Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:35, доклад

Описание

Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

Работа состоит из  1 файл

Азаматтық құқық дегеніміз.docx

— 42.01 Кб (Скачать документ)

Азаматты қайтыс болды

Азаматты қайтыс болды деп жариялау, егер адамның тұрғылықты жері бойынша ол туралы уш жыл бойы мәлімет болмаса, мүдделі тұлғалардың сот тәртібіндегі өтініші бойынша мүмкін болады.

Заңды тұлғалар азаматтық құықтпың субъектісі ретінде

Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға — бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т.б. жатады.

    • Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен өрекетқабі- әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.

    • Лицензия дегеніміз — заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат. Мысалы: жеке оқу орны мемлекеттің арнайы рұқсатын алғаннан кейін ғана өзінің қызметін атқара алады.

Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі сол лицензия алған кезден бастап пайда болады да, оның мерзімі біткенде немесе жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады.

Заңды тұлғалар заңға сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі түрге бөлінеді: Қоммерциялық заңды тұлғалардың мақсаты пайда табу. Коммерциялық емес заңды тұлға пайда табуды көздемейтін Және оны қатысушыларына үлестірмейтін ұйым болып табылады.

Коммерциялық заңды тұлғалар:

мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.

Ал коммерциялық емес заңды тұлғалар:

мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер, т.б. Қоғам өмірінде әр түрлі жағдайлар болады. Осындай кезерде заңды тұлғалар қайта құрылып немесе таратылып ты жатады.

Заңды, тұлғаны қайта құру

Заңды, тұлғаны қайта құру дегеніміз — бұрынғы заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа заңды тұлғаға өтуі. Заңды тұлғаларды қайта құрудың бес түрі: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту екені белгілі.

Заңды тұлғаны тарату дегеніміз

Заңды тұлғаны тарату дегеніміз—тұлғаның өз қызметін тоқтатуы.

Мемлекет азаматтың құқықтың субъектісі ретінде

Қазір елімізде қолданылып жүрген азаматтық заңдардың бір ерекшелігі — мемлекетті азаматтық құқықтың субъектісі ретінде тануы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет басқа азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылармен тең дәрежеде мемлекеттік қатынасқа түседі. Мемлекеттік билік пен баскару органдары мемлекет атынан сотта сөйлей алады, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иеленеді және оны жүзеге асыра алады.

 

Сонымен, азаматтық- құқықтық қатынасқа қатысушылардың екі түрі бар — жеке тұлға және заңды тұлға. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі болуы керек. Бұл түсініктер өзара байланысты.

Жеке тұлғаның құқыққабілеттілігі ол өмірге келгеннен, ал әрекетқабілеттілігі белгілі бір заңға сәйкес, заңмен белгіленген жастан бастап пайда болады. Мемлекет толығымен азаматтық құқықтың субъектісі ретінде әрекет ете алады. [1]


Информация о работе Азаматтық құқық