Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2013 в 14:13, курсовая работа
Жеке еңбек шарты тақырыбына қалам тартуымыздың себебі, бұл тақырып бәріміз үшін өте өзекті деп ойлаймын. Өйткені бәрімізде жұмыс істеп күн көреміз, яғни қандай да бір мекемемен жеке еңбек шартын жасасуымызға тура келеді. Сонымен қатар бұл шартта өз құқықтарымызды заңды түрде қорғай алып, ал кейбір жайттарда тіпті жұмысқа алушымен арамызда туындаған дауларды заңды шешуге әрекет жасау барысында бұл шарттың негіздері турасында жетік білуіміз қажет.
Кіріспе 2
1 Жеке еңбек шарты 4
1.1 Жеке еңбек шартының ұғымы 4
1.2 Жеке еңбек шарттың мазмұны 6
1.3 Жеке еңбек шартын жасасудың тәртібі 7
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17
ЖОСПАР
Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі».
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемлекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек ету үрдісінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні – еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары болып табылады. Басқаша айтқанда, еңбек құқығының пәні - еңбекке қабілеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке ұйымдарды азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасқан жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды.
Жеке еңбек
шарты еңбек құқығының негізгі
институттарының қатарына жатады. Оның
қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын,
қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын,
еңбекті ұйымдастыру мен
Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында.
Жеке еңбек шарты тақырыбына қалам тартуымыздың себебі, бұл тақырып бәріміз үшін өте өзекті деп ойлаймын. Өйткені бәрімізде жұмыс істеп күн көреміз, яғни қандай да бір мекемемен жеке еңбек шартын жасасуымызға тура келеді. Сонымен қатар бұл шартта өз құқықтарымызды заңды түрде қорғай алып, ал кейбір жайттарда тіпті жұмысқа алушымен арамызда туындаған дауларды заңды шешуге әрекет жасау барысында бұл шарттың негіздері турасында жетік білуіміз қажет. Тіпті кәсіпкер болса да, ол өз ұйымына адамдарды орналастыру барысында өзінің де, өзгенің де құқығын елеусіз қалдырмайтындай еңбек шартын жасасуды алға қойғаны жөн. Демек біздің нарықтық экономикамызда бұл шарттың алатын орны ерекше десем қателесе қоймаймын.
Тәуелсіз еліміздің экономикасында жеке еңбек шартын өрескел бұзу жиі кездеседі. Сондықтан бұл шарттың мәні мен мазмұны күн санап артып келеді. Әлі де болса өз құқықтарын қорғай білмейтін жұмысшылар көптеп кездеседі. Бүгінгі таңда елімізде шетел инвесторларының жүздеген компаниялары жеке еңбек шартын жасауда тек өз пайдасына көбірек ойластырып алғандықтан біздің қазақстандық жұмыскерлер үлкен зардап шегу үстінде. Олар жан-жақты қысым көріп, тіпті жұмыс үстінде өліп кеткен жағдайларда да жанұяларына жәрдем көрсетілмейтіндігі ғажап емес. Астанадағы құрылыс компанияларының (Түркиялық) кейбіреулері айласын асырып кетіп жүргені рас. Сол себепті де бұл тақырыптың өзектілігі арта түсетіні анық.
Жеке еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім.
Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдағы ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізде алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады.
Жеке еңбек
шарты дегеніміз – қызметкер
мен жұмыс берушінің арасында
жазбаша нысанда жасалатын
Еңбек құқығы ғылымы
жалпы еңбек шарты деген
Азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асырудың ең негізгі формасына жеке еңбек шартын жасасу жатады, өйткені тек жеке еңбек шартын жасасу арқылы ғана жұмысшы ұйымның еңбек ұжымына кіре алады. Еңбек шартын жасасқан күннен бастап жұмысшыға барлық еңбек заңдары және сол ұйымда қабылданған локальдық нормалар қолданылады.
Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында. Мысалы, басқа жұмысқа ауыстыру еңбек қатынасының өзгеруін, ал еңбек шартының тоқтатылуы еңбек қатынастарының жойылуына көрсетеді.
Жұмыс берушінің актілері – жұмыс берушінің шығаратын актілері (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері).
