Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 13:17, реферат
Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды.
Көлiк – бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
1. Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер.
2. Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлерi.
3. Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiк.
4. Көлiк экспедициясы шарты.
5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi.
Қорытынды бөлім.
Қолданылған әдебиет.
Егер тасымалдау
кезiнде жолаушының денсаулығына немесе
өмiрiне зиян келтiрiлсе тасымалдаушы
мүлiктiк жауапкершiлiкке
Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 75-бабының 2-тармағына сәйкес жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi жолаушы поезда және поезға кiру (шығу) кезiнде вокзал аумағында болған кезеңде туындайды.
Көлiк экспедициясы шарты
Көлiк экспедициясы шарты өз алдына жеке және тек қана көлiктiк көмекшi шарт болып табылады. Осыдан оның латын сөзiнен туындайтын – expeditio – жөнелту1 деген атауы шығады. Әрекет етушi Азаматтық кодексте көлiк экспедициясы шартының аталған рөлi ескерiлген және оны реттеуге жеке 15 тарау арналған (708-714-баптар).
Көлiк экспедициясы шарты тасымалдау қатынастарының ерекше аясындағы делдалдық қызмет арқылы қамтамасыз етпеу. Сондықтан көлiк заңнамасы нормаларын ескермей тараптардың құқықтары мен мiндеттерiнiң мазмұнын толық көлемде анықтау мүмкiн емес.
Бұл шарт мәнiсi жағынан өтелмелi қызмет көрсету туралы шарт болып табылады. Оның пәнi болып табылатын қызметтер көлiк экспедициясы шартының мазмұнды бөлiмiнде нақты анықталады. Көлiк экспедициясы қызметтерiн көрсетудiң құқықтық нысаны тапсырыс шартының не комиссия шартының элементтерiн пайдалану арқылы белгiленуi мүмкiн.
Қазiргi жағдайларда
көлiк экспедиторларының
Көлiк экспедициясы шарты қайсыбiр тұлғаның атына жөнелтiлетiн немесе келiп жатқан жүктердiң саны едәуiр мөлшерге жеткенде және тасымалдауды рәсiмдеумен байланысты операцияларды өз бетiнше орындау жүк жөнелтушi (жүк алушы) үшiн қиындық келтiретiн және экономикалық тұрғыдан ақталмайтын бола бастағанда ең қолайлы деп есептеледi.1
Көлiк экспедициясы туралы нормалар мамандандырылған делдал-экспедитор клиент үшiн орындауға мiндеттенетiн әрекеттердiң сипаты мен көлемiн кеңiнен түрлендiруге мүмкiндiк беретiндiгiн байқаған жөн. Көлiк экспедициясы шарты оны (клиенттi) тасымалдаушымен және сонымен байланысты мәселелерге тiкелей қатынасу қажеттiлiгiнен толығымен босата алады.
Көлiк экспедициясы шарты бойынша бiр тарап (экспедиттер) сыйақы үшiн басқа тараптың (клиенттiң жүк жөнелтушiнiң немесе алушының) есебiнен жүктi тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгiленген қызмет көрсетулердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүктi тасымалдау шартын (шарттарын) жасауға мiндеттенедi.
Көлiк экспедициясы шартының нысаны. Бұл шарт жазбаша нысанда бекiтiлуге тиiс. Заңнамада көлiк экспедициясы шартында, құжаттағыдай болуға тиiс, мiндеттi реквизиттерге талаптар қою көзделмеген. Талап етiлетiн жазбаша нысанды сақтамау сал-дары да арнайы көрсетiлмеген. Осыдан көлiктiк-экспедицялық қызмет көрсетуге, кейбiр жағдайларда, жазбаша шарттар бекi-тiлмеуi де мүмкiн деген қорытынды жасауға болады. Бұл ҚР АК-ң 709-бабының 2-тармағына сәйкес жүк жөнелтушi (алушы) қажет болған жағдайларда экспедиторға сенiмхат берумен байланысты. Содан белгiлi бiр субъектiлер арасында шарттық қатынастардың болу фактiсi туындайды, бiрақ, әрине, сенiмхат толығымен шарттың жазбаша мәтiнiн алмастыра алмайды. Екiншi жағынан алғанда тәжiрибеде көлiктiк-экспедициялық ұйымдардың өзi тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн нақты реттеуге мүдделi болады. Бұл олардың кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi ретiндегi iскерлiк атағын нығайтуға мүмкiндiк туғызады. Осыған сүйене отырып, кейбiр жағдайларда көлiк экспедициясы шартын қосылу шарты сияқты, жазбаша нысанда бекiтуге белгiлi бiр алғы шарттар бар екендiгiн атап өтуге болады.
