Еңбек құқығының пәні мен қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 17:41, реферат

Описание

Қазақстан Республикасындағы еңбек құқығына қатысты сабақтас құқықтар болып азаматтық құқық, аграрлық жəне жер құқықтары, əкімшілік құқық жəне əлеуметтік қамтамасыз ету құқықтары табылады. Еңбекті қолдануға, оның жағдайларына жəне ұйымдастырылуына қатысты дау туған жағдайда осы даудың еңбек құқығының пəніне жататындығын немесе даудың өзге құқық салаларының нормаларымен қарастырылатынын анықтау үшін еңбек қатынасының белгілерін талдау қажет. Бұның маңызы өте зор, себебі, осындай талдаудың нəтижесінде тиісті құқықтық

Содержание

I. Еңбек құқығының пəні және құқық саласы ретінде «еңбек құқығы»
1.1. Еңбек құқығының пəні және құқық саласы
1.2. Еңбек құқығы саласының жүйесі
II. Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары
2.1. Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

SRSP 1.doc

— 93.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

КІРІСПЕ

 

I. Еңбек құқығының пəні және құқық саласы ретінде «еңбек құқығы»

1.1. Еңбек құқығының  пəні және құқық саласы

1.2. Еңбек құқығы  саласының жүйесі

 

II. Еңбек  құқығының  рөлі,  міндеттері  жəне  функциялары

2.1. Еңбек  құқығының  рөлі,  міндеттері  жəне  функциялары

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы  еңбек  құқығына қатысты сабақтас құқықтар болып азаматтық құқық, аграрлық жəне жер  құқықтары,  əкімшілік  құқық жəне  əлеуметтік  қамтамасыз  ету құқықтары табылады. Еңбекті  қолдануға,  оның  жағдайларына  жəне ұйымдастырылуына қатысты дау туған жағдайда осы даудың еңбек құқығының  пəніне  жататындығын  немесе  даудың  өзге  құқық салаларының  нормаларымен  қарастырылатынын  анықтау  үшін еңбек  қатынасының  белгілерін  талдау  қажет.  Бұның  маңызы  өте зор,  себебі,  осындай  талдаудың  нəтижесінде  тиісті  құқықтық

салдар туындайды. Еңбек  заңдары  азаматтық  заңдармен  өте  тығыз  байланысты. Азаматтық  заңдар  қатысушылардың  теңдігіне  негізделген  тауар-ақшалық  жəне  өзге  де  қатынастарды,  еңбекпен  жəне  оның нəтижелерімен байланысты мүліктік қатынастарды реттейді. Яғни, азаматтық  құқықтың  пəніне  белгілі  бір  жұмысты  орындаумен немесе  қызмет  көрсетумен (тұрмыстық  мердігерлік  шарты, тапсырма,  əдеби  тапсырыс  жəне  т.б.)  байланысты  қатынастар кіреді.  Бұл  қатынастар  еңбек  қатынастарына  өте  жақын  жəне оларға  ортақ  сипаттар  тəн:  олар  еңбекпен  байланысты,  еңбек шартына (келісіміне)  негізделеді,  ақылы  сипатқа  ие.  Жеке меншіктің  туындауына  жəне  өсуіне  байланысты  жұмыс  істейтін тұлғалар  еңбек  қатынастарына жалданбалы  қызметкер  ретінде  де,

өндірістің  меншік иесі ретінде де қатысуы мүмкін. Бұл еңбек жəне мүліктік  қатынастарының  белгілі  бір  деңгейде  бірігуіне  əкеледі.

1) еңбек қатынастары  – еңбек құқығы пəнінің басты  элементі;

2)  еңбек   қатынастарымен  тығыз  байланысты  жəне  солардан 

туындайтын  өзге де қатынастар.

Егер  еңбек  құқығының  пəні  болып  тірі  еңбек барысындағы  еңбек  қатынастары  табылса,  азаматтық  құқықтың пəні  болып  заттандырылған  еңбек  немесе  еңбек  өнімі,  оның нəтижесі  табылады.

Еңбек құқығының пəні болып тек еңбек емес, сонымен қатар  еңбек  үрдісіндегі  еңбек  қатынастары  жəне  олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады.

Еңбек  құқығы  еңбек  қатынастарымен  қатар  осы қатынастардан  туындайтын  жəне  олармен  тығыз  байланысты қатынастарды да реттейді.

Еңбек қатынастары мен азаматтық-құқықтық  қатынастарды  ажырату  олардың  мазмұнына  қарай жүргізіледі. 

