Әскери қылмыстың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:09, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға арналған. Қылмсыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың заңдылық ұғымы берілген.

Содержание

1 Әскери қылмыстар. Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері 3
1.2 Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау 4
1.3 Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға м жбүр ету 6
1.4 Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері 7
1.5 Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу 8
1.6 Әскери қызметшіге тіл тигізу 9
1.7 Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар 9
1.7.1 Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету 9
1.7.2 Қашқындық 11
1.7.3 Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару 12
1.8 Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар 13
1.8.1 Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу 13
1.8.2 Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу 14
1.8.3 Қарауыл қызметін (вахта) атқарудың жарғылық ережелерін бұзу 15
1.8.4 Ішкі қызмет атқарудың және горнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу 16
1.8.5 Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру 17
1.8.6 Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру 18
1.8.7 Әскери мүлікті жоғалту 19
1.8.8 Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу 19
1.8.9 Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу 20
1.8.10 Ұшу немесе оған даярлау ережелерін бұзу 21
1.8.11 Кеме жүргізу ережелерін бұзу 22
1.9 Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы қылмыстар 22
1.9.1 Әскер сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту 22
1.9.2 Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі 23
1.9.3 Қызметке селқос қарау 24
1.9.4 Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету 25
1.9.5 Тұтқынға өз еркімен берілу 25
1.9.6 Тонаушылық 26
Әдебиеттер 27

Работа состоит из  1 файл

kontrosha.kz (1).doc

— 130.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық  құқық

Бақылау жұмыс

27

2011

Әскери қылмыстар. Әскери қылмыстың түсінігі және  жалпы   сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері

Жоспар

1 Әскери қылмыстар.  Әскери қылмыстың түсінігі және  жалпы  сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері 3

1.2 Бұйрыққа бағынбау   немесе оны өзгедей орындамау 4

1.3 Бастыққа қарсылық  көрсету немесе оны қызметтік  міндеттерін бұзуға м жбүр ету  6

1.4 Бастыққа   қатысты  күш қолдану іс-әрекеттері 7

1.5 Бір-бірінің арасында  бағыныштылық  қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу 8

1.6 Әскери қызметшіге  тіл тигізу 9

1.7 Әскери қызметті  өтеу тәртібіне  қарсы бағытталған  қылмыстар 9

1.7.1 Бөлімді немесе  қызмет орнын өз бетімен тастап кету 9

1.7.2 Қашқындық 11

1.7.3 Дене  мүшесіне  зақым келтіру жолымен немесе  өзге  тәсілмен әскери  қызметтен жалтару 12

1.8 Әскери кезекшілікпен  және  басқа да арнаулы қызмет  тәртібіне қарсы қылмыстар 13

1.8.1 Жауынгерлік  кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу 13

1.8.2 Шекаралық қызмет  атқарудың ережелерін бұзу  14

1.8.3 Қарауыл қызметін (вахта) атқарудың жарғылық ережелерін  бұзу  15

1.8.4 Ішкі қызмет атқарудың  және горнизонда  патруль болудың жарғылық ережелерін  бұзу 16

1.8.5 Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру 17

1.8.6 Әскери мүлікті  абайсызда құрту немесе бүлдіру   18

1.8.7 Әскери мүлікті  жоғалту  19

1.8.8 Айналадағыларға   қауіп  туғызатын қару-жарақты,  сондай-ақ заттар мен  нәрселерді ұстау ережелерін бұзу 19

1.8.9 Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін  бұзу 20

1.8.10 Ұшу немесе оған  даярлау  ережелерін бұзу 21

1.8.11 Кеме жүргізу ережелерін  бұзу 22

1.9 Белгіленген  тәртіп пен  әскери құпияны сақтауға қарсы  қылмыстар 22

1.9.1 Әскери сипаттағы  құпия  мәліметтерді жария ету немесе  әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту 22

1.9.2 Билікті теріс пайдалану,  биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі 23

