Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:58, лекция
Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам үстанады.
Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан
арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен
таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI
Үндістанның бүгінгі Бихар
өмір - азап;
азап нәпсіден туады;
нәпсіні ауыздықтаса, азаптан қүтылады;
нәпсіден қүтылудың төрт сатысы бар:
жүректің оянуы;
ниет, ақыл, ойды түзету;
мінез-қүлықты түзету;
адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаб- батқа жету (аһимса - адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бірі көрінісі).
Аһимсаны жүзеге асыру
үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады.
Будда ілімінде этика мәселелеріне
көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне
қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын
жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл
дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық
процесс ретінде қабылдау принциптері
алынған. Буддизмдегі негізгі ең
ірі бағыттар - хинаяна және махаяна.
Буддизм өзінің даму барысында үш
кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу
- өлу ай- налымынан қүтылуды үйрететін
алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V
ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - қүтқару-
шы көмегімен қүтылу; үшінші, махая-
на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна
не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған)
болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді
әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін).
Ол ваджраяна деп аталады. Азияның
көптеген елдерінде Буддизм қазіргі
кездің өзінде қоғамдық және жалпы
мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр.
Бүл елдердің бірқатарында Буддизм
мемлекеттік дін болып
Буддизм және саясат
Бір- біріне белгілі бір қатынастағы әлеуметтік феномендер. Буддизмнің қоғамдық өмірге және адамның өмірлік міндеттерін анықтауы тікелей осы діни сеніммен тығыз байланысты. Оның аса маңызды ережесі түрмыс пен азап шегуді үқсастыруында. Буддизм қоғамдық қатынастарды өзгертуге, оны жақсартуға күш салмайды. Ол адамдарға қауымдастықтың мүшелері ретінде жақсы күйде көрінуі үшін түзелуге міндеттемейді. Буддизм адамды өзі туған, өмір сүріп отырған әлеуметтік шындықтан алшақтатуға тырысады. Осы орайда, буддизмде әлеуметтік док- тринаның барлығын шартты түрде ғана мойындауға болады.
Статуя Сиддхартхи Гаутамы в Бодх-Гае, Индия.
Әлем елдерiндегi буддалық тұрғынның пайызы
Будда
Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр. Сонымен қатар ол Жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым. Адамдар арасында өзінің жеке ұғымын, өмір сүру тәсілін, дүниетанымын дін ретінде түсіндірушілер де кездеседі. Алайда, ортақ бір мәселе бар: дінге сенетін барлық пенде өзіне әсер ететін белгілі бір құпия күштің бар екендігіне сенеді.
Ұлттық немесе отбасылық салт-дәстүр, мәдениет, рухани әдетке сай келетіндігіне орай көптеген қарапайым адамдар дінге беріліп, оны ұстанады. Көрінбейтін құпия күш өзін бақылап отыратындығына сенетіндіктен бір Жаратушыға табынады, оған жалбарынып медет сұрайды. Адам баласы өз тіршілігінің тыныштығын қамтамасыз етуге, өмірге деген бағыт-бағдарын айқындауға дін жәрдемдеседі деп біледі. Сол арқылы «ғұмыр кешу деген не?», «тағдыр, пешене, жазмыш қалай?», «күнә мен сауаптың мәні не?» сынды сұрақтарға жауап табады. Ақыры аяғында адамдар жан күйзелісінен, тіршілік түйткілдерінен туған ауыртпалықтардан арылудың жолдарын діннен іздеп, оған беріліп табынуға көшеді.
Адамзат тарихына зер салсақ, мыңдап саналатын түрлі діндер болған. Антропологтар мен дін тарихын зерттеушілердің мәліметінше, осыдан 60 мың жыл бұрын діннің алғашқы формалары пайда болғанға ұқсайды. Ойлау, пайымдау қабілеті жоқ хомо эротикус (алғаш отты тапқандар), хомо нендерталь (алғаш киінгендер) секілді адам баласының ерте кездегі бабаларында дін жайында ұғым болмағаны мәлім. Хомо сапенс деп аталатын қазіргі заман адамы пайымдау қабілеті арқылы бәрінен озып отыр.
Бүгінгі таңда әлемде дәстүрлі әрі негізгі сегіз дін бар: Буддизм, Христос, Ислам, Күнз (Конфуци), Хинду, Иудай, Шинто, Дао. Бұлардың арасынан Дао, Шинто, Хиндуизм үшеуі өздігінен даму арқылы қағидаларын қалыптастырса, қалған бесеуінде өз ойшылдары-пайғамбарлары бар және солардың пайымдары мен ғақилиясына сүйенеді. Айталық, Буддизм – Шагжимунa Будда, Христос – құтқарушы Иса, Ислам – Мұхаммед ғ.с., Күнз – ұлы ұстаз Конфуци, Иудай – Мойсэс пайғамбарлардың уағыздарын ұстанады.