 

I. Еңбек құқығының пəні және құқық саласы ретінде «еңбек құқығы»

1.1. Еңбек  құқығының пəні және құқық  саласы

Еңбек құқығын  оқу пəні жəне құқық саласы  ретінде  қарастырмастан  бұрын, «еңбек»  жəне «құқық» сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн болар. Жалпы  алғанда,  құқық  адамдардың  əр  түрлі  қоғамдық қатынастардағы  жүріс-тұрыстарын  реттейді,  яғни,  тəртіптейді, қалыпқа  келтіреді,  нормаларға  сəйкестендіреді.  Еңбек  құқығы атауының  өзі  бұл  құқық  саласының  еңбекпен  байланысты қоғамдық  қатынастарды,  яғни,  еңбек  қатынастарын (еңбек үрдісінде  туындайтын  қатынастарды) жəне  еңбек  қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді.

Ал еңбек  дегеніміз не? Еңбек адамның  табиғи қажеттігі болып  табылады. «Маймылды  адам  еткен  еңбек»  деген пікірлер  де  бекер емес.  Сонымен қатар, еңбек адамның өмір  сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі,  ол  адамның материалдық жəне  рухани  қажеттіліктерін,

басқаша  айтқанда,  тамақтануға,  баспана  иеленуге,  киінуге, адамдармен  араласуға,  білімге,  қағазға,  оқуға,  өнерге  жəне  т.б. қатысты  қажеттіліктерін  қанағаттандырады.  Кең  мағынада  еңбек тек  адамның  ғана  емес,  сонымен  қатар   қоғамның  да  табиғи қажеттігі  болып  табылады,  себебі,  еңбек  қоғамның  материалдық негіздерін қалыптастырады. Өзінің  саналы жəне  тіпті  санасыз  ғұмырында  адам  əйтеуір  бір нəрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші  бойынша  бір  нəрсені əкеліп  береді,  апарады, жылжытады жəне  т.б.  Адамның қолынан жасалған  заттың  барлығы – инеден бастап  ұлы жаңалықтарға  дейін еңбектің  нəтижесінде дүниеге келген. Сонымен, кез келген  адамның өмірі еңбексіз мүмкін  емес.

Еңбек  құқығы  саласының  жүйесі  екі  бөлімнен  тұрады:  жалпы жəне ерекше бөлімдер.

Жалпы бөлімге  еңбекті қоғамдық ұйымдастыру  элементтеріне  жататын, қызметкерлердің жұмыс  істейтін ұйымдарының аудандық жəне  салалық  тиістілігіне  қарамастан,  олардың (қызметкерлердің) еңбегін  пайдалану  жəне  ұйымдастырудың  жалпы  мəселелерін реттейтін нормалар жатады.

Еңбек  құқығы  саласының  ерекше  бөлімі  институттарға,  яғни, еңбек  құқығы  қатынастарының  туындау  жəне  жүзеге  асырылу  деңгейіне қарай кезектілікпен  орналасатын бірыңғай нормалардың топтарына  сəйкес  құрылады.  Ерекше  бөлім  халықты  жұмыспен қамтумен  жəне  жұмысқа  орналастырумен  басталады,  одан  кейін орталық  институт –  жеке  еңбек  шарты,  оның  туындауы,  өзгеруі жəне  тоқтатылуы,  содан  соң –  жұмыс уақыты  жəне  демалыс уақыты институты, жалақы институты,  кепілдік жəне өтемақылық төлемдер институты, еңбек тəртібі институты жəне еңбекті қорғау институты орналасқан.  Ал  бұлардан  кейін еңбек қатынастары тараптарының  келтірген зияндары  үшін  материалдық жауапкершілік  институты,  еңбек  даулары  институты,  еңбектегі қадағалау жəне т.б. институттары орын алған. Сала  ретіндегі  еңбек  құқығының жүйесінен  еңбек  заңдарының жүйесін  ажырата  білген  жөн.  Олар  мазмұн  жəне  нысан  ретінде өзара  байланыста  болады.  Еңбек  заңдарының  жүйесі  нормативтік құқықтық  актілерден,  олардың  преамбулаларынан,  баптарынан, қорытынды  ережелерінен  жəне  т.б.  тұрады.  Сол  себепті,  еңбек құқығының  жүйесі  еңбек  заңдарынан  көрініс  табады,  ал  еңбек заңдары  еңбек  құқығының  қайнар  көзі  болып  табылады  деген тұжырымға келуге болады. қалыптасты.  Бұған  дейін  əлеуметтік  қорғау  нормаларының  басым көпшілігі  еңбек  құқығы  саласына  кіретін. Осылай,  бұл  екі  құқық саласын  тарихи  түп-тамыр  байланыстырады.  Сонымен  қатар, оларды  құқықтық  реттеудің  пəні мен  əдістерінің  ортақ  сипаттары

