Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 07:40, контрольная работа
Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай ұлттық ұйымы 81 мемлекетте жұмыс атқарып келуде.
Олар Халықаралық Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай қозғалысының мақсаттарын алдына
қойып, солардың принциптеріне тәжірибе жүзінде сүйенеді. Елдегі гуманитарлық
облыстарда үкіметпен бірлесіп, ұлттық ұйым құтқару жұмыстарынан бастап,
медициналық, әлеуметтік көмек көрсету сияқты салаларда қызмет көрсетеді. Әскери
жағдайда олар конфликттен зардап шеккен азаматтық тұрғындарға көмек беріп, қажет
жағдайда өз мемлекетінің әскери-медициналық қызметтеріне жәрдемдеседі.
Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай ұлттық ұйымы 81 мемлекетте жұмыс атқарып келуде.
Олар Халықаралық Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай қозғалысының мақсаттарын алдына
қойып, солардың принциптеріне тәжірибе жүзінде сүйенеді. Елдегі гуманитарлық
облыстарда үкіметпен бірлесіп, ұлттық ұйым құтқару жұмыстарынан бастап,
медициналық, әлеуметтік көмек көрсету сияқты салаларда қызмет көрсетеді. Әскери
жағдайда олар конфликттен зардап шеккен азаматтық тұрғындарға көмек беріп, қажет
жағдайда өз мемлекетінің әскери-медициналық қызметтеріне жәрдемдеседі.
Бұл ұлттық ұйым әлемдегі барлық елдерде де бар деп айтуға болуда, және де
Халықаралық Қызыл крест пен Қызыл жарты ай федерациялық ұйымның күші де осы факт.
Ұлттық ұйым ішінде 97 миллион мүше мен волонтер және жыл сайын 233 миллион
адамға көмек беретін 300 қызметкер бар.
Қабылданған 181 ұлттық ұйымның 150і эмблема ретінде қызыл крест пайдаланса, 31і
қызыл жарты айды пайдаланады. Халықаралық Федерацияға қабылдау процессі кезінде
6 ұлттық ұйым болды (2004).
Қызыл крест пен Қызыл жарты ай тарихы
1859 жылы 24 маусымда солтүстік Италия жақтағы Сольферинода сол кезде француздар
мен итальяндықтардың әскері елді оккупациялаған австриялықтармен соғысты. Бұл
қанды күресте аз уақыт ішінде 40000 құрбан болды. Сол кезде екі жақтың да
санитарлық қызмет көрсетуі әлсіз еді. Соғыс майданына келген швейцарлық Анри
Дюнан бұндай ауыр жағдайды көріп, көрші елді мекендерден көмек сұрады және
зардап шеккендердің қай ұлтқа жататынына қарамай, бәріне бірдей әлі келгенше
жәрдемдесті. Швейцарияға оралғаннан кейін, Анри Дюнан бұл оқиғаны көпке дейін
ұмыта алмады. Қалам алып, баршаға бұл қайталана беретін соғыс драмасы жайында
айтқысы келді. 1862 жылы Анри «Сольферино туралы естелік» атты кітапты жазып
бітіреді. Өз ақшаға басылған кітап жарыққа шыққасын Дюнан оны сол кездегі
европалық монархтарға, әскери адамдарға, филантроптарға, достарына таратады. Бұл
кітап Европаны қатты дүр сілкіндірді, өйткені сол кездің өзінде кейбір адамдар
үшін соғыстың нағыз қатыгездігі әлі белгісіз еді. Сол заманда Женева президенті
адвокат Густав Муанье болған қайырымдылық қор құрылған. Муанье Дюнанның кітабын
оқып, оған осы кітаптың негізгі идеясы жайында Ұйымның басқа мүшелерімен
сөйлесуге ұсыныс жасады.
Кейін кездесу барысында 5 адамнан тұратын комиссия құрылды. Густав Муанье мен
Анри Дюнаннан басқа оның қүрамына генерал Гийом-Анри және дәрігерлер Луи Аппия
мен Теодор Монуар (барлығы да швейцария азаматтары) кірді. Ең алғаш рет комиссия
1863 жылы 17 ақпанда жиналып, өздерін «Жарақат алғандарға жәрдемдесетін
Халықаралық комитет» деп атады. Келесі 5 айда олар көп жұмыстар атқарып, аянбай
еңбек жасады. Ал 1863 жылы қазан айында Женевада халықаралық конференция өтті.