Көлiк экспедициясы шарты – консенсуалды, екi жақты және ақылы шарт. Көлiк экспедициясы шартының субъектiлерi (қатысушылары) болып бiр жағынан – экспедитор және екiншi жағынан – клиент табылады. Орын алып отырған шарттық қатынастар еркiндiгi заңды және жеке тұлғаларға шарттың екi тарабынан да көрiнуге мүмкiндiк бередi. Бiрақ клиенттер үшiн көлiк экспедициясы қатынастарына iс жүзiнде қатысу мүмкiндiгi оларда қайсыбiр тасымалдау шартын бекiтуге құзыреттiлiктiң болуына тәуелдi болады. Ол кейбiр жағдайларда болмауы мүмкiн.
Мысалы, тауарларды алмастыруға (меншiк құқығын беру, мүлiкке деген басқа да құқықтарда беру) бағытталған сатып алу-сату немесе өзге шарттың шарттарымен борышқор (сатушы, лизинг берушi және т.б.), тауардың қымбаттауына алып келуi мүмкiн көлiк экспедициясының қызметтерiнсiз, тасымалдауды пайдаланумен жүктi жеткiзуге тиiс екендiгi көзделуi мүмкiн. Егер мұндай жағдайларда борышқор көлiк экспедициясы шартын бекiтiп қойса, онда ол шарт бойынша өзiнiң бастапқы контрагентi алдында құқық бұзушы ретiнде танылады.
Көлiк экспедициясы шарты бойынша тұлғаның клиент болу мүмкiндiгiн (қабiлеттiлiгiн) шектеудiң басқа бiр ықтимал жолы оның азаматтық құқықтық қатынастардың субъектiсi ретiндегi ерекше жағдайына негiзделетiн болады. Мысалы бұл жерге көлiк экспедициясының қызметтерiн пайдалану мүмкiндiгiнiнң тасымалдау шарттарын бекiтуге белгiлi бiр сметалық қаражаттар бөлiну мүмкiн болатын мемлекеттiк мекемелер туралы сөз болып отыр. Көлiк экспедициясы шартын клиент ретiнде бекiтуге басқа да объективтi жағдайлардың кедергi келтiруi мүмкiн екендiгi жоққа шығарылмайды.
Шартқа экспедиторлар ретiнде қатысу туралы айтқанда, бiз оларға кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң қатысатындығын есте ұстаймыз. Қазақстан Республикасының қызметтердi жүзеге асырған кезде тасымалдаушы лицензия алуға мiндеттi. Аталған заңда көлiктiк экспедициялық қызметтi лицензиялау туралы нақты тұжырымның жеткiлiксiз екендiгi туралы айта кеткен жөн. Өйткенi ол тек тасымалдаушылармен ғана емес, сонымен қатар басқа да мамандандырылған субъектiлермен жүзеге асырылуы мүмкiн емес пе. Аталған кемшiлiктi жою үшiн көлiктiк экспедициялық қызметтi лицензиялау туралы жекелеген ережелердi жасап шығарып заңнамаға енгiзу қажет деп ойлаймыз. Заң шығарушының қазiргi ұстанымы тасымалдау қатынастары мен көлiктiк-экспедициялық қатынастардың өзара тығыз байланыстылығын тағы да бiр рет айқын көрсететiнi сөзсiз. Заңнамада тек қана тасымалдаушымен қатар экспедитордың да көлiк қатынастарының бiр қатысушысы болып табылатындығын көрсеткен жөн.
