Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 13:17, реферат
Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды.
Көлiк – бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
1. Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер.
2. Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлерi.
3. Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiк.
4. Көлiк экспедициясы шарты.
5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi.
Қорытынды бөлім.
Қолданылған әдебиет.
Тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн де жауапкер-шiлiк туындауы мүмкiн (мұнда, тасымалды ұйымдастыру туралы шартқа негiзделген жоспар ойға алынып отыр). Мұндай жауап-кершiлiк тек темiр жол тасымалдары үшiн ғана көзделедi. Тасымалдауды реттейтiн басқа нормативтiк актiлер бойынша жауапкершiлiк тасымалдау шарттарының немесе тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттардың өзiнде көзделуi мүмкiн. Қазақ-стан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 77-бабында шарттың екi тарабымен тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн айыппұл түрiндегi мүлiктiк жауапкершiлiк көзделген. Тасымалдаушы тарабынан тасымалдау жоспарын бұзу көлiк құралдарын бермеу немесе уақытысында бермеуден көрiнiс табады.
Жүк жөнелтушi төмендегi жағдайларда тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн жауапкершiлiкке тартылады:
- тиеу үшiн берiлген вагондар мен контейнерлердi пайдаланбау;
- жоспар бойынша
көзделген вагондар мен
- жүк жөнелтушiнiң
кiнәсi бойынша станцияда тиеу
мен түсiруге берiлу үшiн
Егер мiндеттемелердi орындауға стихиялы сипаттағы құбылыстар (су тасқыны, жер сiлкiнiсi, көшкiндер, құйындар және т.с.с.) кедергi келтiрсе, онда тараптар темiр жол тасымалының жоспарын орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Тасымалдау бойынша мiндеттемелердi орындауға тыйым салу да оларды жауапкершiлiктен босату негiзi болып табылады.
Жүк жөнелтушi өзiнiң алдын ала келiсiмiнсiз тиеудi арттыру тәртiбiмен жоспардағы нормадан артық берiлген вагондарды (контейнерлердi) пайдаланбағаны үшiн жауапкершiлiкке тартылмайды. Сондай-ақ егер жүк жөнелтушi күнтiзбелiк он күндiктiң жекелеген күндерi жол берiлген жүк толмаушылықтың орнын сол күнтiзбелiк он күндiк iшiнде толтырса, жауапкершiлiкке тартылмайды. Мұнай немесе мұнай өнiмдерiн тасымалдау туралы сөз болатын сондай ұқсас жағдайларда жүк жөнелтушiнiң жауапкершiлiгi туындамайды егер ол жүк толмаушылықтың орнын сол жүк толмаушылық орын алған айдың жартысында толтырса. Бiрақ бұл жағдайда олардың түсiрiлуi мұнай өнiмде-рiнiң құю станцияларынан немесе қайта құю пунктерiнiң жүзеге асырылуға тиiс.
Темiр жол тасымалдау жоспарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен жоғарыда аталған негiздерден басқа мына жағдайларда босатылады.
- Түсiру мен тазалауда жүк жөнелтушi вагондарды, контейнерлердi кешiктiрген кезде. Бiрақ бұл кезде темiр жол осы жүк жөнелтушiге аталған себептер бойынша ұстап қалынған және iс жүзiнде тиеуге берiле алмайтын вагондар контейнерлер санын бермегенi үшiн ғана жауапкершiлiктен босатылады;
- егер темiр
жол күнтiзбелiк он күндiктiң
жекелеген күндерi жол берiлген
вагондардың, контейнерлердiң
Тасымалдаушы жүктiң мүлтiксiз сақталуын оны тасымалдауға алған сәттен бастап, жүктi жүк алушыға, оның уәкiлдi тұлғасына берген сәтке дейiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тасымалдаушының кiнәлi жауапкершiлiгi көзделген. Бiрақ, азаматтық құқықтағы басқа да шарттар (мiндеттемелер) бойынша мiндеттеменi орындамаған тиiстi түрде орындамаған борышқор ретiнде оның кiнәсiнiң презумпциясы болады. Осының салдарынан ол жүктiң жоғалтылуы үшiн, егер жүктiң неме-се теңдеме жүктiң жоғалтылуы, жетiспеушiлiгi немесе зақымдануы (бүлiнуi) өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жауап бередi.