1.9.3 Қызметке селқос қарау 24

1.9.4 Жауға соғыс жүргізу құралдарын  беру немесе тастап кету 25

1.9.5 Тұтқынға өз еркімен берілу 25

1.9.6 Тонаушылық 26

Әдебиеттер 27

1 Әскери қылмыстар. Әскери қылмыстың түсінігі және  жалпы   сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері

Қазақстан  Республикасында   әскери қызмет  атқарудың тәртібі  Қазақстан Республикасы Конституциясында, әскери міндеттілік  және әскери қызмет туралы заңда, Қазақстан  Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да  нормативтік-құқықтық  актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға арналған. Қылмсыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың заңдылық ұғымы берілген.
Онда әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы, әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы азаматтардың жиындардан өтуі кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп  танылады делінген. Осыған орай әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібі қоғамдық қатынастар осы қылмыстың топтық объектісі болып табылады. Әскери қызметшілердің әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібімен байланысы жоқ басқадай қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекеттері әскери қылмыс болып  табылмайды, олардың мұндай іс-әрекеттері жалпы қылмыстық құқықтық норма бойынша сараланады. Әскери қылмыстың екінші бір өзіндік белгісі-қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. Олар әскерге шақыру бойынша не келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшілер, сондай-ақ жиындардан өтуі  кезінде әскери қызмет атқарушы запастағы азаматтар. Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне Қорғаныс министрлігі және оған бағынышты құрылық әскерлері, ракеталық әскерлер, соғыс-теңіз флоты, соғыс-әуе күштері,  әскери-космикалық күштер Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери  құрамалары, шекаралық әскерлер, қауіпсіздік қызметі әскерлері, үкіметтік байланыс әскерлері, азаматтық қорғаныс әскерлері, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері, т.б. жатады. Әскери қылмыстар  тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты мына  төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді: Бағыныштылық тәртібіне және әскери қызметшілердің жарғылық ережелеріне сай  қарым-қатынасына қол сұғатын қылмыстар.  Әскери қылмыстар объективтік жағынан алғанда әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрамдары формальдық та, материалдық та болып кездеседі. Оларға жеке құрамдарға талдау жасағанда толық  тоқталамыз. Субъективтік жағынан алғанда бұл қылмыстардың көпшілігі қасақаналықпен, азын-аулағы абайсыздықпен істеледі. Енді осы қылмыстардың жекелеген тобына және түрлеріне талдау жасайық.

1.2 Бұйрыққа бағынбау   немесе оны өзгедей орындамау

Қылмыс объективтік  жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың  бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген  тәртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп, өзгедей әдейі орындамауы арқылы сипатталады.  Бұл жерде екі бірдей қылмыс құрамы көрсетіліп тұр. Оның біріншісі бағынбау, яғни  бастықтың заңды бұйрығын орындаудан ашық, қасақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей әдейі орындамау-яғни бастықтың белгіленген тәртіппен, заңды түрде  берілген  бұйрығын, яғни бағыныштының  әдейі орындамауы болып табылады.
Әдейі орындамауға ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес  берілген бұйрықтағы талаптарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапқа қарсы басқа әрекетті істеуі, немесе бұйрықты кешіктіріп орындау немесе  жартылай орындаулар жатады. Бағынбау мен  бұйрықты өзгедей әдейі орындамау іс-әрекетінен қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірілуі қажет. Зиян мүліктік немесе ұйымдастырушылық, я болмаса басқадай түрде орын алуы  мүмкін.  Егер «іс-әрекеттен әскери тәртіпте ойсырауы орын алса, бастықтың бағыныштыны алдында беделі түссе, адамдардың денсаулығына әр түрлі дәрежедегі жарақат келтірілсе немесе әскери бөлімде, оның  мүлкіне, техникасына залал келтірілсе зиян елеулі деп танылады. Бұйрыққа  бағынбаудан  немесе оны әдейі   орындамаудан келтірілген зиянның арасында себепті байланыс болуы шарт. Қылмыс құрамы  материалдық. Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (367-баптың 2-тармағы). Ауыр  зардаптарға   қасақана денеге  орта дәрежелі жарақат келтіру, абайсызда кісі өлімінің орын алуы; әскери дайындықты қамтамасыз ететін шаралардың жүзеге аспай қалуы; әскери техникалардың істен шығуы; ірі мөлшердегі материалдық залал келтірілу т.с.с. жатады. Осы баптың  бірінші және екінші бөліктеріндегі  көзделген әрекеттер соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалса онда бұл осы қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (367-баптың 3-тармағы). Қызметке ұқыпсыз не ықылассыз  қараудың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан  бұйрықты орындамау үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 367-бабының 4-тармағында көзделген. Мұндағы ауыр зардаптардың   түсінігі осы баптың 2-бөлігінде көрсетілген ауыр зардаппен  бірдей болуы да мүмкін. Қылмыстық Кодекстің 367-бабының 4-тармағындағы қылмыс құрамы субъективтік жағынан тек қана абайсыздықпен (немқұрайдылық немесе менмендік) жүзеге асырылады. Егер осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекет соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалса, онда кінәлының жазасы арта түседі, ол үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 367-бабының 5-тармағында көзделген.