Абсалюттық күш жайында
философиялық үш негізгі дүниетаным
бар. Жаратушының бар екендігін
жоққа шығарушыларды –
Діннің көбі жасаған қағидаларына сай өзіндік өркениетін қалыптастырды. Батыс өркениетінің базасы христиан діні болса, Үндістандікі хиндуизм, ислам өркениетінің негізі мұсылмандық. Ал, қытай өркениеті Күнз мен Лаоцы уағыздарына сүйенеді. Сондай-ақ, бір ұлтқа арналған діндер де баршылық. Айталық, хиндуизм – үндістерге, иудайзм – тек ебірейлерге қатысты дін. Ал, шинто – тек жапондарға ғана тән. Олай болса, ислам мен христос діндері жалпы адамзатқа ортақ сипатымен ерекшеленеді. Әлемге танымал монғол ғалымы, атақты публицист Б. Баабардың мәлімдеуінше, буддизм – мәдениет болғанымен өркениетке жатпайтын көрінеді. Буддизм барлық мәдениет пен өркениетке еніп, олармен етене араласуға, ықпалдасуға қабілетті болғанымен өзі дербес өркениет жасай алмаған және жалпы қағидаларының болмысы да жеке дара тұруға қабілетсіз көрінеді.
Діндер өзара топтасуы
мен түп-төркіні жағынан
Хиндуизм, Буддизм екеуін
туыс діндерге жатқызуға болады. Мұсылман
діні осы дүниені Алла тағала адам
баласына арнап жаратқан десе, Буддизм
мен Хиндуизмнің тәмсілі
Тым қатал тәртіп ұстанатын кейбір араб елдерін есепке алмағанда қазір белгілі бір мемлекетте бірнеше дәстүрлі діндердің бейбіт қатар тұруы әдетке айналған. Діндер арасында толеранттылық бар. Лондонда, Вашингтонда, Делиде, Исламабадта немесе Ирусалимде дәстүрлі діндердің мешіттері, шіркеулері, ғибадатханаларының қатар тұруына әлем халқының бүгінде көзі үйренген. Ал, қазақтың жаңа Астанасында дәстүрлі діндердің жиыны өтуі, Бейбітшілік және келісім сарайының (Пирамида) бой көтеруі өзара түсіністікті нығайта түсуге көп серпін беріп отыр. Дінге бөлініп, бір-бірінің сенім-нанымына төзімсіздікпен қарайтын, діни ұйымдардың өзара жауласатын жабайы заманы келмеске кетіп барады.
Әртүрлі діндерде тең құқық
берген әлемдегі ең алғашқы ел шын
мәнінде Шыңғыс хан құрған көшпенділер
империясы болатын. Онда алғаш рет
барған саяхатшы Марко Поло ашқан
көп жаңалықтарға еуропалықтар толық
сенгенімен, Қарақорым қаласында
ислам мешіті мен христандар шіркеуі
ешбір қақтығыссыз қатар
Ежелгі адамдардың өзі дінге аса маңыз берген. Діни рәсімдер жасауды, құрбандық шалуды алдағы болашағының жарқын болуының, рызық несібесінің көбеюіне кепілдік ретінде таныған. Британ антропологы Тайлордың теориясы бойынша көне дәуірдегі адамдар өлгендердің аруағы тірілерді басқарады деп сенген. Сондықтан, аруақтарды тыныштандыру үшін түрлі құрбандықтар шалынуы қажет деп санаған. Неміс лингвисі Мюллердің пікірінше, ежелгі адамдар өздеріне ықпал ететін құпия күштің әсерін жақсы және жаман тәңір деп екіге бөлген көрінеді. Осылайша жақсысын қолдайтын, жаманын аластайтын көптеген ритуалдық рәсімдерді ойлап тапқан. Құдай туралы алғашқы ұғым осылай туса керек. Сондай-ақ, дінтанушы Оттоның түсіндіруінше, адам баласы өмір сүру барысында құпия күштің барын мойындауларына тура келген және адал, таза деп санаған нысандарына табынатын болған. Адам болудың мән-мағынасы осылайша айқындалған. Мұндай әдет, ғұрып қазіргі діндерге беріле қоймаған, мәдени деңгейі төмен жабайы тайпаларда әлі күнге дейін сақталып отыр. Сібір, Канада, Аляска немесе Бразилия тайгаларында, Африканың ит тұмсығы өтпес ормандарында, Мұхит жағалауы және Жаңа Зеландия, Папуа Гвиней, Австралияның шеткері аймақтарында тұратын тайпаларда аталмыш ұғым мен салт-дәстүр әлі күнге дейін сақталған.
Анимизм немесе аруаққа табынудың
бір түрі шаманизм. Шаман дегеннің
өзі бақсы, киесі бар деген
ұғымды білдіретін эвенк-тунгус сөзі,
яғни, аруаққа табынуды меңзейді.
Сондықтан да болар, шаманизм атауы
Сібір маңының пұтқа
Ал, дәстүрлі діндердің ішіндегі
біршама көнесі – Буддизм. Бұл
дін өзінен көп бұрын пайда
болған хиндуизмнің тамырынан нәр
алған. Ежелгі үндістандықтардың тарихымен
үндесіп, дамыған хиндуизмнен салт-
«Тэрэвада» деп аталатын
шәкірттері Будданың өзін