Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 18:41, реферат
Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз
Кіріспе
Елімізде ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық қатынастарға ендіру “Қазақстан-2030” стратегиясына және бірқатар заңнамалар негіздерінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылып келеді.
Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” айдарымен жарияланған Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды отыз бағыттары айқындалған. Осылардың төртіншісінде: “ҚазАгроның” негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолдануына, аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу” екендігін атап айтқан. [2] Президент атап өткен проблемалар мақта саласына тікелей қатысы бар.
Аумақта экономикалық реформаларды жүзеге асыруда кейбір объективті және субъективті себептерге байланысты мақта шаруашылығымен айналысатын өңірдің табиғи –климаттық жағдайы, суармалы жердің ерекшеліктері және мамандандырылуы, тағы басқалар ескерілмеген. Осындай себептердің нәтижесінде мақта кешенінде шаруашылықты ұйымдастырудың біртұтас экономикалық механизмін қалыптастыру баяу жүзеге асырылуда.
Қазақстанның Оңтүстігінде негізінен техникалық дақыл –мақта өсіріледі. Оның жер көлемі 200 мың гектардан артық суармалы жерді алып жатыр, жалпы ауылшаруашылық өнімі құрылымындағы құны бойынша оның үлесі 40% артық. Ілгергі колхоз, совхоздарға тиісті жер және мүлік жекешелендіруден соң бөлінген пай үлестері өлшемдерінің негізінде құрылған шаруа (фермер) қожалықтары ұсақ тауарлы болып қалыптасқан.
Егістік жер көлемінің ұсақтығы (2-3-5га) оның контурларының шектеулі болуы, негізгі құралдардың және қаржының , жалпы өнімнің одан алынатын табыс мөлшерінің аздығы қазіргі замандағы бәсекелестікті арттырудың негізі болып тұрған инновациялық жаңалықтарды, техникалық жетістіктерді, жоғары өнімділікпен жұмыс атқаратын техниканы агроөндіріске кең түрде ендіру әлеуеті арасында қарама-қайшылықтар туындатып отыр. Сондай-ақ ұсақ тауарлы шаруа (фермер) қожалықтары қаржы тапшылығынан жаңа техниканы сатып алуға немесе лизингке алуға, озық технологияны қолдану мүмкіндіктеріне де ие емес. Ұсақ агроқұрылымдарға қымбат бағалы техниканы сатып алу мен оны пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз. Себебі техниканы жылдық нормативтік жүктемемен қамтамасыз ету, тиімді пайдалану проблемалары туындайды. Бірқатар агротехникалық операциялар ескі қарапайым әдістермен көбінесе тозығы жеткен техника күшімен немесе қол еңбегімен орындалады. Осыған орай олар дер кезінде, толық көлемде және сапалы орындалмайды. Артық өндірістік шығындар жұмсалады, еңбек өнімділігі және өндірістің соңғы нәтижелері төмен көрсеткіштермен аяқталады.
Тауар өндірушілердің шағын формалары өзін-өзі қаржыландыру арқылы ұдайы дамыған өндірісті ұйымдастыруға және бәсекеге қабілетті болуға дәрменсіз болып қалыптасқан.
Осындай өндірістік –экономикалық қарама-қайшылықты оңтайлы шешудің жолы: шаруа (фермер) қожалықтарын өз еріктерімен біріктіру арқылы ірілендіру, яғни орта және ірі параметрлі шаруашылық бірліктеріне айналдыра отырып жаңа техниканы, технологияны қолданудың өндірістік –экономикалық әлеуетін нығайту проблемаларын қарастыру.
Біздің зерттеулеріміз бен ізденістеріміздің мақсаты- суармалы жерге мамандандырылған мақта шаруашылығындағы ұсақ агроқұрылымдарды біріктіру арқылы оңтайландырудың (ірілендірудің) ұйымдық - экономикалық негіздері мен мақта саласындағы типтік шаруашылықтар моделінің жобасын ұсыну.
Мақта өсіруде және жинау технологиясында 1 га егістіктің еңбек сиымдылығын анықтаудың, қолда бар техника мен технологияның мүмкіндіктерін есепке алудың маңызы ерекше. Көп жылдық зерттеулер мен озық тәжірибеге сүйенетін болсақ мақта өсіруде жүктеменің оптимальды мөлшері әрбір адамға 4-5 гектардан артық болмауы керек [7]. Бұл өлшем шаруашылықтың техника және технологиялармен қарулану деңгейіне қарай өзгеруі мүмкін.
