Салықтық қызмет мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыты ретінде: түсінігі, маңызы, құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:01, реферат

Описание

Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты.

Содержание

Негізгі бөлім:

Салықтық қызмет мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыты ретінде: түсінігі, маңызы, құқықтық негіздері;
Салық жүйесі және салық саясаты;
Салықтар негізгі мынадай қызметтері;
Салық салу элементтері.


ІІІ. Қорытынды;


ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

Салык 1 срсп.docx

— 216.55 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ

 

Салық экономикалық категория ретінде  және өзінің қалыптасуы барысында мынадай  үш қызметті атқарады.

Салықты ең бірінші кезектегі атқаратын  қызметі, бұл – қазыналық.

Мемлекет өз қазынасын толықтыру  мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық төлеушілерге нормативтік  құқықтық актілер негізінде салық  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық  ставкалары мен төлеу мерзімін белгілейді. Салықтардың қазыналық қызметі- түрлі субъектілер табысының  бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс  бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті  артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттік  бюджет саясаты жүзеге асырылады.

Салықтың келесі қызметтерінің  бірі- бақылау(реттеу).

Мемлекет экономиканы дамыту жолында  салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады  және қажет жағдайда тежеп отырады. Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады. Кез-келген қызмет түріне бақылау жасау қажет. Ал енді салық түсімдеріне бақылау өте  қажет екені даусыз. Мемлекет бюджеттің  кірісі мен шығысын есептейді, соған  сәйкес өз қызметін атқарады.

Салықтардың бақылау қызметінің арқасында  салық жүйесінің тиімділігі бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне  бақылау қамтамасыз етіледі.

Салықтың келесіатқаратын қызметтерінің  бірі – қайта бөлу.

Бюжетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық  түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақытысында жұмсалуына қадағалау  жасайды.

Салықтың қайта бөлу қызметі  мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету  құралы ретінде қолдануға мүмкіндік  берді.

Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары  жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік  мәселелерді шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе- теңдікті ұстап тұрады.

Салық қызметінің міндеті – бюджеттің  тадыс бөлігінің орындалуына  жауап беретін бірден бір мемлекеттік  орган.

Салық – бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік  бюджетті толықтыруды көздейді. Осы  бюджетке түскен салық түсімдеріне  «қайдан келеді және қайда кетеді»  жөнінде бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қортындысы ретінде  бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.

Мұның мақсаты- мемлекеттік әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдану  көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.

Көптеген экономикалық әдебиеттерде салықтардың бірнеше қызметтері атап көрсетігген. Мәселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы қызметінің көмегімен мемлекет өндірісінің  және басқа да шаруашылық субъектілерінің  дамуын ынталандырады. Сонымен қатар  салық жеңілдіктерін, төмен пайызды  салық ставкаларын енгізеді.

Салықтардың ынталандырмайтын қызметі  оларды басу мақсатында әрекеттің қандай да бір түріне арнайы салықты енгізу жолымен жүзеге асырылады.

Салықтардың тұрақтандырушы қызметі  экономикалық өсу, техникалық жаңару, халық санының өсуі үшін әр түрлі  шаралар жасайды.

Салықтарды шектеу қызметі. Мемлекетке кейде бірсыпыра өндіріс түрлерін дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты  арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады, Қазақстан  Республикасында бұл қызмет 10-20-30 пайыздық салық ставкаларымен қатар  және нөл пайыздық салық ставкалары арқылы жүзеге асуда.[4]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. http://kk.wikipedia.org/wiki

2. Банк терминдері мен  ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

3. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

4. http://1referat.kz/kukyk-kogam-kriminalistika/salyq-quqygy-negizderi-salyq-tusinigi-mani-zhane-belgileri.html



Информация о работе Салықтық қызмет мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыты ретінде: түсінігі, маңызы, құқықтық негіздері