Жеке еңбек шартының мазмұны – еңбек нарығында оның тараптарының жұмысшы мен жұмыс берушінің екіжақты келісіміне байланысты құрылады. Жеке еңбек шартының мазмұнында қарастырылатын еңбек жағдайларын екі топқа бөлуге болады: міндетті және қосымша (факультативті) еңбек жағдайлары.
Жеке еңбек шартының міндетті жағдайларын сол шарттың мазмұнын құрайтын кез келген еңбек жағдайлары жатады. Мысалы, жұмыс орны, қызмет түрі, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, жұмысшының еңбек ақысы. Ал, қосымша жағдайларға қызметкер мен берушінің қосымша тілектерінен туындаған жағдайлар жатқызылады, мысалы, сынақ мерзімін тағайындау немесе коммерциялық құпияны сақтау міндетті. Міндетті еңбек жағдайлары да, қосымша еңбек жағдайлары да еңбек шартының өзгеруіне, тоқтатылуына бірдей әсер ете алады және шарт жасасушы тараптар міндетті еңбек жағдайларын да, қосымша еңбек жағдайларын да бірдей орындауға міндетті2.
Жеке еңбек шартын жасасу барысында жұмыс беруші қызметкерден еңбек кітапшасын, жеке басының куәлігін, білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжаттарын талап етуге құқылы.
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы – О труде в Республике Казахстан. Заңындағы жеке еңбек туралы шарт мәліметтер 2-тарауды қамтиды. Бұл тарауда 9-31 баптар, яғни 22 бап бар.
2-тарау. Жеке еңбек шарты
9-бап. Жеке еңбек шартының мазмұны
1. Жеке еңбек шартында:
1) тараптардың реквизиттері;
2)еңбек міндеті;
3) жеке еңбек шартының мерзімі;
4) Еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;
5)еңбек жағдайларының сипаттамалары;
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары;
8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10) жеке еңбек шартының өзгерту, бұзу, ұзарту тәртібі;
11) өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібі;
12) тараптардың жауапкершілігі көрсетілу тиіс;
10-бап. Жеке еңбек шартының мерзімі
1. Жеке еңбек шарты:
1) белгісіз мерзімге;
2)белгілі бір мерзімге
Жеке еңбек шартының барлық елеулі, оның ішінде қосымша (факультативтік) жағдайлары бойынша жақтар келісімге келген болса, шарт жасалған болып саналады. Еңбек шартының формасы мен мазмұнына қатысты мәселені алатын болсақ, ол күшіндегі заңнамаға сәйкес былай шешіледі. Жеке еңбек шарты міндетті түрде жазбаша жасалынады, онда мыналар қамтылады:
а) жақтардың реквизиттері — жұмыс берушінің — заңды тұлғаның толық аталуы, оның тұрған жері, құрылтай құжаттардың мемлекеттік тіркеу нөмірі мен қай күні тіркелгендігі; жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, әкесінің есімі (егер, оның жеке басын куәлендіретін құжатта көрсетілген болса) және қызметі, ал жұмыс беруші жеке тұлға болған ретте, оның тұрақты тұратын мекен-жайы, оның жеке басын куәлендіретін құжаттың аты, нөмірі және берілген уақыты; әлеуметтік жеке кодтың нөмірі (ӘЖК-СИК) және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН-РНН);
б) жұмыскердің еңбек міндетті (белгілі бір лауазым, мамандық, кәсіп бойынша жұмыс);
в) жеке еңбек шартының мерзімі;
г) еңбек міндеттерін атқара бастайтын күн;
д) еңбек жағдайларының сипаттамасы, жұмыскерге ауыр қара жұмыс немесе зиянды және қауіпті жағдайлардағы жұмыс үшін берілетін кепілдіктер пен өтемдер;
е) жұмыс уақытының және демалу уақытының тәртібі;
ж) еңбекақы төлеудің және еңбекті қорғаудың жағдайлары;
з) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
и) жұмыскердің құқықтары мен міндеттері;
к) жеке еңбек шартын өзгертудің, бұзудың және ұзартудың тәртібі;
л) өтемдер төлеудің және кепілдіктер берудің тәртібі;
м) жақтардың жауапкершілігі.