да байланыстырады. Егер еңбек құқығының басты пəні болып қызметкер мен жұмыс  берушінің  арасындағы  еңбек  қатынастары  табылса,  əлеуметтік қамтамасыз  ету  құқығы  азаматта  қандай  да  бір  себептермен жұмысқа  қабілеттігін  уақытша  не  тұрақты  жоғалтқан  немесе зейнеткерлік  жасына  жеткен  жағдайда,  оларды  материалдық қамтамасыз  ету  үрдісінде  қалыптасатын  қоғамдық  қатынастарды реттейді.  Əдетте  бұл қатынастар  еңбек қатынастарымен  тығыз байланыста  болады.  Мұндай  жағдайда  азаматтарды материалдық қамтамасыз  етудің мөлшері олардың еңбек қатынастары үрдісінде алған жалақысына жəне еңбек стажына сəйкес есептеледі. Сонымен қатар бірқатар  айырмашылықтар  да  бар.  Оларды

мынадан байқауға болады. Азаматтар еңбек қатынастарында еңбек  құқығын жүзеге асырады, ал əлеуметтік қорғау құқығының реттеу пəні  болып  материалдық  қамтамасыз  етуге  қатысты  құқықты жүзеге  асыру  болып  табылады.  Еңбек  қатынастары  үрдісінде жалақы  төлеу қызметкер жұмыс  істейтін кəсіпорынның, ұйымның немесе  мекеменің  қорынан  жүзеге  асырылады.  Ал  əлеуметтік қамтамасыз  ету  құқығы  жəрдемақылар  мен  зейнетақыларды орталықтандырылған  қорлардан  төлеуді  көздейді.  Сонымен қатар,  əлеуметтік  қамтамасыз  ету  құқығына  еңбек  құқығындағы

материалдық төлемдердің  шарттық əдісі тəн емес. Құзыретті  органдар қабылдаған  құқық  нормаларының  негізінде  азаматтар  материалдық  қамсыздандырылады,  сондықтан  мұндай  шараларды өзгертуге жəне тараптардың келісімімен нақтылауға болмайды.

 

1.2. Еңбек  құқығы  саласының  жүйесі.

Əрбір  құқық  саласының, соның  ішінде,  еңбек  құқығының  да  өз жүйесі  бар.  Еңбек  құқығы саласының  жүйесі –  бұл  оның  нормаларының  құрылымы  жəне орналасу  тəртібі.  Бұл  кезектілік  еңбек  құқығы  қатынастарының туындау, даму жəне тоқтатылу барысына қарай құрылады.

Еңбек  құқығы  қатынастары –  бұл  еңбек  құқығының нормаларымен  реттелген  еңбек  қатынастары,  бұл  қызметкер  мен жұмыс берушінің арасындағы  қызметкердің  еңбегін пайдалану жағдайлары жөніндегі заңды байланыс: қызметкер адал еңбек етуге нормалары үстемдікке  ие  болады.  Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабына  сəйкес,  бұл қатынастар  еңбек заңдарымен  реттелмеген жағдайда  ғана,  еңбек қатынастарына азаматтық заңдар қолданылады.

Сонымен, азаматтық  заңдар қоғамдық еңбекке қатысты  мүліктік қатынастарды  реттейді,  алайда,  еңбек  үрдісі  кезіндегі  қатынастарды  реттемейді.  Еңбек  заңдары  еңбек үрдісін реттейді жəне  қызметкер үшін  белгілі бір құқықтық  режимді,  құқықтық кепілдіктерді белгілейді.

Жер құқығы мен  аграрлық құқықтың да  еңбек құқығына ұқсас  сипаттары  көп,  олар  бірлескен  еңбекті  реттейді,  оларға  еңбекті  жəне қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тəн. Алайда, еңбек құқығы  мен  бұл  құқық  салаларының  арасында  бірқатар айырмашылықтар да бар. Еңбек құқығы дербес емес (жалданбалы) еңбекке  негізделетін  еңбек  қатынастарын  реттейді.  Жер  жəне аграрлық құқықтар еңбек жəне өндіріс құраладарының меншік иесі болып табылатын, сондықтан да жалданбалы еңбек субъектілерінің қатарына  жатпайтын кооператор-қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейді.

