тәуелсiздiгiнiң қалыптасу кезеңiмен және демократиялық қайта құрулар процесiнiң басталуымен байланысты.  
      Бұл кезең мемлекеттiк емес секторға қатысты мемлекеттiң жалпы көзқарасы мен басымдықтарын әзiрлеу процесiмен сипатталды. Мемлекет пен үкiметтiк емес ұйымдардың оң ынтымақтастығына мысалдар сирек кездеседi.  
      2-кезең - 1994-1997 жылдар. Бұл үкiметтiк емес ұйымдардың сапалық және сандық өсу кезеңi, олардың саны 1600-ге дейiн өстi. Yкiметтiк емес сектордың тек сандық жағынан өсуiн ғана емес, сонымен бiрге қызмет түрлерi бойынша да сараланғанын атап өткен жөн. Yкiметтiк емес ұйымдардың сандық өсуiн бiрiншi кезекте халықаралық қорлар мен ұйымдардың гранттар жүйесi арқылы жаппай қаржылық қолдау есебiнен жүруiмен түсiндiруге болады.  
      Шетелдiк қорлар мен ұйымдардың гранттық қолдауы оқыту әрi әдiстемелiк сипатта болды және үкiметтiк емес сектордың қалыптасу процесiне елеулi әсер еттi.  
      1996 жылы қоғамдық бiрлестiктердiң заңдық мәртебесiн, құқықтары мен мiндеттерiн анықтаған, жаңа үкiметтiк емес ұйымдардың пайда болу процесiн жандандыра түскен "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы  қабылданды.  
      Бұл кезең үкiметтiк емес ұйымдардың құрылымдық және ұйымдастырушылық қалыптасуымен, үкiметтiк емес секторға қатысты бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың әзiрленуiмен атап өтiледi.  
      3-шi кезең 1998 жылдан басталады және осы уақытқа дейiн жалғасып келедi. Бұл - мемлекеттiң үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимылының тетiгiн iске асыру туралы мәселенiң нақты қойылуымен сипатталатын, жаңа сапалық кезең. Yкiметтiк емес ұйымдардың сандық өсуi олардың санының 3500-ге жуықтауына алып келдi. Оларда тұрақты негiзде 35 мыңнан аса адам, уақытша (консультанттар, сарапшылар) - 50 мыңға дейiн адам және ерiктiлер - 100 мыңнан аса адам жұмыс iстейдi.  
      Талдау қазiргi уақытта қызметтiң әр түрлi бағыттары бойынша үкiметтiк емес ұйымдардың жеткiлiктi тұрақты топтарының қалыптасып отырғанын көрсетедi.  
      Бiрiншi кезекте қоғамдық секторды сапалық, ұйымдастырушылық-практикалық қолдау проблемасы туындайды. Мұндай жағдайда үкiметтiк емес сектордың мемлекетпен тең құқылық әрiптестiк қағидаттарындағы нақты ынтымақтастығы маңызды мәнге ие болып отыр.  
      Мемлекет бүгiнде мемлекеттiк емес ұйымдарға қолдау көрсетуде. Қоғамдық процестерде коммерциялық емес ұйымдардың рөлi мен орнын тануда нақты қадам болған "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  2001 жылы қабылдануы осының айғақтарының бiрi болып табылады. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық нормалары мен түрлерi, олардың құқықтары мен мiндеттерi, құрылу тәртiбi, қызметiн қайта ұйымдастыру және тоқтату заңмен айқын белгiленген.  
      Yкiметтiк емес ұйымдардың кейбiр санаттарына тiркеу шарттарының жеңiлдетiлуiн оң құбылыс ретiнде атап өтуге болады. Айталық, "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660  қаулысына  сәйкес балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарын тiркеу үшiн алым ставкасы алым төлеу күнiндегi қолданыстағы екi еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.  
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесiне сәйкес мемлекет, мемлекеттер үкiметтерi, халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн тауарлар салықтан босатылуы әлеуметтiк проблемаларды шешу үшiн маңызды болып табылады.  
      Yкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың мақсаттары мен басымдықтары, оны iске асырудың қағидаттары, тетiктерi мен деңгейлерi анықталған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 85 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдау тұжырымдамасының қабылдануы үкiметтiк емес секторды дамытудағы ерекше оқиға болып табылады.  
      Осылайша, қазiргi уақытта мемлекет үкiметтiк емес секторды қолдау жөнiнде едәуiр шаралар қабылдауда, бiрақ үкiметтiк емес ұйымдардың көпшiлiгi өз мiндеттерiн жүзеге асыруда қиыншылықтарды бастан кешiруде. Өңiрлерде, әсiресе ауылдық жерлерде, оның бiркелкi дамымауы мемлекеттiк емес секторды дамытудағы осал тұсының бiрi болып табылады. Yкiметтiк емес ұйымдардың тек 8% аудандық деңгейде бой көрсетуде, бұл қоғамдық бастаманы дамыту үшiн мүлде жеткiлiксiз.  
      Yкiметтiк емес секторды мақсатты мемлекеттiк қолдаудың болмауы көп жағдайда мұның себебi болып табылады, бұдан басқа мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жасау тетiктерi жеткiлiксiз пысықталған.
 