Тасымалдаушының жауапкершiлiгi туындамауы керек, егер тасымалдауға қабылданған жүктiң жоғалтылуы, бүлiнуi, жетiспеушiлiгi немесе зақымдануы төменде аталған жағдайларда орын алса:
а) жүк жөнелтушi немесе жүк алушының кiнәсiнен;
ә) жүктiң ерекше табиғи қасиеттерiнiң салдарынан, сондай-ақ тасымалдау немесе сақтау кезiнде жүктiң сақталуы үшiн ерекше жағдайларды немесе сақтық шараларын талап ететiн оның ерекше қасиеттерiн жүкқағазда көрсетпей жүктi тасымалдауға беру салдарынан;
б) егер тиеу немесе түсiру жөнелтушiнiң немесе алушының құралдарымен жүзеге асырылса, жүктердi төбесi жабық вагондарға, контейнерлерге тиеу немесе түсiрумен байланысты себептер бойынша;
в) жүктердi ашық жылжымалы составта тасымалдаумен байланысты кәдiмгi себептер салдарынан;
г) жүктi жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жол серiгiмен бiрге тасымалдау кезiнде;
ғ) жүктердi тасымалдауға қабылдау кезiнде сырттай қарау бойынша да анықталуы мүмкiн болмаған ыдысы немесе буып-түйiлуiнiң кемшiлiктерi салдарынан немесе ыдыста зақымдау iздерiнiң жол бойында байқалмаған кезiнде жүктiң қасиеттерiне немесе белгiленген стандарттарға сай келмейтiн ыдысты қолданудан;
д) жүк жөнелтушi жүуқағазда көрсеткен мәлiметтердiң қателiгi, нақты болмауы немесе толық болмауы салдарынан;
е) белгiленген
норма шектерiнде жүк
ж) тасымалдау кезiнде тасымалдану мерзiмдерi мен температуралық режим сақталғанда тез бүлiнетiн жүктердiң бүлiнуi салдарынан.
Тасымалдаушы
аталған негiздердiң сырттай белгiлерi
болған кезде жалпы ереже бойынша
жауапкершiлiктен босатылатын болады.
Оны жауапкершiлiкке тартуға
Тасымалдау
шарттары бойынша мүлiктiк
Жүктiң құны сатушының немесе шартта көзделген есепте көрсетiлген баға негiзiнде анықталады. Егер есеп немесе бағаны шартта көрсету болмаса, онда ол салыстырмалы жағдайларда, әдетте, соған ұқсас тауарлар үшiн алынатын бағаға сүйене отырып анықталады. Жүктiң жоғалтылуы, жетiспеушiлiгi немесе зақымдануы (бүлiнуi) салдарынан пайда болған анықталған шығынды өтеумен қатар тасымалдаушы осы жүктi тасымалдау үшiн алынған жол жүру ақысын жүк жөнелтушiге немесе жүк алушыға, егер тасымалдау ақысы жүктiң құнына енгiзiлмеген болса, қайтаруға тиiс.
Қазақстан Республикасының “Сауда мақсатында теңiзде жүзу” Заңының 105-бабына сәйкес теңiз тасымалдаушысының жауапкершiлiктi шектеу құқығынан айырылу мүмкiндiгi көзделген. Тасымалдауға қабылданған жүктiң жоғалтылуы, оның жетiспеуi немесе зақымдануы (бүлiнуi) не оны жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алу оның қасақана немесе өрескел абайсыздығымен жасалған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нәтижесi екенi дәлелденген жағдайда теңiз тасымалдаушысы жауапқа тартылады.
