Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай ұлттық ұйымы 81 мемлекетте жұмыс атқарып келуде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 07:40, контрольная работа

Описание

Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай ұлттық ұйымы 81 мемлекетте жұмыс атқарып келуде.
Олар Халықаралық Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай қозғалысының мақсаттарын алдына
қойып, солардың принциптеріне тәжірибе жүзінде сүйенеді. Елдегі гуманитарлық
облыстарда үкіметпен бірлесіп, ұлттық ұйым құтқару жұмыстарынан бастап,
медициналық, әлеуметтік көмек көрсету сияқты салаларда қызмет көрсетеді. Әскери
жағдайда олар конфликттен зардап шеккен азаматтық тұрғындарға көмек беріп, қажет
жағдайда өз мемлекетінің әскери-медициналық қызметтеріне жәрдемдеседі.

Работа состоит из  1 файл

Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай ұлттық ұйымы 81 мемлекетте жұмыс атқарып келуде.doc

— 101.00 Кб (Скачать документ)

Ұлттық ұйымдардың мүшелері:

Д-р Мохаммед аль-Хадид (Иордания)

Е.П. елшісі Фиоипп Кувилье (Франция)

Дженет Дэвидсон ханым (Канада)

Д-р Фредди Каруп Педерсен (Дания)

Зой Катевас де Скальбос ханым (Чили)

-ХҚКК басшылары:

Д-р Якоб Келленберг (ХҚКК президенті)

Филипп Споэрри мырза (халықаралық құқық және Қозғалыс қатысушыларының

әріптестігін басқаратын директор)

-Халықаралық Федерация өкілдері:

Хуан Мануэль Суарес дель Торо Риверо мырза(Халықаралық Федерация президенті)

Марку Нискала мырза (Халықаралық Федерацияның бас хатшысы)

Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Халықаралық Қозғалысының Жарлығы 1986 жылы, қазан

айында Женевада қабылданды.

 

Қазақстандағы Қызыл крест пен Қызыл жарты ай

 

Қазақстан Республикасының Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай ұйымы – бұл қоғамдық,

ерікті, гуманитарлық ұйым, ол бүкіл Қазақстан территориясы бойынша 1937 жылдан

бастап қызмет атқарады. Оның негізгі мақсаты жоғарыда аталған барлық миссиялар

мен принциптерге сәйкес.

Ұйымның қызмет түрлері:

-ҚР Қарулы күштерінің медициналық қызметінде дайындық өткізіп, қарулы

қақтығыстар кезінде жарақат алғандарға, әскери тұтқындарға жәрдемдесу;

-ХҚК пен ҚЖҚ гуманитарлық көмегін ұйымдастыру;

-Ұлы Отан соғысы кезінде эвакуацияда болған азаматтардың құжаттарын іздестіруге

көмектесу, табиғи апат немесе әскери жағдайда жақын туыстарымен байланыс үзілген

кезде іздеу шараларын ұйымдастыру;

-Қарулы қақтығыстар зоналарында медициналық-әлеуметтік көмек ұйымдастыру;

-Халықаралық гуманитарлық құқықты насихаттау;

-Тұрғындарға жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету;

-Мүгедек балаларға, жалғыз қалған қарттарға, әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға

қайырымдылық акцияларды ұйымдастыру;

-Оқып жүрген жастарды адамгершілік принциптер тұрғысынан тәлім-тәрбие беру;

-ҚК пен ҚЖ Қозғалысының Негізгі Принциптерін насихаттау;

Ал қазақ ҚК пен ҚЖА тарихына үңілсек, XXI ғасырдың 60-жылдарында орыс-түрік

соғысы кезінде (1877-1978ж. ж.)Қапал қаласында (қазіргі Алматы облысы) жарақат

алғандар мен науқас адамдарды өз құзыретіне алатын жергілікті басқарма пайда

болды, соның базасында Қазақстандағы алғаш Жетісудің ҚК пен ҚЖА жергілікті

басқармасы құрылды. Бұған 1880 жылы «Туркестанские ведомости» газетінде

жарияланған «Ресей Қызыл Крест Ұйымы Қапал комитетінің Жетісу жергілікті басқару

органының есебі» негіз болды. Революцияға дейінгі Ресейдің барлық ұйымдары

секілді ҚКҰның да өз жарғысы болды. Жарлықтың бірінші параграфында ұйымның

мақсаты жазылған еді. Орыс-жапон (1904-1905), Бірінші Дүниежүзілік соғыстары (1914-1918)

кезінде Қазақстанның белсенділігі жайында ерекше атап айту қажет. 1937 жылдан

1992 жылы Қазақ елінде Қызыл Крест ұйымы құрылды, ал 1992 жылы КСРО ыдырағаннан

және еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ҚКҰ мен ҚЖА қайта құрылып, 1993 жылдан