Экспедитор
қызмет көрсетуге жекелеген
Көлiк экспедициясы шартының пәнi болып тасымалдауларды ұйымдастыруға (қамтамасыз етуге) қатысты қызметтер табылады. Бұл қызметтер, бiр уақытта, iс жүзiндегi және заңдық сипатқа ие болады.
ҚР АК-ң 708-бабынан байқайтынымыз экспедитордың қыз-меттерi жүктi тасымалдауға құқықтық алғышарттар қалыптастыру үшiн клиенттiң пайдасына бiрқатар әрекеттер жүзеге асыруымен сипатталады. Осы айтылғанға сүйене отырып, экспедитор қабiлеттi тасымалдаушыны анықтап, оның қатысуымен алда болатын тасымалдауды клиентпен келiсiп шеше алады деген қорытынды жасауға болады. Экспедитор клиенттiң тапсырмасы бойынша әртүрлi тасымалдаушылардың қатысуымен тасымалдау шарттарының мүмкiн болатын жағдайлары туралы оның қызығушылығын тудыратын ақпаратты және өзге де соған ұқсас әрекеттердi жинай (бере) алады. Экспедитор өз қызметiн көрсету аясында жүктердi тасымалдау шартын (шарттарын) клиенттiң атынан немесе өз атынан бекiтуi мүмкiн. Тасымалдау шартын бекiтудiң өзi жоғарыда аталған құқықтық алғышарттарды қалыптастыруды бiлдiретiн болады.
Көлiк экспедициясы шартының заңды анықтамасында айтылған қызметтердi негiзгi деп атауға болады, өйткенi ҚР АК-ң 708-бабының 1-тармағының 2-бөлiгiнде экспедитордың қосымша қызметтердi көрсету мүмкiндiгi туралы айтылған. Бiздiң ойымызша, қызметтердi осылайша (негiзгi және қосымша) бөлу тәжiрибелiк маңызға ие екенiн бiрден айта кеткен жөн. Бiз негiзгiге жатқызатын қызметтер көлiк экспедициясының мәнiсiн сипаттайды. Бұл негiзгiге жатқызатын қызметтер көлiк экспе-дициясының мәнiсiн сипаттайды. Сондықтан оларды жүзеге асыру мiндеттi болып табылады және олар көлiк экспедициялық пәнiнiң ажырамас құрамы болып табылады. Осыдан бұл шарттың мiндеттi жағдайлары туралы түсiнiк туындайтын болады.
Қосымша қызметтер көрсету қажеттiлiгi қазiргi көлiк инфрақұрылымында ойда болмаған сәттерде пайда болатын олқылықтармен (кемшiлiктермен) мәжбүр етiлуi мүмкiн, мысалы белгiлi бiр тауарларды шығаруға рұқсат алу туралы талап енгiзу (карантиндiк радиациялық бақылаудан өту және т.б.). Шарт пәнiнде қосымша қызметтер көрсетудi бекiту клиенттiң өзiнен тасымалдау шартын iс жүзiнде жүзеге асырумен байланысты кез келген ауыртпалықтарды түсiру тiлегiмен түсiндiрiлуi мүмкiн.
Қосымша қызметтер
көрсету ретiнде көлiк
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi.
Кез келген өзге шарттық мiндеттемеге сәйкес сияқты борышқор, осы тұстағы экспедитор, экспедициялық қызмет көрсетулер бойынша өзiне жүктелген мiндеттемелердi тиiстi түрде орындауға мiндеттi. Клиент өзiне көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу және шартпен сондай-ақ, тiкелей заңнама нормаларымен көзделген өзге де мiндеттерге қатысты экспедитор алдында борышқор болып табылады.
Құқықтар мен мiндеттердi қарастырғанда көлiк экспедициясына қатысты Азаматтық кодексте сiлтемелiк реттеудiң қолданылатынына сүйене отырып, олардың кеңiнен талқылауы мүмкiн екенiн ескерген жөн. Мәселен, егер экспедитор тасымалдау шартын клиенттiң атынан бекiтетiн болса, онда 35-тарау нормаларымен реттелмеген бөлiгiнде олардың арасында сенiм берушi мен сенiмдердi шоқты құқықтар мен мiндеттер туындайды. Ал, экспедитор тасымалдау шартын өз ойынан бекiтетiн жағдайларда, оның клиентпен түсетiн қатынастарына, 35-тармақпен реттелмеген бөлiгiнде, комиссия шарты туралы нормалар қолданылады.