Біз қарастырып жатқан жағдайда агроқұрылымдарды ірілендіруді техника, яғни капитал мөлшерін есептеуді реттеу арқылы өзге параметрлерді – жер көлемін, адам санын анықтауға болады. Сондықтан шаруа қожалықтары ірілендіріліп қауымдасқан жағдайда мысалы, жалпы егістігі 100-га, соның ішінде 65 га мақта алқабы яғни 1 баптау тракторының (МТЗ-80Х) бір жылдық жүктемесі бастапқы оңтайлы өлшем бірлігі болып қабылданады.
1. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидалары мен тәжірибесі
“Агроөнеркәсіп кешенінің және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу экономика институтының” зерттеулері мен ұсыныстары бойынша өндірісті шоғырландырудың бірнеше деңгейлері белгіленген. Олар - ең төменгі, рациональды және оңтайлы. Ең төменгі деңгейі- кешенді мәшинелер жүйесімен озық технологияны пайдаланудың мүмкін болмауы. Ал, рациональды және оңтайлы деңгейлерде орта, сондай-ақ ірілендірілген шаруашылықтардың барлық артықшылықтарын толық пайдаланудың мүмкіндіктері болады.
Мақта саласында пайдаланылатын суармалы жерлердің меншік иелері болатын орта және ірілендірілген агроқұрылымдар төмендегі жағдайларды ескерту қажет:
Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін аумақтары табиғи климат жағдайларына орай төрт аймаққа бөлінеді:
Мырзашөл аймағына –Мақтаарал ауданы
Қызылқұм аймағына – Шардара ауданы, Арыс қаласы
Түркістан аймағына –Түркістан қаласы, Ордабасы, Бөген аудандары
Келес аймағына- Сарыағаш ауданы
Олардың ішінде ең үлкені Мырзашөл аймағы. Мақта егістігінің -2/3 бөлегіне жуығы осы аймақта орналастырылған. Мырзашөл аймағының жері сұр топырақты, әртүрлі деңгейде сорланған. Жер асты минералданған су деңгейі жер бетіне 1,5-2 м жақын орналасқан. Ыстықтың режімі басқа аймақтарға қарағанда мақта үшін қолайлы.
Түркістан аймағының жері құмшауытты және аралас сұрғұлт топырақты. Жылына 180-200 мм жаңбыр жауады, сортаңдану деңгейі төмен.
Келес аймағының жері адырлы, насоспен суғарылатын алқаптар басым. Сұртопырақты, сортаңдану мөлшері аз, жер асты сулары тереңде жатыр.
Осы аймақтардың барлығындағы суармалы жерлер мақта саласына мамандандырылған. Сонымен қатар басқа да дақылдар өсіріп мал шаруашылығын (ірі қара, сүт өндіру бағытында) дамытуға қолайлы.
2. Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау
2.1. Қазақстанның Оңтүстігінде мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың қалыптасуы
Мақта саласындағы агроқұрылымдарда жер көлемінің 65-70% мақта, қалғанына басқа дақылдар (жоңышқа, жүгері, бақша және көкөністер) егілсе оңтайлы егістік құрылым қалыптасады. Мақта саласына мамандандырылу мақта- жоңышқа - жүгері ауыспалы егіс жүйесіне негізделеді, бұл жүйе жердің құнары мен қоса өнімділікті де 3-4 центнерге арттырады. Сонымен қатар мал шаруашылығын кепілді жем-шөппен қамтамасыз етуге де мүмкіндік жасалады. Бұл саланы дамыту еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырады.
Облыстық статистика басқармасының шаруа (фермер) қожалықтарының қызметі туралы мәліметтерінде, облыс бойынша 2005 жыл қаңтар айының 1 жұлдызына 67,1 мың шаруа (фермер) қожалығы тіркелген, оның 60,1 мыңы яғни 89,6% белсенді шаруашылықтар қатарына жатады [5].
Шаруа (фермер) қожалықтарының басым бөлігі Мақтаарал (барлық шаруашылықтың 33,0%), Сарыағаш (11,4%) аудандарында және Түркістан қаласында (10,6%) тіркелген.
2005 жылдың 1 қаңтарында белсенді шаруа (фермер) қожалықтарында 159,8 мың адам жұмыс істеді, оның 49,7% Мақтаарал, 9,3% Шардара аудандарының шаруашылықтарына тиесілі. Облыс бойынша орта есеппен бір шаруа (фермер) қожалығында үш адам жұмыс істейді.
