Жеке енбек шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2013 в 14:13, курсовая работа

Описание

Жеке еңбек шарты тақырыбына қалам тартуымыздың себебі, бұл тақырып бәріміз үшін өте өзекті деп ойлаймын. Өйткені бәрімізде жұмыс істеп күн көреміз, яғни қандай да бір мекемемен жеке еңбек шартын жасасуымызға тура келеді. Сонымен қатар бұл шартта өз құқықтарымызды заңды түрде қорғай алып, ал кейбір жайттарда тіпті жұмысқа алушымен арамызда туындаған дауларды заңды шешуге әрекет жасау барысында бұл шарттың негіздері турасында жетік білуіміз қажет.

Содержание

Кіріспе 2
1 Жеке еңбек шарты 4
1.1 Жеке еңбек шартының ұғымы 4
1.2 Жеке еңбек шарттың мазмұны 6
1.3 Жеке еңбек шартын жасасудың тәртібі 7
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17

Работа состоит из  1 файл

pravo_ref_51.doc

— 97.00 Кб (Скачать документ)

Кадрларды іріктеудің мынадай ұйымдық-құқықтық формалары  қалыптасқан, олар — тағайындау, конкурс, сайлау. Мемлекеттік басқару органдары  мен ведомстволық кәсіпорындардың (мекемелердің, ұйымдардың) басшы және жауапты қызметкерлерін іріктеу оларды тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Бұл жеке құрамды жинақтауда басқару органдары мен ведомстволық кәсіпорындардың әкімшілік — басқару аппаратының лауазымдар номенклатурасының маңызы зор. Басқару органының негізгі номенклатурасына кіретін лауазымдарға қабылдау осы органның бұйрығымен жүргізіледі4.

Мемлекеттік қызметке орналасатын адамдарға қойылатын  талаптар ерекше. Қазақстан Республикасының  азаматтары мемлекеттік қызметке тұруға құқылы. Саяси мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметке тұруы оларды тағайындау немесе сайлау арқылы, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіптер мен жағдайлар бойынша жүзеге асырылады. Әкімшілік мемлекеттік қызметке тұру заңнамада көзделген жағдайлардан басқа реттерде конкурстық негіздерде жүзеге асырылады. Бір мемлекеттік органның және лауазымдардың бір санатының ішінде және ауыстыру тәртібінде мемлекеттік әкімшілік қызметіне алу конкурссыз жүзеге асырылуы мүмкін, егер жұмысқа алынатын қызметкер сол лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін болса.

Күшіндегі заңнамаға  сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметке конкурссыз алынуға саяси мемлекеттік  қызметкерлердің, сондай-ақ өз өкілеттіктерін тоқтатқан және қойылған біліктілік талабын қанағаттандыратын, Парламент  пен маслихаттың тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттарының құқығы бар. Саяси мемлекеттік қызметкерлердің және тұрақты негізде жұмыс істейтін Парламент депутаттарының, маслихат депутаттарының әкімшілік мемлекеттік қызметке қойылу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды. Бұл ретте олар 18-ге толған болу керек, егер мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының тиісті санаттарына қатысты басқадай белгіленген болмаса, кандидатта тиісті біліктілік талаптарына сай келетін білім мен кәсіби дайындық, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда сол мамандық бойынша жұмыс өтілі болуға тиіс. Ал, мемлекеттік қызметке алынған адам салық қызметі органдарына өзінің табысы жайында және салық салу объектісі болып табылатын, өзінің иелігіндегі мүлік жайында мәліметтер беруге міндетті.

Әкімшілік мемлекеттік  қызметке конкурс жариялау азаматтардың ондай қызметтерге тұруына теңдей мүмкіндік тудырады. Әкімшілік мемлекеттік  қызметке тұруға конкурс өткізудің  шарты мен тәртібін, оның ішінде конкурстық комиссияны құру тәртібін өкілетті орган анықтайды. Әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың бос орындарына конкурс өткізу ережесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы №А-202 бұйрығымен бекітілген. Конкурсты әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орыны бар мемлекеттік орган, не республика Президентінің шешімі бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті орган, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында, конкурс өткізу туралы, мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялағаннан кейін ашық немесе жабық тәсілмен өткізеді. Ашық конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, ал жабық конкурсқа тек әкімшіліктегі мемлекеттік қызметкерлер ғана қатыса алады.