бастап ҚР ҚК пен ҚЖА деп атын өзгертті. Ұйым 1949 жылы Женевадағы алғашқы

конвенцияда жарияланған 26 бабына сәйкес теңқұқылы болып саналады және қарулы

конфликт кезінде қарулы күштердің медициналық қызметіне көмек көрсетуге міндетті,

бұл 1992 жыдың 17 сәуірінде ҚР Президентінің жарлығында бекітілген. Қазақстанның

Ұлттық Қызыл Жарты ай ұйымы ҚК пен ҚЖ Халықаралық Федерациясына Бас Ассамблея

ұйымының 14ші сесиясында 2003 жылдың аяғында қабылданды. Бұл қарулы қақтығыстар,

табиғи немесе антропогендік төтенше жағдай кезінде қаржылық, техникалық,

гуманитарлық жәрдемдесудің белсенділігін арттырды. Қызыл Жарты ай Ұлттық Ұйым

Қазақстанда 2002 жылы құрылып, 1937 жылы

құрылған Қазақ Қызыл Крест пен Қызыл Жарты айдың құқығын қабылдаушы болып

саналады. 2003 жылдың қараша айында Қазақстан Швейцарияның ішкі саяси

ведомствосына арнайы құжаттар жіберіп, Халықаралық Федерацияға 180ші мүше болуға

өтініш жасап, оған ақыры қабылданды.

Бүгінде Қазақстан Республикасының ҚК пен ҚЖХҚ президенті –

Д-р Еркебек Қамбарұлы Арғымбаев. 1994 жылдың шілде айында Арғымбаев бас

директоры, ал 1996 жылдың қарашасында 15-ші кезектен тыс съезд кезінде ҚР ЖҰ мен

ҚКдың президенті болып тағайындалды. Ал қазіргі вицепрезиденті – Д-р Вадим

Қадырбаев. Ресми сайты-www.redcrescent.kz.1

Ұйымның бүгінгі атқарылған жұмысы мен жоспары.

ҚР ҚК пен ҚЖдың жоспарлы жұмысы барысында ұлттық донор елдердің қоғамымен

бірлесіп 1992-1998 жылдары республикамызда 42 миллионнан астам долларға 500 мың

адамға гуманитарлық көмек берілді. Греция мен Норвегиядағы Қызыл Крест пен Қызыл

Жарты ай Ұйымдарының қаржылық көмегі арқасында Семей және Қарағанды аймақтарының

7000 отбасы азық түлікпен қамтамасыз етілді. Фин ҚК азық түлік бағдарламсында

белсенділік танытып, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының отбасыларына

көмек көрсетті. Былтыр Қазақстанның бірнеше аймағында 15 қайырымдылық асхана

ашылған еді. Ал Германиядағы ҚКҰ елімізге 1 миллион 400 мың доллардан асатын

соммаға медикамент, меджабдықтар, хирургиялық жабдықтар жіберді. Бұның бәрі 40тан

астам мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелер мен неміс мәдени орталықтарға

жіберілді. Бүгінгі таңда өзінің тарихи отанына оралған және әлеуметтік жағдайы

төмен отбасылар үшін бағдарлама жүріп жатыр. Бұл бағдарлама 2000 жылдың

қаңтарынан бастау алады. Бағдарламалар Қарағанды және Талдықорған облыстарының

филиалдарында алғаш құрылып, «Оқыту орталығы» жобасын дүниеге әкелді. Бұл

жобаның мақсаты-шет елден келген қазақ балаларына компьютерлік сабақтар өткізу.

Осы және басқа да шараларды жүзеге асырып, Швед және Оңтүстік Корея ҚКҰ-мен

келісім сөздер жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЕСТ

 

1)      Қызыл крест ұйымының кім құрды?

      А) Анри Дюнан

      Б) Марк Тулий

      В) бірнеше мемлекет

 

2)      1862 жылы Анри қандай кітапты жазып бітірді?

А) Сольферино туралы естелік

Б) Сольферино ескертесі

В) Сольферинадағы оқиға

 

3)      Қызыл Кресттің негізгі принциптері?

А) адамгершілік

Б) теңдік

В) бейтараптық

Г) барлығы дұрыс

 

4)      Халықаралық Қызыл Крест Комитеті қашан құрылды?

А) 1863

Б) 1888

В) 1856

 

5)      Халықаралық Федерация қай жылы құрылды?

А) 1919

Б) 1920

В) 1950

 

 



Информация о работе Қызыл крест пен Қызыл Жарты Ай ұлттық ұйымы 81 мемлекетте жұмыс атқарып келуде