Оған 16 мемлекеттің өкілі қатысып, өзіне белгі етіп ақ фондағы қызыл крестті
тағайындады. Бұл белгі ерекшелену, яғни жарақат алған сарбаздарға
жәрдемдесетіндерді қорғау үшін таңдалды. Бұл конференция Қызыл Крест пайда
болуының негізін салды. Кейін комитет Халықаралық Қызыл Крест Ұйымы (ХҚКУ) деп
аталды. Анри Дюнанмен жасалған Ұлы қадамы – басқалар сияқты гуманитарлық көмек
көрсетуде емес, өз кітабында жаңа, нақты ұсыныс жасағанында:
«Бүкіл европа елдерінде соғыс жағдайында көмек көрсететін ұйымдар адамдарды
ұлтқа бөлмей, соларға жәрдемдесуге арналған ұйым неге құрылмасқа? »
Бұл ұсыныс Қызыл Кресттің, ал кейін Қызыл Жарты айдың пайда болуына негіз болды.
Сонымен қатар, Дюнан жәрдем көрсету кезінде аудандарда бейтарап мәртебенің
құрылуы жайында да жазды. Бұл ұсыныс қазіргі заманғы халықаралық гуманитарлық
құқықтың бастауы еді. Оның алғашқы хаттамалық түрі 1864 жылғы Женевалық
Конвенция түрінде болды.
Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай қозғалысы Халықаралық Қызыл Крест
Комитетінің (ХҚКК) мекемесі болып табылады.
Халықаралық Қозғалыс.
Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай қозғалысы өз қызметін әлемдегі барлық
елдерде дерлік атқарып, 7 Негізге алынған принциптерді басшылықа ала отырып,
олардың көмегімен Қозғалыстың бүкіл мүшелері үшін ортақ бағыт-бағдар жасап,
ұйымдастыру құралы функциясын атқарады. Қызыл Кресттің негізгі принциптері:
АДАМГЕРШІЛІК
Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай қозғалысы халықаралық және ұлттық
деңгейлерде майданда барлық жарақат алғандарға көмектесуге, адам қайғысын
жеңілдетуді өзіңе мақсат етіп алған.
ТЕҢДІК
Қозғалыс ұлтқа, нәсілге, дінге, жікке, саяси көзқарасқа бөліну дегенді білмейді.
Ол тек қана ұйымның көмегін шынымен де қажет ететіндерге көмектеседі.
БЕЙТАРАПТЫҚ
Жалпы сенімділікті сақтау үшін, Қозғалыс қарулы қақтығыстар, саяси даулар мен
нәсілдік, діни, идеологиялық салаларда пайда болатын кофликтілер кезінде
ешқайсысының сөзін сөйлеп, сойылын соғуға қақысы жоқ.
ТӘУЕЛСІЗДІК
Қозғалыс – тәуелсіз. Ұлттық ұйымдар өз үкіметке гуманитарлық көмек көрсетіп, өз
елінің заңына сәйкес қызмет атқарса да, автономиясын сақтауға міндетті. Себебі,
Қызыл Крест принциптеріне сәйкес жұмыс жасуы тиіс.
ЕРІКТІЛІК
Қозғалыс ерікті түрде көмек көрсетіп, одан пайда табуды мақсат етпейді.
БІРЛІК
Мемлекетте көмек көрсету жағынан тек қана бір Қызыл Крест немесе Қызыл Жарты ай
ұйымы болуы шарт. Ол бүкіл адамдар үшін ашық және өз гуманитарлық қызметін бүкіл
территория бойынша атқаруы тиіс.
ӘМБЕБАПТЫЛЫҚ
Қозғалыс бүкіләлемдік болып саналады. Барлық ұлттық ұйымдар бірдей құқыққа ие
және бір-біріне көмектесуге міндетті.
Қызыл Крест пен Қызыл Жарты айдың қызметі бір мақсатқа бағындырылған:
Әлемде бейбітшілк орнатуды көздеп, ешкімді жармай-бөлмей, көмек қажет
ететіндерге көмектесу.
Қызыл крест пен Қызыл жарты ай құрылымы
- Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК)
- Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұйымының Федерациясы (ХҚК пен ҚЖФ)
- Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұлттық ұйымы
Қозғалыстың басқару органдары:
Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай халықаралық конференциясы
Өкілдер кеңесі
Тұрақты комиссия
Халықаралық Қызыл Крест Комитеті
Халықаралық Қызыл Крест Комитеті – теңдікті сақтайтын, бейтарапты және тәуелсіз
ұйым. Оның гуманитарлық миссиясы – соғыс зардабын шеккендердің өмірін,
құқықтарын сақтау. Бұл ұйым 1863 жылы құрылып, Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай
қозғалысының пайда болуына негіз салды.
Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай ұйымының Федерациясы
Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай ұйымының Федерациясының жұмысы
Қозғалыстың негізгі прнциптеріне құрылған. Ол өз гуманитарлық қызметін ұлттық
ұйым-мүшелердің ішінде қауіп төңдіретін топ тұрғындарының жағдайын жақсартады.