1.3 Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға м жбүр ету

Қылмыс объективтік  жағынан бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген  міндетті атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы  міндеттерді бұзуға күш қолдану және күш  қолданамын деп қорқыту арқылы, мәжбүр ету арқылы сипатталады.
Қарсылық көрсету деп бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген міндетті атқарушы өзге адамға ашықтан ашық қарсы шығып, оның заңды талабына мән бермеу, олардың өзіне жүктелген міндеттерін атқаруына кедергі жасау. Мысалы, патрульдің мас күйдегі әскери  қызметшіні ұстауға байланысты әрекетіне соңғының  қарсылық  көрсетіп  бағынбауы. Бастыққа немесе әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген  міндетті атқарушы өзге адамға күш қолдану және күш қолданбақшы болып қорқыту арқылы олардың міндеттерін бұзуға бағытталған белсенді әрекет мәжбүрлеу деп танылады. Мысалы, қатардағы әскери қызметшінің тәртіп бұзып қолға түсіп  қалған екінші бір әскери қызметшіні бастыққа күш қолданбақшы болып қорқытып босатып алуы. Қылмыс құрамы формальдық, көрсетілген іс-әрекеттердің біреуін  істеген сәттен  қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан   тікелей  қасақаналықпен істеледі.  Дәл сол әрекеттер: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; б) қару қолдана отырып жасаса;

в) ауыр немесе орташа ауырлықтағы  дене жарақатын салса не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса-осы  қылмыстың ауырлататын түріне жатады (368-баптың 2-тармағы). Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар  тобы  немесе ұйымдасқан топтың түсінігі Қылмыстық Кодекстің 31-бабында көрсетілген.  Қару қолдануға атылатын немесе суық қаруды қолдана отырып бастыққа қарсылық жасау немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр етушілік жатады.

1.4 Бастыққа   қатысты күш қолдану іс-әрекеттері

Қылмыс объективтік  жағынан алғанда бастықтың әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде  немесе осы міндеттерді атқаруына   байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде бастыққа күш қолдану әрекеттері екі түрлі жағдайда:

1. бастықтың әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде;
2. немесе осы міндеттерді атқаруына байланысты жүзеге асырылады.

