Әскери қылмыстың түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:09, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасында әскери қызмет атқарудың тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясында, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы жарғыларында, басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 16-тарауы әскери қылмыстарға арналған. Қылмсыстық кодекстің 366-бабында әскери қылмыстың заңдылық ұғымы берілген.

Содержание

1 Әскери қылмыстар. Әскери қылмыстың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері 3
1.2 Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау 4
1.3 Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға м жбүр ету 6
1.4 Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері 7
1.5 Бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу 8
1.6 Әскери қызметшіге тіл тигізу 9
1.7 Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар 9
1.7.1 Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету 9
1.7.2 Қашқындық 11
1.7.3 Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару 12
1.8 Әскери кезекшілікпен және басқа да арнаулы қызмет тәртібіне қарсы қылмыстар 13
1.8.1 Жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу 13
1.8.2 Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу 14
1.8.3 Қарауыл қызметін (вахта) атқарудың жарғылық ережелерін бұзу 15
1.8.4 Ішкі қызмет атқарудың және горнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу 16
1.8.5 Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру 17
1.8.6 Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру 18
1.8.7 Әскери мүлікті жоғалту 19
1.8.8 Айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу 19
1.8.9 Машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу 20
1.8.10 Ұшу немесе оған даярлау ережелерін бұзу 21
1.8.11 Кеме жүргізу ережелерін бұзу 22
1.9 Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы қылмыстар 22
1.9.1 Әскер сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту 22
1.9.2 Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі 23
1.9.3 Қызметке селқос қарау 24
1.9.4 Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету 25
1.9.5 Тұтқынға өз еркімен берілу 25
1.9.6 Тонаушылық 26
Әдебиеттер 27

Работа состоит из  1 файл

kontrosha.kz (1).doc

— 130.00 Кб (Скачать документ)

1.8.11 Кеме жүргізу ережелерін бұзу

Қылмыстық  кодекстің  осы бабында абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп  соқтырған әскери кемелерді жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Объективтік жағынан қылмыс:

1. кеме жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу;
2. абайсызда кісі өлімінің немесе өзге де ауыр зардаптардың болуы;
3. көрсетілген ережелерді бұзу мен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс арқылы сипатталады.

Кеме жүргізу немесе оны пайдалану ережелерін бұзу кеме жүргізудің  белгіленген ережелерін сақтамау,  оның жылдамдығы мен  бағытын өзгерту, тірекеуге алу тәртібін бұзу, оның   жекелеген агрегаттарын, бөлшектерінің жұмыс істеу тәртібін сақтамау арқылы орын алуы мүмкін. Қылмыс құрамы жөнінен материалдық. Кеме жүргізу ережелерін бұзу мен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы шарт. Субъективтік жағынан қылмыс кінәлының абайсыздық нысаны арқылы (менмендік немесе немқұрайдылық)  жүзеге  асырылады.

1.9 Белгіленген  тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы қылмыстар

1.9.1 Әскери сипаттағы  құпия мәліметтерді жария ету немесе  әскери сипаттағы  құпия  мәліметтері бар құжаттарды жоғалту