Еңбек  құқығына  қатысты  сабақтас  құқық  салаларының  қатарынан  əкімшілік  құқықты  да  атауға  болады.  Басқарушылық топтың  еңбегін  ұйымдастыру,  кəсіпорындар,  ұйымдар,  мекемелер басшылығының  жəне  мемлекеттік  қызметшілердің  құқық субъектілігі  мəселесіне  келгенде,  бұл  екі  құқық  саласының  ортақ жері  көп.  Кəсіби  қызметтің  бұл  түрі  бір  мезетте  еңбек  жəне əкімшілік құқық нормаларын қолдануды көздейді. Сондықтан, бұл қатынастар ҚР «ҚР  еңбек  туралы»  заңымен  де,  ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңымен де реттеледі. Соған  қарамастан,  еңбек  жəне  əкімшілік  құқықтарының өздеріне  тəн  айырмашылықтары  да  бар: олар  реттеу  пəні  мен əдістеріне  қатысты.  Егер  еңбек  құқығы  қызметкер  мен  жұмыс берушінің  еңбек  үрдісіндегі  қатынастарын  реттесе,  əкімшілік құқық  тиісті  лауазымды  тұлғалардың  құзыретіне  қатысты, қызметке  алу  мен  босатумен,  тəртіптік  жазалар  тағайындаумен жəне т.б. байланысты қатынастарды реттейді.

Енді  еңбек  құқығының  əлеуметтік  қамтамасыз  ету  құқығымен арақатынасын  қарастырып  өтелік.  Əлеуметтік  қамтамасыз  ету құқығы  дербес  құрылым ретінде,  құқық саласы  ретінде салыстырмалы  түрде жақында,  өткен ғасырдың 60-70  жылдары Алайда,  олардың қандай  құқық саласына жататынын анықтайтын өздеріне тəн айырмашылықтары да бар. Бұл қандай айырмашылықтар екен?

Біріншіден,  еңбек  қатынастарының  пəні  жəне  негізгі  мазмұны болып  еңбек  үрдісі,  ал  азаматтық  қатынастардың (тұрмыстық мердігерлік,  тапсырма,  əдеби  тапсырыс  шарттары  бойынша)  пəні болып  еңбектің  өнімі  табылады.  Екіншіден,  қызметкер  еңбек қатынастарында  белгілі  бір  жұмысты (белгілі  бір  мамандық, біліктілік,  лауазым  бойынша)  істеуге  міндеттенеді.  Үшіншіден, қызметкер  өзінің  жұмысын  белгілі  бір  ұжымның  шеңберінде атқарады, мұнда ол еңбек шарасын орындауға, жұмыс уақытының режимін  сақтауға,  ішкі  еңбек  тəртібінің  ережелеріне  бағынуға

міндеттенеді.

Ал  азаматтық  қатынастарда  аталған  талаптарды  орындау міндетті  емес.  Яғни,  қызметкер  еңбек  ұжымының  құрамына кірмейді, оған  еңбек шарасын  орындау, ұйымның жұмыс режимін сақтау,  ішкі  еңбек  тəртібінің  белгіленген  ережелеріне  бағыну  қажеттігі таралмайды. Басқаша  айтар  болсақ,  азаматтық  қатынастарда  кімнің, қандай мерзімде, қандай еңбек нормасына негізделе отырып жұмыс істейтіні  емес,  мұнда  белгілі  бір  жұмысты  сапалы  жəне  уақтылы орындау  маңызды  болып  табылады.  Мысалы,  қоршау  жасаудың қажеттігі  туды  делік.  Еңбек  заңдарының  нормаларына  сəйкес шартқа  тұрған  қызметкер  ғана   осы  жұмысты  орындауы  қажет. Сонымен  қатар,  ол  еңбек  тəртібін  сақтай  отырып,  ішкі  еңбек тəртібінің  ережелеріне  бағына  отырып (белгілі  бір  ауысымда), белгілі  бір  ұжымда  жұмысты  орындауы  қажет  жəне  еңбек нормасын күнделікті орындауы  тиіс. Азаматтық қатынастарда бұл жұмысты  қызметкердің  өзі  немесе оның  бригадасы не  оның қызметкері  не  барлығы кезектесе отырып  орындай алады.  Олар күндіз  немесе  түнде,  күн сайын не  белгілі бір уақыт өткен сайын жұмыс істеуі  мүмкін – бұлардың  барлығы маңызды емес.  Ең маңыздысы – қоршау сапалы жəне аталған мерзімде жасалуы тиіс. Бұдан шығатын қорытынды, еңбек қатынастары мен азаматтық-құқықтық  қатынастарды  ажырату  олардың  мазмұнына  қарай жүргізіледі. 