Конкурс комиссиясының  шешімі әкімшіліктегі мемлекеттік қызметтің бос орнын алуға немесе ол орыннан бас тартуға негіздеме бола алады. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушы әкімшіліктегі мемлекеттік қызметке тұруға құқылы. Өз кезегінде, мемлекеттік органның басшысы, жарияланған қызметке конкурстық комиссияның оң қорытындысына ие болған адамды қабылдауы тиіс. Бұл ретте мемлекеттік қызметке алу үшін заңнамада қарастырылған барлық талаптар сақталынуы керек.

Конкурстық  комиссияның оң қорытындысын алмаған, бірақ комиссия оны мемлекеттік қызметке ұсынған адам мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік жинақтайтын кадрлар резервіне алынуы мүмкін. Кадрлар резервіне алынған конкурсқа қатысушы, конкурс өткен кезден бастап бір жыл ішінде тиісті әкімшіліктегі мемлекеттік қызметке қосымша конкурстан өтпестен алынуы ықтимал.

Конкурстық  комиссияның шешіміне заңнамада  белгіленген тәртіппен шағым  келтіруге болады.

Ерікті қоғамдар мен бірлестіктердің (спорттық, жастар, т.б.) қызметіне басшылық төменнен жоғарыға дейінгі басшы органдардың сайланбалығы, қоғам немесе қауымдастық мүшелері алдында есеп берушілік қағидаты негізінде жүзеге асырылады. Осы қауымдастықтардың атқарушы органдарында басқару жұмыстарын орындау үшін тиісті қызметке сайлау өткізу және сол қызметке сайланған адамның келісімі керек.

Барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 20 жасқа дейінгі  жастарды және әлеуметтік қорғауға мұқтаж және жұмысқа орналасуда қиындық  көріп жүрген адамдарды жұмысқа  алу және кәсіби даярлау жөнінде  брон белгіленеді. Брон есебінен жіберілген осындай адамдарды жұмысқа алудан және кәсіби оқытудан бас тартуға тыйым салынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Заңдар әрбір  адамның, адамдар бірлестігінің, қоғамның өміріндегі барлық елеулі мәселелеріне қатысты болып шығады. Ал әсіресе  жеке еңбек шарты қоғамда үлкен орын алады.

Жеке еңбек  шарты еңбек құқығының негізгі  институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда  негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады

  Азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асырудың ең негізгі формасына жеке еңбек шартын жасасу жатады, өйткені тек жеке еңбек шартын жасасу арқылы ғана жұмысшы ұйымның еңбек ұжымына кіре алады. Еңбек шартын жасасқан күннен бастап жұмысшыға барлық еңбек заңдары және сол ұйымда қабылданған локальдық нормалар қолданылады.

Келешекте әрбір  Қазақстан азаматы бұл жеке еңбек  шартын жақсы меңгере бастайды. Сөйтіп кез келген заңсыздықтан өздерін  сақтандыра алады деп сенемін.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Сапарғалиев  Ғ. Қазақстан мемлекеті мен  құқығының негіздері «Атамұра», 1998ж.

2. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері Алматы, 2003 ж.

3. Дулатбеков  Н. Амандықова С. Тұрлаев А.  Мемлекет және құқық негіздері, Алматы, 2001ж.

4. Уваров В.Н.  Қазақстан Республикасының Еңбек  құқығы. Алматы, 2002ж.

 

 

 

 

 

 

 

1 1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері «Атамұра», 1998ж. 89 б.

2 Баққұлов С.Д. Құқық негіздері Алматы, 2003 ж. 55 б.

3 Баққұлов С.Д. Құқық негіздері Алматы, 2003 ж. 57 б.

4 Уваров В.Н. Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы. Алматы, 2002ж. 111 б.




Информация о работе Жеке енбек шарты