Темiр жол тасымалы үшiн теңдеме жүктi, қол жүгiн жеткiзу мерзiмiнен кейiн жетi күн өткен соң жоғалтылды деп есептеу көзделген. Яғни жоғарыда көзделген жауапкершiлiк үшiн сияқты негiз пайда болады. Теңдеме жүк, жүк қол жүгi аталған мерзiм өткеннен кейiн келген жағдайда қабылдаушы өз бiлгенiнше жүктi (теңдеме жүктi) қабылдауды және тасымалдаушы төлеген соманы қайтаруды жүзеге асыруы мүмкiн.
Жүктi тасымалдаушы тиегенде темiр жол накладнойында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес, келмейтiн жүктi берген жағдайда тасымалдаушы жүк алушы алдында жүктiң темiр жол көлiк жүкқағазында көрсетiлген құны мөлшерiнде оны жоғалтқаны үшiн жауапты болады.
Аталған жағдайларда сол немесе басқа тараптың кiнәлiлiк немесе кiнәсiздiк презумпциясын iс жүзiнде қолдану мүмкiндiгi үшiн және соның салдарынан тиiсiнше жауапкершiлiк туралы мәселенi шешу үшiн Азаматтық кодекске өз мәнiсi жағынан өте маңызды норма (705-б. 3 т.) енгiзiлген. Ол жүк жөнелтушiлерге, жүк алушыларға қатысты бұрын болған кемсiтушiлiктi жояды, оларға тасымалдаушы өз кiнәсiн жоққа шығарғанда оны керi дәлелдеу өте қиынға соғатын. Өз кезегiнде оның себебi жалпы алғанда борышқордың мiндеттеменi бұзғандығының азаматтық құқықта жарияланған кiнәлiлiк презумпциясы тасымалдау қаты-настарына қатысты iс жүзiнде жоққа шығарылатындығында.
Әрекет етушi жаңа заңнамаға сәйкес жүктiң сақталмауының себептерi туралы (коммерциялық акт, жалпы нысан актiсi тасымалдаушысымен бiржақты тәртiпте құрастырылған құжаттар дау туған жағдайда тасымалдаушының не шарт бойынша қарама-қарсы тараптың жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын жағдайлардың орын алғандығы немесе орын алмағандығы туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк беретiн басқа да құжаттармен қатар сотпен бағалануға жатады.
Темiр жол тасымалдары бойынша жауапкершiлiктiң жекелеген санкциялары, тiкелей аралас байланыстар тасымалдауларын қоса (темiр жол тасымалы жүзеге асырылған бөлiгiнде) жүктердi жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алу үшiн көзделген. Темiр жол, егер мерзiмдi өткiзiп алу үшiн көзделген. Темiр жол, егер мерзiмдi өткiзiп алу өз кiнәсiнен болмағандығын дәлелдемесе, жүк алушыға мерзiмдi өткiзiп алудың әрбiр тәулiгi үшiн тасымалдау төлемiнiң 5%, бiрақ тасымалдау төлемiнiң 50% пен артық емес мөлшерде айыппұл төлеуге тиiс. Темiржолдан осындай мөлшерде жүк жөнелтушiге, жүк алушыға тиесiлi немесе олар жалға алған бос вагондарды жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн айыппұл өндiрiлiп алынуы мүмкiн. Әуе тасымалдаушысы жүктi тасы-малдауды кешiктiруге байланысты жүк жөнелтушiде немесе алушыда туындаған шығындар үшiн жауапкершiлiкке тартылатын болады.
