Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:35, доклад
Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген
Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтық құқықтың қағидалары
Азаматтық құқықтың қағидаларына:
Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.
Азаматтық құқықтың жүйесі
Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық және өсиетнама.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері
Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Басқа да заң актілері.
Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.
Заңға негізделген нормативтік құықтық актілер.
Заңға негізделген нормативтік құықтық актілерге әр түрлі министрліктердің, атқарушы органдардың, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқықтық актілері жатады.
Әдеттегі құқықтар.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.
Халықаралық шарттар (конвенциялар).
Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық құқықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға қарағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халықаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Азаматтың құқықтың субъектілері. Жеке тұлғалар
Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі екі шартпен тікелей байланысты. Ол — құқыққабілеттілік- пен әрекетқабілеттілік.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі — бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет ңұқығы Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т.б. байланысты болмайды дегенді білдіреді. Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.
Жеке тұлғаның әрекетқабілеттілігін шектеуге
және одан айыруға ешкімнің құқығы жоқ.
Азаматтық құқық- қабілеттілік адам өмірге
келгеннен бастап күшіне енеді.
Бұл орайда құқыққабілеттілік адам туылғанға
дейін пайда болады деп айтута болмайды. Құқықтың субъектісі болмай, оның құқыққабілеттілігі
де болмайды. Мұның тек кейбір құқықтарға
ғана қатысы бар.
Жеке тұлғаның азаматтық әрекетқабілеттіліғі тұлғаның жасына
және психикалық жағдайына тәуелді. Толық
әрекетқабілеттілік 18 жасқа толғаннан
бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер
мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда
азаматтық әрекет- қабілеттілік болмайды.
Олардың атынан заңды өкілдері — ата-аналары,
қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.
Өрекетқабілеттіліктің бір бөлігі деликтқабілеттілік болып табылады.
Әрекетқабілеттілік пен
Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандар қажетті азаматтық мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана жасай алады. Алайда олар ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз беттерінше жасауға, өзінің жалақысына, шәкіртақысына және өзге табысына иелік етуге. авторлық және өнертабыстық құқықтарын жүзеге асыруға және банк мекемелеріне ақша салуға құқылы. Мұндай әрекетқабілеттілік ішінара деп аталады. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасы барлық жағдайда оның мүлкіне өз қалаулары бойынша билік ете алмайды және оның атынан мәміле жасай алмайды. Kәмелеттік жасқа толмаған баланың мүлкін азайтуға алып келетін мәмілені жасау үшін (мысалы, сату, сыйға тарту, кепілге қою, жалға беру) баланың ата-анасы (олар болмаған жағдайға тағайындалған қамқоршы) қорғаншылық және қамқоршілік органдарының алдын ала келісімін алулары тиіс
14 жасқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмаған баланың деликтқабілеттілігі жоқ, яғни олар өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілікті алып жүре алмайды. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың өрекеттері үшін оның ата-анасы жауапты. Ал 14 жастан 18 жасқа дейінгі көмелеттік жасқа толмағандар толықтай деликт қабілеттілікке ие, олар өз міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен бірге дербес жауапкершілікте болады. Егер көмелеттік жасқа толмаған балалар үіпінші тұлғаларға және мүлікке зиян келтірсе, оны өтеу үшін кәмелеттік жасқа толмаған баланың табысы жеткілікті болмаса, онда оның ата-анасы қосымша жауапкершілікте болады.
Тұлғаны хабар-ошарсыз кеттпі деп немесе қайтпыс болған деп тану
Кейде өмірде адамдар ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз жоғалып кететін жағдайлар болады. Мұндай жағдайларда coт азаматты хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп таниды.
Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп
Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тану, адамның тұрғылықты жері бойынша ол туралы бір жыл бойы мәлімет болмаса, мүдделі тұлғалардың сот тәртібіндегі өтініші бойынша мүмкін болады. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адамның жұбайы некені АХАТ органдарында бұза алады. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адам келген немесе тұрған жері табылған жағдайда, сот оны хабар- ошарсыз кеткен деп тану туралы және оның мүлкіне қорғаншылық тағайындау туралы шешімін жояды.