Төмендегі мәліметтер мен ақпараттар мақта шаруашылығында қалыптасқан қазіргі өндірістік жағдайды сипаттайды (1-кесте).
1-кесте . Агроқұрылымдар санаты бойынша мәліметтер.
№ |
Барлығы: |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
% өсімі |
1. |
Мақта алқабы мың, га |
183,9 |
167,8 |
196,4 |
219,3 |
201,2 |
109,4 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
417,4 |
360,7 |
402,7 |
467,1 |
465,0 |
111,4 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
22,7 |
21,5 |
20,5 |
21,3 |
23,1 |
101,3 |
Соның ішінде: Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары | |||||||
1. |
Мақта алқабы мың, га |
28,8 |
22,8 |
24,0 |
20,5 |
16,6 |
57,6 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
44,3 |
31,7 |
29,6 |
27,1 |
22,4 |
50,6 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
15,4 |
13,9 |
12,3 |
13,2 |
13,5 |
87,7 |
Шаруа (фермер) қожалықтары | |||||||
1. |
Мақта алқабы мың, га |
127,3 |
116,7 |
162,3 |
198 |
182 |
143,3 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
315,9 |
261,5 |
338,0 |
428,0 |
440,2 |
139,3 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
24,1 |
22,5 |
20,9 |
21,6 |
24,2 |
100,4 |
Жұртшылық шаруашылығы | |||||||
1. |
Мақта алқабы мың, га |
27,8 |
28,3 |
13,1 |
4,4 |
2,1 |
7,6 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
57,1 |
67,4 |
35,1 |
11,6 |
2,4 |
4,2 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
20,4 |
23,8 |
26,8 |
26,4 |
11,4 |
55,9 |
Негізі: ҚР және ОҚО статистика агенттігі, басқармасы мониторингі негізінде құрастырылған. |
2001 жылы 19,6 мың га болса, 2006 жылы 16,6 мың га-ға азайған, сөйтіп тиісінше 84,7% құраған. Яғни, ірі кәсіпорындардан шаруа (фермер) қожалықтарының бөлініп шығу үдерісі аяқталмаған. Ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарында тұрақты шаруашылық экономикалық жағдай қалыптаспаған. Сондықтан олардың экономикалық- қаржылық жағдайы айнымалы, жалпы өнімнің төмендеуі орын алған.
Жоғарыдағы үдеріске керісінше шаруа (фермер) қожалықтарының мақта алқабы 127,0 мың гектардан 182,0 мыңға дейін артқан яғни 143,3% га. Бірақ егістік көлемі ұсақталып қалыптасуда, 1 гектардан алынған өнім тұрлаулы және өсу тенденциясы байқалмайды, жылдар бойынша ауытқулар бар, 2000 жылы орташа көрсеткіш гектарынан 24,1ц болса, 2003 жылы 20,9 центнерді құраған.
Жұртшылық шаруашылығында мақта алқабының егістік көлемі қысқарған, 2001 жылы 27,8 мың га болса, 2005 жылы 2,1 мың га –ны құраған, яғни 13 еседен артық қысқарған. Мұның себебі үй іргесіне басқа дақылдар (көкөніс, жеміс-жидек) егілген және шаруа (фермер) қожалықтарының құрамына қосылып біріккен.
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мақта саласындағы бір агро-құрылымның орташа жалпы өнімі төмендегі 2- кестеде келтірілген.
2-кесте. Агроқұрылымдар санына шаққанда жалпы өнімнің көлемі туралы мәліметтер
Жылдар | ||||||
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2005 жыл, 2001 га, % | |
Жалпы өнім, млн. тенге (нақты қолданыстағы бағада) |
12570 |
23740,5 |
27052,5 |
23822,1 |
17670 |
140,6 |
Агроқұрылымдар саны |
23524 |
28327 |
34142 |
39210 |
39314 |
109,4 |
1 агроқұрылымға келетін жалпы өнім, мың тенге |
534,9 |
838,9 |
793,3 |
607,7 |
441,8 |
82,6 |
Өнім өткізудің пайдалық деңгейі, % |
11,6 |
28,7 |
40,5 |
5,4 |
- |
46,6 |
Негізі: ҚР және ОҚО статистика агенттігі, басқармасы мониторингі негізінде автор құрастырылған. |