Әскери қызмет міндеттерін  атқару деп бастықтың ұрыс әрекеттеріне қатысуы, лауазымдық міндеттерін атқаруы, әскери кезекшілікті атқаруы, қызметтік  жағдайына байланысты әскери бөлімнің аумағында белгіленген  уақыт  ішінде  міндетін өтеуі, қызметтік  іс-сапарда  болуы кезінде өз борышын өтеуін айтамыз. Осы міндеттерді атқаруға байланысты бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттеріне кінәлының оның   қызмет бабын атқаруына көңілі  толмаудан немесе одан кек алу, я болмаса басқадай өзара қақтығыстықтан  пайда болған  өшпенділікті жүзеге асырулар жатады. Көрсетілген  қылмыс бастықтың қызмет бабына  байланысты жасалады. Және оған  қарсы күш қолдану әрекетімен ұласады. Күш қолдану ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру жолымен немесе өзге де күш қолдану (қолын бұрау, байлап қою, бетін тырнау т.с.с.)  арқылы  көрініс табады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Дәл сол әрекеттер: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; б) қару қолданып жасаса; в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр зардаптар келтірсе, осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (369-баптың 2-тармағы).  Бұл көрсетілген жағдайлардың түсінігіне Қылмыстық Кодекстің  363-бабын талдағанда тоқталғанбыз. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер көрсетілген қылмыстың аса ауырлататын түрі болып  табылады (369-баптың 3-тармағы).

1.5 Бір-бірінің арасында  бағыныштылық  қатынастары  болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу

Қылмыс объективтік  жағы бойынша бір-бірінің арасында   бағыныштылық қатынастары болмаған кезде  әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадір-қасиетін кемсіту немесе жәбірленушіні масқаралауға байланысты бұзу арқылы сипатталады.
Заң бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелер шеңберінде жүзеге асырылуын талап етеді, бұл ережелерді бұзып осы баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеу көрсетілген қылмыстың құрамын құрайды. Көрсетілген  ережелерді бұзу нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттерімен немесе жәбірленушінің  киім-кешегін, тамағын, басқа заттарын тартып алумен ұштасқан жағдайда кінәлының іс-әрекеті қылмыстардың жиынтығын құрайды. Дәл сол әрекеттер:

а) бірнеше рет (Қылмыстық Кодекстің 11-бабын қараңыз).

б) екі немесе одан көп  адамға қатысты жасалса;

в)адамдар тобы, алдын  ала сөз  байласқан адамдар  тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса (Қылмыстық Кодекстің 31-бабы). г) қару қолданып жасаса; д) денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірсе (Қылмыстық Кодекстің 104-бабы), осы талданып отырылған қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады (370-баптың 2-тармағы). Осы баптың бірінші және екінші  бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттерге (370-баптың 3-тармағы)  талданып отырылған қылмыстың өте ауырлататын түріне жатады. Ауыр зардаптарға мәжбүрленушінің денесіне ауыр дене жарақатын   келтіру, абайсызда кісі өлімінің болуы, жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі жатады. Осындай іс-әрекеттен қасақана кісі өлтіру болса, онда іс-әрекет Қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша саралануға жатады.

1.6 Әскери қызметшіге тіл тигізу

Қылмыс объективтік  жағынан әскери қызмет  міндеттерін  атқару кезінде немесе оны атқарумен  байланысты бір әскери қызметшінің  екіншісіне тіл тигізу  арқылы сипатталады. Тіл тигізу деп әскери қызметшінің ар-намысын аяққа басатын, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітетін әрекеттерді айтамыз. Көрсетілген баптың диспозициясына сәйкес бір әскери қызметшінің екінші бір әскери қызметшіге тіл тигізу қылмыс деп қарастырылады.
Бұл қылмыс құрамы бойынша іс-әрекетті саралау үшін күш қолданудың орын алуы шарт емес, Әскери қызметшінің тіл тигізу жәбірленушінің әскери қызметін атқарумен байланысты   немесе әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде болуы қажет. Егер бағыныштының бастыққа, сол сияқты әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе оны атқарумен байланысты бастықтың бағыныштыға тіл тигізуі орын алса, онда мұндай іс-әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (371-баптың 2-тармағы). Көрсетілген қылмыс  субъективтік жағынан алғанда тікелей қасақаналықпен істеледі.