Халықаралық Федерация 1919 жылы құрылды. Ол халықаралық жәрдемді басқарып,
үйлестіреді. Табиғи апаттардан зардап көргендердің бәріне көмектесіп,
халықаралық аренада ұйым мүшесенің ресми өкілі болып саналады, ұлттық ұйымдар
арасында қызмет жасап, төтенше жағдайда әлеуметтік және медициналық
бағдарламалардың орындалуын қадағалайды.
Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұлттық ұйымдары
Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұлттық ұйымдары 179 мемелекетте Халықаралық
қозғалыстың нақты мазмұны мен қызметіндегі принциптерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік биліктің көмекшісі ретінде Ұлттық ұйымдар төтенше жағдайда
жәрдемдесу, медициналық жяне әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын
атқарады. Сонымен қатар, соғыс кезінде әскери-медициналық көмек көрсетеді.
Қозғалыстың мүшесі болу үшін, барлық ұлттық ұйымдар бірнеше шарттар негізінде
ХҚККмен қабылдануы тиіс.
Қозғалыстың миссиясы: қашан және қай жерде болмасын, адамдардың қайғысын
жеңілдету, ар-ожданың сақтау, ауруларды алдын алу, Қозғалыстың көмегін қажет
ететіндердің арасында ынтымақтастықты қалыптастыру.
Халықаралық Конференция
Халықаралық конференция-бұл гуманитарлық форумдардың ішінде ең маңыздысы, себебі
онда Женева конвенцияларының мүшелігіндегі әр мемлекеттің өкілі кездеседі.
Анықтама және құрылысы
Халықаралық конференция Қозғалыстың ең жоғарғы басқару органы. Ол бәріне ортақ
гуманитарлық мәселелерді қарастырып, сол бойынша шешім шығарады.
Халықаралық конференцияның рөлі.
Халықаралық конференция Қозғалыс миссиясының орындалуын, негізгі принциптері
бойынша жұмысын қатты қадағалап, оның бірлігіне жағдай жасайды. Ол халықаралық
гуманитарлық құқық пен басқа да халықаралық келісім-шарттарды дамытуға ат
салысады. Халықаралық конференция ғана Конференцияның жұмыстарындағы Қозғалыс
жарлығы мен ережелеріне өзгертулер енгізуге құқылы. Халықаралық конференция
Тұрақты комиссияны негізгі мүшелер бойынша тағайындайды. Халықаралық конференция
4 жылда бір рет жиналады. Халықаралық конференция консенсус негізінде өз
резолюцияларды қабылдауға ұмтылады.
Өкілдер кеңесі
Өкілдер кеңесі орган болып саналады. Қозғалыстың әр құрылымдық бөлімінің мүшесі
болып саналатындар Қозғалысқа байланысы бар сұрақтардың бәрін талқылайды.
Кеңес өкілдер мүшелігіне ұлттық ұйымдар, ХҚКК және Халықаралық Федерация
өкілдері жатқызылады.
Функциялар
Кеңес қажет жағдайда қозғалыстың қатысушыларына тікелей қызығушылық тудыратын
саяси мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Халықаралық конференция ашылғанға
дейін өз отырыстарында Кеңес Конференцияның басшысы, орынбасары, бас хатшысы,
Кеңес басшысы мен оның орынбасарлары, олардың спикерлері бола алатын
үміткерлерді таңдайды. Кеңес әр Халықаралық конференция мен Федерацияның Бас
ассамблея сессиясы алдында жиналады. Сонымен қатар, Кеңес өз еркімен немесе
ұлтық ұйымдардың үштен бірінің ұсынысымен, ХҚҚК, не Халықаралық Федерация,
Тұрақты комиссия ұсынысымен жиналуы мүмкін.
Тұрақты комиссия
Екі Конференция арасындағы мерзімде Тұрақты комиссия Халықаралық конференцияның
өкілетті органы болып табылады.
Құрылымы
Тұрақты комиссияның 9 мүшесі бар: 5 – ұлттық ұйымдардың өкілдері, олар өз
міндеттерін келесі Конференцияның жабылуына дейін орындайды, 2 мүше ХҚКК және
тағы 2 – Халықаралық Федерацияның өкілдері. Мүшелер санынан басшысы мен оның
орынбасары тағайындалады.
Функциялар
Тұрақты комиссияның басты функциясы – Халықаралық конференция мен Өкілдер
Кеңесінің сессиясына байланысты ұсынылған іс-шараларды жүзеге асыру. Сонымен
қатар, ол жалпы Қозғалысқа байланысты барлық сұрақтарды қарастырады. Тұрақты
комиссия өз ісіне деген адалдығы, жанқиярлығы үшін Анри Дюнан атындағы медаль
иесін анықтайды. Тұрақты комиссия жылына 2 реттен кем емес отырыс өткізеді және
олардың штаб пәтері Женевада орналасқан.
Тұрақты комиссияның мүшелері (2003-2007жж)
Информация о работе Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай ұлттық ұйымы 81 мемлекетте жұмыс атқарып келуде