Жақтардың келісімімен жеке еңбек шартына басқа да жағдайлар кіргізілуі мүмкін (Еңбек туралы Заңның 9 бабы).
Еңбек шарты кемінде екі данада жасалынады, оған жақтар қол қояды. Жеке еңбек шартының қол қойылған бір данасын жұмыс беруші, біреуін жұмыскер алады.
Жеке еңбек
шарты негізінде жалданған
Жеке еңбек шартында жақтар күшіндегі заңнамада көзделмеген жеңілдіктерді, қосымша төлемдерді және өтемдерді, оның ішінде ақшалай және заттай төлемдерді белгілеп алады. Сонымен қатар жақтардың келісімімен шартта жұмыскерді және оның отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың мейманхананы пайдалануы немесе тұратын орын жалдауы белгіленуі мүмкін. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыскер басқа жердегі жұмысқа алынып, сол жаққа көшкенде оның отбасы мүшелерінің жол жүруіне және мүлкін көшіруге кеткен шығыннан тысқары оған кепілдіктер мен өтемдер белгіленуі мүмкін.
Жұмыскермен жеке еңбек шартын жасағанда кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) алдыға қойған нақты мақсатына, сондай-ақ оның материалдық-қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып кәсіпорын жұмысының ерекшелігі, өндірістің салалық өзгешелігі ескеріледі.
Жеке еңбек шартының жобасын жасау кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) кадрлар мәселесімен айналысатын қызметкеріне тапсырылады.
Жұмыскермен жеке еңбек шарты жасалғаннан кейін оны жұмысқа қабылдау рәсімі басталады. Жұмыс беруші оның тиісті жұмысқа (қызметке) қабылданғаны жайында бұйрық береді. Бұйрық жұмыскердің назарына жеткізіледі, ол өзіне хабарланғанын растап қолын қояды.
Жұмыскерден жұмыс берушінің талап етуіне құқығы бар құжаттар тізбесі заңнамада көрсетілген. Мысалы, жеке еңбек шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, жеке куәлігін (төлқұжатын), әлеуметтік жеке код берілгендігі туралы куәлікті, зейнеткерлік шартын, 16 жасқа дейінгі адамдардан тууы туралы куәлігін, білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжатты және заңнамада көзделген басқа да құжаттарды талап етуге құқылы.
Жұмысқа тұру кезінде қандай да бір кепілдік белу заңнамада қарастырылған. Өз еңбек құқығын жүзеге асыруда барлық адамға бірдей мүмкіндік беріледі. Жасына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, діни сеніміне, қай азаматтыққа, қоғамдық бірлестікке жататындығына, жұмыскердің кәсіби шеберлігі мен оның еңбегінің нәтижесіне байланысты емес басқа да мән-жайларға қарай ешкімнің еңбек құқығы шектелмейді және ешкімге қандай да бір артықшылық берілмейді. Еңбек өрісінде өзіне қатысты кемсітушілік фактісі орын алды деп санайтын адам сотқа шағынуға құқылы (Еңбек туралы Заңның 4 бабы).
Кейбір жағдайларда жұмыскерлер жұмысқа тұрғанда немесе кейін міндетті түрде медициналық байқаудан өтеді. Олардың қатарына 18-ге толмаған жастар; ауыр (аса ауыр) жұмыстармен, зиянды (аса зиянды) жұмыстармен және көлік айдаумен байланысты жұмыстармен айналысатындар; емдеу-профилактика мекемелерінің, қоғамдық тамақтандыру және сауда мекемелерінің, тамақ өнеркәсібінің және басқа бірқатар кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) қызметкерлері. Мұндай шара, бір жағынан сол қызметкерлердің, екінші жағынан олармен жұмыс барысында жанасатын азаматтардың (оларға қандай да бір қызмет көрсеткенде) денсаулығын сақтау мақсатында белгіленген. Ал, медициналық тексеруге жіберілген жұмыскерлер үшін заңнамада белгілі бір кепілдіктер көзделген. Мысалы, міндетті түрде оқтын-оқтын өтілетін медициналық тексеруді жұмыскер жұмыс берушінің есебінен өтеді, ондайда оның жұмыс орыны және орташа жалақысы сақталады (Еңбек туралы Заңның 81 бабы).