1.7 Әскери қызметті өтеу тәртібіне  қарсы бағытталған қылмыстар

1.7.1 Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету

Қылмыс объективтік  жағынан  шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші, әскери қызметшілер жұмыс жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке екі тәуліктен ұзақ, бірақ он тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді себептерсіз мерзімінде  келмеу-арқылы сипатталады. Әскери   қызметшінің бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен бастықтың рұқсатынсыз тастап кетуге құқы жоқ.
Бөлім немесе қызмет орнына әскери бөлім орналасқан жерлер, аумақтар жатады. Сондай-ақ қызмет орнына  әскери бөлім орналасқан жерлерден тысқары жерлерде әскери қызметшілердің әскери міндетін өтейтін орындары да (уақытша жұмыс орны: эшелон, поезд, жылжымалы маршрут т.с.с.)  жатады. Әскери қызмет өткеруші бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кетсе, сол сияқты  бөлімнен рұқсат бойынша босталған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке екі  тәуліктен ұзақ, бірақ он  тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді себептерсіз келмесе онда оның әрекетінде осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген қылмыс  құрамы бар. Бұл құрамның субъектілері шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші-жауынгерлер, матростар, сержанттар, старшиналар. Қылмыстық  кодекстің 372-бабының 2-тармағының субъектілері болып  тәртіптік әскери бөлімде жазасын өткеріп жатқан әскери қызметшілер танылады. Шақыру бойынша  немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқарушы әскери қызметшілер жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке 10 тәуліктен артық, бірақ  1 айдан көп емес уақытқа дәлелді себептерсіз мерзімде келмеу үшін жауаптылық  Қылмыстық Кодекстіңтің 372-бабының 3-тармағында көзделген. Баптың бұл бөлігінің субъектілері болып шақыру бойынша әскери қызмет өткеруші-жауынгерлер, сержанттар матростар, әскери құрылысшыларды, старшиналар немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеруші жауынгерлер, матростар, әскери құрылысшылар, сержанттар, старшыналар, прапорщиктер, кәсіптік әскери білім беретін мекемелердің курсанттары, мамандар, офицерлер  танылады. Ауыр жағдаяттарға әскери қызметшінің ауыр науқасқа душар болуы, жақындарымен болған бақытсыздық оқиғалар, жарғылық қатынастарға байланысты емес қатынастардан пайда болған өмір  мен денсаулыққа төнген қауіптің болуы, тойтарылмайтын күштердің  әсер етуі т.с.с. жатады.

1.7.2 Қашқындық

Қылмыстық заңда қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын  тастап кету, сол сияқты осындай  мақсатпен қызметке келмеу деп  белгіленген (373-баптың 1-тармағы). Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Отанды қорғау әрбір азаматтың міндеті және азаматтық борышы, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңдарға сәйкес азаматтар Қарулы күштер қатарына олардың еріктілік жағдайында шақыру бойынша немесе келісім-шарт бойынша жүзеге  асырылады.
Заңмен белгіленген тәртіп бойынша әскери қызметші болып танылғандар өз  бетімен әскери қызметтен заңсыз жалтару мақсатымен әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кетуге, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке демалыстан, іссапардан, емделіп шыққаннан кейін келмей қоюға қақысы жоқ. Бұл міндеттерді орындаудан жалтару қашқындық деп танылады. Қашқындық құрылысы  жөнінен формальдық құрамға жатады және  ол  созылмалы қылмыс болып табылады. Қылмыс әскери қызметшінің бөлімді  немесе қызмет орнын тастап кеткен немесе белгіленген мерзімде қызметке келмеген уақыттан бастап аяқталған деп  танылады. Қашқындық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен-әскери қызметтен жалтару  арқылы сипатталады. Қылмыстың субъектісі-әскери қызметші шақыру немесе келісім-шарт бойынша өтеп жүрген әскери қызметшілер. Қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (377-баптың 2-тармағы). Соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған қашқындық үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің -373-бабының 3-тармағында көзделген. Қылмыстық Кодекстің- 373-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қашқындықты жасаған әскери қызметші, егер қашқындық ауыр жағдайлардың себептерімен болса және егер ол әскери қызметті одан әрі өткеру үшін өз еркімен келген болса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Ауыр жағдайлардың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 373-бабында талдау жасағанда  тоқталғанбыз.

Информация о работе Әскери қылмыстың түсінігі