 
 
 
 

2.3. Еуропа мемлекеттерінің үкіметтік емес және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарына жалпы сипаттама. 

     Еуропа  мемлекеттерінің үкіметтік емес және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарына жалпы тоқтала өтсек. Мысалы ретінде Германия, Франция және де Австрия мемлекеттерінің үкіметтік емес ұйымдарын салыстырайық.

Франция.Бұл елдің сыртқы істер министрлігіне халықаралық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдармен  негізгі әріптес болу рөлі жүктелген. Министрлік құрамындағы үкіметтік емес ынтымақтастық құрылымы «Халықаралық ынтымақтастық пен дамудың бас дирекциясы» деп аталады. Оны үкіметтік емес ынтымақтастық миссияы дейтіндер де бар. Үкіметік емес ынтымақтастық мәселелеріне ынтымақтастық және франкофония жөніндегі министр-делегат П.А. Вильцер жетекшілік жасайды. Француз үкіметі мен халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынастың негізгі қағидаттары 2001 жылы әзірленген «Халықаралық ынтымақтасу және мемлекет» деп аталатын құжат бойынша реттелген.

     Франция халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға  қаржылай көмек көрсетеді. Бұл үшін Франция сыртқы істер министрлігінің бюджетіне арнаулы бап енгізілген. Мысалы,2004 жылы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға 33,5 миллион еуро бөлінген. Франция үкіметі үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жүзеге асырылатын түрлі мақсатты бағдарламаға несие,субсидия,дотация түрінде сондай-ақ түрлі француз экономикалық құрылымдары арқылы көмек беріп,қолдау жасап отырады. Франция сыртқы істер министрлігі мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынас мынадай схема бойынша құрылады.

  1. Сыртқы істер министрлігі қызметінің стратегиясы мен ҮЕҰ-ның мақсаттары мен міндеттерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара тең әріптестікке қатысты мақсатты келісімге келу.
  2. Өзара ынтымақтастықтың географиялық айғақтары мен секторлық бағытының басымдылығын анықтау үшін бірлескен іс-қимыл бағдарламаларын жасау.
  3. Дамымаған елдердің үкіметтік емес ұйымдары құрылымдарын нығайтуға қатысатын халықаралық ҮЕҰ-ны қаржыландыру жөнінде халықаралық әріптестік ұйымдарында дотациялық қаржымен қатысу.

Германия. Бұл елде үкіметтік емес үйымдарды 7 адам құра алады. Жарғы жасалады. ондағы ең бастысы 2 пункт — бірлестіктің мақсаты не? Жоғары орган — басқарма сайлайтын мүшелер жиналысы. Жарғы нотариусқа көрсетіледі, содан кейін барып оны сот шешімімен тіркейді. Тіркеу туралы шешім ұйымға жазбаша беріледі. Екінші маңызды құжат қаржы ведомствосына ҮЕҰ кызметінің коммерциялық еместігі туралы өтініш. Үкіметтік емес ұйымдар дөрежесі, мәртебесі, үйымдастыру түрі мен мақсаты бойынша одақтарға, азаматтық бастамаларға, бірлестіктерге, қорлар мен діни қауымдастыктарға бөлінуі мүмкін.

Информация о работе Үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық құқықтық мәртебесі