Тасымалдауға тиым салынған жүктi немесе тасымалдау кезiнде ерекше сақтық шараларын талап ететiн жүктiң отауын немесе қасиетiн темiр жол жүкқағазында дұрыс көрсетпей тасымалдауға бергенi үшiн жүк жөнелтушiден, темiр жолға келтiрiлген шығындарды өндiруден басқа тасымалдаудың барлық қашықтығы үшiн ең жоғарғы тариф бойынша тасымалдау ақысының бес еселенген мөлшерiнде айыппұл өндiрiледi. Бұдан басқа жоғарыда аталған жағдайлармен келтiрiлген шығындар да өндiрiлiп алынуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 78-бабы бойынша вагондарды немесе контейнерлердi өз бетiнше иеленiп алу, зақымдау немесе жоғалту үшiн жауапкершiлiк көзделген. Егер бұл тиiстi шарттармен көзделмесе, тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жүк алушы, сондай-ақ басқа да тұлғалар өздерiне тиесiлi емес вагондарды, контейнерлердi жеке өздерiнiң тасымалдаулары үшiн, жүктердi сақтану үшiн, сондай-ақ оларды иелерiнiң рұқсатынсыз тиеу үшiн пайдалануға құқылы емес. Осы талаптарды сақталмағаны үшiн кiнәлi тарап, вагондарды контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төлемнен басқа, олардың иелерiнiң алдында вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы мөлшерiндегi айыппұл түрiнде мүлiктiк жауапкершiлiкке тартылады. Айыппұлды төлеу бұзушыны жәбiрленген вагон (контейнер) иесiне келтiрiлген шығынды өтеуден босатпайды. Заңнамамен басқа да бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiк анықталады. Мәселен, тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi вагондарды контейнерлердi түсiргеннен кейiн тазаламағаны үшiн жауапқа тартылуы мүмкiн (ҚР “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 83-бабы). Аталған заңның 84 және 85-баптарымен жылжымалы составты, контейнерлердi, қозғалмалы тасымалдау құрылғыла-рын зақымдағаны немесе жоғалтқаны үшiн жүктердi тасымалдау шартының тараптарының жауапкершiлiгi және кiру жолдарынан вагондарды беру, алып кетудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi көзделген.
Жүк жөнелтушi вагонды, контейнердi жоя берiлетiн нормалардан артық тиеудiң кесiрiнен авариялық жағдай туындағанда да темiр жол алдында жауапкершiлiкке тартылады (шығынды өтемейдi). Артық тиегенi үшiн шығындарды өтеумен қатар тасымалдаушы пайдасына тасымалдау ақысының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл өндiрiледi. Жүк жөнелтушiнiң келiсiмi болған кезде тазартылмаған жылжымалы составты және контейнердi тиеуге беруге жол берiледi. Бiрақ бұл кезде темiр жол заңнамамен қарастырылған мөлшерде жүк жөнелтушi пайдасына айыппұл төлейтiн болады.
Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты бойынша жауапкершiлiк. Жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау бойынша мiндеттемелердi орындамаған кезде тасымалдаушы заңнамамен белгiленген жауапкершiлiкке тартылады. Заңнамамен белгi-ленген жауапкершiлiктiң ерекшелiгi болып көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалдауға қатысты қолданылатын жауапкершiлiк туралы нормалардың унификациялануы табылады.
Жолаушыны тасымалдайтын көлiк құралын жөнелтудi кiдiрткенi немесе мұндай көлiк құралының баратын жерiне кешiгiп барғаны үшiн (қалалық және қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, егер кiдiрту немесе кешiгу дүлей күштiң салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлiк туралы тиiстi заң актiлерiнде белгiленген мөлшерде айыппұл төлейдi.
Аталған жағдайларда
жолаушы тасымалдаудан бас
Қазақстан Республикасының “Көлiк туралы” Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес, тасымалдаушының кiнәсi бойынша (жолаушы тасымалдаушының қызметтерiн пайдаланған жағдай да) жолаушыны тасымалдау кiдiртiлген кезде, егер олар орын алса жолаушыға залалды өтеумен қатар,тасымалдаушы жолаушыға кiдiртiлген әрбiр сағат үшiн билет құнынан 3% мөлшерiнде айыппұл төлеуге тиiс. Жолаушыға төлеуге тиiс айыппұл-дың сомасы алынған билет құнынан аса алмайды. Жолаушының сұрауы бойынша оған тасымалдаудың кiдiрту себебi туралы ресми құжат берiлетiн болады немесе оның билетiнде белгi қойылуы тиiс.
Тасымалдауға
қабылданған теңдеме жүктiң