 

 

II. Еңбек  құқығының  рөлі,  міндеттері  жəне  функциялары

2.1. Еңбек  құқығының  рөлі,  міндеттері  жəне  функциялары

Еңбек құқығының  рөлі, міндеттері жəне функциялары  өзара тығыз байланысты  болады.  Олар  қызметкердің,  жұмыс  берушінің, өндірістің, қоғамның жəне  мемлекеттің мүдделерін білдіреді. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда еңбек  қатынастарына  түседі,  бұл  ретте  олардың  əрқайсысы  өз мақсаттарын  көздейді .  Сондықтан,  еңбек  құқығының негізгі  рөлі  – реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек

үрдісі кезіндегі  жүріс-тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен нормалар  өндірістің  міндеттеріне  жауап  береді,  қызметкерлердің еңбегін,  құқықтары мен мүдделерін  қорғайды, жұмыс  беруші мен қызметкердің  еңбек  құқықтары  мен  міндеттерінің  жүзеге  асуын жəне олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп,  еңбек құқығы  толығымен еңбек қатынастарының салыстырмалы түрде қорғалмаған тарабы – қызметкерлердің еңбек құқықтарын  қорғауға  бағытталған.  Бұдан  шығатын  қорытынды, еңбек құқығы функцияларының бірі – қорғау функциясы. Сонымен  қатар,  еңбек  құқығының  рөлі  өндірістің  тиімділігіне жəне өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек тəртібін нығайтуға, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсартуға жағдай жасаудан

көрініс табады.

Еңбек  құқығының  міндеттері,  ең  алдымен,  еңбекті  құқықтық реттеудің  мақсаттарына –  еңбектің  тиімділігін  арттыруға,  еңбек жағдайының  жоғары  деңгейіне  жетуге,  қызметкерлердің құқықтарын жан-жақты қорғауға бағытталған.

Еңбек  құқығының  функциялары –  бұл  еңбек  құқығы нормаларының  күшінің  негізгі  бағыттары.  Оларға  жоғарыда аталған  реттеуші  жəне қорғаушы функциялар жатады. Еңбек құқығының ерекше  функцияларының  қатарынан  əлеуметтік,  қорғаушы, шаруашылық-өндірістік,  тəрбиелеу  жəне  өндірістік демократияны дамыту функцияларын атауға болады. Əлеуметтік  функция  халықты  жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз етеді,  еңбекке,  еңбектің  қауіпсіз  жағдайларына  жəне  еңбекті қорғауға қатысты құқыққа кепілдіктерді жүзеге асырады. Бұл қатынастардың мазмұнын жай еңбектің өзі емес, белгілі бір мамандыққа жəне  біліктілікке  оқыту  құрайды. Олардың мақсатты бағыттылығы  өндірістегі   кəсіби  білім  алу  арқылы  азаматтарды  білікті қызметкерлер ретінде дайындауды қаматамасыз етуден көрініс табады. Кəсіби  дайындыққа  қатысты  қатынастардың  туындауы азаматтардың  ұйыммен  шарт  жасасуымен  байланысты.  Бұл  шарт арқылы  тараптар  өздеріне   кəсіби  білім  алуға  қатысты  өзара міндеттемелерді  қабылдайды.  Кадрларды  кəсіби  дайындауға қатысты қатынастардың ұзақтығы белгілі бір мерзіммен шектеледі. Оқуды нəтижелі аяқтаған сайын азаматтар біліктілік емтихандарын тапсырады. Оларға  тиісті мамандық  пен  біліктілік  беріледі,  бұдан соң  жұмыс  берушінің  бұйрығымен  немесе  өкімімен  олар  дербес жұмысқа  алынады  жəне  еңбек  қатынастарының  толық  құқылы қатысушыларына айналады; жеке  немесе  ұжымдық  келіспеушіліктерден  туындайтын еңбек  дауларын  шешуге  қатысты  қатынастар.  Бұлар қызметкерлердің  еңбек  жағдайларын  жəне  еңбек  заңдарының нормаларын  белгілеу  мəселелеріне  қатысты  реттелмеген келіспеушіліктерді  еңбек  дауларын  қарайтын  органдардың шешуімен  байланысты  туындайды.   

Информация о работе Еңбек құқығының пәні мен қызметі