Қазақстан Республикасының  Қарулы күштер қатарына қабылданған  әрбір әскери қызметші әскери құпияны  қатаң сақтауға, әскери құпиясы бар  құжаттарды заңда белгіленген тәртіппен қорғауға ант қабылдайды. Қылмыстың заты әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттар.
Мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды немесе заттарды осы құжаттар немесе заттар қызметі бойынша сеніп тапсырылған адамның жоғалтуы, егер жоғалту аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгіленген  ережелерін бұзудың салдары болып  табылса, онда мұндай іс-әрекет үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 386-бабының 1-тармағында көзделген. Мұнда мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы  құпия мәліметтері бар құжаттар мен заттарды жоғалту туралы сөз  болып отыр. Жоғалту осындай құжаттар мен заттар өзіне сеніп тапсырылған әскери қызметшінің  салақтығынан немесе жауапсыздығынан болады. Аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгіленген ережелерін бұзуға-осы құжаттар мен заттарды сақтаудың алып жүрудің, жөнелтудің сақтық шараларын сақтамау жатады. Қылмыс формальдық құрамға жатады, ол көрсетілген заттар мен құжаттар жоғалған сәттен аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан  қылмыс абайсыздықпен жасалады. Әскери сипаттағы құпия мәліметтердің тізімі арнаулы нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілді. Әскери сипаттағы  құпияға мәліметтерді осы мәліметтер өзіне сеніп тапсырылған немесе қызметі бойынша белгілі  болған адам жариялауға құқылы емес. Қылмыс құрамы формальдық, сондықтан да ол осындай құпияны жариялаған уақыттан бастап аяқталған деп  танылады. Қылмыс  субъективтік жағынан қасақаналықпен  де, абайсыздықпен де істелуі мүмкін. Ауыр  зардаптарға белгіленген  әскери шаралардың іске аспауы, әскери бөлімнің қызметіне ірі материалдық залал келу, әскери құрылымның қызметіне елеулі нұқсан келу т.с.с. жатады. Әскери лауазымды қылмыстар.

1.9.2 Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі

Қылмыстың тікелей объектісі-әскери басқару аппаратының  белгіленген қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан бастықтың немесе лауазымды адамның билікті немесе қызмет бабын теріс пайдалануы, билігін немесе қызметтік өкілеттігін асыра қолдануы, сол  сияқты пайдакүнемдік немесе өзге де жеке  мүдделілікте жасаған және елеулі түрде зиян келтірген биліктің әрекетсіздігі арқылы көрініс  табады. Яғни қылмыс объективтік жағынан үш түрлі жеке қылмыс құрамынан құралады:

1. қызмет бабын теріс пайдалану;
2. қызметтік өкілдігін асыра қолдану;
3. биліктің әрекетсіздігі.

Көрсетілген қылмыс құрамдарының түсінігі Қылмыстық кодекстің 307,308, 315-баптарында берілген. Олардың объективтік  және субъективтік жақтарының белгілері  ұқсас.  Қылмыстық   кодекстің 380-бабындағы қылмыстың субъектісі әскери лауазымды адамдар.

1.9.3 Қызметке селқос қарау

Бастықтың немесе лауазымды  адамның қызметке селқос қарауынан  елеулі түрде зиян келтірілсе-кінәлы адам Қылмыстық Кодекстің 381-бабының 1-тармағы бойынша, ал  ауыр зардаптарға әкеп соққан  дәл сол әрекет үшін жауаптылық осы баптың 2-тармағы бойынша белгіленген.Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер үшін жауаптылық көрсетілген баптың 3-бөлігінде белгіленген.
Қызметке селқос қарау құрамының объективтік және субъективтік белгілері Қылмыстық Кодекстің 316-бабындағы осындай құрамға ұқсас. Бұл құрамдар бір-бірінен құрамның объект және субъект белгілері бойынша ажыратылады. Қызметке селқос қарау (381-бап)  объектісі әскери басқару аппаратының белгіленген қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың субъектісі әскери лауазымды адамдар және әскери мекеме бастығы. Қылмыстық кодекстің 381-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет  жасаған  әскери қызметші қылмысты жеңілдететін мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Шайқас даласында және соғыс жүріп жатқан ауданда әскери қызметті атқару тәртібіне қарсы қылмыстар. Құрып бара жатқан әскери кемені бейберекет  тастап кетудің қоғамға  қауіптілігі сол мұндай ретте кеме ішінде бейберекетсіздік пайда болып, кеме экипажы мүшелерінің қаза болуына, әскери  техниканың күйреуіне әкеп соғуы  мүмкін. Қылмыс объективтік жағынан:

1. құрып бара жатқан әскери кемені өзінің әскери міндеттерін ақырына дейін орындамаған кеме командирінің, сол сияқты;
2. командирдің оған тиісті өкімінсіз қызмет атқаратын кеме командасы құрамындағы адамның тастап кетуі арқылы сипатталады. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі. Қылмыс субъектісі кеме командирі немесе кеме командасындағы адам.