Экспедитор тасымалдау шартын клиенттiк нұсқауларына сәйкес бекiтуге тиiс. Жүк жөнелтушiнiң келiсiмiмен экспедитор жөнелтушiнiң мүддесiн, тарифтер деңгейiн және жеткiзу мерзiмдерiн ескере отырып, жөнелтушiнiң жүгiн көлiктiң қай түрiмен тасымалдауды өзi белгiлей алады.
Экспедитор тасымалдау шартын тиiстi түрде бекiте алу үшiн жүк жөнелтушi (алушы) экспедиторға жүктiң қасиеттерi, оны тасымалдау жағдайлары туралы құжаттар мен өзге де ақпаратты, сондай-ақ экспедитордың өз мiндеттерiн орындауына қажет өзге де ақпаратты беруге мiндеттi.
Экспедитор жүк жөнелтушiге (алушыға) ақпараттың анықталған кемшiлiктерi туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, жүк жөнелтушiден (алушыдан) қажеттi қосымша деректердi сұрауға тиiс.
Егер жүк жөнелтушi (алушы) қажеттi ақпаратты бермесе экспедитор осындай ақпарат берiлгенге дейiн өзiнiң тиiстi мiндеттерiн атқаруға кiрiспеуге құқылы.
Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз мiндеттерiн жеке өзiнiң атқару мiндетi туындамаса, экспедитор өз мiндеттерiн орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Мiндеттеменiң орындалуын үшiншi тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшiн клиенттiң алдындағы жауаптылықтан босатпайды.
Бiрқатар басқа азаматтық-құқықтық шарттардағы несие берушiлер сияқты экспедиторлар да ұстап қалу құқығын пайдаланады ол көлiк экспедициясы шарты бойынша шартпен және заңмен қамтамасыз етiлетiн экспедитордың жүктi тек оның экспедициялық қызмет көрсетулерi үшiн алуы тиiс сыйақының төленбеуiне байланысты ғана ұстап қалу құқығымен шектеледi (ҚР АК 712-б.). Осы айтылған сөз – экспедитор клиенттi өзiнiң алдында мiндеттеменi орындауға мәжбүрлеу үшiн мүлiктi ұстап қалуға тиiстi (құқылы) емес дегендi бiлдiредi. Ұстап қалуды борышқор мүлкiне өндiрiп алумен шатастырмаған жөн.
Көлiк экспедициясы шартының әрбiр тарабы бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзiмде ескерте отырып, шарттан (оны орындаудан) бас тартуға құқылы. Шартты орындаудан бiржақты бас тартқан тарап осы кезде екiншi тарапқа шарттық бұзылуынан келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi.
Жауапкершiлiк. Көлiк экспедициясы шарты бойынша жауапкершiлiк мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiстi түрде орындамағаны үшiн жауапкершiлiк туралы ҚР АК-ң 20-тарауымен көзделген жалпы ережелерге негiзделедi.
Азаматтық кодекстiң 713-бабында тасымалдау және экспедиция қатынастарының өзара тығыз байланысы ескерiлген.
Экспедитор кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылған-дықтан тиiсiнше ол клиент алдында, бой алдырмайтын күш немесе форс-мажорлық жағдайлар салдарынан өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатыла отырып, кiнәсiз жауапкершiлiкте болады. Эскпедицияның тасымалдау қатынастарымен аталған өзара байланыстылығын жауапкершiлiкке қа-тысты ескерудiң көрiнiсi, кейбiр жағдайларды экспедиция мiндеттемелерiн бұзу экспедитор емес, тасымалдаушы әрекеттерiнiң салдарынан болу мүмкiн екендiгi де есепке алынатынымен сипатталады.