1.9.4 Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету

Жауға соғыс жүргізу  құралдарын беру немесе тастап кету әскери борыш пен антты бұзудың ауыр  түрі болып табылады. Осыған орай бастықтың өзіне сеніп тапсырылған әскери жүктерді жауға беруі, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекіністерді, әскери техниканы және соғыс жүргізудің басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында жасалмаса ол үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 383-бабында көзделген.
Бұл жерде қылмыс бастықтың жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кетуі арқылы көрініс табады. Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен сипатталады. Қылмыстық ниет әдетте қорқақтықтан немесе жігерсіздіктен болуы мүмкін. Аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында істелмеуі керек. Қылмыс субъектісі арнаулы, өзіне сеніп  тапсырылған әскери күштерді жауға берген, әскери техниканы, басқа құралдарды жауға қалдырған бастық.

1.9.5 Тұтқынға өз еркімен берілу

Тұтқынға өз еркімен  берілу мемлекетке опасыздықтың арнаулы  түрі, әскери қызметтен жалтарудың ең қауіпті нысаны болып табылады. Әрбір әскери қызметші  ең қиын деген  жағдайлардың өзінде Отан алдындағы  борышын адал атқаруға, тұтқынға өз еркімен берілмеуге міндетті. Қорқақтық немесе  жігерсіздік салдарынан өз еркімен тұтқынға берілгендік үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 384-бабында көзделген. Қылмыс әрекет арқылы өз еркімен  тұтқынға берілу жолымен жүзеге асырылады.
Әскери қызметшіні қарсылық көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда күшпен  тұтқынға алу тұтқынға өз  еркімен берілуге жатпайды, яғни мұндай ретте адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмыс  тұтқынға өз еркімен берілген сәттен аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыс  субъектісі кез келген әскери қызметші.

1.9.6 Тонаушылық

Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын талан-таражға (тонау) салу- тонаушылық деп танылады (Қылмыстық Кодекстің 385-бап). Қылмыс объективтік жағынан алғанда өлгендердің, жараланғандардың заттарын талан-таражға салу арқылы жүзеге  асырылады. Талан-тараж ашық, жасырын түрде бөтеннің мүлкін өз меншігіне айналдыру мақсатында жүзеге  асырылады.
Мұндай тонаушылық жәбірленушіге (мысалы контузия алғандарға, жаралыларға) зорлық әрекеттері  де  көрсетілуі мүмкін. Тонаушылық әрекеттері өлгендерге де, жараланғандарға да қолданылуы мүмкін. Тонаушылықтың жасалатын орны ұрыс әрекеті жүріп жатқан немесе болған шайқас даласы. Тонаушылық әрекеттері жәбірленуші өлтіру немесе оған әр түрлі дене жарақаттарын келтірумен ұштасса, кінәлының әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша  сараланады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың мақсаты пайдакүнемдік, жәбірленушінің мүлкін иемдену. Қылмыс субъектісі-кез келген әскери қызметші.

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 20 наурыздағы «Келісім шарт бойынша әскери қызмет туралы»  Заңы. «Егемен Қазақстан» 26 наурыз, 2001 ж.
2. Ашитов З.А. Вопросы дальнейшего укрепления социалитической законности (соотношение воинских и общеуголовных престувплений). Алма-Ата . Казахстан. 1976.
3. Закон об уголовной ответственности за воинсктие преступления. Комментарии. М. ЮЛ. 1969.
4. Научно-практичкский комментария к закону об уголовной ответственности за воинские преступления под. ред. А.Г. Горного. М. Госюризд. 1961.
5. Уголовное право. Особенная часть. М. под. ред Козаченко И.А. М. 1998.

Информация о работе Әскери қылмыстың түсінігі